Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sillabus_kaz_yaz.doc
Скачиваний:
51
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
902.66 Кб
Скачать

«Қазақ тілі» пәні бойынша барлық мамандықтардың 1-курсына арналған үй жұмысы материалдары (1-семестр)

апта

тақырып

сағат саны

бақылау формасы

1

Мемлекеттік тіл мәртебесі. Сөз құрамы. Түбір және қосымша. Қосымшалардың жалғау, жұрнақ болып бөлінуі

6

тапсырма, блиц-тест

2

Адам және қоғам. Адам бәрін жасайды. Қазақ тіліндегі жалғау түрлері: көптік жалғау, тәуелдік жалғау, жіктік жалғау, септік жалғау

6

тапсырма, блиц-тест

3

Уақыт. Жұрнақ: сөз тудырушы, сөз түрлендіруші жұрнақ

6

тапсырма, блиц-тест

4

Табиғат. Жер – Ананы аяла. Сөз таптары. Зат есім, грамматикалық категориялары. Көмекші есімдер

6

тапсырма, блиц-тест

5

Жер тұрғындары Сын есім, негізгі, туынды сын есімдер. Дара, күрделі сын есімдер, шырайлары.

6

тапсырма, блиц-тест

6

Қазақстанның білім беру жүйесі. Білім – байлығымыз. Шылау: септеулік, жалғаулық, демеулік шылаулар

6

тапсырма, блиц-тест

7

Жеке адам, топ және ұжым. Студент – болашақ басшы, істі ұйымдастырушы, мемлекет қайраткері. Есімдік, мағыналық топтары

6

тапсырма, блиц-тест

8

Мамандық әлемінде. Етістік, дара және күрделі, негізгі етістік, көмекші, болымсыз, тұйық етістік

6

тапсырма, блиц-тест

9

Біздің университет. Етістіктің шақтары: осы шақ, өткен шақ, келер шақ

6

тапсырма, блиц-тест

10

Азаматтық қалай анықталады. Етістіктің рай формалары. Етіс категориясы

6

тапсырма, блиц-тест

11

Қоғамдағы отбасының қызметі. Отан. Ұлы іс отаншылдықтан туады Етістіктің жіктелуі. Есімше, көсемше, сөйлемдегі қызметі

6

тапсырма, блиц-тест

12

Мемлекет және біз. Үстеу, оның түрлері. Одағай. Еліктеу сөздер

6

тапсырма, блиц-тест

13

Ғалам және ғасыр Жай сөйлем. Хабарлы, сұраулы сөйлемдер.

6

тапсырма, блиц-тест

14

Кәсіби бәсекелестік Сан есім, мағыналық топтары

6

тапсырма, блиц-тест

15

Аралық бақылау. 1- семестрде өткенді қайталау

6

тапсырма, блиц-тест

1 тақырып бойынша үй тапсырмасының мәтіні

Мемлекеттік тіл мәртебесі. Сөз құрамы. Түбір және қосымша. Қосымшалардың жалғау, жұрнақ болып бөлінуі

1-нұсқа

1-тапсырма. «Көп тіл білудің пайдасы» тақырыбына эссе жазыңыз

2-тапсырма. Сәйкес баламасын табыңыз.

1. алғашқы буын святой долг

2. жетімдік белгісі четыре стороны

3. абзал борышы первая часть

4. төрт құбыла знак сиротства

5. құлағына құю летопись предков

6.тағдыр тәлкегі объяснять

7.қалыс ағайын ирония судьбы

8.ата-баба шежіресі дальние родственники

2-нұсқа

1-тапсырма. «Мемлекеттік тіл - мақтанышым» тақырыбына эссе жазыңыз.

2-тапсырма. Тәуелдік мағынаны беріп тұрған жұрнақтың астын бір, тәуелдік жалғаудың астын екі сызыңдар.

Колхоздың егіні сонда біздікі болып шығады. Бірақ бұл бәлішті кезектесіп пісіреді: Бір күні Ораздікі, бір күні біздікі.

