Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
biletter.docx
Скачиваний:
44
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
712.41 Кб
Скачать

24Билет

1.Қазіргі кезде қолданылатын құбырларға шойыннан, болаттан, асбестцементтен және темірбетоннан жасалынатын құбырлар жатады. Кейінгі кезде синтетикалық құбырлар да кең қолдау табуда.

Шойын құбырлар. Су жүйесінде қолданылатын шойын құбырларының бір жақ басында екінші құбырды кіргізуге арналған кең қоныш болады да, екінші ұшы тегіс болып келеді. Бұл құбырлар 9583-75 МЕСТ бойынша ішкі диаметрі 65....1200мм, ұзындығы 2...7м етіп жасалынған. Шойын құбырларын зауытта шығарар алдында мүжілуден сақтау мақсатында ішкі және сыртқы қабаттарын мұнайдың қалдығымен (битуммен) майлайды. Болат құбырлар. Сыртқы су жүйе тораптарында МЕСТ 10704-76, 10705-80 (тік тігісті) және (спираль тігісті) бойынша шығарылатын, ішкі диаметрі 100....1600 мм, ұзындығы 12 м дейін жететін болат құбырлар қолданылады. Бұл құбырлардың екі ұшы да тегіс болып, бір-бірімен дәнекерлеу арқылы жалғанады. Оларды сумен жабдықтау жүйесінде негізінен ішкі қысымы едәуір болатын тораптарда, сейсмикалық аудандарда және иіліу-созылу күштеріне қарсылық көрсету қажет болған жағдайларда қолданады. Асбестцемент құбырларды құрамы 75-80% портландцемент және 20-25% асбест талшықтарынан тұратын қоспадан жасайды. Олардың диаметрі 500мм-ге дейін, ұзындығы 3...4м, ал екі жақ ұшы жонылып жіңішкерілген болады. Бұл құбырлар коррозияға берік және ток және жылу өткізбейтін қасиеттері болады, сонымен қатар салмағы аздығынан тасымалдау, құрастыру мүмкіншіліктері ыңғайлы болатындықтан, оларды су жүйелері тораптарында кеңірек қолданады.Темірбетон құбырлардың ұзындығы 5мм-ге дейін, ал диаметрі 500...1600 мм болады. Бұл құбырлардың бір ұшы кең қонышты келеді де, бір-бірімен шойын құбырларына ұқсас жалғастырылады. Олар коррозияға өте төзімді. Ток өткізбейтін және су өткізгіштік қасиеттері басқа құбырларға қарағанда әлдеқайда жоғары болады. Әдетте, темірбетон құбырлар өткізгіштерде пайдаланады.Пластмассалы құбырлар. Сумен жабдықтау жүйелерінде жоғарғы және төменгі тығыздықтардағы полиэтиленнен және винипластан жасалған пластмасса құбырларды қолданады.

2. Канализация жүйесі келесі негізгі ғимараттардан тұрады:

а) ғимараттар және квартал ішіндегі су әкету жүйелері;

б) сыртқы су әкету жүйелері;

в) реттеуші резервуарлар;

г) сорғыш бекеттері және арынды құбырлар;

д) тазарту ғимараттары;

ж) тазарған суды және жалпы суды апат кезінде тастау.

Құбырлардың ішкі су әкету торабы сарқынды су шығыны аса үлкен болғанның өзінде құбырлардың жартылай толуына есептеледі. Құбырдың құрғақ бөлігі қаланың және өндірістің су әкету торабын жеделдету үшін қызмет атқарады. Үйге немесе бөлмеге газ шығып кетпес үшін санитарлық құралдар астына сифондар қойылады. Ғимараттан өндірістік сарқынды су әкету үшін де су әкету торабы құрастырылады. Өте үлкен сарқынды су шығыны үшін науалар қолданылады. Сыртқы су әкету торабы дегеніміз-су әкету бағытымен жер ылдилығына сәйкес орналасқан жер асты құбырлар жүйесі. Құбырлардың жатқызылуы жер бедерінің ылдилығына байланысты болады. Реттеуші резервуарлар судың максималдық шығынын шоғырландыруға және реттеп тазарту ғимаратына беруге арналған табиғи немесе жасанды сиымдылық. Резервуардағы сарқынды суды шығару құйылатын сарқынды судың шығыны азайған кезде жүргізіледі. Сарқынды судың тазарту ғимаратына өздігінен ағуы жер бедерінің ылдилығы айқын болған кезде ғана іске асырылады. Сарқынды кетіру үшін сорғын бекеттерді орнатады. Сорғыш бекеттерді жергілікті,аудандық және бас сорғыш бекеттері болып бөлінеді. Тазарту ғимарттары-бұл әртүрлә жағдайлардағы сарқынды суды ретімен тазартып шығаратын қондырғылар кешені. Тұрмыстық және өндірістік сарқынды суларды тазартқанда, механикалық және биохимиялық әдістер қолданылады. Суатқа тастау-науалы қондырғы. Бұл қондырғы сарқынды судың суат суымен тез және белсенді араласуын қамтамасыз етуі керек.

3. Канализацияда қолданылатын құбырлар (керамикалық, асбест-цементтік, темірбетондық, металл және т.б.). Керамикалық, темірбетондық құбырлар өзі ағатын канализация жүйелеріне қолданылады. Керамикалық құбырлар ГОСТ-286-82 бойынша ішкі диаметрі 150+600 мм және ұзындығы 800+1200 мм болады. Керамикалық құбырлар канализация жүйелерінің бәрінде де беріктігіне,буға тқзімділігіне, ұзақ сақталуына химиялық температуралық әсерлерге қарсы тұра алатынына байланысты жиі қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]