Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sillabus_kaz_yaz.doc
Скачиваний:
51
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
902.66 Кб
Скачать

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Қазақ халқының ауыз әдебиетінде ұшан-теңіз батырлар жыры бар. Бұл жырларды жыршы-жыраулар ғасырлар бойы қобызға немесе домбыраға қосып, белгілі бір әнмен айтып, ауыздан ауызға таратып келген. Қазақтың батырлар жырындағы бас қаһарман, елін сүйген батыр, оның мақсат-мұраты - халқын, Отанын басқыншы жаудан қорғау. Осындай батырлық жырлардың қаһармандары Алпамыс, Қобыланды, Ер Тарғын, Қамбар, 18 ғасырда Жонғар шапқыншылығына қарсы жорықтарда даңқы шыққан Қаракерей Кабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, 19 ғасырда Қоқан хандығына қарсы көтерілісті бастаған, Ақмолда Байзақұлы т.б.

Қабанбай - 18 ғасырдағы қазақ батыры, жоңғар шапқыншылығында қарсы күресті ұйымдастырушылардың және қазақ жасақтары қолбасшыларының бірі. Қабанбай Найман тайпасының Қаракерей руынан шыққан. Ол Найманның Қаракерейруының биі боған. Қазақтың ауызекі әңгімелерінде оны Қаракерей Қабанбай деп те атайды. Ол тек Орта жүзде ғана емес, Кіші жұздегі уакиғаларға да араласып отырған. Қабанбайдың көптеген ерлік істерін Абылайдың жонғарларға жасаған жорықтарына байланысты болып отырған. Оның батырлық, ерлік хиқаяларын баяндайтын «Ер Қабанбай» атты дастан сақталған.

Бөгенбай ( 1690-1775 ) – Абылай заманындағы атақты қолбасы, батыр. Ол кездегі қазақ жауынгерлерінің үлкен ағасы, сондықтан оны халық аңыздарында ардақтап «Қанжығалы қарт Бөгенбай» деп кеткен. Шыққан ортасы – Арғын ішіндегі Қанжығалы. Сыр бойында туып, Торғай өзенінің бойында қайтыс болған. Сүйегі Түркістан қаласындағы Ахмед Яссауидың күмбезіне жерленген. Бөгенбай батырды халықтың ерекше ардақтап, ғасырлар бойы жырлап келуі – оның ерлік, әскер басылық істеріне байланысты. Ол Олжабай, Қабанбай, Малайсары т.б. батырлармен тізе қосып, халқының тәуелсіздігі үшін күресті.

2 –тапсырма. Өзіңізге белгілі бір ескерткішті суреттеп жазыңыз. Мына сөздер мен сөз тіркестерін қолданыңыз. – Дайте описание какого-нибудь известного вам памятника. Используйте данные слова и словосочетания.

Ескерткіш (кімге?), (кімнің?) құрметіне жасалған. Ескерткіш (кімнің?) жобасымен жасалған. Ол қай жерде? Қашан қойылған? Ескерткіш (неден?) жасалған. Ескерткіштің тұғырында (кімнің, ненің?) бейнесі өрнектелген?

Нұсқа 2

1-тапсырма. Қанатты сөздерді оқыңыз және аударыңыз.- Прочитайте афоризмы и переведите на казахский язык.

1. Никто не должен переступать меры ни в пище, ни в питье. – Пифагор.

  1. Избегай удовольствия, которое рождает печаль. – Солон.

  2. Надо стремиться к тому, чтобы в здоровом теле был здоровый дух.- Ювенал.

  3. Гимнастика удлиняет молодость человека. – Д.Локк.

  4. Главные медикаменты – это чистый воздух, холодная вода, пила и топор.

- В.Поленов.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз. – Прочитайте и перескажите текст.

Қажымұқан

Қажымұқан Мұңайтпасов ( 1871 – 1948 ) – қазақтың атақты палуаны. Классикалық күрестің асқан шебері. 1909 жылы Рига қаласында өткен дүниежүзілік біріншілікте 1-орын алды. 1911 жылы Варшавада өткен дүниежүзілік чемпионатта кіші алтын медальмен марапатталған. 1909-11 жылдары Шығыс елдерін аралап, түрік және басқа күрес өнері дамыған елдер балуандарын түгел дерлік жеңіп, атағы одан әрі әйгілене түсті. 1913 жылы Троицк қаласында өткен халықаралық чемпионатта 18 балуанмен күресіп, жеңіске ие болды. Кабулда, Тегеранда, Харбинде «Қара Иван» деген атпен Ресейдің намысын қорғады. 1927 жылы Одақ көлемінде Орынборда өткен чемпионатқа қатысып, 1-орын алды. Осы жылы оған Қазақстан ОАН «Қазақ даласының батыры» деген атақ берді. Қажымұқан өз өмірінде 48 алтын, күміс, қола медаль жеңіп алған. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. Астанада Қажымұқан атында көше бар.

3 тапсырма Оқып, екеуара сөйлесуге жаттығыңыз. – Прочитайте и потренируйтесь в парах.

Сөйлесу – Диалог

-Асан, сен спортпен шұғылданып жүрсің бе ?

-Иә, шұғылданып жұрмін.

-Спорттың қай түрімен шұғылданып жүрсің?

-Мен жеңіл атлетикамен шұғылдасып жүрмін.

-Спорттың осы түрімен айналысқанына көп болды ма ?

-Мен айналысқалы екі жыл.

-Жаттығуға аптасына неше рет барасың ?

-Аптасына үш рет барамын .

-Жарысқа қатысасың ба?

-Әлбетте, қатысамын.

Нұсқа 3

1-тапсырма «Көктем» туралы шағын әңгіме жазыңыз. – Напишите небольшой рассказ «Көктем».

2-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз. – прочитайте текст, перескажите его.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]