Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sillabus_kaz_yaz.doc
Скачиваний:
51
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
902.66 Кб
Скачать

1

Еліктеуіш сөздер

-тапсырма.Кестеде берілген еліктеуіш сөздерді қатыстырып сөйлем құраңыздар.

Дыбыстық еліктеуіш сөздер

Бейнелеуіш сөздер

сырт-сырт, қарқ-қарқ, тық-тық, шіңк-шіңк, дар-дар, пыс-пыс, сылқ-сылқ, сақ-сақ, қаңқ, саңқ, тарс, бақ, шаңқ, бырт, қарқ, дыр т.б.

жарқ, жарқ-жарқ, жарқ-жұрқ, жалп-жұлп, жалт-жұлт, жалп-жалп, арбаң-арбаң, едірең-едірең, жылт-жылт, желп-желп, маң-маң, митің-митің т.б.

4-нұсқа

1-тапсырма. Төмендегі еліктеу сөздердің дыбыстық еліктеуішін бір

бөлек теріп, бейнелеуіш сөздерді екінші топ етіп теріп жазыңыздар.

Ербең-ербең, арбаң-арбаң, дір-дір, селтең-селтең, жарқ, сақ, сырт-сырт, жарқ, қарқ-қарқ, жалп-жалп, жалт-жұлт, тарс-тұрс, арс, дік, лып, дұңқ, сатыр-күтір, тық-тық, бұрқ-сарқ, лап, мыңқ, шіңк-шіңк, борт-борт, шыңқ-шыңқ, қырш-қырш, талтаң-талтаң, жалпаң-жалпаң, тарбаң-тарбаң, сарқ-сарқ, одыраң-одыраң, зор, күмп, гүрс, қалт-құлт, шиқ-шиқ, тылтың-тылтың, баж, бақ, дыр, ыңқ, қарш-қарш, даң-дұң.

5-нұсқа

1-тапсырма. Адамның қорқу, қуану, шаттану, ренжу, өкіну, шошыну, таңдану, күйіну сияқты көңіл-күйін, сезімін білдіретін одағайларға мысал келтіріп, мағынасына қарай бөліп жазыңыз.

12 тақырып бойынша тест тапсырмасы

1. Іс-қимылдың, амал-әрекеттің белгісін жай-күйін, мезгілін, мекенін, мөлшерін білдіретін сөз табы қалай аталады?

а) етістік б) зат есім с) есімше д) үстеу е) сын есім

2. Үстеу құрамына қарай неше топқа бөлінеді?

а) 5 б) 2 с) 3 д) 4 е) 5

3. Үстеу мағынасына қарай неше топқа бөлінеді?

а) 4 б) 7 с) 3 д) 4 е) 6

4. Қимылдың, іс-әрекеттің мақсатын білдіретін үстеу қалай аталады?

а) мезгіл б) мекен с) себеп д) мақсат е) сын-қимыл

5. Қимылдың, іс-әрекеттің амал-тәсілін, сын-бейнесін білдіретін үстеу қалай аталады?

а) мақсат б) себеп с) мезгіл д) мекен е) сын-қимыл

7. Одағайды табыңыз

а) олар б) биыл с) апыр-ай д) суық е) анда-санда

8. Одағай қатысып тұрған сөзді белгілеңіз

а) Шіркін, табиғат қандай тамаша! б) Омар – мұғалім с) Зере- Абайдың әжесі д) айлы түн е) бұлтсыз аспан

9. Одағай мағынасына қарай неше топқа бөлінеді?

а) 4 б) 6 с) 5 д) 3 е) 2

10. Бейнелеуіш сөзді табыңыз?

а) қарқ-қарқ б)жарқ-жарқ

с) санқ д) тарс-тұрс е) гүрс-гүрс

11. Тәйт сөзі одағайдың қай түрі?

а) көңіл-күй одағайы б)шақыру одағайы

с) жекіру одағайы д) одағай е) дұрыс жауап жоқ

13 тақырып бойынша үй тапсырмасының мәтіні

Ғалам және ғасыр. Жай сөйлем. Хабарлы, сұраулы сөйлемдер

1-нұсқа

1-тапсырма. Сөйлемді аяқтаңыздар.

