Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
biletter.docx
Скачиваний:
44
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
712.41 Кб
Скачать

9 Билет

1. Лас су құбыр жүйесі.

Суды әкету жүйесі дегеніміз – адамдардың тіршілігі мен өнеркәсіптік мекемелер іс-әрекеті нәтижесінде түзілетін сарқынды суларды жинауға, әкетуге және тазартуға арналған инженерлік құрылымдар жүйесі.

Iшкi су әкету жүйесiн төмендегiдей түрлерге бөледi.

1.Ласты жинау және әкету тәсiлiне байланысты екi түрге бөлуге болады, ол ағызып әкету және тиеп әкету.

Ағызып әкететiн жүйе бұл су құбыры бар, яғни ласты қабылдап, оны сумен араластырып су әкету торабына ағызады. Тиеп әкету жүйесi негiзiнен су құбыры жоқ екендерде қолданылады, бұл жүйеде лас жиналып, транспорт арқылы тазарту ғимараттарына жөнетiледi.

2. Сарқынды судың сипаттамасы және қайдан пайда болып жатқанына байланысты төмендегiдей бөлiнедi: 1.Тұрмыстық. 2. Өндiрiстiк.3. Жаңбырлы.

Тұрмыстық – бұл адам өмiрiнде пайда болған шаруашылық –тұрмыстық лас суларды тасмалдауға арналған жүйе. Өндiрiстiк – орындарынлда пайда болған лас суларды қабылдап, қажет болса, алдын-ала тазартып, әкетуге арналған жүйе. Өндiрiс лас суларының құрамы әртүрлi болады, оған себеп сол өндiрiс орынынң өнiм шығару түрiне, сумен жабдықтау жүйесiне тағы басқа жағдайларға байланысты болады. Жаңбырлы – жаңбыр және ерiген қар суларын әкетуге арналған жүйе.

2. Лас су құбыр схемасы

1-қол жуғыш; 2-унитаз;3-раковина; 4-ванна; 5-гидрозатвор; 6-әкету құбыры; 7-желі; 8-тазарту; 9-шығару құдығы; 10-шығару.

Раковиналарда, қол жуғыштардан, унитаз, ванна және т.б. санитарлық-техникалық аспатардан өзіндік ағу арқылы желілерге, одан аулалық құдыққа ағады. Суды әкету жүйесін желдету шатырдағы бөлмелер арқылы ауа шығару арқылы іске асады. Сыртқы квартал ішілік тармақ аулалық құдықтардан сарқынды суды жинап, көшелік суды әкету жүйесіне тасымалдауға арналады. Квартал ішілік құбырларды і=0,01 еңіспен тартады және соңына бақылау құдығын орнатады.

3.Лас су құбырының құрамы.

Ластанған су деп тұрмыстық, өнеркәсіп және тағы басқа қажеттерге пайдаланылып, әртүрлі қоспалармен ластанып өзінің алғашқы химиялық құрамы мен физикалық қасиеттерін өзгерткен суларды және елді мекендер мен өнеркәсіп орындарының аумағында пайда болған жаңбыр суымен көшелерді жуған суларды айтады. Пайда болуы, түрі және қоспалардың сапалық сипаттамасына байланысты ластанған су тұрмыстық су, өнеркәсіп суы және жаңбыр суы деп үш категорияға бөлінеді. Тұрмыстық ластанған су шаруашылық және фекалдық суға бөлінеді. Шаруашылық-тұрмыстық ластанған су – ас үйде, сусеберде, кір жуғанда және т.б. жағдайларда пайда болады.

Фекалды су – адамдардың, жан-жануарлардың физиологиялық бөліністерінен пайда болады. Өнеркәсіп ластанған суы - өндіріс орындарында пайда болады, олардың құрамы өндіріс саласына байланысты әртүрлі болады. Атмосфералық лас су – жаңбыр жауғанда немесе қар ерігенде пайда болады. Жаңбыр суының көлемі еріген қар суының көлеміне қарағанда едәуір көп болады. Лас суды қажетті дәрежеде тазалау үшін лас судың құрамын білі және суаттың суымен араластыру дәрежесін анықтау керек. Сонымен қатар, суаттың суының өзін-өзі тазарту қабылетін анықтау қажет. Ластанған су төмендегідей жіктеледі: Физикалық құрылысына байланысты: а) ерітілмейтін қоспалар, олар ірі қалқымалы бөлшектен, суспензия, эмульсия және көбік түрінде болады (бөлшектердің диаметрлері 0,1 мкм-ге дейін).б) каллоидты бөлшектер, диаметрі 0,1-0,001 мкм шамасында. в) ерітілген бөлшектер, олар суда молекулярлы-дисперсті бөлшек түрәнде болады, диаметрлері 0,001 мкм-ден кем болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]