Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
biletter.docx
Скачиваний:
44
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
712.41 Кб
Скачать

7 Билет

1.Торабты төсеу және канализациялық құбырлар түрлері.

Канализация торабын тарту ең бір маңызды жұмыстардың бірі. Дұрыс қабылданған тарту принциптеріне байланысты канализация торабының жұмысын азайтуға болады. Құбырларды тартпас бұрын мынадай жағдайларды ескерту қажет:1.Жердің бедері және тік планировкасы; 2.Қабылданған катализация жүйесі канализация торабының саны; 3.Даму перспективасы және құрылыстың кезектілігі; 4.Топырақтың сипаттамалары; 5.Көшелердің енділігі және ондағы қозғалыстың шиеленісі; 6.Жер асты құрылымдарының басымдылығы; 7.Өндіріс орындарының орналасу орны және т.б.

Канализация құбырларын жерге төсегенде алдымен негізгі коллекторлар, содан кейін канализациялау бассейндерінің коллекторлары, соңында көше торабы таратылады.

Негігі және әкету коллекторларының санына, бағытына тазарту құрылымдарының орналасу орны мен лас суды тастау орны әсер өтеді. Өте ірі және жер бедері жазық қалаларда сорғыш станцияларының, тазарту құрылымдарының бірнеше болуы тиімді. Негізгі коллекторлар өзен немесе суат бойын жағалай орналасады. Жер бедері жазық болғанда коллекторлар мүмкіндігінше бассейн ортасы бойынша таратылады. Егер коллекторлар диаметрі үлкен болса, өзін-өзі тазарту жылдамдығын қамтамасыз ету үшн аз ылдилық қажет. Барлық коллекторлар қала жолдары, техникалық және жасылжелек зоналарында таратылады. Жобалау кезінде канализация коллекторларын тарту схемаларының бірнеше жолдарын қарастыра отырып, ішінен техника-экономикалық және санитарлы-техникалық жағынан тиімді вариантты қабылдау керек. Көше құбырлары жол бойымен тартылады. Лас су құбырларын таратуды қысқа бағытпен кварталдар бойынша тарту тереңдігін минималды қабылдай отырып жер қыртысын құбырға параллелді болу мүмкіндігін пайдалана отырып тартады. Көше құбырларын тартудың үш әдісі бар: 1) көлемдік әдіс; 2) кварталдың төмендегі қырымен; 3) квартал аралық әдіс.

Құбырларды көлемдік тарту әдісінде кварталдың жан-жағынан қоршай құбырлар тартылады. Бұл әдіс егер жер бедері жазық, квартал өлшемдері үлкен болған жағдайда қолданылады. Кварталдың төменгі қырымен тарту әдісі жер бедері айқын (ылди 0,008+0,01) және жер беті кварталдың бір немесе екі қырына құлай орналасса қолданылады. Бұл әдісті қолданғанда көше торабының ұзындығы қысқарады және жүйенің пайдалануға кететін шығыны азаяды. Соңғы жылдары үлкен аймақты тұрғын үйлерді салуда құбырларды таратудың квартал аралық әдісі үлкен дәрежеге ие болуда. Бұл әдісті құбырлар жоғарыда орналасқан кварталдар аралығынан төменгі орналасқан кварталдар аралығына таратылады. Көлемдік әдіске қарағанда мұнда аула канализациясы көшенікіне қосылып, көше торабының ұзындығы 30+40% кемиді, сонымен қатар құрылыс құны да 10+20%-ке төмендейді. Сыртқы канализация тораптарын тарту қабылдаған канализация жүйесін еске ала отырып жүзеге асады. Кіші диаметрдегі тораптарда құбырлар үлкен ылдилы және үлкен тереңдікте (жер бедері жазық болғанда) болады. Мұндай тораптарды қысқа учаскелермен тарту керек.

Канализация құбырларындағы судың судың қату қауіпі таза су құбырларына қарағанда аз болады. Себебі канализация құбырларында температурасы 10+140С-тан кем емес лас су ағып өтеді. Үй стояктарының төменгі учаскелерінен жоғарыға қарай лас су температурасы сыртқы температураға қарағанда жоғары болғандықтан жылы ауа қозғалыс жасап құбырды желдетіп тұрады. Ал жер астында тартылған құбыр маңайында топырақта жылулық белдеуі пайда болады. Құбырдың ең таяз тарту тереңдігін берілген ауданға канализацияның жұмыс істеу тәжірибесінен алады. Егер жұмыс істеу тәжірибесі болмаса, жергілікті жағдайларға сәйкес ең таяз тарту тереңдігін диаметрі 500 мм-ге дейін құбырлар үшін 0,3 м, ал диаметрі одан үлкен болса 0,5 м жердің қату тереңдігінен жоғары алады. Көше торабын ауыр автокөлік соққыларынан сақтау үшін оның тарту тереңдігін, құбыр үстіне дейін 1,5 м-ден кем алмау керек. Аула құбырларын минималдық тарту тереңдігін 0,7 м-ден кем болмау керек. Ашық әдіспен жұмыс істейтін өндірістегі өзі ағатын коллектордың тарту тереңдігі 6+8 м-ден аспауы керек. Канализация құбырларының (коллекторларының) максималды тарту тереңдігін қатты топырақты жерлерде, егер жер асты суының деңгейі төмен болса 7+8 м-ге дейін қабылдауға болады. Ал топырақты жерлерде, жер асты суының деңгейі жоғары болғанда құбырлардың тарту тереңдіктері 5+6 м-ден аспауы керек. Себебі жер асты суының деңгейі жоғары болса немесе осал топырақты жер болса, онда торап траншеяларын қазғанда, құбырларды тартып қарастырғанда арнайы құрылыс технологияларын қабылдау қажет. Бұл арнайы жұмыстар құбырлардың (коллекторлардың) тарту құнын жоғарылатады.