1. Егер мақсатыңа жеткің келсе,-----------------.

2. Егер қартайғанда өкінгің келмесе,-----------.

3.Егер достарың адал болсын десең,----------------.

4.Егер дәулетті болғың келсе,--------------------.

5.Жаның қартаймасын десең,-------------------.

2-нұсқа

1-тапсырма. Берілген тіркестерді дұрыс, бұрысына қарай екіге бөліп жазыңыз. Бұрысы қайсы, дұрысы қайсы?

Бие бұзаулайды, Бие құлындайды,

Түйе лақтайды, Түйе боталайды,

Қой боталайды, Қой қоздайды,

Сиыр қоздайды, Сиыр бұзаулайды,

Ешкі күшіктейді, Ешкі лақтайды,

Ит жұмыртқалайды, Ит күшіктейді,

Мысық құлындайды. Тауық жұмыртқалайды,

Мысық балалайды.

3-нұсқа

1-тапсырма. Зәулім, жоспар, жоспарлау, ғимарат, мәртебе, назарын аудару, салтанатты, мәмлегерлік, өкілдік сөздеріне мағыналық жағынан сәйкес келетін тиісті сөздерді тіркестіріп, сөз тіркестерін жазыңыз

Зәулім

Үй, көше, ай

жоспар

Жасау, салынды, өткізу

Мекемені, құрылысты

Жоспарлау

Жаңа, орасан, асқар

ғимарат

Мемлекеттік, кіші

Мәртебе

әлем, кешен, жоғары

Назарын аудару

салтанатты

Құжат, жиналыс, жоба

Мәмлегерлік

Кездесу, шешім, халық

Мерекелік, шетелдік

өкілдік

4-нұсқа

1-тапсырма. Мақал-мәтелдердің орыс тіліндегі баламасын тауып, түсіндіріңіздер. Сол мақал-мәтел бойынша сөйлесіңіздер.

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

  1. Өмір – үлкен мектеп

  2. Білімді өлсе, қағазда аты қалар,

Ұста өлсе, істеген заты қалар.

  1. Кітап – алтын қазына.

  2. Көп жасаған білмейді,

көп көрген біледі

  1. Жеті жұрттың тілін біл,

жеті түрлі білім біл.

  1. Білек бірді, білімді мыңды жығады.

  2. Күш білімде, білім кітапта.

  3. Білім арзан – білу қымбат.

  1. Ученье ничего не стоит, да выучиться трудно

  2. Сила в знании, знания в книгах

  3. Имя мастера остается в его творениях,

Имя ученого остается в его книгах.

  1. Сильный победит одного, ученый – тысячу.

  2. Книга кладовая золота.

  3. Не тот много знает, кто много прожил, а тот, кто много видел.

  4. Жизнь – самая большая школа.

  5. Стремись изучить язык семи народов и семь родных наук.

5-тапсырма. Қазақтың тұңғыш ғарышкерлері туралы мәліметтер жинақтап, қысқаша баяндама жасаңыз.

13 тақырып бойынша тест тапсырмасы

1. Жалаң сөйлем дегеніміз не ?

а) тек тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлем б)бастауышы жоқ сөйлем с)барлық мүшелер қатысқан сөйлем д)баяндауышы жоқ сөйлем е)анықтауышы жоқ сөйлем

2. Жақсыз сөйлем дегеніміз не ?

а) бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлем б) бастауышы жоқ сөйлем

с) баяндауышы жоқ сөйлем д) тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер түгел қатысқан сөйлем

е)тұрлаусыз мүшенің бірі жоқ сөйлем

3. Жақты сөйлемді табыңыз ?

а) оған таңдануға болмайды б)тамыз айы с) айтпасқа тағы болмайды

д) арыңды жастан сақта е) қуанышты жасыруға болмайды

4. Жақты сөйлем дегеніміз не?

