Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sillabus_kaz_yaz.doc
Скачиваний:
51
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
902.66 Кб
Скачать

Ақтөбе облысы

Республиканың (северо-запад) өңірінде орналасқан Ақтөбе облысы терістігінде - Ресей Федерациясының Орынбор облысымен, (на юге) Өзбекстан Республикасының құрамындағы Қарақалпақстанмен, (на западе) Атырау және батыс Қазақстан, (на востоке) – Қостанай, (на юго-востоке) – Қызылорда облыстарымен шектесіп жатыр. Осындай (большой) аймақты алып жатқан облыс (с севера на юг) дейін 700 шақырым, (с востока на запад) дейін 800 шақырым жерге созылған 300 мың шаршы шақырым аумақта (расположен). Облыс 12 селолық, қалалық және әкімшілік аудандарға бөлінген.

Аумағында 6 (город), 2 қала типті қалашық бар. Әкімшілік (центр) – Ақтөбе қаласы.

(Ақтөбе энциклопедиясынан)

2-тапсырма. Бұйрық жазыңыз.

4-нұсқа

1-тапсырма. Бұрыштама жазыңыз.

2-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз

11 тақырып бойынша тест тапсырмасы

  1. Жайық, Жем өзендері туралы мәлімет берген ғалым

а) П. Семенов б)К. Птоломей с) П.П. Рычков д) И.С. Берг, П.Г. Игнатьев

2. Қазақстан территориясындағы жануарлар дүниесін зерттеген ғалымдар

а) К.Ф. Кесслер, Н.А. Северцев б) И.С. Берг, П.П. Игнатьев с) Ф. Н. Краснов, П.П. Семенов д) Геродот

3. Қазақстан жерінде сауда қатынасын орнатқан жол

а) Самарқан қаласы б) Қырғыз Алатау асулары с) Шу өзені д) Ұлы жібек жолы

4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі

а) орыс тілі б) қазақ тілі с) қытай тілі д) ағылшын тілі

5. Қазақстан Республикасы қай құрлықта орналасқан

а) Европа б) Азия с) Евразия д) барлық жауап дұрыс

6. Қазақстанның облыстары алғаш рет қашан құрылды?

а) 1930 жыл 25 сәуір б)1929 жыл 20 ақпан с) 1932 жыл 20 ақпан д) 1931 жыл 26 желтоқсан

7. 37 – скважинада орын алған өртті кімдер сөндірді?

а) Қазақстан өрт сөндірушілері б) АҚШ өрт сөндірушілері с) Италия өрт сөндірушілері д) Канада өрт сөндірушілері

8. Қазақстан жеріндегі ежелгі қалалар неге өзен – көлдердің жағасына салынған?

а) тұрмысқа қолайлы болғандықтан б) балық аулау үшін с) егін салу үшін д) мал өсіру үшін

12-тақырып бойынша үй тапсырмасының мәтіні

Қазақстан климаты. Ақпараттық-анықтамалық құжаттар. Анықтама

1-нұсқа

1-тапсырма. Диалог бойынша өзара сөйлесіңіздер.

- Табиғат жағдайын үнемі бақылап тұратын нелер құрылды?

- Халықаралық ұйымдар мен одақтар.

- Мүше болған мемлекеттер неге келісті?

- Халықаралақ ұйым жарғыларын мойындап, міндетті түрде орындауға келіседі.

- Әр мемлекет қандай заң қабылдады?

- Табиғат байлықтарын қорғау, пайдалану және қалпына келтіріп отыру жөнінде заңдар қабылдады.

- Қоршаған ортаны қорғау деп нені атайды?

- Мемлекеттің заңдары мен халықаралық шарттарда көзделген табиғатты сақтау жөніндегі шаралар жинағын табиғатты қорғау деп атайды.

2-тапсырма. Анықтама жазыңыз.

2-нұсқа.

1-тапсырма. Қазақстан климаты туралы баяндаңыз.

