Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
biletter.docx
Скачиваний:
44
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
712.41 Кб
Скачать

23Билет

1.Ішкі су құбырын жобалағанда үймереттің жанындағы алқаптарды суару, өртке қарсы сумен қамтамасыз ету және елді мекеннің қандай жәйін сумен жабдықтауына байланысты шаруашылықты ішетін сумен жабдықтау немесе техникалық сумен жабдықтау шараларын анықтап алу қажет. Көп жағдайда жоғарғыда айтылған қажеттіліктерге су құбыры құнын азайту мақсатында біріктірілген жүйе арқылы су беріледі. Ішкі сумен жабдықтау жүйелеріне қоятын негізгі талаптың бірі олардың үзіліссіз жұмыс істеуі. Сол үшін үйлердің су торабын судың максимальды секундты шығынын өткізуіне есептейді. Сумен жабдықтауда ішкі су құбырын есептеудің де маңызы зор, өйткені ішкі су құбырын есептеу арқылы ғана нақты тұтынушының су мөлшерін анықтауға болады. Ішкі су құбыры есебінің негізгі мақсаты: Максимальды сағаттық, секундтық және тәуліктік шығындарды анықтау; тұтынушыға қажетті ішкі су торабындағы есептік арынды әнықтау; анықталған қажетті арынды сыртқы су құбыры тоабындағы кепілдеме арынмен салыстыру, қажет болса арын көтеру қондырғыларын қарастыру; ішкі су торабының құбырларын гидравликалық есепке салу.

2. Резервуарлар екіге ажыратылады. Біріншісіне арынды сыйымдылықтар жатады. Олар арынды мұнара тәріздес болып, олардың жер бетінің ең биік жерлеріне орналастырады да, тұтынушыларға судың сорғыштарсыз-ақ бере алады.

Резервуардың екінші түрі арынсыз келеді де, оларды ауа райына, топырақ сипатына және қызметіне байланысты жердің бетіне немесе жерге кеміңкіреп жасайды. Олардан суды сорғыштармен сорып алады. Арынсыз резервуарлар сумен жабдықтау сұлбасындағы орнына байланысты таза суды сақтау, судың шығындалуы режимін реттеу және қосымша сыйымдылықтар мақсатында пайдаланылады.

Резервуарлардың конструктивтік көрінісі де әртүрлі. Бұрынғы кездері резервуарларды қыштан,тастардан жасаса,қазіргі уақытта пішіні, құрылымыжәне құру әдістері әртүрлі болып келетін темір-бетонды элементтерден құрастырады.

Мұнай цистерналарында ұқсайтын болаттан жасалған резервуарлар АҚШ-та жиі кездеседі. Коррозиядан сақтау жұмыстары әрі қиын, әрі қымбат болғандықтан, біздерде болатты сыйымдылықтар көп қолданылып жүрген жоқ.

Темірбетонды резервуарларды кеңдігі қанша болса да құра алатын биіктігі 3,6...4,8 м-ге дейін болатын әртүрлі жеке элементтерден жинау мүмкіншілігі қарастырылған.

Резервуарлар су келетін, екі сорушы, біреуі шаруашылық-ауыз су құбыры, ал екіншісі өртке қарсы су құбыры, ағынды және ласты құбырлармен жабдықталады.

Резервуар арынды-реттеуші сыйымдылық рөлін атқаратын жағдайларда, оның құбырлармен жабдықталуы арынды мұнаралар тәріздес болады.резервуарлар сумен жабдықтау сұлбасында су жүйесінің сұлбасында сорғыш бекетінің қарама-қарсы жағында болса, онда сорушы мен су келетін құбырларды біріктіріп құруға болады.

Су белгілі мөлшерден асып кеткен жағдайда, оны шығарып тұратын ағынды құбырға ысырма қойылмайды. Оны ласты құбырларға қосуға болады. Резервуардағы су алмасуын қамтамасыз ету үшін су келетін құбыр су алатын орынның қарама-қарсы жағына жеткізілгені жөн.

Резервуардағы өртке жұмсалатын суды шаруашылық-ауыз су сорғыш сорып кетуден сақтау үшін сұлбадан басқаша құрастыруға болады. Екі құбырдың орнына біреуін ғана орналастырады, ал оның ұшы қмсық мойынды болып және жоғары жағында тесігі болады.

3. Су құбыры тораптарының ғимараттары:

Сумен жабдықтау жүйесіне су қабылдайтын ғимараттар, суды арынмен тазарту ғимараттар, жинағыш резервуарлар мен тұтынушыларға жеткізетін сорғы станциялар, тазарту ғимараттар, сақтау мен реттеуге арнапған резервуарлар мен арынды су мұнаралар, суды үлестіру мен тұтыну жеріне жеткізуге арналған су өткізуші құбырлар мен үлестіруші тораптар кіреді.

Ал егер судың сапасы тиісті сапаны қамтамасыз ететін болса тазалау ғимаратынсыз суды тұтынушыларға жіберуге болады. Егер жер бетінің суын өзен, көл немесе теңіз суларын өндіріс орнына пайдаланатын болса онда суды тек қана тордан сүзу арқылы қолдануға болады.

Су мұнарасының негізгі атқаратын міндеті ол суды сақтау және құбырға қажетті арынды тудыру болып табылады. Құбыр бойына сорғы арқылы пайда болған артық қысым кезінде су мұнараға түссе құбырдағы қысым төмендегенде мұнарадан құбырға су жіберіледі. Кейбір жағдайда үлкен өндіріс орындары үнемі көптеген суды қолданып тұратын кезде су мұнарасын орналастыру қажет емес. Яғни су сорғының көмегімен үнемі құбырға жеткізіліп тұрады.

Өнеркәсіп орындардың көбінде суды әр түрлі агрегаттарды салқындату үшін қолданадады. Бұл жағдайда суды салқындатып қайта пайдалану жүйесі қарастырылады.

Су құбыр жүйесі сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Сыртқы су құбыр жүйесіне суды қабылдау, суды тазалау және су құбыр жүйесіне бөлу ғимараттары кірсе, ішкі су құбыр жүйесіне сыртқы су құбыр жүйесінен құрылыстағы тұтынушыға жеткізуге дейінгі бөлік кіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]