Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
biletter.docx
Скачиваний:
44
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
712.41 Кб
Скачать

14Билет

1.Сумен жабдықтау жүйелері деген суды табиғи көздерден қабылдап, оның сапасын жақсартып пайдаланатын жерлерге жеткізуге арналған инженерлік ғимараттар мен шаралардың кешені. Қаладағы су тұтынудың барлық түрін үш категорияға жатқызуға болады: 1) шаруашылық-ауыз су қажетіне жұмсалатын су шығыны;2) өнеркәсіптік мекемелердің, көлік және энергетика салаларының өндірістік қажеттеріне жұмсалатын су шығыны;3) өрт сөндіруге жұмсалатын су шығындары.Объектінің арналуына және су сапасына тұтынушылар қоятын талаптарға, сонымен қатар экономикалық шарттарға байланысты барлық мақсаттарға арналған суды бір су құбырымен немесе жеке категориядағы су тұтынушыларға жеке су құбырларымен беруге болады.Қалаларда әдетте бір шаруашылық - өртке қарсы су құбыры тартылады, ол құбыр бойынша халықтың шаруашылық-ауыз су, ауыз су сапасын қажет ететін өнеркәсіп мекемелерінің шаруашылық және өрт сөндіруге қажетті су беріледі.Қалалардағы тазартылмаған су тұтына беретін ірі өнеркәсіптік мекемелер үшін жекелеген өндірістік су құбырлары тартылады. Өртке қарсы су құбырлары мен шаруашылық ауыз су құбырларын немесе өндірістік құбырларды біріктіру мәселелері техника-экономикалық есептеулер нәтижесінде шешіледі. Көбінесе, өртке қарсы су құбырларының ролін шаруашылық-ауыз су құбырлары атқарады, себебі қала ішінде көп тармақталған.Өнеркәсіптік сумен қамту жүйелерінде тікелей, кезектік және кері сумен қамту жүйелері қолданылуы мүмкін. Тікелей сумен қамту жүйелерінде суды өнеркәсіптік тұтынушыларға тікелей бері, оны қолданып болған соң ағызу сұлбалары қарастырылады. Егер су технологиялық процестерден кейін ластанса, оны ағызар алдында тазарту қондырғыларынан өткізеді.Кезекті сумен қамту жүйелерінде бір цехта қолданылған суды екінші бір цехта қолдана береді. Бұл жүйеде тікелей сумен қамту жүйесіне қарағанда, тұтынуға алынған су мөлшері біртіндеп азаяды.Кері сумен қамту жүйелерінде технологиялық тұтынылған су қажет болған жағдайда тазартылудан өткізіліп, өндіріске кері жіберіледі. Өндірістік процестерді орындау және суды тазарту барысында су мөлшері азаяды. Бұл шығында су көздерінен толықтырылып отырады. Кері сумен қамту жүйелерінің арқасында, су қоймаларына тасталатын ластанған су мөлшерін азайтуға болады.

2.Тасымалданатын судың негізгі көрсеткіштері:

Тасымалданатын судың негізгі көрсеткіштері яғни суды тасымалдаған кезде біріншіден оның қайда тасымалданатыны, қандай мақсатта қолданатыны, қай мезгілде, кандай көрсеткіште жіберуіміз керек екенін анықтайды. Мысалы, біз суды тұрмыстық шаруашылыққа, өндірске, абаттандыруға, көше суаруға кететінін қарастырамыз. Абаттандыруға кететін су тәулігіне неше рет, неше сағат шығындалатынын мекенжайдың ауа райына және басқа жағдайларына байланысты қала басшыларымен келісе отырып белгілеген жөн. Әдетте, абаттандыру су шығынының 50пайызы машина көмегімен себіледі. Қаладағы суландыру, себу және жуу жұмыстары. Су ең аз шығындалатын мезеттерде жүргізілгені жөн. Көшелер мен алаңдарды себуге қажетті суды пайдалану тәртібін былайша жоспарлауға болады 60-70 пайыз кешкі және таңертеңгі мезеттерде, 30-40пайыз күндізгі уақыт, жасыл алқаптарға 80 пайыз таңертең, ал қалғаны күндізгі уақытта жұмсалады.Өнеркәсіп орындарындағы өндіріске және жұмысшыларға кететін судың тәулік бойы шығындалу кестесі мекеме технологінің есеьі бойынша алынады. Кейбіреулерінде су шығыны тұрақты болып, жылдар бойы өзгермесе, ал кейбіреулерінде мәселен салқындату өндірісінде шығын көлемі қыста кеміп, жаз айларында көбеюі мүмкін.

3.Канализация торабын жобалаганда , мумкиндигенше кубырлардын тоселу терендигин минималды, өндірісітік және тұрсысытық лас судың құбырларымен өз бетінше ағу режимін қабыладау керек. Негізгі коллектор әне канализация коллекторларының трассалары суды жогары котеруди кажет ететин аудандар ушин моргыш бекеттери орнататын аландар тандап алынады. Канализация құбырларын жерге төсегенде алдымен негізгі коллекторлар, содан кейін канализациялау бассейндерінің коллекторлары, соңында көше торабы таратылады.

Негігі және әкету коллекторларының санына, бағытына тазарту құрылымдарының орналасу орны мен лас суды тастау орны әсер өтеді. Өте ірі және жер бедері жазық қалаларда сорғыш станцияларының, тазарту құрылымдарының бірнеше болуы тиімді. Негізгі коллекторлар өзен немесе суат бойын жағалай орналасады. Жер бедері жазық болғанда коллекторлар мүмкіндігінше бассейн ортасы бойынша таратылады. Егер коллекторлар диаметрі үлкен болса, өзін-өзі тазарту жылдамдығын қамтамасыз ету үшн аз ылдилық қажет. Барлық коллекторлар қала жолдары, техникалық және жасылжелек зоналарында таратылады. Жобалау кезінде канализация коллекторларын тарту схемаларының бірнеше жолдарын қарастыра отырып, ішінен техника-экономикалық және санитарлы-техникалық жағынан тиімді вариантты қабылдау керек. Көше құбырлары жол бойымен тартылады. Лас су құбырларын таратуды қысқа бағытпен кварталдар бойынша тарту тереңдігін минималды қабылдай отырып жер қыртысын құбырға параллелді болу мүмкіндігін пайдалана отырып тартады. Көше құбырларын тартудың үш әдісі бар: 1) көлемдік әдіс; 2) кварталдың төмендегі қырымен; 3) квартал аралық әдіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]