2-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

Климаты. Кең байтақ Казақстан жерiнде оның геогр. орнына (яғни атмосф. ылғалдықтың негiзгi көзi — мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедерiнiң сипатына байланысты қуаң континенттiк климат қалыптасқан. Басқа кез-келген аумақты аймақтар сияқты республика климатына да радиациялық және циркуляциялық факторлар кешенi ерекше әсер етедi. Радиация. Қазақстан аумағы үстiнде бүкiл жыл бойы жоғары қысымды ауа қабаты үстемдiк етедi, ал оған көршiлес аймақтарға (солт., батыс және оңт.) төм. қысымды қабаттар тән келедi. Жалпы республика аумағының көпшiлiк бөлiгiнде антициклондық ауа райы басым. Сондықтан мұнда шұғылалы ашық күндер ұзақт. жылына солтүстіктен оңтүстікке қарай 2000 сағ-тан 3000 сағатқа дейiн артып отырады. Жылына солтүстікте 120, оңт-те 260 күн ұдайы ашық болады, бұлтты күндер саны тиiсiнше 60 күннен 10 күнге дейiн (Балқаш ойысында) кемидi. Мiне, осылардың нәтижесiнде жиынтық радиация мөлшерi де солтүстіктен оңтүстікке қарай 4200-ден 5500 МДж/м2-ге дейiн бiртiндеп артады. Сол сияқты төсенiш беттiң (жер бетiнiң) сәуле қайтару қабiлетiне байланысты сiңiрiлетiн радиация мөлшерi де оңт-ке қарай бiрқалыпты көбейедi. Сәуле қайтару қабiлетiн қыста тұрақты қар жамылғысы қалыптасқанда ең жоғары мәнiне 70 — 80%-ға жетiп, жазда көпшiлiк жерде 20 — 30%-ке дейiн төмендейдi. Радиацияның жылдық тиiмдi сәулелену мәнi солтүстікте 1500-ден оңт-те 2100 МДж/м2-ге дейiн өзгередi. Терiс мәндi радиациялық баланстың маусымдық ұзақтығы солтүстікте 3,5 — 4,5 ай (қараша — наурыз), оңтүстікте — 1 ай. Қазақстанда жылудың булануға жұмсалатын жылдық шығынының мөлш. солтүстіктен оңтүстікке қарай 630-дан 420 МДж/м2-ге кемидi. Шөлдi өңiрдiң қуаңшылық маусымында жылудың көп мөлш. турбуленттi жылу алмасуға кетедi. Тек топырақтың көктемгi ылғалға қаныққан кезiнде, сол сияқты көгалды жерлерде буландыруға кететiн жылу мөлшерi ауаны турбуленттi жылу алмасу жолымен қыздыратын жылу шығынынан артық болады. Жазғы шұраттық құбылыс, яғни булану есебiнен күндiзгi ауа температурасының қала төңiрегiне қарағанда төменiрек болуы Алматыда жақсы байқалады. Радиация мен жылу балансының өзгерiсi ауа темп-расын өзгертедi. Қаңтар айының орташа темп-расы Қазақстанның солт. және шығыс С-қа дейiн көтерiледi. Шiлденiң°С-тан оңт. аудандарында 3°аудандарындағы — 18 С-қа дейiн.°С-тан 28 —30°орташа темп-расы бұл аудандарда тиiсiнше 19 Қазақстанның солт.-шығысында климаттың континенттiгi тым жоғары, бұл өңiрде С-қа жетедi. Оңт.°қаңтар мен шiлденiң орташа темп-расының айырмашылығы 41 С-тан жоғарырақ болады.°аудандарда 10 ай бойы орташа тәулiктiк темп-ра 0 С-тан°Республиканың солт-нде қыс ұзақ, қарлы әрi суық, аяз кей уақыттарда –45 С-қа°С-тан 45°С-қа жетедi. Жазы қоңыржай жылы, қысқа, кейде ауа темп-расы 35°–50 дейiн қызуы мүмкiн. Көктемнiң соңғы үсiгi шiлдеде, ал күздiң ерте үсiгi тамыздың аяғында түсуi мүмкiн. Қазақстанның оңтүстік аудандарының қысы жұмсақ. Бұл өңiрдiң қыс айларында жиi-жиi қайталанатын жылымық құбылысы кезiнде ауа темп-расының ең С-қа дейiн көтерiледi. Соған қарамастан мұнда кейбiр°жоғ. деңгейi 15 — 20 С-тан да төмен аяздар байқалады. Алматыда абс.°С, тiптi –40°күндерi –30—35 С-қа жеткен (26 ақпан, 1951). Республиканың қиыр оңт-нде көктемгi°минимум –42 соңғы үсiк сәуiрдiң аяғында, алғашқы үсiк қыркүйектiң 2-жартысында түсуi ықтимал. Оңт. Қазақстанның таулы өңiрiнен тыс бөлiгiнде жаз тым ыстық әрi ұзақ. С-қа және°С-қа, топырақтың беткi қабаты 70°Кейбiр жылдары ауа темп-расы 45 — 47 одан да жоғары қызуы мүмкiн. Күн энергиясының мұншама көп қоры Қазақстан аумағында гелиоэнергетиканы дамытуға мүмкiндiк бередi.

3-нұсқа

1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыздар. Сіздер өздеріңңзді экологтардың қандай тобына жатқызасыздар.