а) құрамында баяндауыш қатысқан жай сөйлемнің түрін айтады

б) құрамында бастауыш қатысқан жай сөйлемнің түрін айтады

с) толықтауышы бар сөйлемді айтамыз

д) анықтауышы бар сөйлемді айтамыз

е) дұрыс жауап жоқ

5. Атаулы сөйлемді табыңыз?

а) Еңбек ет те, міндет ет б) Айлы түн с) Қас қаққанша д) Ит өлген жерде

е) Әйел әшекейі

6. Жалаң сөйлемді табыңыз?

а) Есіл өзенінің бойы б) Жай басып Төлеп келеді с) Бала келді

д) Адыраспан- көп жылдық өсімдік е) Құрманғазы- күй жанрының классигі

7. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?

а ) 2 б) 3 с) 4 д) 5 е) 7

8. Сөйлем мүшелерінің қатысына қарай қалай бөлінеді?

а) толымды, толымсыз б) хабарлы сөйлем с) сұраулы, жақты

д) бұйрықты е) лепті

9.Лепті сөйлемді табыңыз?

а) Бүгін сабаққа барамыз. б) Жасасын, Қазақстан! с) Жастар қонаққа келді. д) Ертең кешке кел. е) Сабақ уақытымен басталды.

14 тақырып бойынша үй тапсырмасының мәтіні

Кәсіби бәсекелестік Сан есім, мағыналық топтары

1-нұсқа

1-тапсырма. «Кәсіби бәсекелестік деген не?» тақырыбына диалог құрастырыңыз

2-нұсқа

1-тапсырма. «Кәсіби бәсекелестікке дайынбыз ба?» тақырыбына эссе жазыңыз.

3-нұсқа

1-тапсырма. Төмендегі мәтінді жаттап, ішкі мазмұны туралы түсінік айтыңыз. Жеті жетім

Тыңдалмаған сөз жетім,

Киюсіз тозған бөз жетім,

Иесіз қалған жер жетім,

Басшысы жоқ ел жетім,

Аққу-қазсыз көл жетім,

Замандасы қалмаса –

Бәрінен де сол жетім (Асан қайғы)

Сөздік:

тыңдалмаған – не услышанное (слово)

жетім – сирота

киюсіз – если никто не надевал

тозған – ветхий, обветшалый

бөз – бязь (материал)

иесіз қалған – безхозная (земля)

басшысы жоқ – без предводителья

замандас – свертник, современник

4-нұсқа

1-тапсырма. Жеті қазына, жеті жұт, үш жұрт, үш жүз, үш арсыз, үш қадірсіз дегеніміз не? Берілген осы тапсырма бойынша мәлімет жинақтап, жазып, мазмұнын айтыңыз.

14 тақырып бойынша тест тапсырмасы

1. Заттың санын дәл атамай, болжамды, шамамен көрсететін сан есім қалай аталады?

а) реттік сан есім б) есептік сан есім с) болжамдық сан есім д) бөлшектік сан есім е) жинақтық сан есім

2. Заттың санын жекелеп атамай, топтап көрсететін сан есім қалай аталады?

а) бөлшектік сан есім б) есептік сан есім с) реттік сан есім д) болжалдық сан есім е) топтау сан есім

3. Заттың сандық бөлшегін білдіретін сан есім қалай аталады?

а) болжалдық сан есім б) реттік сан есім с) есептік сан есім д) бөлшектік сан есім е) жинақтық сан есім

4. Заттың жинақталған санын білдіретін сан есім қалай аталады?

а) реттік сан есім б) есептік сан есім с) жинақтық сан есім д) бөлшектік сан есім е) болжалдық сан есім

5. Табыс жалғауы сөзді керек етіп тұратын етістік қалай аталады?

а) болымды етістік б) болымсыз етістік с) сабақты етістік д) салт етістік е ) көмекші етістік

6. Табыс жалғауы сөзді керек етпей тұратын етістік қалай аталады?

