Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
biletter.docx
Скачиваний:
44
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
712.41 Кб
Скачать

18Билет

1. Мекенжайлардың қайсында болмасын (қала ауыл өнеркәсіп орындары) судың көлемі мен сапасына әртірлі талаптар қоятын тұтынушлар кездеседі.

Жоғарыда айтылғандай суды елді мекендерде шаруашлықы ауыз су мұқтажына абаттандыру өндіріс өрт қажеттеріне қолданады. Мекенжайдың түріне және тұтынушылық жағдайларға байланысты мекенжай көлемінде көп мақсатты «бірлескен» су құбыры немес жеке тұтынушылар масатын көздейтін «бөлінген » су құбырлары құрылуы мүмкін. Қаларалда әдетте барлық тұтынушыларға су бір құбырдан беріледі. Осы су құбыры қаладағы өнеркәіпорындарына да су бере алады.

Суды көп өнеркәсіп орындарында қала құбырынан бөлінген жеке өндірістік жүйені қабылдаған тиімді. Кейбір өнеркәсіп мекемелерінде бұл әртірлі сападағы және сипаттағы тораптар болуы мүмкін. Өндірі орындары қала аймағынан тысқары жатып, жұмысшы поселкаысмен бірге жеке бір өнеркәсіптік аймақты құратын болса, онда-шарушылық ауыз су мұқтажына суды ала құбырынан ал өндіріс үшін суды оның көлеміне байланысыты қаладан немесе жеке жүйеден алуға болады. Сонымен өнеркәсіптерде су құбырларының жекелеген немес бірлескен түрлері кедесуі мүмкін.

Өртке қарсы істелетін жұмыстар, әдетте, шаруашылық –ауыз су суымен жабдықтайтын жүйеге жүктелінеді, өйткені олар қала немесе өндіріс орындарында жақсы таралған.

2. Сумен жабдықтау жүйелерінде орналасу жеріне байланысты сорғы станцияларын келесі ретпен жіктеуге болады. Бірінші көтеру сорғы станциялары, екінші көтеру сорғы станциялары, арынды арттыру станциялары және айналма станциялары.

Арынды мұнара және реттеуші сиымдылықтар

Конструкциялық өзгешiлiктерi бойынша сыйымдылықтар төмендегiдей жiктеледi:

а) арынды мұнара

б) резервуарлар

в) арынды бағаналар

Арынды мұнаралар

Арынды мұнаралар бактен және оны көтерiп тұратын конструкциядан тұрады. Бактердi болаттан және темiр бетоннан жасайды. Су мұнаралардың түрлерi:

Су мұнарасында орналасқан бактiң түбi түзу, эллипс, конус, сопақ болып келедi.

Су мұнараны жабдықтау сұлбалары.

а) екi құбырмен

б) бiр құбырмен

в) керi клапанды

г) су асып кетпеу үшiн арнайы қондырғылар.

10сурет-Арынды мұнаралар сұлбасы

1-суды жеткiзетiн және әкететiн құбыр, 2-арынды мұнараларадан суды әкету құбыры, 3- кері клапан, 4-сүзгі, 5-суды әкелу құбыры, 6-артық су кету құбыры, 7-бакті тазалау құбыры,8-жаппалар, 9-суды әкету құбыры, 10-ысырма,11-компенсаторлар.

Су мұнарасының биiктiгiн анықтау

Hб =z +Hсв +h-z3

мұндағы:: z- берiлген нүктедегi жер белгiсi

Нсв – берiлген нүктедегi тұтынушыларға керектi бос орын.

h - су мұнарасынан берiлген нүктеге дейiн магистаральды су шығынадырының қосындысы.

Z3 – су мұнарасының маңындағы 3 нүктедегi жер белгiсi.

11- Сурет. Су мұнарасы мен сорғы арынының биіктігін анықтау сұлбасы

а-арынды мұнара тораптың басында орналасқан; б-арынды мұнара тораптың соңында орналасқан (контррезервуар)

3. Резервуарлар екіге ажыратылады. Біріншісіне арынды сыйымдылықтар жатады. Олар арынды мұнара тәріздес болып, олардың жер бетінің ең биік жерлеріне орналастырады да, тұтынушыларға судың сорғыштарсыз-ақ бере алады.

Резервуардың екінші түрі арынсыз келеді де, оларды ауа райына, топырақ сипатына және қызметіне байланысты жердің бетіне немесе жерге кеміңкіреп жасайды. Олардан суды сорғыштармен сорып алады. Арынсыз резервуарлар сумен жабдықтау сұлбасындағы орнына байланысты таза суды сақтау, судың шығындалуы режимін реттеу және қосымша сыйымдылықтар мақсатында пайдаланылады.

Резервуарлардың конструктивтік көрінісі де әртүрлі. Бұрынғы кездері резервуарларды қыштан,тастардан жасаса,қазіргі уақытта пішіні, құрылымыжәне құру әдістері әртүрлі болып келетін темір-бетонды элементтерден құрастырады.

Мұнай цистерналарында ұқсайтын болаттан жасалған резервуарлар АҚШ-та жиі кездеседі. Коррозиядан сақтау жұмыстары әрі қиын, әрі қымбат болғандықтан, біздерде болатты сыйымдылықтар көп қолданылып жүрген жоқ.

Темірбетонды резервуарларды кеңдігі қанша болса да құра алатын биіктігі 3,6...4,8 м-ге дейін болатын әртүрлі жеке элементтерден жинау мүмкіншілігі қарастырылған.

Резервуарлар су келетін, екі сорушы, біреуі шаруашылық-ауыз су құбыры, ал екіншісі өртке қарсы су құбыры, ағынды және ласты құбырлармен жабдықталады.

Резервуар арынды-реттеуші сыйымдылық рөлін атқаратын жағдайларда, оның құбырлармен жабдықталуы арынды мұнаралар тәріздес болады.резервуарлар сумен жабдықтау сұлбасында су жүйесінің сұлбасында сорғыш бекетінің қарама-қарсы жағында болса, онда сорушы мен су келетін құбырларды біріктіріп құруға болады.

Су белгілі мөлшерден асып кеткен жағдайда, оны шығарып тұратын ағынды құбырға ысырма қойылмайды. Оны ласты құбырларға қосуға болады. Резервуардағы су алмасуын қамтамасыз ету үшін су келетін құбыр су алатын орынның қарама-қарсы жағына жеткізілгені жөн.

Резервуардағы өртке жұмсалатын суды шаруашылық-ауыз су сорғыш сорып кетуден сақтау үшін сұлбадан басқаша құрастыруға болады. Екі құбырдың орнына біреуін ғана орналастырады, ал оның ұшы қмсық мойынды болып және жоғары жағында тесігі болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]