Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sillabus_kaz_yaz.doc
Скачиваний:
51
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
902.66 Кб
Скачать

Көктем – Весна

Көктем жаздың басы. Наурыз (март), сәуір (апрель), мамыр (май) көктем айлары деп аталады. Наурызда күн жылына бастайды. Қар еріп, сай-салаға су толады. Қыс бойы қатып жатқан өзен, көлдердің мұздары бұзылады. Су жүреді. Жылы жаққа кеткен құстар қайтып келеді.

Көктемде егін, бақшалар егіледі. Колхоз малдары төлдейді. Ақ молаяды. Қыс бойы қысылған жан – жануарлардың бәрі де бой жазып, масайрайды. Көкке тойған малдың өлі жүндері түсіп түлейді.

Адамдар қыста киетін жылы киімдерін тастап, жеңіл киім киеді.

3-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттығыңыздар.- Выразительно прочитайте стихотворение.

Жазғы далада

Құшағын жайған кең дала,

Төсін ашқан анадай.

Қаладан келген сағынып,

Бейне бір жас баладай,

Далаға келіп көк жасыл,

Кеудеге толы жас иіс,

Тән мен жанды балқытты.

«Кетпе» деп тағы көк шалғын

Кестелі жібек көрпедей,

Жас балаша шаттанып,

Құлай кеткем еркелей.

Көк ала кілем жасыл шөп,

Тамылжып исін аңқытты.

Аяғыма оралды.

Жібермей бөгеп алдымды,

Майысып гүлдер бұралды.

Нұсқа 4

1-тапсырма «Казіргі сән туралы сөйлесейік» атты пікір-сайыс өткізіңіздер. Әрбір қатысушы өзінің ойын білдіруі тиіс.- Проведите дискуссию на тему «Поговорим о современной моде». Каждый участник дискуссии берет на себя определенную роль и высказывает определенную точку зрения.

2-тапсырма Қазақ мақал-мәтелдерін оқып, мазмұнын түсініп, біліп алыңыздар. – Прочитайте казахские пословицы и поговорки, обьясните их значения.

1.Ұста пышаққа жарымас.

  1. Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.

  2. Баласы ашшы алма жесе, әкесінің тісі сыздайды.

  3. Көзден кетсе, көңілден кетеді.

  4. Жаман ат жолда қалдырады, жаман жолдас дауға қалдырады.

  5. Суы жоқ арықтан қол жууға болмайды.

  6. Соқыр адам жол бастамайды.

  7. Әрбір адам ақылды бола бермейді.

  8. Ана - үйдің берекесі, бала - үйдің мерекесі.

  9. Сапожник без сапог.

  10. Чем в чужой стране быть султаном, лучше на своей земле - бедняком.

  11. Если ребенок ест горькое яблоко, у отца зубы режет.

  12. С глаз долой, из сердца вон.

  13. Плохой конь в дороге оставит, плохой друг в беде оставит.

  14. В арыке, где нет воды, руки не помоешь.

  15. Слепой дорогу не указывает.

  16. Не каждому суждено быть умным.

  17. Мать - тепло очага, дети - радость очага.

Нұсқа 5

1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз. – Прочитайте текст, перескажите его.

Қазақтың ұлттық ойындары

Қазақ халқы - ұлттық ойындарға бай халықтардың бірі.

Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты, тапқырлықты, табандылықты, байсалдылықты, күш - қуат молдылығын, білек күшін, денені құрыштай шыныгуын қажет етеді. Сонымен бірге бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары принциптеріне негізделген. Өйткені ойынға қатыспай тұрып ақ, оған күн ілгері көп адамдардың тер төгіп, еңбек етуіне тура келеді. Қазақтың ұлттық ойындары тек ойын-сауықтық жағынан ғана маңызды емес, ол - спорт, ол - өнер, ол - шаруашылық, тәжірибиелік маңызы бар тәрбие құралы.

Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар, сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу, жамбы ату т.б. Олардың спорттық сипатымен бірге үлкен тәрбиелік маңызы бар. Қазақтың ұлттық ойындарының кейбіреулері: “Ойлануды қажет ететін ойындарға жатады”. Мысалы, “Тоғызқұмалақ”.