а) негізгі етістік б) көмекші етістік с) салт етістік д) сабақты етістік е) болымды етістік

15 тақырып бойынша үй тапсырмасының мәтіні

1-семестрде өткенді қайталау

1-нұсқа

1-тапсырма. Тестке жауап беріңіз және осы тест сұрақтарын пайдаланып, өз нұсқаларыңызды құрастырыңыз

1. Отанға әрдайым теңестіретін қасиетті тұлға

а) от

б)ана

с) су

д) жер

2. Отан елдің анасы, Ел - ... анасы.

а) баланың

б) қыздың

с) ердің

д) ұлдың

3. Ши дегеніміз не?

а) ұлттық аспап

б) ұлттық үй жиһазы

с) ұлттық ойын

д) ұлттық тағам

4. Тіркесті сөзді табыңыз

а) ақ

б) үйшік

с) қара торы

д) қоңыр

5. «Туған жердің қадірін, шетте жүрсең білерсің» мақалының мәні

а) елді сағынасың

б) елден алыста болсаң, оны сағынасың

с) туған елді сағынбайсың

д) туған елді еске аласың

6. Күрделі сан есімді табыңыз

а) бір

б) жиырма үш

с) кешке дейін

д) ақ жүзді

7. Отан – оттан да ыстық. Асты сызылған тіркестің мағынасы

а)жақын

б) алыс

с) суық

д) қажет

8. «Туған жердің жуасы тәтті» мақалының мағынасы

а) туған жердің әр заты қажет емес

б) туған жерге бару

с) туған жердің әрбір заты саған жақын, ыстық

д) туған жерді сағыну

9. Күрделі зат есімді табыңыз

а) күн ілгері

б) Астана қаласы

с) он сегіз

д) қыпша бел

10. Отбасының тірегі кім?

а) ұл

б) қыз

с) ана

д)әке

2 Нұсқа

1-тапсырма. Тестке жауап беріңіз және осы тест сұрақтарын пайдаланып, өз нұсқаларыңызды құрастырыңыз

1.Сөз тұлғасы ... болып бөлінеді

а)сөз тудырушы, сөз түрлендіруші

б) түбір, қосымша

с) жұрнақ, жалғау

д) туынды түбір, негізгі түбір

2. Сын есім + зат есімнен құралған сөз тіркесі

а) өзін-өзі билеу

б) он жыл

с) тәуелсіз мемлекет

д) ашық айту

3. Қазақ халқы не үшін күресіп келеді?

а) тәуелсіздік

б) жер

с) байлық

д) атақ

4. Жалғаудың неше түрі бар

а) 2

б) 3

с) 4

д) 5

5. Жіктік жалғаулы сөзді табыңыз

а) гүлдер

б) мемлекеттің

с) қаламың

д) студентпін

6. Қазақстан Республикасының тұңғыш конституциясы қай жылы қабылданды?

а)1995

б) 1993

с) 1991

д) 1992

7. Конституция бойынша Қазақстан қандай мемлекет?

а) демократиялық

б) зайырлы

с) құқықтық

д) барлық жауап дұрыс

8. Үкімет

а)министрліктер

б) мемлекеттік атқару билігінің ең жоғарғы органы

с) агенттіктердің жоғарғы органы

д) жоғарғы ұйым

9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының авторлары

а) Ж. Мәлібеков, Ш. Уәлиханов

б) Ш. Ниязбеков

с) Ш. Уәлиханов, Ш. Ниязбеков

д) Ш. Қалдаяқов, Н. Назарбаев

10. Шаңырақ ... ... бейнелейді

а) мәңгілік өмірді

б) әлемнің біртұтастығын

с) көгілдір аспанды

д) қыран құсты

3-нұсқа

1-тапсырма. Тестке жауап беріңіз және осы тест сұрақтарын пайдаланып, өз нұсқаларыңызды құрастырыңыз

1. Алтын күн ... ... белгісі

а)қырағылық

б) жарқын болашақтың

с) ұлттық өрнек

д) отбасы ошағын

2. Қазақстанның егемендігі туралы декларация қай жылы қабылданды?

