Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
biletter.docx
Скачиваний:
44
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
712.41 Кб
Скачать

12-Билет

1.Құбырларды салу жұмыстарының алдында оларда жүргізу бағытын анықтап, бақылау құдықтарының орнын белгілеп лу керек.

Жалпы мекенжай аумағы үшін қабылданған тереңдік тұрақты етіп алынады да, құбырларды жер бетіне параллель жүргізеді. Құбыр диаметрі 600мм-ден үлкен болғанда, оларға қатарластыра құбырлар жүргізіледі.

Су жүйесі құбырлары мен басқа жүйелер тораптарының бір-бірінен арақашықтығы тқмендегі берілген шамалардан кем болмағаны жөн:

Канализация құбырларына дейін.....1,5....3

Су құбырлары басқа жер асты құбырларымен қиылысқан жағдайда ол канализациядан жоғары жүргізіліп, екеуінің арақашықтығы 0,4 м-ден кем болмауы тиіс. Канализация жүргізілген байланыстың ұзындығы 5-10м болатын футлярға орап жүргізеді.

Су құбырлары қазылған ордың бойымен жүргізгенде, ордың асты жақсы тегістеліп тығыздалуы тиіс. Тасты жерлерде ордың түбіне қалыңдығы 0,15 м құм немесе майда шағыл құм төселінеді.

Орды жаппай тұрып, 1км-дей ұзындықта жүргізілген құбырлар гидравликалық сынаудан өткізіледі. Бұл сынау кезінде қысымда құбыр жапсарлары ажырап кетпеуі және су жоғалуы байқалмауы тиіс. Жүргізілген құбырды соңғы рет орды жапқаннан кейін де гидравликалық сынаудан өткізеді.

2.Су тұтыну режимі .Су қабылдау ғимараттары, 1-ші сатылы сорғы бекеті және тазарту ғимараттарының жұмыс режимі тәулік бойы бірқалыпты қылып қабылдаймыз. Техникалық және технологиялық ой-жүгірту арқылы 2-ші сатылы сорғы бекетінің үш сатылы режимін қабылдаймыз.Айтылған су тұтыну режимі мен 2-ші сатылы сорғы бекетінің таңдалған жұмыс режимінде арынды су мұнарасының минималды көлемі қамтамасыз етіледі. Ғимараттарды ары қарай есептеу үшін тораптағы барлық шығын түрлерін білу жетпейді. Сондықтан қаланың сағаттық су тұтынуын анықтау қажет. Тәуліктің сағаты бойынша қаланың су тұтынуы біркелкісіз және тұтынушылардың әртүрлі категориясына қажетті шығынымен анықталады. Қала тұрғындарының су тұтыну режимі.Қала тұрғындарының шаруашылық-ауыз су тұтыну режимдері, су тұтынудың максималды сағаттық біркелкісіздік коэффициентімен сипатталады.

Kmax сағ=max*βmax (11)

мұндағы: max -ғимараттың абаттандыру дәрежесі, өнеркәсіп жұмыстарының режимін ескеретін коэффициент; βmax- елді-мекендігі тұрғындардың санын ескеріп, 4.01.02- 2009 ҚЕмН бойынша 2-кесте . K max сағ =1,2*1,1=1,32. табылған K max сағ мәніне су тұтынудың тәулік сағаты бойынша графигі тұрғызылады. Көшелерді суару режиміКөшелерді суару режимін 6 тең суару санына сәйкес суарудың барлық ұзақтығына тең етіп қабылдаймыз (таңертен және кешке 3-4 сағаттан). Максималды сағаттық су тұтыну кезінде көшелерді суару рұқсат етілмейді.Өнеркәсіп орындары жұмысшыларының су тұтыну режимдері.Өнеркәсіп орындары жұмысшыларының шаруашылық –ауыз су тұтыну режимдері әр ауысым сайын цехтардағы «салқын» және «ыстық» графигіне сәйкес ауысым ұзақтығына байланысты беріледі (ауысым ұзақтығы 8 сағат).Су себер қолданатын жұмысшылардың су шығындары, әр ауысымның соңғы сағаттарында жүргізіледі.

3.Сумен жабдықтау көздері мен жүйесін таңдау

Сумен жабдықтау жүйелерін теменгі бірқатар белгілермен жіктейді.

1. Қызмет көрсету нысанының түріне байланысты: тұрғын жерді (қалаларды, кенттерді, ауылдарды) сумен қамтамасыз ету жүйесі, өндірісті сумен қамтамасыз ету жүйесі; ауылшаруашылықты сумен қамтамасыз ету жүйесі.

2. Тағайындауы бойынша: шаруашылық және ауыз суының жүйесі; өндірістік жүйе; өрттен сақтау жүйесі.

3. Бір жүйемен бірқатар нысандарды қамтамасыз ететін болсақ топталған немесе аудандық жүйелер құрады.

4. Пайдаланатын табиғи су көздерінің түріне байланысты: жер бетіндегі су көздерінен су қабылдайтын жүйелер; жер астындағы суға бейімделетін жүйелер; аралас қоректену жүйелері.

5. Суды жеткізу тәсіліне байланысты айыру: өздігінен ағатын су құбыры бар жүйелер; суды механика арқылы сорғыны қолданып жіберу жүйелері.

6. Өндірісті сумен қамтамасыз ету жүйесі өзінше суды пайдаланатын тәсіліне байланысты былай жіктеуге болады: тіке ағызу жүйелері; қатармалы жүйелер; айналма жүйелер.

Сумен жабдықтау жүйесін таңдау кезінде, оның тұрғындарға қажетті су шығындарымен қамтамасыз етуін, сенімді де үнемді болуын, қажетті сапада және қажетті арында берілуін қамтамасыз ету қажет. Жүйе ғимараттары мен қабылданған элементтер құрамы, оның жұмысының режимін анықтайды.Сумен жабдықтау жуйесін таңдаған уақытта су тұтыну көлемін, су көзінің типі мен ондағы судың сапасы, жергілікті жердің рельефі, тұтынушылардың сумен қамтамасыз ету сенімділігін, құрылыстың кезектілігін және т.б көптеген факторларды ескеру қажет.[3]Курстық жобаның берілген тапсырмасына сәйкес сумен жабдықтау схемасының келесі түрі қабылданады:

1.Су қабылдау ғимараттары;

2. 1-ші сатылы сорғы бекеті;

3. Су тазарту бекеті;

4. Таза су резервуары;

5. 2-ші сатылы сорғы бекеті;6. Бас су құбыры, су мұнарасы;7. Айналмалы су торабы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]