1-нұсқа

1-тапсырма. «Туған тіл -тұғырың» тақырыбына эссе жазыңыз.

2-тапсырма. Мына омоним сөздерден әр түрлі мағынасына қарай сөйлем құраңыздар.

Ер, асау, жаз, түс, ер, қой, бу, аяқ, жас, бас, ақ, қырық, саз, сый, түс, ор, жар, тер.

4-нұсқа

1-тапсырма. «Әл-Фараби қанша тіл білген?» тақырыбына хабарлама жасаңыз.

2-тапсырма. Қыстырма сөздер мен мағыналас сөздерді қатыстырып, өз отбасыларыңыз жайында әңгімелесіңіз. Бір сөйлемдегі сөздерді құрамына қарай талдаңыз.

1 тақырып бойынша тест тапсырмасы

1. Сіз қай елдің азаматысыз?

а) Қытай б) Ресей с) Қазақстан д) Өзбекстан е) Германия

2. «Отау өмірі-қоғам өмірінің айнасы» дегенді қалай түсінесіз?

а) әрбір отау қоғам өміріне ықпал жасайды б) ана тілі мектептен басталады

с) ана тілін достарынан үйренеді

д) ұжымнан басталады е) ешбіреуіне де жатпайды

3. Туыстық қатынасты білдіретін нақыл сөзді табыңыз

а) асыққан жетпес, бұйырған кетпес б) керек тастың ауырлығы жоқ с) жатқа сырыңды айтпа

д) сөз – істің көлеңкесі е) ағайын жат болады алыс болса, жат та жақын болады таныс болса.

4. Қазақ тілінде екпін көбіне қай буынға түседі?

а) алғашқы б) ортаңғы с) алдыңғы д) соңғы е) ешбіреуіне жатпайды

5. Қыстырма сөз дегеніміз не?

а) көңіл-күйін білдіретін сөздер б) көп мағыналы сөздер с) айтылған ойға сөйлеушінің көзқарасын білдіретін оқшау сөз д) сөйлеуші біреудің назарын өзіне аудару үшін е) ешбіреуіне де жатпайды

2 тақырып бойынша үй тапсырмасының мәтіні

Адам және қоғам. Адам бәрін жасайды. Қазақ тіліндегі жалғау түрлері: көптік жалғау, тәуелдік жалғау, жіктік жалғау, септік жалғау

1-нұсқа

1-тапсырма. «Адамның адамдығы неде?» тақырыбына эссе жазыңыз

2- тапсырма. Берілген сөз тіркестерінің сыңарын табыңыз.

А) Түркі Республикасы

Қыпшақ жазуы

Қазақстан алфавиті

Қазақ тобы

Араб тілі

Қазіргі қазақ графикасы

Б) Берілген сөздердің дұрыс аудармасын табыңыз.

әріп гласный

буын группа

екпін согласный

дауысты буква

дауыссыз национальный язык

топ слог

ұлттық тіл ударение

2-нұсқа

1-тапсырма. «Адамның қазіргі қоғамдағы келбеті» тақырыбына эссе жазыңыз.

2-тапсырма. Қазақшаға аударыңыз, қазақ тіліне тән дауыстыларды табыңыз.

По труду и плоды – Еңбегіне қарай өнімі.

Что имеем –не ценим.

Многословие – зола, краткость – золото.

Не на силу надейся, а на мастерство.

Учение- знание родник.

Знание – жизни светоч.

Стыд сильнее смерти.

3-нұсқа

1-тапсырма. «Адам болам десеңіз...» тақырыбына эссе жазыңыз.

2-тапсырма. Төмендегі берілген сөздерге фонетикалық (дыбыстардың құрамына қарай)талдау жасаңыз.

Мереке, лингвистика, білім, ғылым, халық, ұлт.

4-нұсқа

1-тапсырма. Суретте не бейнеленген? Киіз үй жабдықтарын атаңыз, жазыңыз, фонетикалық талдау жасаңыз.

5-нұсқа

1-тапсырма. «Нағыз адам» тақырыбына эссе жазыңыз.

5-тапсырма.

