Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
biletter.docx
Скачиваний:
44
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
712.41 Кб
Скачать

8 Билет

1.Су құбырындағы судың және табиғи судың сапаы

Орталықтанған жолмен берілетін судың сапасы келесі талаптарға сәйкес келуі керек:

Су эпидемиология тұрғыдан қауіпсіз болуы қажет.

Судың органолептикалық қасиеттері жағымды болуы тиісті.

Су химиялық құрамы бойынша зиянсық болуы тиісті.

Радиациялық тұрғыдан қауіпсіз.

Ауыз судың сапасы оның су тарату желісіне түсер алдында, сондай-ақ су құбыры желісінің сыртқы және ішкі су алу нүктелерінде гигиеналық нормаларға сәйкес келуі керек.

Осы негізгі гигиеналық талаптарды орындау, егер судың микробиологиялық, радиациялық, токсикологиялық және органолептикалық көрсеткіштері СанПиН-де келтірілген нормативтерден аспауында мүмкін.

Инфекциялық аурулардың таралуындағы судың рөлі қандай?

Ішек инфекццияларының қоздырғыштары ашылғанға дейін, судың және сумен қамтамасыз ету жағдайының инфекциялық ауруларды таратудағы рөлі әлде қашан мәлім болған.

Судың эпидемиологиялық маңыызы әр түрлі инфекциялық ауруларға бірдей емес: су жолымен таралу тырысқаққа (холера), іш сүзектеріне (бр.тиф), дизентерияға, және де лептоспирозға, туляремияға тән. бурцеллез, туберкулез, Ку- қызбасы т.б. сырқаттар сумен таралуы мүмкін, бірақ сипатты емес. Су арқылы кейбір инвазиялары таралуы мүмкін.

Сынақтық және натуралық зерттеулер патогенді микроорганизмдер суда тіршілігін кең шекте сақтай алатынын көрсеткен.

Суда микробтардың тіршілігін мақтау мерзімдері.

Қоздырғыштары

Су

су құбырының

Құдықтың

өзеннің

Іш сүзегі

2-93

12-107

4-183

Паратиф В

27-37

-

-

Дизентерия

15-27

-

12-92

Тырысқақ

4-28

1-92

4-92

Лептоспироз

-

7-75

До 150

Туляремия

До 92

12-60

7-31

Гелминттердің жұмыртқалары су қоймаларына тікелей адамдардың нәжістерімен (іркінді сулармен, шомылуда) немесе топырақтың бетінен атмосфералық жауын-шашындармен түседі. Гелминттердің жұмыртқалары мен личинкалары адам организміне ластанған су көздерінің суын ішуде немесе жуылмаған көкөністер мен жемістерді жеуде, немесе оларды ластанған сумен жууда түседі.

Адамның инфекциялық патологиясында, әсіресе балаларда жетекші орындардың бірін вирустық ішек инфекциялары алады. Эпидемиологиялық және гигиеналық көзқарастан осы вирустар ерекше қауіп тудырады, себебі олар қоршаған орта обьектілерінде жоғары тұрақты келеді, адам үшін патогендігі жоғары, жылдам таралуы және тиімді профилактикалық шаралардың жоқтығы.

Қазіргі уақытта нәжістермен бөлінетін 100 аса әртүрлі вирустар бар: энтеровирустар (полиомиелит, Коксаки, ЕСНО вирустары), аденовирустар, реовирустар, парвовирустар, гепатита А вирустары т.б. Вирустар өздерінің тірлігін суда, қалқымалы бөлшектерде, шөгінділерде, моллюскаларда ұзақ сақтай алады. Мысалы, энтеровирустар судың температурасы 150 тірлігін 200 күнге дейін, гепатит вирусы 100-200 температурада 4,5 жылға дейін сақтай алады. Осының нәтижесінде вирустар су қоймасында едәуір қашықтыққа тарала алады.

Сумен байланысты инфекциялық аурулардың пайда болуы келесі жағдайлармен туындайды:

1. Ластанған су қоймаларын демалыс немесе ауыз су үшін пайдалануда.

2. Санитарлық-техникалық жағдайы қанағатсыз су құбырынан суды пайдалануда.

3. Патогенді бактериялармен және вирустармен ластанған сумен суландырылған көкөністер мен жемістерді жеуде.

2. Ластанған судың түрлері мен сипаттамасы

Ластанған судың жіктелуі. Ластанған су деп тұрмыстық, өнеркәсіп және тағы басқа қажеттерге пайдаланылып, әртүрлі қоспалармен ластанып өзінің алғашқы химиялық құрамы мен физикалық қасиеттерін өзгерткен суларды және елді мекендер мен өнеркәсіп орындарының аумағында пайда болған жаңбыр суымен көшелерді жуған суларды айтады. Пайда болуы, түрі және қоспалардың сапалық сипаттамасына байланысты ластанған су тұрмыстық су, өнеркәсіп суы және жаңбыр суы деп үш категорияға бөлінеді. Тұрмыстық ластанған су шаруашылық және фекалдық суға бөлінеді. Шаруашылық-тұрмыстық ластанған су – ас үйде, сусеберде, кір жуғанда және т.б. жағдайларда пайда болады.

Өнеркәсіп ластанған суы - өндіріс орындарында пайда болады, олардың құрамы өндіріс саласына байланысты әртүрлі болады. Атмосфералық лас су – жаңбыр жауғанда немесе қар ерігенде пайда болады. Жаңбыр суының көлемі еріген қар суының көлеміне қарағанда едәуір көп болады. Лас суды қажетті дәрежеде тазалау үшін лас судың құрамын білі және суаттың суымен араластыру дәрежесін анықтау керек. Сонымен қатар, суаттың суының өзін-өзі тазарту қабылетін анықтау қажет. Ластанған су төмендегідей жіктеледі: Физикалық құрылысына байланысты: а) ерітілмейтін қоспалар, олар ірі қалқымалы бөлшектен, суспензия, эмульсия және көбік түрінде болады (бөлшектердің диаметрлері 0,1 мкм-ге дейін).б) каллоидты бөлшектер, диаметрі 0,1-0,001 мкм шамасында. в) ерітілген бөлшектер, олар суда молекулярлы-дисперсті бөлшек түрәнде болады, диаметрлері 0,001 мкм-ден кем болады.

3. Ластанған судың мөлшері

Ластанған судың шығын мөлшері деп бір адамға келтірілген, ал өнеркәсіп орындары үшін әрбір шығарған өнімге келтірілген лас су шығынын айтамыз.

Тұрмыстық лас су шығын мөлшерлері тұрғын үйлер салынған аудандарда олардың абаттандырылу дәрежесіне сәйкес қабылданады және ол климаттық, санитарлы-гигиеналық және т.б. жергілікті жағдайларға байланысты.

Ластанған су шығыны жыл ішіндегі тәуліктерде және тәулік ішіндегі сағаттарда тербелмелі, әртүрлі болады. Осы тербелудің негізгі сипаттамасы болып біркелкісіздік коэффициенті саналады. Біркелкісіздік коэффициенті сағаттық, тәуліктік, жалпы біркелкісіздік коэффициенті болып бөлінеді. Біркелкісіздік коэффициенттің мәні қала үлкен болса аз, ал неғұрлым кіші болса көп болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]