Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sillabus_kaz_yaz.doc
Скачиваний:
51
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
902.66 Кб
Скачать

С) Аса бай кен орны

д) Қоршаған орта туралы ғылым

4.Сөйлемнің дұрыс аудармасын табыңыз. Серебро проводит электрический ток.

а) Күміс электор тогын өткізеді.

б) Күміс электор тогын өткізбейді. с) Электор тогын күміс өткізбейді екен. д) Электор тогына күмістің әсері зор.

5.Металдан жасалған заттардың қоршаған ортада болып жататын химиялық әсерлердің кесірінен өзінен - өзі бұзылуы қалай аталады?

а) газ

б)металл с) коррозия

д) тотық

6.Керекті дұрыс сөзді белгілеңіз. … қызған кезде соқ.

а) шойынды

б) болатты

с) металды

д) темірді

7.«Зиянды қоспалар» сөз тіркесінің аудармасын табыңыз.

а)вредные примесиб)соединенияс) народное хозяйствод) распловленный шлак

8.Металлургия неше салаға бөлінеді.

а)3б)4с)2д)бөлінбейді

9.Сөйлемді толықтырыңыз. Мысты … қосып балқытқанда жез алынады.

а) қалайыменб) мырышпен

с) темірмен

д) құйма

10. Домна пешінің анықтамасын беріп тұрған сөйлемді табыңыз?

а) рудадан шойын қорытатын пештер

б) балқыған қож

с) отқа төзімді сұйық металл

д) ошақтан металл ағатын саңылау

9 тақырып бойынша үй тапсырмасының мәтіні

Біздің университет. Етістіктің шақтары: осы шақ, өткен шақ, келер шақ

1-нұсқа

1-тапсырма. «Біздің университет» тақырыбына фото-шоу әзірлеп, оған мәтін құрастырыңыз.

2-нұсқа

1-тапсырма. Қазақстандағы, университеттегі білім беру жүйесі туралы пікір алысыңыз. Тірек сұрақтар:

- Республиканың, университеттің білім беру жүйесі туралы не айта аласыз?

- Мемлекеттік және мемлекеттік емес оқу орындарының ерекшелігі, артықшылықтары, жетістіктері жөнінде көзқарасыңыз қалай? Оның ішінде өз университетіңіз туралы не айтар едіңіз?

- Сіздің ойыңызша, қандай университетті мемлекеттік және мемлекеттік емес ЖОО деп атауға болады?

- «Білім алуға жұмсалған ақша – сақталған ақша» дегенді қалай түсінесіз?

3-нұсқа

1-тапсырма.

Өз факультетіңіздің білім беру процесі туралы өз пікіріңізді жазбаша білдіріңіз.

4-нұсқа

«Қазақ тілі» пәнінің оқытылуы жөнінде өз пікіріңізді жазбаша беріңіз.

9 тақырып бойынша тест тапсырмасы

1. Сөз құрамының түрлерін көрсетіңіз

а)негізгі, туынды

б) дара, күрделі

с) біріккен, қос

д) қысқарған

2. «Ананың көңілі балада,

Баланың көңілі далада» мақалындағы негізгі ой

а)бала анасын ойлайды

б) ана баласын ойламайды

с) ана баласына сенім білдіреді

д) ана баланы уайымдайды, бала ананы ойламайды.

3. Шаңырақ иесі

а) қыз

б) ұл

с) жиен

д) ағайын

4. Ағаның әйелі

а)апа

б) тәте

с) жеңге

д) қарындас

5. Дара сөзді табыңыз

а) ТМД

б) ат жақты

с) ата– ана

д) қала

6. Мақалдың негізгі ойын табыңыз

«Ағайын бірде араз, бірде тату»

а) ағайындылар ұрысады, керіседі, бірақ бәрібір кетпейді

б) ағайындылар ұрыспайды, керіспейді.

с) туыстар жақын болады

д) туыстар бірін–бірі сыйлайды.

7. Туынды сөзді табыңыз

а)шай–пай

б) көрікті

с) ана тілі

д) екі жүз

8. Ананың төркіні

а) ағайын

б) немере

с) шөбере

д) нағашы

9. Қазақ халқы баланы қай жаста отау иесі деп атаған?

а) он сегізде

б) он үште

с) жиырма бесте

е) он екіде

10. ... атасын білмеген жетімдіктің салдары.

а) үш

б) өз

с) жеті

д) бес

10 тақырып бойынша үй тапсырмасының мәтіні

Азаматтық қалай анықталады. Етістіктің рай формалары. Етіс категориясы

1-нұсқа

1-тапсырма.

Қайрат, ақыл, жүрек туралы мақал-мәтелдер тауып жазыңыз.

2-нұсқа

1-тапсырма. Ақылды адам мен ақымақ адамды қалай ажырататыныңызды әңгімелеп жазыңыз.

3-нұсқа

1-тапсырма. Жүрегі жұмсақ дегенді қалай түсінесіз?

4-нұсқа

1-тапсырма. Төмендегі өлеңді оқып, жатқа айтыңыздар.

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа жүруге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ –

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой,

Бес асыл іс көнсеңіз. (А. Құнанбаев)

10 тақырып бойынша тест тапсырмасы

1.Күшейтпелі шырайдағы сөзді белгілеңіз

а) тап-таза б) жақсы с) әдемі д) тамаша е) ертеңгі

2.Күрделі осы шақта тұрған етістікті көрсетіңіз

а) келді б) жазып отыр с) қараймын д) ойланды е) жинады

3. Салыстырмалы шырайдағы сөзді табыңыз

а) дәмді б) өте дәмді с) дәмділеу д) қатты е) өте қатты

4. Қалау райдағы сөзді белгілеңіз

а) барғым келеді б) бару керек с) мұражайға барайық д) мен сұраймын

е) ол көрді

5. Етістікте неше шақ бар?