Қазақтың қай ойыны болса да айтыс, өлең-жырлармен өріліп, көреремендер мен тыңдаушыларға өрелі өнеге беріп, қатты әсер етеді.

Ұлттық ойындар ата-бабамыздан бізге жеткен. Олар өткен мен бүгінгіні байланыстарын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз.

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Қазақтың ұлттық ойындарының маңызы неде?

2.Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіз?

3.Ұлттық ойындарда неге тәрбие құралы дейміз?

1- тест тапсырмалары (1-семестр)

Нұсқа 1

1. Сөз құрамының түрлерін көрсетіңіз

а. негізгі, туынды

в. дара, күрделі

с. біріккен, қос

д. қысқарған

2. «Ананың көңілі балада,

Баланың көңілі далада» мақалындағы негізгі ой

а. бала анасын ойлайды

в. ана баласын ойламайды

с. ана баласына сенім білдіреді

д. ана баланы уайымдайды, бала ананы ойламайды.

3. Шаңырақ иесі

а. қыз

в. ұл

с. жиен

д. ағайын

4. Ағаның әйелі

а. апа

в. тәте

с. жеңге

д. қарындас

5. Дара сөзді табыңыз

а. ТМД

в. ат жақты

с. ата– ана

д. қала

6. Мақалдың негізгі ойын табыңыз

«Ағайын бірде араз, бірде тату»

а. ағайындылар ұрысады, керіседі, бірақ бәрібір кетпейді

в. ағайындылар ұрыспайды, керіспейді.

с. туыстар жақын болады

д. туыстар бірін–бірі сыйлайды.

7. Туынды сөзді табыңыз

а. шай–пай

в. көрікті

с. ана тілі

д. екі жүз

8. Ананың төркіні

а. ағайын

в. немере

с. шөбере

д. нағашы

9. Қазақ халқы баланы қай жаста отау иесі деп атаған?

а. он сегізде

в. он үште

с. жиырма бесте

д. он екіде

10. ... атасын білмеген жетімдіктің салдары.

а. үш

в. өз

с. жеті

д. бес

11. Отанға әрдайым теңестіретін қасиетті тұлға

а. от

в. ана

с. су

д. жер

12. Отан елдің анасы, Ел - ... анасы.

а. баланың

в. қыздың

с. ердің

д. ұлдың

13. Ши дегеніміз не?

а. ұлттық аспап

в. ұлттық үй жиһазы

с. ұлттық ойын

д. ұлттық тағам

14. Тіркесті сөзді табыңыз

а. ақ

в. үйшік

с. қара торы

д. қоңыр

15. «Туған жердің қадірін, шетте жүрсең білерсің» мақалының мәні

а. елді сағынасың

в. елден алыста болсаң, оны сағынасың

с. туған елді сағынбайсың

д. туған елді еске аласың

16. Күрделі сан есімді табыңыз

а. бір

в. жиырма үш

с. кешке дейін

д. ақ жүзді

17. Отан – оттан да ыстық. Асты сызылған тіркестің мағынасы

а. жақын

в. алыс

с. суық

д. қажет

18. «Туған жердің жуасы тәтті» мақалының мағынасы

а. туған жердің әр заты қажет емес

в. туған жерге бару

с. туған жердің әрбір заты саған жақын, ыстық

д. туған жерді сағыну

19. Күрделі зат есімді табыңыз

а. күн ілгері

в. Астана қаласы

с. он сегіз

д. қыпша бел

20. Отбасының тірегі кім?

а. ұл

в. қыз

с. ана

д.әке

Нұсқа 2

  1. Сөз тұлғасы ... болып бөлінеді

а. сөз тудырушы, сөз түрлендіруші

в. түбір, қосымша

с. жұрнақ, жалғау

д. туынды түбір, негізгі түбір

2. Сын есім + зат есімнен құралған сөз тіркесі

а. өзін-өзі билеу

в. он жыл

с. тәуелсіз мемлекет

д. ашық айту

3. Қазақ халқы не үшін күресіп келеді?