Экологи делятся на пессимистов и оптимистов. Экологи пессимисты рисуют довольно мрачные перспективы дальнейшего развития индустриального общества, считают необходимым резко ограничивать либо вообще приостановить технический прогресс и дальнейшее экономическое развитие человечества. Они не видят спасения от растущего загрязнения окружающей среды отходами промышленного производства, от роста населения, которое должна прокормить Земля.

Экологи – оптимисты предлагают и осуществляют конкретные меры, предотвращающие экологический кризис. (А.А.Метса)

2-тапсырма. Сөздікті жаттаңыз

пессимисты - пессимистер

оптимисты - оптимистер

делятся - бөлінеді

общество - қоғам

развитие - даму

спасение - құтқару

окружающая среда - қоршаған орта

рост - өсу

конкретные меры - нақты шаралар

12 тақырып бойынша тест тапсырмасы

1.Қызметтік хаттар құжаттың қай түріне жатады?

а) анықтама-ақпараттық б) ұйымдық с) өкімдік д) алқалық е) жарғылық

2.Жарнамалық, ақпараттық, өтініш хаттар хаттың қай түріне жатады?

а) өтініш б) сұрау салу с) ақпараттық д) жауап хат е) өкімдік

3.Мазмұны белгілі бір фактіні я оқиғаны дәлелдейтін, растайтын, сипаттайтын ақпараттық-анықтамалық іс қағазының түрі

а) бұйрық б) анықтама с) бұрыштама д) өтініш е) мінездеме

4.Көп мағыналы сөз қатысқан тіркесті табыңыз?

а) әдемі қыз, жақсы қыз б) мылтық ат с) ауыр қап, толы қап д) көркем қыз, сымбатты қыз

е) таудың етегі,көйлек етегі

5.Ақтөбе қаласының негізі қай жылы қаланды? а) 1868ж б) 1867ж с) 1860ж. д) 1869ж е) 1865ж

6.Ақтөбе қаласынан қандай өзендер өтеді?

а) Лена өзені б) Ніл өзені с) Қарғалы өзені д) Жайық өзені е) Ақсу

7.Неологизмдер дегеніміз қандай сөздер?

а) жаңадан пайда болған сөздер б) мағыналас сөздер с) көнерген сөздер д) мамандыққа байланысты сөздер е) ешбіреуінеде жатпайды

8.Қыстырма сөз қатысқан сөйлемді белгілеңіз?

а) Қап, үлгере алмады б) Әй, сен кеше қайда қайда жүрдің

с) Жас жүрек, қайда сенің ыстық қаның!!! д) Әрине,оқуымды тастамаймын.

е) Тыңдаңыздар, менің бауырларым!

9.Қатаң дауыссызды көрсетіңіз? а) м б) б с) ы д) т е)3

10.Төмендегі жұрнақтардың қайсысы үндестік заңына бағынбайды?

а) –хана б) –шы,-ші с) –тық ,-тік д) –ып,-іп,-п е) –ған, -ген,-қан, - кен

13-тақырып бойынша үй тапсырмасының мәтіні

Қазақстан экологиясы. Хаттама

1-нұсқа

1-тапсырма. Хаттама жазыңыз

2-тапсырма. Хаттама қандай құжат?

2-нұсқа

1-тапсырма. Студенттердің табиғатты қорғау қозғалысы бірінші рет 1958 жылы Эстонияда Тарту қаласының ауылшаруашылық академиясының студенттерімен құрылған. Қазақстан Республикасында осындай ұйымдар туралы не білесіңдер? Олардың бағдарламасы қандай? Осы тақырып бойынша пікір алысыңыздар.

2-тапсырма. Сөз тіркестерімен есімдіктерді пайдалана отырып, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Адам мен табиғаттың өзара қатынасы, қоршаған ортаға адамның ықпалы, адам мен табиғаттың өзара тәуелділігі.

3-нұсқа

1-тапсырма. Көркем әдебиеттен табиғат туралы үзінділерді мәнерлеп оқып, түсінгендеріңізді айтып беріңіздер.

2-тапсырма. Жақшаның ішіндегі сөздерді аударып, сөйлемдерді жазып алыңыздар. Есімдіктердің түрлерін ажыратыңыздар.

1) Біздің (на земле Республики) ірілі-ұсақты 7,5 мыңдай өзен, 40 мыңға жуық көл, мыңдаған бұлақтар бар.

2) Ғалымдардың деректемелері бойынша (каждый год) көлдердің, жер асты суының көлемі күрт азайып барады.

3) Мұнай-газ кен орындарына таяу (расположенный) жерлерде ауру-сырқаулар жиі кездеседі.

