Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sillabus_kaz_yaz.doc
Скачиваний:
51
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
902.66 Кб
Скачать
    1. Жазбаша сұрақтар (2-семестр)

1-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қойыңыздар. Хронологиялық анықтама дайындаңыздар.

Дара тұлға

Тұрар Рысқұлов – қазақ халқының даңқты перзенті. Тұрардың балалық шағы аса қиын болды. Ол 1884 жылғы 24 желтоқсанда Алматы облысында Талғар болысында көшпелі кедейдің отбасында дүниеге келген. Анасынан ерте айырылған Тұрар өз елінің болысын өлтіргені үшін тұтқындалған әкесі Рысқұл Жылқыайдарұлымен бірге Верныйдың түрмесінде болды.

1907-1910 жылдары ол Мәскеудегі орыс-қазақ мектеп-интернатында, ал 1910-1914 жылдары Бішкектегі ауыл шаруашылық мектебінде оқыды.

1914-1915 жылдары Ташкент маңында жалдамалы бағбан болып жұмыс істеді. 1916 жылы Петроградтағы Ағарту министрлігінен Ташкентте ашылған Мұғалімдер институтына түсуге рұқсат алып, оқуға түсті.

Ол Әулиеата уезінің аумағында Қазақстан мен Түркістан халықтарының 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына белсене араласады.

Тұрар жасы 44-ке қараған, шығармашылық күш-қуаты кемеліне келген шағында халық жауы ретінде 1938 жылы атылды. Біздің еліміз, халқымыз ұлы перзентін әрдайым қастерлеп еске алады.

2-тапсырма. «Дара тұлға» мәтіні бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындаңыздар.

ІІІ-деңгей. 1. Мәтіннен екі жай сөйлем теріп жазып, синтаксистік талдау жасаңыздар. Сөйлем түрін анықтап, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

2. Мәтін бойынша диалог құрастырыңыздар.

ІІ-деңгей. 1. Сызбаны толықтырып, сызба негізінде әңгімелеңіздер.

Тұрар Рысқұлов

кім екені туған жылы ата-ана оқыған оқу орындары қызмет істеген жері өмірінің соңғы жылдары

2. Сызбаның негізінде құрастырылған сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыздар.

І-деңгей. «Тұрар Рысқұлов» тақырыбына мәнжазба дайындаңыздар.

2-жазбаша сұрақтар (2-семестр)

1-тапсырма. Ғұлама тұлғалардың сөздерін қалай түсінесіздер? Өз ойларыңызды жазыңыздар.

  1. Ана тілін білмеген,

Ақылы жоқ желікбас,

Ана тілін сүймеген

Халқын сүйіп жарытпас

(Б.Сарноғаев)

  1. Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе.

Адамдықты көздесең,

Жад тоқып ал көңілге

(С.Торайғыров)

  1. Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы,

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.

Тілсіз хайуан – бишара

Бишараға не шара?!

(Ә.Тәжібаев)

  1. Сөзі өтірік адамдардан алыс жүр,

Жолмен тура, шыншылдықпен өмір сүр.

Тіл мен жақтың нағыз көркі – шын сөзі,

Шынын айтып, бұл сөзіме құлақ түр.

(Ахмед Йүгінеки)

2-тапсырма. Жоғарыда айтылған бір ойды негізге алып, шығарма жазыңыздар.

«Қазақ тілі» пәні бойынша презентациялауға ұсынылатын тақырыптар (2 семестр)

1. Ата заңның түп негізін білеміз бе?(«Жеті жарғы» ережесі туралы немесе үш бидің даулы мәселелерді шешкен төрелігі жайында)

2.Даналар сөзі – ақылдың көзі (М.Қашқари, А.Яссауи, А.Иүгінеки, Әл Фараби, Ж.Баласағұни шығармалары негізінде).

3. «Ғылым таппай мақтанба...» ( Абай өлеңдері мен қара сөздеріндегі өнер, білім, ғылым мәселесі турасында).

4. «Сегіз қырлы, бір сырлы» (Шоқан Уәлихановтың этнография, география және филология ғылымдарына қосқан үлесі жайында)

5. «Отанға құрмет – ерлікке тағзым» (Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы туралы)

6. «Бүгінгі алған біліміміз – келешегіміздің кепілі» (Білім ордасы - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті туралы және ғалым Қ.Жұбанов жайында).

Орындалуына әдістемелік нұсқау.

1.Тақырып таңдаңыз

2.Таңдаған тақырып аясында иллюстративті, жазба материалдар жинақтап, сұрыптаңыз.

3.Өз тұжырымыңызбен тақырыпты ашып, оны слайдқа түсіріңіз.

4.Интернет материалдарын қолданыңыз, алайда сілтеме жасауды ұмытпаңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]