а. тәуелсіздік

в. жер

с. байлық

д. атақ

4. Жалғаудың неше түрі бар

а. 2

в. 3

с. 4

д. 5

5. Жіктік жалғаулы сөзді табыңыз

а. гүлдер

в. мемлекеттің

с. қаламың

д. студентпін

6. Қазақстан Республикасының тұңғыш конституциясы қай жылы қабылданды?

а. 1995

в. 1993

с. 1991

д. 1992

7. Конституция бойынша Қазақстан қандай мемлекет?

а. демократиялық

в. зайырлы

с. құқықтық

д. барлық жауап дұрыс

8. Үкімет

а. министрліктер

в. мемлекеттік атқару билігінің ең жоғарғы органы

с. агенттіктердің жоғарғы органы

д. жоғарғы ұйым

9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының авторлары

а. Ж. Мәлібеков, Ш. Уәлиханов

в. Ш. Ниязбеков

с. Ш. Уәлиханов, Ш. Ниязбеков

д. Ш. Қалдаяқов, Н. Назарбаев

10. Шаңырақ ... ... бейнелейді

а. мәңгілік өмірді

в. әлемнің біртұтастығын

с. көгілдір аспанды

д. қыран құсты

11. Алтын күн ... ... белгісі

а. қырағылық

в. жарқын болашақтың

с. ұлттық өрнек

д. отбасы ошағын

12. Қазақстанның егемендігі туралы декларация қай жылы қабылданды?

а. 1994 жылы 7 қаңтар

в. 1991 жылы 16 желтоқсан

с. 1990 жылы 25 қазан

д. 1992 жылы 20 ақпан

13. Мемлекеттік рәміздер

а. Жалау, елтаңба, әнұран

в. «Парасат», «Құрмет» ордендері

с. «Шапағат» медалі

д. Құрмет грамотасы

14. Ұлттық теңге дүниеге келген күн

а. 1990 жылы 13 қараша

в. 1992 жылы 20 ақпан

с. 1993 жылы 15 қараша

д. 1994 жылы 10 қараша

15. Теңгенің авторлары

а. Ш. Қалдаяқов, Ж. Мәлібеков

в. Қ. Ғабжалилов, М. Әлин

с. Ш. Ниязбеков

д. Ш. Уәлиханов, М. Әлин

16. Жүз сомың болғанша,

Жүз досың болсын

а. дос та, ақша да қажет

в. ақшаң көп болғаны дұрыс

с. досың көп болғаны жақсы

д. достан гөрі ақша керек

17. Елбасының «Қазақстан- 2030» стратегиясы қай жылы жарияланды?

а. 1994

в. 1993

с. 1996

д. 1998

18. Елбасы стратегиясында неше басым бағыт көрсетілді?

а. 7

в. 10

с. 6

д. 5

19. Стратегияның нешінші бағытында білім беру туралы айтылады?

а. 2

в. 4

с. 5

д. 6

20. Ата заң қай жылы қабылданды?

а. 1992 жылы 20 қазан

в. 1991 жылы 1 желтоқсан

с. 1995 жылы 30 тамыз

д. 1991 жылы 16 желтоқсан

21.Түбірлес сөздер қатарын табыңыз?

а. күлген, айтқан

в. біл, білім, білгіш

с. оқыған, білген

д. сәнқой, өнерпаз

22. Тәуелсіз ел болу кімдердің арманы еді?

а. әке –шеше

в. ата – ана

с. туған – туыстардың

д. ата – бабалардың

23. Конституция нелерді қарастырады?

а. адам құқықтары мен бостандықтарын

в. адамның еркін

с. адамның қасиеттерін

д. адамның көңіл–күйін

24. Барыс септігінде тұрған сөзді табыңыз?

а. Отанның

в. Отанға

с. Отанмен

д. Отанда

25. Тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз

а. барамын

в. халқымыз

с. кітаптар

д. студентпен

26. Мемлекеттік биліктің көзі - ...

а. Үкімет

в. ел

с. адамдар

д. халық

27. Үкіметті кім басқарады?

а. Президент

в. Парламент

с. Премьер - министр

д. Сенат

28. Мемлекеттік елтаңбаның жүрегі

а. шаңырақ

в. отбасы

с. тұлпар

д. күн

29. Мемлекеттік тудағы «көк» сөзінің мағынасы

а. қозғалыс

в. аспан

с. даму

д. уақыт

30. Ұлттық теңгеде неше құпия белгі бар?

