Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
biletter.docx
Скачиваний:
44
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
712.41 Кб
Скачать

25Билет

1. Қазіргі кезде қолданылатын құбырларға шойыннан, болаттан, асбестцементтен және темірбетоннан жасалынатын құбырлар жатады. Темірбетон құбырлардың ұзындығы 5мм-ге дейін, ал диаметрі 500...1600 мм болады. Бұл құбырлардың бір ұшы кең қонышты келеді де, бір-бірімен шойын құбырларына ұқсас жалғастырылады. Олар коррозияға өте төзімді. Ток өткізбейтін және су өткізгіштік қасиеттері басқа құбырларға қарағанда әлдеқайда жоғары болады. Әдетте, темірбетон құбырлар өткізгіштерде пайдаланады. Темірбетон құбырлары арынсыз және арынды құбырлар болып екі түрге бөлінеді. Диаметрлері 400+2400 мм-ге тең. Темір бетонды арынды құбырлар болып ішкі қысымы 0,2-ден 1,5 МПа-ға есептеледі және арынды құбырлар мен дюккерлер жатқызу үшін қолданылады. Жақсы жағы – төзiмдiлiгi, тот баспайды. Кемшiлiгi – үлкен салмақ, бағасының өте қымбаттылығы.

2. Канализация жүйелеріндегі ғимараттарға құдықтар жатады. Олар тексергіш,тораптық, бақылайтын, тазартатын, бұрма және құлама құдықтар болып бөлінеді. Жаңбыр және жалпы ағызатын канализация жүйелерінде жаңбыр суын қабылдап алу үшін жаңбыр қабылдағыш құдықтар салынады. Бақылау құдықтарын есептік учаскелерде салады. Бақылау құдықтарының арақашықтары құбырлардың диаметріне сәйкес қабылданады. Бұратын құдықтарды канализация құбырларының трассасының бағыты өзгерген жерге салады,өзінің науасының пішіні қисық болады. Тораптық құдықтарды екі немесе үш канализациялық құбырлардың қиылысқан жеріне салады, кейде үлкен диаметрлі коллекторлардағы тораптық камера деп атайды. Тазартатын құдықтарды құбырларды тазарту үшін канализация жүйелерінің басты учаскелерінде салады. Құлама құдықтарды канализация құбырларының өте терең орналасқан негізгі коллекторларға қосылған жеріне салады. Канализациялық құдықтар планда дөңгелек немесе тікбұрышты болады. Дөңгелек құдықтардың диаметрін құбырлардың диаметріне сай нормативтік әдебиеттерден қабылдайды. Құбырлардың диаметрі 1200мм артық болса, құдықтар тікбұрышты болады. Құдықтардың мойнының диаметрі 700мм тең болады.

3. Коррозияға құбырдың сыртқы қабырғалары ұшырауы мүмкін. Сыртқы коррозиядан оларды әртүрлі битумдық қаптағыштармен орау арқылы құтқаруға болады. Қаптағыштармен түрін жер қыртысындағы тұздардың электролиттік бүлдіргіштік әсеріне байланысты анықтайды. Металл құбырларды коррозиядан қорғаудың тағы бір жолы-коррозиялық электрохимиялық теориясына негізделген катодтық қорғау. Бұл теория бойынша металдың мүжілуі коррозиялық ортамен жанасқанда, құбырдың сыртқы бетіне гальваникалық будың енуімен сипатталады. Металл құбырларда катодтық әдіспен қорғағанда науайы ток көзінен алынатын тұрақты токты құбыр маңына қадалған,анод қызметін атқаратын темір қазыққа бағыттайды. Ток құбыр бетінде гальваникалық будың бүлдіргіш әрекетін бейтараптандыратын катодты кеңістік түзеді. Электр энергиясының көп шығындалатынына байланысты катодтық қорғау битуммен қапталған құбырларға тек қосымша шара ретінде қолданылады. Металл құбырлардың ішкі бетін тот бсудан суды науайы өңдеуден өткізу жолымен де сақтауға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]