Канализацияда қолданылатын құбырлар (керамикалық, асбест-цементтік, темірбетондық, металл және т.б.). Арынды құбырлар үшін металл, асбестцементтік, темірбетондық, пластмассалық, ал кейде фанерлі құбырлар қабылданады.Керамикалық, темірбетондық құбырлар өзі ағатын канализация жүйелеріне, ал диаметрлеріне үлкен коллекторларға темірбетонды құбырлар немесе жиналмалы темірбетон элементтері қолданылады. Керамикалық құбырлар ГОСТ-286-82 бойынша ішкі диаметрі 150+600 мм және ұзындығы 800+1200 мм болады. Асбестцементтік құбырлар канализация жүйелерінде кеңінен қолданып келеді. Арынды құбырлар, тұнба тасымалдауға, дюкерлерді орналастыру үшін диаметрі 50+500 мм және ұзындығы 2,95-3,95 м, ішкі қысымы 0,3; 0,6; 0,9 және 1,2 МПа. Құбырлар асбестцементті муфталар арқылы жалғанады. ҚҰбырлар мен муфталардың өлшемдері ГОСТ 1839-80 бойынша кестеде келтірілген. Асбестцемент құбырының ұзындығы құбырларды жалғағанда төмендейді. Бұл құбырлардың құны темірбетон, керамикалық және металл құбырларының құнынан төмен. Темірбетон құбырлары арынсыз және арынды құбырлар болып екі түрге бөлінеді. Диаметрлері 400+2400 мм-ге тең. Темір бетонды арынды құбырлар болып ішкі қысымы 0,2-ден 1,5 МПа-ға есептеледі және арынды құбырлар мен дюккерлер жатқызу үшін қолданылады.

2. Су құбырлары торабының ғимараттары.

Сумен жабдықтау жүйесіне су қабылдайтын ғимараттар, суды арынмен тазарту ғимараттарға, жинағыш резервуарлар мен тұтынушыларға жеткізетін сорғы станциялар, тазарту ғимараттар, сақтау мен реттеуге арнапған резервуарлар мен арынды су мұнаралар, суды үлестіру мен тұтыну жеріне жеткізуге арналған су өткізуші құбырлар мен үлестіруші тораптар кіреді.

Ал егер судың сапасы тиісті сапаны қамтамасыз ететін болса тазалау ғимаратынсыз суды тұтынушыларға жіберуге болады. Егер жер бетінің суын өзен, көл немесе теңіз суларын өндіріс орнына пайдаланатын болса онда суды тек қана тордан сүзу арқылы қолдануға болады.

Су мұнарасының негізгі атқаратын міндеті ол суды сақтау және құбырға қажетті арынды тудыру болып табылады. Құбыр бойына сорғы арқылы пайда болған артық қысым кезінде су мұнараға түссе құбырдағы қысым төмендегенде мұнарадан құбырға су жіберіледі. Кейбір жағдайда үлкен өндіріс орындары үнемі көптеген суды қолданып тұратын кезде су мұнарасын орналастыру қажет емес. Яғни су сорғының көмегімен үнемі құбырға жеткізіліп тұрады.

Өнеркәсіп орындардың көбінде суды әр түрлі агрегаттарды салқындату үшін қолданадады. Бұл жағдайда суды салқындатып қайта пайдалану жүйесі қарастырылады.

Су құбыр жүйесі сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Сыртқы су құбыр жүйесіне суды қабылдау, суды тазалау және су құбыр жүйесіне бөлу ғимараттары кірсе, ішкі су құбыр жүйесіне сыртқы су құбыр жүйесінен құрылыстағы тұтынушыға жеткізуге дейінгі бөлік кіреді.

3. Сумен жабдықтау жүйенің су көздері мен оның сипаттамасы

Сумен жабдықтау жүйелері деген суды табиғи көздерден қабылдап, оның сапасын жақсартып пайдаланатын жерлерге жеткізуге арналған инженерлік ғимараттар мен шаралардың кешені (1-сурет).

Елді мекенді немесе өнеркәсіп, кәсіпорынды орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі, жер бетіндегі немесе жерасты көздерінен суды алып, оны тазалап және өңдеп тұтынушыларға уақытысында қажетті мөлшермен жеткізуді қамтамасыз етуі керек.

Сумен қамтуға арналған табиғи су көздері негізінен екі топтан тұрады:

1. Беттік су көздері - өзендер, көлдер және су қоймалары;

2. Жер асты су көздері – артезиан сулары мен бұлақтар.

Өзен сулары лайлылығымен (әсіресе, су тасу кездерінде), құрамында органикалық заттардың, бактериялардың және өзіндік түсінің болуымен ерекшеленеді. Солай бола тұра, өзен сулары құрамында тұздар аз болады.

Көлдер мен су қоймаларының суларында қалқыма заттар аз болады, өзіндік түсі болады, құрамында органикалық заттар көп және жаз кездерінде планктома кездеседі. Көл суларының минерал құрамы әр түрлі болуы мүмкін.

Беттік су көздерінің сапасы атмосфералық жауын-шашынның түсу қарқындылығына, қардың еруіне және беттік ағын сулардың ластауына байланысты болады.

Жер асты сулары құрамында, әдетте, қалқыма заттар кездеспейді, болса да, өте аз мөлшерде кездеседі және түссіз болып келеді. Олардың санитарлық сапасы өте жоғары, бірақ көбінесе өте минералды, қаттылығы жоғары және құрамында темір кездеседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]