а)1994 жылы 7 қаңтар

б) 1991 жылы 16 желтоқсан

с) 1990 жылы 25 қазан

д) 1992 жылы 20 ақпан

3. Сын есім + зат есімнен құралған сөз тіркесі

а) өзін-өзі билеу

б) он жыл

с) тәуелсіз мемлекет

д) ашық айту

4. Ұлттық теңге дүниеге келген күн

а)1990 жылы 13 қараша

б) 1992 жылы 20 ақпан

с) 1993 жылы 15 қараша

д) 1994 жылы 10 қараша

5. Теңгенің авторлары

а)Ш. Қалдаяқов, Ж. Мәлібеков

б) Қ. Ғабжалилов, М. Әлин

с) Ш. Ниязбеков

д) Ш. Уәлиханов, М. Әлин

6. Жүз сомың болғанша,

Жүз досың болсын

а)дос та, ақша да қажет

б) ақшаң көп болғаны дұрыс

с) досың көп болғаны жақсы

д) достан гөрі ақша керек

7. Елбасының «Қазақстан- 2030» стратегиясы қай жылы жарияланды?

а) 1994

б) 1993

с) 1996

д) 1998

8. Елбасы стратегиясында неше басым бағыт көрсетілді?

а)7

б) 10

с) 6

д) 5

9. Стратегияның нешінші бағытында білім беру туралы айтылады?

а) 2

б) 4

с) 5

д) 6

10. Ата заң қай жылы қабылданды?

а) 1992 жылы 20 қазан

б) 1991 жылы 1 желтоқсан

с) 1995 жылы 30 тамыз

д) 1991 жылы 16 желтоқсан

4-нұсқа

1-тапсырма. Тестке жауап беріңіз және осы тест сұрақтарын пайдаланып, өз нұсқаларыңызды құрастырыңыз.

1.Түбірлес сөздер қатарын табыңыз?

а) күлген, айтқан

б) біл, білім, білгіш

с) оқыған, білген

д) сәнқой, өнерпаз

2. Тәуелсіз ел болу кімдердің арманы еді?

а) әке –шеше

б) ата – ана

с.) туған – туыстардың

д) ата – бабалардың

3. Конституция нелерді қарастырады?

а) адам құқықтары мен бостандықтарын

б) адамның еркін

с) адамның қасиеттерін

д) адамның көңіл–күйін

4. Барыс септігінде тұрған сөзді табыңыз?

а) Отанның

б) Отанға

с) Отанмен

д) Отанда

5. Тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз

а)барамын

б) халқымыз

с) кітаптар

д) студентпен

6. Мемлекеттік биліктің көзі - ...

а) Үкімет

б) ел

с) адамдар

д) халық

7. Үкіметті кім басқарады?

а)Президент

б) Парламент

с) Премьер - министр

д) Сенат

8. Мемлекеттік елтаңбаның жүрегі

а) шаңырақ

б) отбасы

с) тұлпар

д) күн

9. Мемлекеттік тудағы «көк» сөзінің мағынасы

а) қозғалыс

б) аспан

с) даму

д) уақыт

10. Ұлттық теңгеде неше құпия белгі бар?

а) 18

б) 21

с) 16

д) 9

5- нұсқа

1-тапсырма. Тестке жауап беріңіз және осы тест сұрақтарын пайдаланып, өз нұсқаларыңызды құрастырыңыз

1.Жайық, Жем өзендері туралы мәлімет берген ғалым

а) П. Семенов

б) К. Птоломей

с) П.П. Рычков

д) И.С. Берг, П.Г. Игнатьев

2. Қазақстан территориясындағы жануарлар дүниесін зерттеген ғалымдар

а) К.Ф. Кесслер, Н.А. Северцев

б) И.С. Берг, П.П. Игнатьев

с) Ф. Н. Краснов, П.П. Семенов

д) Геродот

3. Жұрнақ нешеге бөлінеді?

