Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
biletter.docx
Скачиваний:
44
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
712.41 Кб
Скачать

10 Билет

1. Лас су құбырының есебі

Ластанған суларды әкету торабы. Канализация торабымен тасымалдан-атын ластанған судың құрамында көп мөлшерде органикалық еріген және минералдық ерімеген қоспалар болады. Ерімеген қоспалар массасы құрғақ зат бойынша тәулігіне бір адамға 0,065 кг шамасында болады. Жылдамдық аз болғанда құбырға бұл заттар тұнба түрінде түсіп, оның өткізу қабілетін төмендетеді немесе кейде бітеп тастауы мүмкін. Сондықтан лас судың қозғалу режимін, тұнбаланбайтын немесе ағынның өзін-өзі тазарту жылдамдығын және лас су ағынының тасымалдауыш қабілетін білу қажет. Зерттеулер нәтижесі бойынша канализация торабында органикалық ерімеген заттар жақсы, ал ерімеген минералды қоспалар (құм, қиыршық тас т.б.) нашар тасымалданатыны анықталған. Құбырға түсетін тұнбада ірілігі 1мм-ден көп 3+8% органикалық заттар, ірілігі 1мм-дің шамасында 92+97% минералды заттар болады. Канализация торабында нығыздалған тұнбаның тығыздығы орташа 1,6 т/м3 болатын сұйықтың құбырмен қозғалғандағы арын жоғалуын анықтау:

мұндағы b сұйықтың түрін, құбыр көлемін ескеретін коэффициент; m-дәрежеде көрсеткіші, ламинарлы қозғалыста m-1, турбулентті қозғалыста –m =1,75.

2. Лас су құбыры келесі негізгі ғимараттардан тұрады:

а) ғимараттар және квартал ішіндегі су әкету жүйелері;

б) сыртқы су әкету жүйелері;

в) реттеуші резервуарлар;

г) сорғыш бекеттері және арынды құбырлар;

д) тазарту ғимараттары;

ж) тазарған суды және жалпы суды апат кезінде тастау.

Құбырлардың ішкі су әкету торабы сарқынды су шығыны аса үлкен болғанның өзінде құбырлардың жартылай толуына есептеледі. Құбырдың құрғақ бөлігі қаланың және өндірістің су әкету торабын жеделдету үшін қызмет атқарады. Үйге немесе бөлмеге газ шығып кетпес үшін санитарлық құралдар астына сифондар қойылады. Ғимараттан өндірістік сарқынды су әкету үшін де су әкету торабы құрастырылады. Өте үлкен сарқынды су шығыны үшін науалар қолданылады. Сыртқы су әкету торабы дегеніміз-су әкету бағытымен жер ылдилығына сәйкес орналасқан жер асты құбырлар жүйесі. Құбырлардың жатқызылуы жер бедерінің ылдилығына байланысты болады. Реттеуші резервуарлар судың максималдық шығынын шоғырландыруға және реттеп тазарту ғимаратына беруге арналған табиғи немесе жасанды сиымдылық. Резервуардағы сарқынды суды шығару құйылатын сарқынды судың шығыны азайған кезде жүргізіледі. Сарқынды судың тазарту ғимаратына өздігінен ағуы жер бедерінің ылдилығы айқын болған кезде ғана іске асырылады. Сарқынды кетіру үшін сорғын бекеттерді орнатады. Сорғыш бекеттерді жергілікті,аудандық және бас сорғыш бекеттері болып бөлінеді. Тазарту ғимарттары-бұл әртүрлә жағдайлардағы сарқынды суды ретімен тазартып шығаратын қондырғылар кешені. Тұрмыстық және өндірістік сарқынды суларды тазартқанда, механикалық және биохимиялық әдістер қолданылады. Суатқа тастау-науалы қондырғы. Бұл қондырғы сарқынды судың суат суымен тез және белсенді араласуын қамтамасыз етуі керек.

3. Лас су құбыр торабына қолданатын құбырлар

Канализацияда қолданылатын құбырлар (керамикалық, асбест-цементтік, темірбетондық, металл және т.б.). Арынды құбырлар үшін металл, асбестцементтік, темірбетондық, пластмассалық, ал кейде фанерлі құбырлар қабылданады.Керамикалық, темірбетондық құбырлар өзі ағатын канализация жүйелеріне, ал диаметрлеріне үлкен коллекторларға темірбетонды құбырлар немесе жиналмалы темірбетон элементтері қолданылады. Керамикалық құбырлар ГОСТ-286-82 бойынша ішкі диаметрі 150+600 мм және ұзындығы 800+1200 мм болады. Асбестцементтік құбырлар канализация жүйелерінде кеңінен қолданып келеді. Арынды құбырлар, тұнба тасымалдауға, дюкерлерді орналастыру үшін диаметрі 50+500 мм және ұзындығы 2,95-3,95 м, ішкі қысымы 0,3; 0,6; 0,9 және 1,2 МПа. Құбырлар асбестцементті муфталар арқылы жалғанады. ҚҰбырлар мен муфталардың өлшемдері ГОСТ 1839-80 бойынша кестеде келтірілген. Асбестцемент құбырының ұзындығы құбырларды жалғағанда төмендейді. Бұл құбырлардың құны темірбетон, керамикалық және металл құбырларының құнынан төмен. Темірбетон құбырлары арынсыз және арынды құбырлар болып екі түрге бөлінеді. Диаметрлері 400+2400 мм-ге тең. Темір бетонды арынды құбырлар болып ішкі қысымы 0,2-ден 1,5 МПа-ға есептеледі және арынды құбырлар мен дюккерлер жатқызу үшін қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]