а) 5 б) 3 с) 4 д) 2 е) 6

6. Рай неше түрге бөлінеді?

а) 6 б) 2 с) 3 д) 4 е) 5

7. Өткен шақтағы сөзді анықтаңыз

а) сұрайды б) жауады с) барды д) соғады е) салқындайды

8. Неологизмдер қандай сөздер?

а) мағыналас сөздер б) термин сөздер с) мағынасы қарама-қарсы сөздер д)қолданыстан шыққан сөздер

е) жаңа сөздер

9. Тәуелді жалғауы бар сөзді табыңыз

а) сенің досың б) үлкен терезе с) биік қабырға д) қызық кітап

е) олардың қатары

11 тақырып бойынша үй тапсырмасының мәтіні

Қоғамдағы отбасының қызметі. Отан. Ұлы іс отаншылдықтан туады. Етістіктің жіктелуі. Есімше, көсемше, сөйлемдегі қызметі

1-нұсқа

1-тапсырма. Сөйлемдерден есімшелерді табыңыз, жұрнақтарының астын сызыңыз, жіктелуіне көңіл бөліңіз.

Елшіден орыс жағдайына өзі қанығып, оны қазақ ордасындағы жағдайдан хабардар етпек. ... Бодандықтың арқауы босап, арты қетпегін түсіндірмек (Ә.Кекілбаев). Күз болса Ертіс бойында, әсіресе, Семейде, жел қатайып, дауылға айнала бастайтын. ...Өмір бойғы үйреншікті дағдысы бойынша іркілместен соңына ерді. Оразбай осы хабарды ести сала атқа мінген. Менің ол өсиетті ұғынар жайым жоқ (Ғ.Мүсірепов).

2-нұсқа

1-тапсырма. -ғалы, -гелі, -қалы, -келі, -ғанша, -генше, -қанша, -кенше формалы 15-20 етістік жазыңыз, олармен еркін тіркес құраңыз.

3-нұсқа

1-тапсырма. Төменде берілген етістіктерден есімше және көсемшенің жұрнақтарын жалғап, олармен сөйлем құраңыздар.

Үлгі: оқиды - оқыған, оқып.

құрметтейді, ардақтайды, сыйлайды, қадірлейді

4-нұсқа

1-тапсырма. Төменде берілген есімшелерді жекеше және көпше түрлерде дұрыс жіктеңіз:

барған, көретін, келер, айтпақ, айтар, көрмес, қалатын, сенетін, жасарған

5-нұсқа

1-тапсырма. Өз еліңізге деген сүйіспеншілік сезіміңізді, отанға деген құрметіңіз туралы ішкі ойыңызды әңгіме етіп жазыңыз.

11 тақырып бойынша тест тапсырмасы

1. Іс-әрекет пен істеушінің арасындағы қарым-қатынасты білдіретін етістіктің түрі қалай аталады?

а) етіс б) есімше с) көсемше д) салт етістік е) сабақты етістік

2. Іс-әрекеттің іс істеушіге тікелей бағытталғандығын білдіретін етістің түрі қалай аталады?

а) өзгелік етіс б) ортақ етіс с) ырықсыз етіс д) болымсыз етіс е) өздік етіс

3. Негізгі етістіктен –ын; - ін; - н жұрнағы жалғану арқылы жасалатын етіс түрі

а) өздік етіс б) ортақ етіс с) өзгелік етіс д) ырықсыз етіс

е) болымды етістік

4. Есімшенің жұрнақтарын көрсетіңіз?

а) –а, -е, -й б) –са,-се с) –ған,-ген, қан,-кен д) –ғалы,-гелі

е) –ып,-іп,-п.

5. Көсемшенің жұрнағы жалғанған сөзді табыңыз?

а) қарқылдап б) тыңдамақ с) айтпас д) отырғыз е) жазған

6. Отанға әрдайым теңестіретін қасиетті тұлға

а) от б) ана с) су д) жер е)аспан

7. Отан елдің анасы, Ел - ... анасы.

а) баланың б) қыздың с) ердің д ) ұлдың е) дұрыс жауап жоқ

12 тақырып бойынша үй тапсырмасының мәтіні

Мемлекет және біз. Үстеу, оның түрлері. Одағай. Еліктеу сөздер

1- нұсқа

1-тапсырма. Диалогты толықтырыңыз.

1. - Сен ертең елшімен кездесуге...?

-Иә, ... .

- Қашан бармақсың?

- Ертең түстен кейін.

2. – Сіздер базарға бүгін...?

- Жоқ, бүгін бармаймыз. Ертең... .

- Жақсы, менің де бірге барғым келеді.

- Жарайды, ертең сен бізге кел.

- Мақұл.

3. –Сендер қаламен қашан ... ?

-Осы жексенбі күні танысқымыз келген, бірақ..., сондықтан....

2- нұсқа

1-тапсырма. Төмендегі кесте бойынша одағайдың түрлеріне мән беріп, сөйлем құраңыздар.

ОДАҒАЙ

Көңіл-күй одағайлары

Жекіру одағайлары

Шақыру одағайлары

Алақай, әттең, қап, әттеген-ай, бәрекелді, пәлі, ойпырмай, туу, уһ, аһ, еһе, оһа, әй, ой, беу, уа, ойбай т.б.

шөре-шөре, моһ-моһ, қос-қос, сорап-сорап, қош-қош, құрау- т.б.құрау

тәйт, тек, жә.

3-нұсқа

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]