Төмендегі сөздерге сингорманизмге бағынбайтын қосымшаларды жалғап, сөйлем құрап жазыңыздар.

Сән, салтанат, саясат, өнер, арба, ем, жұмыс, еке, есім, қала, жол, қызмет, заң.

2 тақырып бойынша тест тапсырмасы

1. Тілдің негізгі қызметі:

а) бірлік б) іс-әрекет с) қарым-қатынас д) бөлшектеу е) ешбіреуіне де жатпайды

2. Тілдегі әріптердің барлық жиынтығы, олардың тізілу реті қалай деп аталады?

а) орфография б) фонетика с) дыбыс д) алфавит е) синтаксис

3. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?

а) 1989 б) 1986 с) 1988 д) 1990 е) 1991

4. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?

а) 28 б) 33 с) 30 д) 42 е) 35

5. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?

а) орыс б) ағылшын с) қытай д) латын е) түркі

6. Сөздің ең түпкі мағыналы бөлшегі қалай аталады?

а) қосымша б) жалғау с) түбір д) жұрнақ е) буын

7. Қазақ тіліне жалғаудың неше түрі бар?

а) 5 б) 7 с) 9 д) 4 е) 8

8. Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

а)5 б) 8 с) 3 д) 7 е) 4

9. Тек жіңішке дауыстылармен тіркесетін дауыссыздар

а) р, м б) қ, ғ с) а, е д) з, ж е) к, г

10. Қатаң дауыссызға аяқталған сөзге қосымша қалай жалғанады?

а) қатаңнан басталып б) үндіден басталып с) ұяңнан басталып д) бірде үнді, бірде ұяңнан басталып е) в -мен г-ден басталып

3 тақырып бойынша үй тапсырмасының мәтіні

Уақыт. Жұрнақ: сөз тудырушы, сөз түрлендіруші жұрнақ

1-нұсқа

1-тапсырма. «Уақытты қалай пайдалану керек» тақырыбына диалог құрастырыңыз

2-тапсырма. Сәйкес баламасын табыңыз.

1. алғашқы буын святой долг

2. жетімдік белгісі четыре стороны

3. абзал борышы первая часть

4. төрт құбыла знак сиротства

5. құлағына құю летопись предков

6.тағдыр тәлкегі объяснять

7.қалыс ағайын ирония судьбы

8.ата-баба шежіресі дальние родственники

2-нұсқа

1-тапсырма. «Уақыт - емші» тақырыбына эссе жазыңыз.

2-тапсырма. Тәуелдік мағынаны беріп тұрған жұрнақтың астын бір, тәуелдік жалғаудың астын екі сызыңыздар.

Колхоздың егіні сонда біздікі болып шығады. Бірақ бұл бәлішті кезектесіп пісіреді: Бір күні Ораздікі, бір күні біздікі.

3-нұсқа

1-тапсырма. «Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?» тақырыбына эссе жазыңыз.

2-тапсырма. Мына омоним сөздерден әр түрлі мағынасына қарай сөйлем құраңыздар.

Ер, асау, жаз, түс, ер, қой, бу, аяқ, жас, бас, ақ, қырық, саз, сый, түс, ор, жар, тер.

4-нұсқа

1-тапсырма. Қыстырма сөздер мен мағыналас сөздерді қатыстырып, «Менің отбасым уақыттың құнын бағалайды» тақырыбына өз отбасыңыз жайында әңгіме құрастырыңыз.

3 тақырып бойынша тест тапсырмасы

1. Жалғау неше түрге бөлінеді?

а) 4 б) 5 с) 6 д) 3 е) 2

2. Қыстырма сөздерге байланысты қойылатын тыныс белгі

а) тырнақша б) нүктелі үтір с) нүкте д) қос нүкте е) үтір

3. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар?

а) 4 б) 3 с) 5 д) 2 е) 6

4. Антоним дегеніміз не?

а) сөздердің дұрыс жазылуы б) мағыналары қарама-қарсы сөздер с) сөз мағыналарының үйлесуі д) дауыстылардың не біріңғай жуан, не біріңғай жіңішке болуы е) кейінгі, алдыңғы дыбыстардың бір-біріне үндесуі

5. Синоним сөздер дегеніміз не?

а) адамның көңіл-күйін білдіретін сөздер б) мәндес сөздер с) айтылған сөз кімдікі екенін көрсететін сөздер

д) мағыналары өзара мәндес сөздер е) ешбіреуіне де жатпайды

4 тақырып бойынша үй тапсырмасының мәтіні

Табиғат. Жер – Ананы аяла. Сөз таптары. Зат есім, грамматикалық категориялары. Көмекші есімдер

1-нұсқа

1-тапсырма. “Менің елім” тақырыбына шығарма жазыңыздар.

2-тапсырма. Сарамен сұхбаттасыңыздар.

Сара: саған қай жыл мезгілі ұнайды?

Сен: ---------------------

Сара: неге ұнайды?

Сен: --------------------

Сара: Саған жаңбырлы күн ұнай ма?

Сен: -------------------

Сара: Жаңбыр адамның өз ойымен болуына, оңашалануына мүмкіндік беретін сияқты. Сен келісесің бе?

Сен: -------------------

Сара: Маған қар жауғанда далада жүрген ұнайды. Ал саған ше?

Сен: ------------------

Сара: Бірақ мен жайма шуақ көктемнің күнін ұнатамын.

Сен: ------------------

2-нұсқа

1-тапсырма. «Табиғат тынысы» тақырыбына эссе жазыңыз.

2-тапсырма. Етістікті қатыстырып сөйлем құраңыздар. Оның жасалу жолына, құрамына талдау жасаңыз.

3-нұсқа.

1-тапсырма. «Мен өз елімнің табиғатын ұнатамын» тақырыбына слайдты хабарлама әзірлеңіз.

4-нұсқа.

1-тапсырма. «Жер ана Жасыл ел. Жайсаң табиғат» тақырыбына слайдты хабарлама әзірлеңіз.

4 тақырып бойынша тест тапсырмасы

1. Жұрнақтың неше түрі бар?

а) 3 б) 4 с) 7 д) 9 е) 2

2.Синонимдік қатарды көрсетіңіз:

а) егде, жасамыс, қария б) мүгедек, жас, кәрі с) барлық, түгел, ерін

д) сұлу, әдемі, ең е) көркем, керемет, мүлдем

3.Антонимдік жұпты көрсетіңіз:

а) еңбеккүн- айлық б) биік- аласа с) бай- көп д) үскірік-ызғырық е) өрім-өрім

4.Сөздердегі жалпы есімді табыңыз:

а) «Ақтас» б) Балқаш с) «Береке» совхозы д) оқулық е) Қапшағай

5.Көмекші есімді көрсетіңіз

а) ертең б) бөлім с) жауын д) үшін е) қасы

6.У әріпінің жуан түрін анықтаңыз

а) әктеу б) бөлдіру с) жазу д) тігу е)керу

7.Қатаң «п», «ф» дауыссыздардың ұяң қатарын көрсетіңіз.

а) б,в б) к,х с) х,ң д) х,с е) й,х

8.Тура мағынада жұмсалып тұрған сөзді көрсетіңіз

а) жапырақ нан б) көңілі ашық с) адамның мойны д) терең ой е) жер бесік

9. Жұрнақ жалғанған сөзді көрсетіңіз

а) жіңішке б) жуан с) ашық д) езулік е) қысаң

5 тақырып бойынша үй тапсырмасының мәтіні

Жер тұрғындары. Сын есім, негізгі, туынды сын есімдер. Дара, күрделі сын есімдер, шырайлары

1-нұсқа

1-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, мазмұнын айтып беріңіз. Қазақ елін, жерін жаулардан қорғаған қандай қазақ батырларын білесіз? Өзіңіз білетін бір-екеуін үлгі бойынша қысқаша баяндап беріңіз. – Перескажите содержание текста. Каких казахских батыров защищавших свою землю, вы знаете? Сделайте краткое сообщение о казахских батыров по образцу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]