4) (Это) мұнай мен газды алған кезде ауаға тарайтын улы газдың салдары.

5) Өзіміз (каждый день) көріп жүрген салақтық та табиғатты бүлдіреді екен.

4-нұсқа

1-тапсырма. Төменде берілген бір тақырып бойынша шығарма жазыңыздар.

1. Жер –біздің ортақ үйіміз.

2. Табиғатты қорғау - әр адамның міндеті.

3. Экологиялық мәселелер және оны шешу жолдары.

2-тапсырма. Мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіріңіздер.

Тау бұлағымен сәнді,

Көл құрағымен сәнді.

Сөздік

бұлақ – здесь: ручей

құрақ – тростник

сәнді – красив (а,о)

13 тақырып бойынша тест тапсырмасы

1. Ең алғаш «Экология» деген сөзді кім пайдаланды?

а) Әл – Фараби б) Э. Геккель с) П. Иванов д) Генрих Девид Тюро

2. Студенттердің табиғатты қорғау қозғалысы қай жылы, қай жерде болды?

а) Францияда 1958 жылы б) АҚШ – та 1958 жылы с)Ресейде 1959 жылы д)Эстонияда 1958 жылы

3. Экологияны ғылымға бірінші болып енгізген белгілі табиғат зерттеуші ғалым

а) Әл–Фараби б) Э. Геккельс. с) И. Ньютонд. д) Г.Д. Тюро

4. Экология ғылымы нені зерттейді?

а)Жануарларды б) адамдардыс. с) қоршаған ортаны д) өсімдіктерді

5. Табиғат қорғау ... түспейді

а) қымбатқа б) оңайға с) арзанға д) қиынға

6. «История земли – это история народа» қазақ тілінде баламасын табыңыз

а) Елді сыйлағаның - өзіңді сыйлағаның

б) Су жүрген жер береке, ел жүрген жер мереке

с) Елден безген көмусіз қалар

д) Жер шежіресі – ел шежіресі

7. Жиналыстарда, кеңестерде, мәжілістерде мәселені талқылау, шешім қабылдау туралы мәлімет беретін құжат:

а) кесім б) хаттама с) анықтама д) бұйрық е) өмірбаян

14-тақырып бойынша үй тапсырмасының мәтіні

Қазақстанның табиғатын қорғау. Жер құнары - өмір нәрі. Қолхат. Кепілхат. Сенімхат

1-нұсқа

1-тапсырма. Қолхат жазыңыз.

2-тапсырма. Кепілхат жазыңыз.

2-нұсқа.

1-тапсырма. Сөздердің орын тәртібін дұрыс қойып, сөйлемдерді жазып алыңыздар.

1. Әдемі, әрі, алуан, түрлі, табиғаты, Қазақстанның.

2. Түпкір-түпкірден, дем алуға, емделіп, қайту, үшін, Бурабайға, келеді, адамдар.

3. Жұртшылыққа, белгілі, емдік, Бурабай, өзінің, қымызымен.

4. 13 мемлекеттік, Қазақстанда, құрылған, зоология, және, ботаника, заказниктері.

2-тапсырма. Синтаксистік талдау жасаңыз.

Қазақстанның табиғаты мейлінше алуан түрлі әрі әдемі екенін айтып өттік. Астана мен Көкшетау қалаларының арасында атақты Бурабай көлі жатыр. Оның жағасында ХVІІ ғасырдың ортасында Абылай ханның ордасы тұрса, кейінірек азаттық сүйгіш атақты сұлтан Кенесары осында қоныс тепті. Бурабай ауасының жанға жайлы, дертке дауа екендігін адамдар ежелден-ақ байқаған. Адамдар осы жерге келіп, әртүрлі науқастардан, соның ішінде өкпе ауруларынан да сауығып кетіп отырған.

3-нұсқа

1-тапсырма. Мәтінге синтаксистік талдау жасаңыз

Қазақстанда Алтай, Тарбағатай, Сауыр, Жоңғар және Іле Алатауы бар. Тау биіктеген сайын, ауа райы салқындайды, ауаның қысымы кемиді, ауа мөлдір таза болады. Таулардың күнгей жағы жылырақ, құрғақтау болады, теріскей жағы салқындау, дымқыл болады. Сондықтан таудың өсімдіктері әртүрлі болады. Биік тауларда мәңгі қар жатады. Жазда қардың төменгі жиектері ериді. Таудан мөлдір бұлақтар ағады. Таудың теріскей жағында шыршалы орман, ал күнгей жағында неше түрлі шөптер өседі.

