Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
biletter.docx
Скачиваний:
44
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
712.41 Кб
Скачать

21Билет

1.Сумен жабдықтау жүйелері деген суды табиғи көздерден қабылдап, оның сапасын жақсартып пайдаланатын жерлерге жеткізуге арналған инженерлік ғимараттар мен шаралардың кешені. Елді мекенді немесе өнеркәсіп, кәсіпорынды орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі, жер бетіндегі немесе жерасты көздерінен суды алып, оны тазалап және өңдеп тұтынушыларға уақытысында қажетті мөлшермен жеткізуді қамтамасыз етуі керек. Осы мақсатпен сумен жабдықтау жүйесіне су қабылдайтын ғимараттар, суды арынмен тазарту ғимараттарға, жинағыш резервуарлар мен тұтынушыларға жеткізетін сорғы станциялар, тазарту ғимараттар, сақтау мен реттеуге арнапған резервуарлар мен арынды су мұнаралар, суды үлестіру мен тұтыну жеріне жеткізуге арналған су өткізуші құбырлар мен үлестіруші тораптар кіреді. Адамдардың тіршілік ісі нәтижесінде және өнеркәсіптік кәсіпорындарында пайда болатын сарқынды суларды жинап әкетіп және тазарту үшін, суды әкету жүйесі пайдаланады. Кәсіпорындардың өндіріс қалдықтарының, коммуналдық-тұрмыстық объектілердің қалдықтарының құрамындағы ластайтын заттар қоршаған ортаға зиян келтіреді. Ауа алабын және су ресурстарын осындай улы заттардан қорғау үшін қоршаған ортаны қорғау инженерлік жүйелер қолданылады.

2. Тасымалданатын судың негізгі көрсеткіштері яғни суды тасымалдаған кезде біріншіден оның қайда тасымалданатыны, қандай мақсатта қолданатыны, қай мезгілде, кандай көрсеткіште жіберуіміз керек екенін анықтайды. Мысалы, біз суды тұрмыстық шаруашылыққа, өндірске, абаттандыруға, көше суаруға кететінін қарастырамыз. Абаттандыруға кететін су тәулігіне неше рет, неше сағат шығындалатынын мекенжайдың ауа райына және басқа жағдайларына байланысты қала басшыларымен келісе отырып белгілеген жөн. Әдетте, абаттандыру су шығынының 50пайызы машина көмегімен себіледі. Қаладағы суландыру, себу және жуу жұмыстары. Су ең аз шығындалатын мезеттерде жүргізілгені жөн. Көшелер мен алаңдарды себуге қажетті суды пайдалану тәртібін былайша жоспарлауға болады 60-70 пайыз кешкі және таңертеңгі мезеттерде, 30-40пайыз күндізгі уақыт, жасыл алқаптарға 80 пайыз таңертең, ал қалғаны күндізгі уақытта жұмсалады.Өнеркәсіп орындарындағы өндіріске және жұмысшыларға кететін судың тәулік бойы шығындалу кестесі мекеме технологінің есеьі бойынша алынады. Кейбіреулерінде су шығыны тұрақты болып, жылдар бойы өзгермесе, ал кейбіреулерінде мәселен салқындату өндірісінде шығын көлемі қыста кеміп, жаз айларында көбеюі мүмкін.

3. Су тұтыну мөлшері дегеніміз– уақыт бірлігінде әртүрлі мүдделерге немесе шығарылатын өнімнің бір бөлігіне жаратылатын судың мөлшері. Шаруашылық пен ауыз суын тұтыну мөлшерлері (кестеден алынады) әр мекеннің аудандарының абаттандырылу дәрежесіне байланысты қабылдайды.

Шаруашылық - ауыз судың есептік орташа тәулік шығыны мына формуламен анықталады (ҚН ж Е 2.04.02-84):

Q=(q*N)/1000, [м3/тәул]

мұндағы:: q - шаруашылық - ауыз суын тұтыну мөлшері, 1 тұрғынға л/тәул (кесте бойынша қабылданады); N - тұрғындардың саны.

Тәуліктегі максималды және минималды су тұтынудың есептік шығыны былай анықталады:

Qтәул. макс = Ктәул. макс. * Q о.т., [м3 /тәул]

Qтәул. мин. = Ктәул. мин* Q о.т.,3 /тәул]

мұндағы:: Ктәул.макс.- тәуліктік максималды тұрақсыздық коэффициенті, Ктәул.макс=1,1-1,3; К тәул.мин - тәуліктік минималды тұрақсыздық коэффициенті, 0,7 - 0,9-ға тең.

Тәуліктік тұрақсыздық коэффициенті Ктәу халықтың әдет ғұрыпына, кәсіпорынның жұмыс тәртібіне, үйлердің абаттандырылу дәрежесіне байланысты анықталады.

Есепті сағаттық шығындар келесі формуламен анықталады:

; (м3/сағ)

; (м3/сағ)

Есепті секундттық шығындар келесі формуламен анықталады:

; (л/с)

; (л/с)

Елді мекендердің көшелерін суару, жасыл алқаптарды суаруға қажетті су шығыны жергілікті жағдайлармен, суару түрі және топырақ құрамына байланысты 1 м2 ауданға 0,3-0,6 л мөлшерімен анықталады.

Өндіріс орнындарында жұмыс істейтін жұмысшылардың шаруашылық ауыз суға қажетті мөлшерін ыстық цехтар үшін 1 адамға 1 сменада 45 л мөлшермен, ал суық цехтар үшін 25 л мөлшермен есептеп алуға болады.

Суды әкелу мен үлестіру жүйелерін есептегенде тұтынушылардың су пайдалануының жыл бойы күн сайын өзгеруін ғана емес, тәуліктің әр мерзімінде болып тұратын өзгерістерді де есепке алу керек.

Елді мекендегі су колонкасынан алынатын су мөлшері бір тұрғынға тәулігіне 30-50 л шамамен белгіленеді.

Елді мекенде сағаттық су тұтынуы халықтың санына, ауа райы жағдайына, үйлердің санитарлы-техникалық жабдықталуына, жылдың маусымына және басқа да факторларға байланысты.Тәуліктік максималды су тұтыну сағатындағы шығынның, орташа сағат шығынға қатынасын сағаттық тұрақсыздық коэффициенті дейді.

К сағ = q сағ.макс / q сағ.ор.

Сағаттық тұрақсыздық коэффициенті Ксағ елді мекенде су тұтыну мөлшеріне байланысты қабылдайды.

Кесте 1.1- Елді мекендер үшін шаруашылық ауыз су тұтыну мөлшері

Үйлердің санитарлық техникалық жабдықталу дәрежесі

Абаттандыру дәрежесі

Бір адамға тәулігіне мөлшерленген су шығыны, л/тәу, q

Үйлер су құбырымен және су әкету жүйелерімен жабдықталған, ваннасыз

1

125-160

Үйлер су құбырымен және су әкету жүйелерімен жабдықталған, ванналы және жергілікті су жылыту қондырғысы бар

2

160-230

Үйлер су құбырымен және су әкету жүйелерімен жабдықталған, орталықтандырылған ыстық су жүйесі бар

3

230-350

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]