Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
biletter.docx
Скачиваний:
44
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
712.41 Кб
Скачать

19Билет

1. Сумен жабдықтау жүйелерінде орналасу жеріне байланысты сорғы станцияларын келесі ретпен жіктеуге болады. Бірінші көтеру сорғы станциялары, екінші көтеру сорғы станциялары, арынды арттыру станциялары және айналма станциялары.

Арынды мұнара және реттеуші сиымдылықтар

Конструкциялық өзгешiлiктерi бойынша сыйымдылықтар төмендегiдей жiктеледi:

а) арынды мұнара

б) резервуарлар

в) арынды бағаналар

Арынды мұнаралар

Арынды мұнаралар бактен және оны көтерiп тұратын конструкциядан тұрады. Бактердi болаттан және темiр бетоннан жасайды. Су мұнаралардың түрлерi:

Су мұнарасында орналасқан бактiң түбi түзу, эллипс, конус, сопақ болып келедi.

Су мұнараны жабдықтау сұлбалары.

а) екi құбырмен

б) бiр құбырмен

в) керi клапанды

г) су асып кетпеу үшiн арнайы қондырғылар.

10сурет-Арынды мұнаралар сұлбасы

1-суды жеткiзетiн және әкететiн құбыр, 2-арынды мұнараларадан суды әкету құбыры, 3- кері клапан, 4-сүзгі, 5-суды әкелу құбыры, 6-артық су кету құбыры, 7-бакті тазалау құбыры,8-жаппалар, 9-суды әкету құбыры, 10-ысырма,11-компенсаторлар.

Су мұнарасының биiктiгiн анықтау

Hб =z +Hсв +h-z3

мұндағы:: z- берiлген нүктедегi жер белгiсi

Нсв – берiлген нүктедегi тұтынушыларға керектi бос орын.

h - су мұнарасынан берiлген нүктеге дейiн магистаральды су шығынадырының қосындысы.

Z3 – су мұнарасының маңындағы 3 нүктедегi жер белгiсi.

2.Қазіргі кезде қолданылатын құбырларға шойыннан, болаттан, асбестцементтен және темірбетоннан жасалынатын құбырлар жатады. Кейінгі кезде синтетикалық құбырлар да кең қолдау табуда.

Шойын құбырлар. Су жүйесінде қолданылатын шойын құбырларының бір жақ басында екінші құбырды кіргізуге арналған кең қоныш болады да, екінші ұшы тегіс болып келеді. Бұл құбырлар 9583-75 МЕСТ бойынша ішкі диаметрі 65....1200мм, ұзындығы 2...7м етіп жасалынған. Шойын құбырларын зауытта шығарар алдында мүжілуден сақтау мақсатында ішкі және сыртқы қабаттарын мұнайдың қалдығымен (битуммен) майлайды. Болат құбырлар. Сыртқы су жүйе тораптарында МЕСТ 10704-76, 10705-80 (тік тігісті) және (спираль тігісті) бойынша шығарылатын, ішкі диаметрі 100....1600 мм, ұзындығы 12 м дейін жететін болат құбырлар қолданылады. Бұл құбырлардың екі ұшы да тегіс болып, бір-бірімен дәнекерлеу арқылы жалғанады. Оларды сумен жабдықтау жүйесінде негізінен ішкі қысымы едәуір болатын тораптарда, сейсмикалық аудандарда және иіліу-созылу күштеріне қарсылық көрсету қажет болған жағдайларда қолданады. Асбестцемент құбырларды құрамы 75-80% портландцемент және 20-25% асбест талшықтарынан тұратын қоспадан жасайды. Олардың диаметрі 500мм-ге дейін, ұзындығы 3...4м, ал екі жақ ұшы жонылып жіңішкерілген болады. Бұл құбырлар коррозияға берік және ток және жылу өткізбейтін қасиеттері болады, сонымен қатар салмағы аздығынан тасымалдау, құрастыру мүмкіншіліктері ыңғайлы болатындықтан, оларды су жүйелері тораптарында кеңірек қолданады.Темірбетон құбырлардың ұзындығы 5мм-ге дейін, ал диаметрі 500...1600 мм болады. Бұл құбырлардың бір ұшы кең қонышты келеді де, бір-бірімен шойын құбырларына ұқсас жалғастырылады. Олар коррозияға өте төзімді. Ток өткізбейтін және су өткізгіштік қасиеттері басқа құбырларға қарағанда әлдеқайда жоғары болады. Әдетте, темірбетон құбырлар өткізгіштерде пайдаланады.Пластмассалы құбырлар. Сумен жабдықтау жүйелерінде жоғарғы және төменгі тығыздықтардағы полиэтиленнен және винипластан жасалған пластмасса құбырларды қолданады.

3. Су құбыры тораптарының ғимараттары:

Сумен жабдықтау жүйесіне су қабылдайтын ғимараттар, суды арынмен тазарту ғимараттар, жинағыш резервуарлар мен тұтынушыларға жеткізетін сорғы станциялар, тазарту ғимараттар, сақтау мен реттеуге арнапған резервуарлар мен арынды су мұнаралар, суды үлестіру мен тұтыну жеріне жеткізуге арналған су өткізуші құбырлар мен үлестіруші тораптар кіреді.

Ал егер судың сапасы тиісті сапаны қамтамасыз ететін болса тазалау ғимаратынсыз суды тұтынушыларға жіберуге болады. Егер жер бетінің суын өзен, көл немесе теңіз суларын өндіріс орнына пайдаланатын болса онда суды тек қана тордан сүзу арқылы қолдануға болады.

Су мұнарасының негізгі атқаратын міндеті ол суды сақтау және құбырға қажетті арынды тудыру болып табылады. Құбыр бойына сорғы арқылы пайда болған артық қысым кезінде су мұнараға түссе құбырдағы қысым төмендегенде мұнарадан құбырға су жіберіледі. Кейбір жағдайда үлкен өндіріс орындары үнемі көптеген суды қолданып тұратын кезде су мұнарасын орналастыру қажет емес. Яғни су сорғының көмегімен үнемі құбырға жеткізіліп тұрады.

Өнеркәсіп орындардың көбінде суды әр түрлі агрегаттарды салқындату үшін қолданадады. Бұл жағдайда суды салқындатып қайта пайдалану жүйесі қарастырылады.

Су құбыр жүйесі сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Сыртқы су құбыр жүйесіне суды қабылдау, суды тазалау және су құбыр жүйесіне бөлу ғимараттары кірсе, ішкі су құбыр жүйесіне сыртқы су құбыр жүйесінен құрылыстағы тұтынушыға жеткізуге дейінгі бөлік кіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]