Шыршалы ормандарда саңырауқұлақтар өседі. Жазда саңырауқұлақтарды жинап, тұздайды. Ол - витаминді, пайдалы тағам. Қазақстан тауларының күнгей жақтары - жайлау. Қазақстан тауларында өте әдемі Ольга шыршасы өседі. Ольга шыршасы ғалым ботаник Ольга Александровна Федченконың есімімен аталған.

2-тапсырма. Сөздікті жаттаңыз

биіктеген сайын - чем выше

салқындайды - становится прохладнее

ауаның қысымы - давление воздуха

кемиді -уменьшается

мөлдір - прозрачный

құрғақтау - суше

теріскей жағы - северная сторона

дымқыл - влажный

мәңгі- вечный

төменгі жиектері - нижний край

шыршалы орман - хвойный лес

күнгей жақтары - южная сторона

4-нұсқа

1-тапсырма. «Қазақстанның таулары» тақырыбына шығарма жазыңыздар.

2-тапсырма. Қазақстанның қорытары туралы әңгімелеңіз.

14 тақырып бойынша тест тапсырмасы

1.Арал теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан қорық?

а) Наурызым б) Қорғалжын с) Барсакелмес д) Алматы

2.«Ерекше қорғалатын аймақтар туралы» Заң қашан қабылданды?

а) 1996 ж 6 тамыз б) 1998 ж 7 шілде с) 1999 ж 7 шілде д) 1997 ж 6 тамыз

3.Ақсу – жабағылы қорығы қай жылы құрылған?

а) 1924 ж б) 1926 ж с) 1930 ж д) 1938 ж

4.1930 жылы Қазақстан орманды даласының оңтүстігіндегі Торғай облысында орналасқан қорық?

а) Ақсу-жабағылы б)Алматы с) Наурызым д) Қорғалжын

5. Белгілі бір уәдені, шартты дәлелдеу мақсатында құрастырылатын хат:

а) алғыс хат б) кепіл хат с) шақыру хат д) өтініш хат е) жолдау

6. Белгілі бір тұлғаның өз өкілеттілігі мен құқын екінші бір тұлғаға берілгенін жазбаша растайтын іс қағазының бір түрі

а) қол хат б) кепіл хат с) сенімхат д) ақпараттық хат е) дұрыс жауап жоқ

15-тақырып бойынша үй тапсырмасының мәтіні

Өсімдіктердің тіршілік формалары. Өсімдік және медицина. Баяндаухат. Түйіндеме

1-нұсқа

1-тапсырма. Қазақстанның өсімдіктері туралы мәлімет жазыңыз.

2-тапсырма. Қызыл кітапқа енген өсімдіктер туралы баяндаңыз.

2-нұсқа.

1-тапсырма. Табиғатқа қатысты тыйым сөздерді жазыңыз. Мағынасына мән беріңіз.

2-тапсырма. Өсімдік – тіршілік тірегі атты мәнжазба жазыңыз.

3-нұсқа

1-тапсырма. Өсімдік туралы мақал-мәтелдер жазыңыз.

2-тапсырма. Сирек кездесетін өсімдіктер туралы эссе жазыңыз.

4-нұсқа

1-тапсырма. Түйіндеме жазыңыз.

2-тапсырма. Белгілі бір жағдаятқа қатысты баяндаухат жазыңыз.

15 тақырып бойынша тест тапсырмасы

1. Түйіндеменің деректемелерін көрсетіңіз:

а)міндеттері, шарттары б) неге әуестігі с) жеке сапалық қасиеттері, шет тілдерін білу дәрежесі д) қабылдаушы автордың мекен-жайы е) мәтіні, жалдау ережесі

2.Белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі, жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі:

а) түйіндеме б) арыз с) өтініш д) бұрыштама е) мінездеме

3. Жалғаулықсыз түсіндірмелі салаласта жай сөйлемдердің арасына қандай тыныс белгісі қойылады?

а) үтір б) қос нүкте с) сызықша д) сызықша, үтір

4. Кезектес салалас құрмаластың жалғаулықтары?

а) бірде, кейде

б) себебі, өйткені

с) не, немесе, яки

д) барлық жауап дұрыс

5 .-ып, -іп, -п, -а, -е, -й қосылатын сабақтастың түрі?

а) шартты бағыныңқылы сабақтас

б) қарсылықты бағыныңқылы сабақтас

с) қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас

д) себеп бағыныңқылы сабақтас

6.-да, -де, -са, -се қосылатын сабақтастың түрі?

а) себеп бағыныңқылы сабақтас

б) қарсылықты бағыныңқылы сабақтас

с) шартты бағыныңқылы сабақтас

д) қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас

119

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]