Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
biletter.docx
Скачиваний:
44
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
712.41 Кб
Скачать

22Билет

1.Су құбырлары сумен жабдықтау жүйесінің негізгі элементтерінің бірі. Олар өз жұмысында сорғыш станциялары мен реттеуші немесе сақтаушы сыйымдылықтармен тығыз байланысты болып суды мекенжайдың барлық нүктелеріне жеткізіп және үлестіріп беру қызметін атқарады. Дұрыс жобаланған су құбыры тораптары тиісті көлемде өзімен су өткізе алатын, тұтынушыларды үзіліссіз , сенімді түрде сумен қамтамасыз ететін және басқа инженерлік құрылыстар тәрізді тиімді болулары шарт. Бұл айтылып отырған талаптар су жүйесі құбырларының пішін үйлесімін, сонымен қатар құбырлардың диаметрі мен материалын дұрыс таңдағанда ғана орындалады. Су жүйесі тораптарының орналасу пішіні сумен қамтамасыз етілетін мекенжайдың сипатына,тұрғын кварталдардың формалары мен көлеміне, жер бедеріне, табиғи немесе жасанды тосқауылдарға және т.б. жергілікті жағдайларға байланысты болады. Әрине, су жүйесін жобалаған кезде сонша көп факторлардың барлығын есепке алу қиынырақ,дегенмен төмендегі ережелерді қатал сақтай отырып, жобалау жұмыстарын жеңілдетуге болады:

а) Суды тұтынушыларға таратуды өте қысқы жолмен жүргізген жөн;

в) Металды құбырларды коррозияға ұшыратпау мақсатында трамвай рельстерімен қатар жатқызбаған жөн;

б) Магистралды құбырларды биік жерлерден өткізген жөн;

г)Құрылыс құны арзандау болу үшін құбырларды жер құрылымы жақсы жерлер арқылы жүргізген жөн;

д) Қиюшы құбырлар суды қысқа жолмен жеткізу және арын жоғалуын азайту мақсатында жүргізілуі тиіс.

2.Су тұтынушылар-табиғи суды тиісті өнім шығару үшін шикізат ретінде пайдаланатын –өндірістер,тұрсытық шаруашылықтар,егістік шаруашылықтар жатады.

Сумен жабдықтау объектісін жобалағанда, ең алдымен объектіге берілетін судың саны мен сапасы анықталу қажет. Бұл мәселелерді шешу үшін тұтынушылардың категориясын, қойылатын талаптарын және суға қойылатын талаптарын білу қажет.

Су әр түрлі тұтынушылармен, әр түрлі мақсаттарда қолданылады. Бірақ су қолданудың үлкен түрі халық шаруашылығында келесі негізгі категорияларында пайдалануы мүмкін.

Адамдардың шаруашылық-ауыз су мұқтаждықтары (елді мекенде және өнеркәсіптерде жұмысшылар келген уақытта);

Әр түрлі өнеркәсіп орындарының технологиялық процесс қажеттіліктеріне жұмсалатын өнеркәсіптік қажеттіліктер;

Елді мекен мен өнеркәсіп орындарының аббатандыру жағдайына кететін су шығындары: көшелер мен алаңдарға су себу мен суару, жасыл алқаптарды суару және т.б

Өрт сөндіруге кететін су шығындары

Ауыл шаруашылығында суды пайдаланудың негізгі түрі – суару. Бұл су шаруашылығының «сумен жабдықтау» түсінігіне кірмейтін бөлек бір саласы.

Тұтынушылардың жекелеген категорияларының су пайдалану сапасы мен талабына қойылатын талаптар әр түрлі. Шаруашылық ауыз су мақсаттарына санитарлы және физикалық түріне қойылатын талаптары жоғары болады. Өнеркәсіп орындарының әр түрлі салаларына қажетті су технологиялық процестердің сипаттамаларына байланысты және әртүрлі. Көшелер мен жасыл алқаптарды суару мен өрт сөндіру сулары сапасына арнайы талаптар қойылмайды.

3. Таратушы тордың бір учаскесінен өтетін судың мөлшерін анықтау кезінде, оған әртүрлі көлемде (q1,q2,q3....qn) су алатын үйлер қосылатынын және олардың алатын су мөлшері тәулік,тіпті сағат сайын өзгеріп отыратынын ескерген жөн. Судың алыну-алынбасы тұтынушылардың өз еркінде болғандықтан, ол үнемі құбылып тұрады. Сондықтан, тіпті шағын мекенжай үшін де учаскелердегі шығынды есептеу өте қиын жұмыс. Сондықтан есептеу жұмыстарын жеңілдету мақсатында қала су құбырларын жобалаған кезде, құбырларға берілетін су құбыр ұзындығы бойынша бірқалыпты шығындалады деп есептелінеді. Профессор Н.Н.Гениевтің ұсыны бойынша, әрбір учаскеден бөлініп шығатын су көлемі оның ұзындығына пропорционал болады. Бұл жағдайда бір метрге қатысты алынатын «меншікті » шығын мына формуламен есептелінеді:

Qмен=

Мұндағы: Q-есепті мерзімдегі тұтынушылар алатын толық су шығыны, л/с; -жоғары шоғырланған шығындар жиынтығы;- магистраль құбырларының жалпы ұзындығы,м.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]