а) 3

б) 2

с) 4

д) 5

4. Жаңа мағына беретін жұрнақ

а) сөз қосушы

б) сөз түрлендіруші

с) сөз тудырушы

д)сөз жасаушы

5. Қазақстан жерінде сауда қатынасын орнатқан жол

а) Самарқан қаласы

б) Қырғыз Алатау асулары

с) Шу өзені

д) Ұлы жібек жолы

6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі

а) орыс тілі

б) қазақ тілі

с) қытай тілі

д) ағылшын тілі

7. Қазақстан Республикасы қай құрлықта орналасқан!

а) Европа

б) Азия

с) Евразия

д) барлық жауап дұрыс

8. Қазақстанның облыстары алғаш рет қашан құрылды?

а) 1930 жыл 25 сәуір

б) 1929 жыл 20 ақпан

с) 1932 жыл 20 ақпан

д) 1931 жыл 26 желтоқсан

9. 37 – скважинада орын алған өртті кімдер сөндірді?

а) Қазақстан өрт сөндірушілері

б) АҚШ өрт сөндірушілері

с) Италия өрт сөндірушілері

д) Канада өрт сөндірушілері

10. Қазақстан жеріндегі ежелгі қалалар неге өзен – көлдердің жағасына салынған?

а) тұрмысқа қолайлы болғандықтан

б) балық аулау үшін

с) егін салу үшін

д) мал өсіру үшін

6-нұсқа

1-тапсырма. Тестке жауап беріңіз және осы тест сұрақтарын пайдаланып, өз нұсқаларыңызды құрастырыңыз

1. Алғаш рет неше облыс құрылды?

а) 4

б) 8

с) 6

д) 7

2. Қазақстандағы ғарыш айлағы орналасқан қала?

а) Ақтөбе

б) Алматы

с) Астана

д) Байқоңыр

3. 37 – скважинадағы оқыс оқиға қашан болды?

а) 1996

б) 1997

с) 1985

д) 1984

4. Қазақ ордасының бірінші астанасы?

а) Орынбор

б) Түркістан

с) Алматы

д) Астана

5. Астана қаласының 1932 – 1961 жылдар аралығындағы атауы?

а) Целиноград

б) Ақмола

с) Астана

д) барлық жауап дұрыс

6. Астана қаласының ортасын кесіп өтетін өзен?

а)Есіл

б) Шу

с) Талас

д) Сырдария

7. Сөз мағынасын өзгертпей, түрлендіретін жұрнақ

а) сөз тудырушы

б) сөз түрлендіруші

с) сөз өзгертуші

д) сөз жасаушы

8. Зерттеуші асты сызылған қандай жұрнақ?

а) сөз жасаушы

б) сөз түрлендіруші

с) сөз тудырушы

д) сөз өзгертуші

9. Қазақстан жерін алғаш зерттеген кім?

а) К.Птоломей

б) П.Карпини

с) П.П. Рычков

д) Геродот

10. Қазақстанның 1920 – 1925 жылдары астанасы болған қала?

а) Түркістан

б) Орынбор

с) Алматы

д) Қызылорда

7-нұсқа

1-тапсырма. Тестке жауап беріңіз және осы тест сұрақтарын пайдаланып, өз нұсқаларыңызды құрастырыңыз

  1. Белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы?

а) морфология

б) фонетика

с) лексика

д) синтаксис

2. Мағыналары бір–біріне жақын сөздер?

а) синоним

б) антоним

с) омоним

д) пороним

3. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?

а) 1991

б) 1992

с) 1989

д) 1993

4. Сөздің екі және одан да көп мағынаға ие болуын не деп атайды?

а) көп мағыналы сөздер

б) ауыспалы мағына

с) тура мағына

д) барлық жауап дұрыс

5. Айтылуы бірдей, мағынасы әр түрлі сөздер?

а) пороним

б) синоним

с) омоним

д) антоним

6. «Тіл – көңілдің кілті» мақалының мәні?

