Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

KZ Патофизиология учебник

.pdf
Скачиваний:
353
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
6.67 Mб
Скачать

бұлшықеттердің сырқырап ауыруы, аяқтардың сіңірлері

тартылуы, әлсіздік, жүрек айнуы, құсу, іш

ауыруы және

өтуі, артериалық қысымның өзгеріп тұруы, тершеңдік, жүрек

қағуы, ұйқы қашуы сияқты вегетативтік және физикалық

бұзылыстар дамиды;

 

 

 

Доғару синдромының жіті кезеңі 4-5 аптаға дейін

созылады.

Есірткіні

қабылдаудан

мүлде

ұстанған

 

нашақорлардың жағдайы біртіндеп түзеледі. Бірақ оның

 

кейбір белгілері бірнеше ай бойы сақталуы мүмкін.

 

 

 

Нашақорлық пен уытқорлық даму сатылары.

 

61

Есірткілік затты кездейсоқ қабылдау кезінде

болашақ

 

нашақор оны кез келген уақытта қабылдамай тастайды – деп

 

есептейді.

Көпшілік

жағдайларда

есірткіні

бірінші

 

қабылдау

кезіндегі

басынан

өткізген

шаттаныстық,

 

рахаттану сезімдері оны қайталап қабылдауға мәжбүрлейді,

 

біртіндеп рухани тәуелділік дамуына әкеледі.

 

 

 

Нашақорлық пен уытқорлықтың даму жолдарында: бастапқы

 

сатысы, физикалық тәуелділік сатысы және ақырғы сатысы -

 

деп үш сатыны ажыратады. Әрбір жағдайда олар әртүрлі

 

болуы немесе басқаша аталулары да мүмкін. Бірақ оларға

 

тән жалпы заңдылықты ортақ құбылыстар

болады.

 

 

Бастапқы саты жан-дүниеге әсерлі затқа рухани әуестік

 

дамуымен және қайталап оны қабылдағанда көңіл-күйін

 

шаттандыратын оның бастапқы әсері азаюымен сипатталады.

 

Сондықтан

нашақорға

алғашқы

көңіл-күйінің

айқын

шаттанысын қайталап сезіну үшін есірткінің дозасын біртіндеп ұлғайту қажеттігі туындайды. Есірткіні қабылдау аралықтарында адамның қанағаттанбаған жайсыздық сезімі болып, оның жұмысқа қабілеті төмендейді. Бұларды есірткінің үлкен мөлшері ғана жоя алады. Осыдан нашақордың есілдерті әрдайым оның жаңа дозаларын қабылдауға бағытталады. Бұл сатысы 2-6 айға созылады. Содан біртіндеп:

неврастениялық және психастениялық синдромдар

дамиды;

бұл заттарға рухани тәуелділік қалыптасады;

бұл заттардың теріс әсерлеріне организмнің бейімделуі болады;

бұл заттарға организмнің төзімділігі көтеріледі.

Неврастениялық және психастениялық синдромдар:

науқастың мінезінің қызбалығымен, өзін-өзі ұстай алмаушылығымен, әл-қуатының және ойлау қабілетінің тез шаршағыштығымен, есте сақтау қабілетінің бұзылуымен, сезімталдықтың ( парестезия, гипожәне гиперестезия) және ұйқының бұзылыстарымен көрінеді.

Рухани тәуелділік: көңіл-күйдің бей-жайлығымен, тұнжырауымен, жан-дүниеге әсерлі заттың қанда мөлшері азайғанда қанағаттанбаушылық сезімімен және бұл сезімнің осы зат организмге қайта түскенде жоғалуымен байқалады. Оның даму жолдарында мына тетіктердің маңызы болуы ықтимал:

жан-дүниеге әсерлі затты қабылдау біртіндеп нейрондарда және олардың аяқшаларында жүйкелік дәнекерлердің қоры таусылуына әкеледі;

дофамин т.б. катехоламиндердің тапшылығы «нығайту»

62жүйесінің белсенділігін төмендетеді;

көңіл-күйдің жайсыздығы дамиды, адамның әл-күші

әлсірейді, ақыл-есі азаяды, өшігу сезімі пайда болады; жан-дүниеге әсер ететін затты қабылдау арқылы оны

қайта

сергітуге

мұқтаждық

(рухани

тәуелділік)

қалыптасады;

 

 

 

дофамин тапшылығын организмнің бейімделу тетіктері уақытша теңгереді. Ол тирозингидроксилаза, диоксифенилаланиннің декарбоксилазасы және дофамин-β- гидроксилаза ферменттері әсерленіп, жүйке жүйесінде катехоламиндердің алмасуын тездетеді;

жан-дүниеге әсерлі затқа организмнің төзімділігі

көтеріледі. Көңіл-күйдің жайлылығын ұстап тұру үшін бұл заттың қабылдау өлшемін ұдайы ұлғайту қажеттігі болады;

бұл заттардың жағымсыз әсерлеріне организмнің бейімделуі дамиды. Оларды алғашқы қабылдауларда байқалатын жүрек айну, құсу, бас ауыруы т.с.с. жағымсыз сезімдер жоғалады.

Физикалық тәуелділік сатысы. Бұл кезде жан-дүниеге әсерлі заттың белгілі деңгейінде қанда болуына организм бейімделеді. Осы деңгейден оның мөлшері азайғанда немес оны қабылдауды тоқтатқанда организмде доғару синдромы дамиды. Бұл кезде адамның көңіл-күйінде қобалжу, қанағаттанбағандақ, зарығу, айналасындағыларға өшігу сияқты организмнің жайсыздығы және вегететивтік бұзылыстар байқалады. Нашақор адамның мұрыны бітелуі, жиі түшкіруі, көзі жасаурауы, біресе ысынып, біресе қалтырау сезімдері байқалады. Олардың бұлшықеттерінің ауыруы, мезгіл-мезгіл аяқтарының сіңірлерінің тартылуы, тәбетінің жоғалуы, құсу, іш өту, асқазаны мен ішектерінің ауыруы дамиды. Доғару синдромның даму негізінде көңіл-күйіне әсерлі затты қабылдауды тоқтату кезінде жүйке тінінде дофамин т.с.с. биологиялық аминдер жиналып қалуы маңызды деп есептеледі. