Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
biletter.docx
Скачиваний:
44
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
712.41 Кб
Скачать

17Билет

1. Құбырларды салу жұмыстарының алдында оларда жүргізу бағытын анықтап бақылау құдықтарының орнын белгілеп алу керек . Құбыр жүргізілетін ордың өнін құбырдың диаметрі мен материалына салу тенңдігмен жер қабатына сонымен қатар жапсарды бекіту жұмыс жұмыс жағдайларына байлансыты қабылдайды. Құбырлардың жүргізілу тереңдігі олардағы судың қыста мұздамауын жазда шамадан тыс қызып кетпеуін сонымен қатар құбырларға сыртқы ауыртпалықтардан зақым келмеуін қамьамассыз етуі қажет. Сумен жабдықтау құбырларының жүргізілтетін тереңдігі мен бағытын қала көшелеріндегі басқа тораптармен үйлестіре отырып белгілеген жөн Су жүйесі құбырлары мен басқа жүйелер тораптарының бірі бірінен арақашықтығы төмендегі берілген шамалардан кем болмағаны жөн (метрмен): Темір жол реальстріне дейін 4м. Металды құбырларды карозияға ұшыратпау мақсатынада трамвай рельстерімен қатар жатқызбаған жөн.

2.Ластанған су деп тұрмыстық, өнеркәсіп және тағы басқа қажеттерге пайдаланылып, әртүрлі қоспалармен ластанып өзінің алғашқы химиялық құрамы мен физикалық қасиеттерін өзгерткен суларды және елді мекендер мен өнеркәсіп орындарының аумағында пайда болған жаңбыр суымен көшелерді жуған суларды айтады. Пайда болуы, түрі және қоспалардың сапалық сипаттамасына байланысты ластанған су тұрмыстық су, өнеркәсіп суы және жаңбыр суы деп үш категорияға бөлінеді. Тұрмыстық ластанған су шаруашылық және фекалдық суға бөлінеді. Шаруашылық-тұрмыстық ластанған су – ас үйде, сусеберде, кір жуғанда және т.б. жағдайларда пайда болады.Су әкету жүйесі келесі негізгі элементтерден тұрады: -ғимараттар және квартал ішіндегі су әкету жүйелері; -сыртқы су әкету жүйелері; -сорғы бекеттері және арынды құбырлар;-тазарту ғимараттары; -тазарған суды және суды апат кезінде суды ағызып жіберу. Тазарту ғимараттары—бұл әртүрлі жағдайлардағы лас суды ретімен тазартып шығаратын қондырғылар кешені. Тұрмыстық және өндірістік лас суларды тазартқанда механикалық (керегелер, құм ұстағыштар, тұндырғыштар) және биохимиялық (аэротенк, биосүзгіш, екінші сатылы тұндырғыштар) әдістер қолданылады.

Ластанған суларды әкету торабы. Канализация торабымен тасымалдан-атын ластанған судың құрамында көп мөлшерде органикалық еріген және минералдық ерімеген қоспалар болады. Ерімеген қоспалар массасы құрғақ зат бойынша тәулігіне бір адамға 0,065 кг шамасында болады. Жылдамдық аз болғанда құбырға бұл заттар тұнба түрінде түсіп, оның өткізу қабілетін төмендетеді немесе кейде бітеп тастауы мүмкін. Сондықтан лас судың қозғалу режимін, тұнбаланбайтын немесе ағынның өзін-өзі тазарту жылдамдығын және лас су ағынының тасымалдауыш қабілетін білу қажет.

3.Сумен жабдықтау жүйелерін теменгі бірқатар белгілермен жіктейді.

1. Қызмет көрсету нысанының түріне байланысты: тұрғын жерді (қалаларды, кенттерді, ауылдарды) сумен қамтамасыз ету жүйесі, өндірісті сумен қамтамасыз ету жүйесі; ауылшаруашылықты сумен қамтамасыз ету жүйесі.

2. Тағайындауы бойынша: шаруашылық және ауыз суының жүйесі; өндірістік жүйе; өрттен сақтау жүйесі.

3. Бір жүйемен бірқатар нысандарды қамтамасыз ететін болсақ топталған немесе аудандық жүйелер құрады.

4. Пайдаланатын табиғи су көздерінің түріне байланысты: жер бетіндегі су көздерінен су қабылдайтын жүйелер; жер астындағы суға бейімделетін жүйелер; аралас қоректену жүйелері.

5. Суды жеткізу тәсіліне байланысты айыру: өздігінен ағатын су құбыры бар жүйелер; суды механика арқылы сорғыны қолданып жіберу жүйелері.

6. Өндірісті сумен қамтамасыз ету жүйесі өзінше суды пайдаланатын тәсіліне байланысты былай жіктеуге болады: тіке ағызу жүйелері; қатармалы жүйелер; айналма жүйелер. Үйлердің сумен жабдықтау жүйелері су түтынушылардың немесе орнатылған санитарлы-техникалық аспаптардың санына сәйкес сумөн қамтамасыз ету керек.

Қаларлада әдетте барлық тұтынушыларға су бір құбырындан беріледі суландыру алкаптары себу алаңдары қала аймағының әр жерінде кезлескендіктен және өрттердің де қаланың кезкелген жерінен шығып қалуынан қалада шаруашылық және өрттік құбырлары қосылған блдады. Қазақстан Республикасының 2030 даму бағдарламасына сәйкес санитарлы-техника даму үстінде және де осыған сәйкес Қазақстан құрылысшылары мен ғалымдары үлкен және жауапты тапсырмаларды шешуді қажет етеді. Көптеген экономикалық тиімді және сенімді жұмыс істей білетін санитарлы-техникалық құрылымдар практикада пайдалануда және де ғылыми ізденістер жасалынуда. Үйлерді, ғимараттарды және басқада үймереттерді сумен жабдықтау үшін ішкі су құбырын қолданады. Ішкі су құбыры дегеніміз елді мекен, өндіріс орны немесе қала су торабынан санитарлы-техникалық құралдарға, технологиялық қондырғыларға және өрт крандарға суды жеткізу үшін арналған құбырлар мен қондырғылар, жабдықтар жүйесін айтады. Тұтынушыларға ыстық су беру үшін ыстық сумен жабдықтау жүйесі қызмет етеді, бұл жүйеде қосымша су қыздырғыштар және су температурасын бақылайтын және реттейтін құрылымдар болады.Ыстық және салқын суларды тұтынушыға беру екі принципалды схемалар бойынша жүзеге асады:1. Жергілікті су қыздыру схемасы; 2. Орталықтандырылған су қыздыру схемасы . Бірінші схемада су жергілікті су қыздырғыштар (газ немесе электрлі) көмегімен қызып тұтынушыға беріледі. Ал екінші схемада орталықтандырылған су қыздырғыш қондырғылары көмегімен қыздырылынып, арнайы орнатылған құбырлар арқылы әрбір үймереттерге немесе үйлерге, өндіріс орындарына жеткізілінеді. Бірінші схеманың артықшылығы: құбыр ұзындығының қысқалылығы; осыған байланысты жылу жоғалуының аздығы; жоғарғы сенімділік. Кемшілігі: пәтерлердегі тұрғындарға қауіптілігі. Екінші схеманың артықшылығы: су қыздырғыш қондырғысын барынша тиімді пайдалану; су қыздырғыш қондырғысының мүмкіндігінше қауіпсіздігі. Кемшілігі: құбыр ұзындығы. Салқын және ыстық су құбырларының негізгі элементтері: 1. Суды енгізу (қала су құбырынан ішкі сі құбыры аралығындағы құбыр); 2. су өлшегіш және су өлшегіш түйін; 3. арын көтеру қондырғысы (арынды-қор бакы, сорғыш немесе гидропневматикалық қондырғы); 4. арынды реттейтін құрылым; 5. су қыздырғыш; 6. магистральды және таратушы салқын су құбыры торбы; 7. ыстық су беретін құбыр; 8. ыстық судың айналмалы құбыры; 9. су таратушы арматура; 10. өрт краны; 11. суару құбыры және суару краны.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]