а) тілмен көңілді көтеруге болады

б) тілмен көңілді көтеруге болмайды

с) тіл арқылы ойды жеткізуге болады

д) тіл – ой жеткізуші құрал

7. Мұрнын көкке көтеру

а) жылау

б) менсінбеу

с) көңілдену

д) өтіну

8. Төбе шашы тік тұру

а) қорқу

б) қызығу

с) ұрысу

д) өкпелеу

9. Тіл мәдениеті дегеніміз ...

а) көп сөйлеу

б) аз сөйлеу

с) дұрыс, орынды сөйлеу

д) күлдіріп сөйлеу

10. «Қазақ қазақпен қазақша сөйлесін» деген кімнің сөзі?

а) Ә. Нұршайықов

б) Н.Ә. Назарбаев

с) Ә. Кекілбаев

д) М.Әуезов

8-нұсқа

1-тапсырма. Тестке жауап беріңіз және осы тест сұрақтарын пайдаланып, өз нұсқаларыңызды құрастырыңыз

1. Тұрақты тіркес

а) лексикология

б) терминология

с) фразеология

д) семантика

2. Инені жіпке тізу

а) бәле қуу

б) арыздану

с) шағымдану

д) өкпелеу

3. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» сөзінің авторы?

а) Т. Молдағалиев

б) А. Құнанбаев

с) С. Торайғыров

д) Қ. Мырзалиев

4. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіреді

а) еркін тіркес

б) мақал

с) мәтел

д) тұрақты тіркес

5. Ой – пікір бейнелі әрі тұспалдап айтылады

а) мақал

б) фразеология

с) мәтел

д) идиома

6. Жаңа сөздер

а) тарихи сөздер

б) тілдегі жаңа ұғымдар

с) көнерген сөздер

д) фразеологизмдер

7. А. Құнанбаевтың досы

а)Платон

б) Е.П. Михаэлис

с) Н.Қ. Гоголь

д) М. Әуезов

8. Басқа тілден енген сөздер

а) фразеологизм

б) қос сөздер

с) кірме сөздер

д) жаңа сөздер

9. Ғылым, техника, өндіріс саласындағы арнаулы ұғымдар

а) терминдер

б) диалект сөздер

с) кәсіби сөздер

д) жаңа сөздер

10. Диалект сөзді табыңыз?

а) мерген

б) нарық

с) әуежай

д) аданас

Барлық нұсқаға ортақ тапсырмалар

Ситуациялық тапсырмалар

Нұсқа 1

1-тапсырма. Мақал-мәтелдерді оқып, мазмұнын түсініп, жаттап алыңыздар. – Прочитайте пословицы и поговорки, поняв содержание, выучите их наизусть.

1.Үйдің жылы-суығын қыс түскенде білесің.

2.Кімнің алыс жақынын басыңа іс түскенде білесің.

1.Не суди о тепле и холоде дома, пока не наступит зима.

2.Не суди о близких и дальних пока не проверишь их в деле.

2-тапсырма. Өзіңіз қандай мақал-мәтел білесіз, ауызша айтып беріңіз. – Какие поговорки и пословицы вы знаете, скажите устно.

3-тапсырма. Алты жеті мақал-мәтел сөздер жазып келіңіз. – Запишите шесть-семь пословиц и поговорок.

4-тапсырма. Мақал-мәтелдерді оқып, мазмұнын түсініп, жаттап алыңыздар.- Прочитайте пословицы и поговорки, поняв содержание, выучите наизусть.

1.Ақыл жастан, асыл тастан.

2.Не ексең – соны орасың.

3.Байлық мұрат емес, жоқтық ұят емес.

4.Кітап- білім бұлағы, білім- өмір шырағы.

5.Жалқауға сөз айтсаң, адам таппас жөн айтар.

1.Ум с детства, а дрогоценность с камня.

2.Что посеешь то и пожнешь.

3.Богатство - не цель, бедность - не порок.

4.Книга - источник знаний, знание - цвет жизни.

5.Если лодырю молвишь слово, он умело отговаривается.

Нұсқа 2

1-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыздар. Прочитайте текст и перескажите.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]