а. 18

в. 21

с. 16

д. 9

2-тест тапсырмалары (1-семестр)

Нұсқа 1

1.Жайық, Жем өзендері туралы мәлімет берген ғалым

а. П. Семенов

в. К. Птоломей

с. П.П. Рычков

д. И.С. Берг, П.Г. Игнатьев

2. Қазақстан территориясындағы жануарлар дүниесін зерттеген ғалымдар

а. К.Ф. Кесслер, Н.А. Северцев

в. И.С. Берг, П.П. Игнатьев

с. Ф. Н. Краснов, П.П. Семенов

д. Геродот

3. Жұрнақ нешеге бөлінеді?

а. 3

в. 2

с. 4

д. 5

4. Жаңа мағына беретін жұрнақ

а. сөз қосушы

в. сөз түрлендіруші

с. сөз тудырушы

д. сөз жасаушы

5. Қазақстан жерінде сауда қатынасын орнатқан жол

а. Самарқан қаласы

в. Қырғыз Алатау асулары

с. Шу өзені

д. Ұлы жібек жолы

6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі

а. орыс тілі

в. қазақ тілі

с. қытай тілі

д. ағылшын тілі

7. Қазақстан Республикасы қай құрлықта орналасқан

а. Европа

в. Азия

с. Евразия

д. барлық жауап дұрыс

8. Қазақстанның облыстары алғаш рет қашан құрылды?

а. 1930 жыл 25 сәуір

в. 1929 жыл 20 ақпан

с. 1932 жыл 20 ақпан

д. 1931 жыл 26 желтоқсан

9. 37 – скважинада орын алған өртті кімдер сөндірді?

а. Қазақстан өрт сөндірушілері

в. АҚШ өрт сөндірушілері

с. Италия өрт сөндірушілері

д. Канада өрт сөндірушілері

10. Қазақстан жеріндегі ежелгі қалалар неге өзен – көлдердің жағасына салынған?

а. тұрмысқа қолайлы болғандықтан

в. балық аулау үшін

с. егін салу үшін

д. мал өсіру үшін

11. Алғаш рет неше облыс құрылды?

а. 4

в. 8

с. 6

д. 7

12. Қазақстандағы ғарыш айлағы орналасқан қала?

а. Ақтөбе

в. Алматы

с. Астана

д. Байқоңыр

13. 37 – скважинадағы оқыс оқиға қашан болды?

а. 1996

в. 1997

с. 1985

д. 1984

14. Қазақ ордасының бірінші астанасы?

а. Орынбор

в. Түркістан

с. Алматы

д. Астана

15. Астана қаласының 1932 – 1961 жылдар аралығындағы атауы?

а. Целиноград

в. Ақмола

с. Астана

д. барлық жауап дұрыс

16. Астана қаласының ортасын кесіп өтетін өзен?

а. Есіл

в. Шу

с. Талас

д. Сырдария

17. Сөз мағынасын өзгертпей, түрлендіретін жұрнақ

а. сөз тудырушы

в. сөз түрлендіруші

с. сөз өзгертуші

д. сөз жасаушы

18. Зерттеуші асты сызылған қандай жұрнақ?

а. сөз жасаушы

в. сөз түрлендіруші

с. сөз тудырушы

д. сөз өзгертуші

19. Қазақстан жерін алғаш зерттеген кім?

а. К.Птоломей

в. П.Карпини

с. П.П. Рычков

д. Геродот

20. Қазақстанның 1920 – 1925 жылдары астанасы болған қала?

а. Түркістан

в. Орынбор

с. Алматы

д. Қызылорда

Нұсқа 2

1.Белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы?

а. морфология

в. фонетика

с. лексика

д. синтаксис

2. Мағыналары бір–біріне жақын сөздер?

а. синоним

в. антоним

с. омоним

д. пороним

3. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?

а. 1991

в. 1992

с. 1989

д. 1993

4. Сөздің екі және одан да көп мағынаға ие болуын не деп атайды?

