Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sillabus_kaz_yaz.doc
Скачиваний:
51
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
902.66 Кб
Скачать

Қоғамдық көлікте

Қоғамдық көлікте қатты сөйлесу, дауыс шығарып күлу, айқайласып дауласу, жүргізушіге тіл қату – ережеге қайшы әдет. Егер әлдекімді қағып кетсеңіз, аяғын бассаңыз, сол бойда кешірім сұраңыз. Өтіп кету керек болса, алда тұрған адамның ығысып жол беруін өтініңіз. Көліктен түсерде де алдымен қарттарды, әйелдерді, балаларды өткізіп жіберуді ұмытпаңыз.

Көшеде, серуенде жүргенде мәдиениетті адам тәртіпті қатаң сақтайды. Көшенің оң жағымен жүреді, біреуді басып озу керек болса, дұрысы сол жағынан өткен.

Көшеде келе жатып қағаз, шылымның тұқылын лақтыру, шекілдеуік шағу, түкірініп қақырыну, қарсы келген адамды тоқтатып, шылым тұтатып, оттық сұрау - әдептілікке жатпайды. Әлдебір танысыңызды көріп қалған жағдайда, оны айқайлап шақыру лайықсыз. Біреумен тоқтап сөйлесу қажеттілігі туса, әрі-бері өтушілерге кедергі келтірмес үшін, көшенің не тратуардың бір жақ шетіне шығып тұру керек. Сондай ақ көшеде, тротуарда бірнеше адам қатарласып қол ұстасып жүру де лайық емес, ол басқаларға кедергі болады.

Қарсы кездескен танымайтын адамның киімінен әлдебір ыңғайсыздық байқасаңыз, оны басқаларға сездірмей, өзіңіз ғана елеусіз ескерткен жөн. Ал біреу қандайда бір затын түсіріп алса, оны жерден көтеріп, иесіне қайтарып беру – мәдениеттіліктің белгісі. Бұл үшін ол рақмет айтуға тиісті, ал айтпаса, талап етудің, реніш білдірудің қажеті жоқ.

1- жазбаша сұрақтар (1-семестр)

2-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға орысша және қазақша жауап беріңіз. – Ответьте на вопросы по русски и по казахски.

1. Көшенің машина жүретін бөлігі қалай деп аталады?

2. Көшенің жаяу адамдар жүретін бөлігін қалай атайды?

3. Машиналар қалада қандай жылдамдықпен жүреді?

4. Егер бейбітшілік көшесімен орталыққа қарай жүрсек, біз қайда шығамыз?

5. Милиционер не істейді?

6. Милиционер жоқ кезде, көше жүрісі қалай реттеледі?

7. Светофордың түстері (сары, жасыл, қызыл ) нені білдіреді?

8. Көшенің арғы бетіне жаяу адамдар қай жерден өте алады?

2-жазбаша сұрақтар (1-семестр)

1-тапсырма. «Сіз бос уақытта не істейсіз?» - деген тақырыпта сұрақ-жауап құрап келіңіз. Постройте диалог на тему « Сіз бос уақытта не істейсіз?»

2 -тапсырма

а) «Ғ», « Г» дауыссыз дыбыстардың қай түріне жатады? Қатаң ба, ұяң ба, үнді ме?

б) « Ғ», « Г» дыбыстардың қайсысы жуан, қайсысы жіңішке естіледі?

3-тапсырма. «Мен бос уақытымды қалай өткіземін» деген тақырыпта шағын шығарма жазыңыз. Напишите небольшое сочинение на тему «Как я провожу свободное время».

Тақырыптар (мәнжазба, эссе т.с.с) (1-семестр)

1. Музыка өнері

2. Ұлағат сөздер

3. Театр Әлемі

4. Дене тәрбиесі - дәрісіз ем

5. Қазақтың ұлттық киімдері

6. Зергерлік өнер

7. Табиғат- алтын бесік

8. Кино әлемі

9. Қыз қуу

10. Қазақ актері

11. Қазақтың ұлттық тағамдары

12. Біз қалай киінеміз?

13. Қазақтың төрт тойы

14. Дәстүрлі үйлену тойы

15. Қазақстан қалалары

16. Салауатты өмір салты

17. Қазақтың үш биі

18. Тоғызқұмалақ

19. Туыстық атаулар

20. Әдеп пен талғам

21. Бақытты болу деген не?

22. Туризм

23. Сыртқы экономикалық байланыстар

24. Еліміздегі тәртіпсіздік

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]