а. көп мағыналы сөздер

в. ауыспалы мағына

с. тура мағына

д. барлық жауап дұрыс

5. Айтылуы бірдей, мағынасы әр түрлі сөздер?

а. пороним

в. синоним

с. омоним

д. антоним

6. «Тіл – көңілдің кілті» мақалының мәні?

а. тілмен көңілді көтеруге болады

в. тілмен көңілді көтеруге болмайды

с. тіл арқылы ойды жеткізуге болады

д. тіл – ой жеткізуші құрал

7. Мұрнын көкке көтеру

а. жылау

в. менсінбеу

с. көңілдену

д.өтіну

8. Төбе шашы тік тұру

а. қорқу

в. қызығу

с. ұрысу

д.өкпелеу

9. Тіл мәдениеті дегеніміз ...

а. көп сөйлеу

в. аз сөйлеу

с. дұрыс, орынды сөйлеу

д. күлдіріп сөйлеу

10. «Қазақ қазақпен қазақша сөйлесін» деген кімнің сөзі?

а. Ә. Нұршайықов

в. Н.Ә. Назарбаев

с. Ә. Кекілбаев

д. М.Әуезов

11. Тұрақты тіркес

а. лексикология

в. терминология

с. фразеология

д. семантика

12. Инені жіпке тізу

а. бәле қуу

в. арыздану

с. шағымдану

д. өкпелеу

13. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» сөзінің авторы?

а. Т. Молдағалиев

в. А. Құнанбаев

с. С. Торайғыров

д. Қ. Мырзалиев

14. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіреді

а. еркін тіркес

в. мақал

с. мәтел

д. тұрақты тіркес

15. Ой – пікір бейнелі әрі тұспалдап айтылады

а. мақал

в. фразеология

с. мәтел

д. идиома

16. Жаңа сөздер

а. тарихи сөздер

в. тілдегі жаңа ұғымдар

с. көнерген сөздер

д. фразеологизмдер

17. А. Құнанбаевтың досы

а. Платон

в. Е.П. Михаэлис

с. Н.Қ. Гоголь

д. М. Әуезов

18. Басқа тілден енген сөздер

а. фразеологизм

в. қос сөздер

с. кірме сөздер

д. жаңа сөздер

19. Ғылым, техника, өндіріс саласындағы арнаулы ұғымдар

а. терминдер

в. диалект сөздер

с. кәсіби сөздер

д. жаңа сөздер

20. Диалект сөзді табыңыз?

а. мерген

в. нарық

с. әуежай

д. аданас

Ситуациялық тапсырмалар

Нұсқа 1

1-тапсырма. Мақал-мәтелдерді оқып, мазмұнын түсініп, жаттап алыңыздар. – Прочитайте пословицы и поговорки, поняв содержание, выучите их наизусть.

1.Үйдің жылы-суығын қыс түскенде білесің.

2.Кімнің алыс жақынын басыңа іс түскенде білесің.

1.Не суди о тепле и холоде дома, пока не наступит зима.

2.Не суди о близких и дальних пока не проверишь их в деле.

2-тапсырма. Өзіңіз қандай мақал-мәтел білесіз, ауызша айтып беріңіз. – Какие поговорки и пословицы вы знаете, скажите устно.

3-тапсырма. Алты жеті мақал-мәтел сөздер жазып келіңіз. – Запишите шесть-семь пословиц и поговорок.

4-тапсырма. Мақал-мәтелдерді оқып, мазмұнын түсініп, жаттап алыңыздар.- Прочитайте пословицы и поговорки, поняв содержание, выучите наизусть.

1.Ақыл жастан, асыл тастан.

2.Не ексең – соны орасың.

3.Байлық мұрат емес, жоқтық ұят емес.

4.Кітап- білім бұлағы, білім- өмір шырағы.

5.Жалқауға сөз айтсаң, адам таппас жөн айтар.

1.Ум с детства, а дрогоценность с камня.

2.Что посеешь то и пожнешь.

3.Богатство - не цель, бедность - не порок.

4.Книга - источник знаний, знание - цвет жизни.

5.Если лодырю молвишь слово, он умело отговаривается.

Нұсқа 2

1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыздар. Прочитайте текст и перескажите.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]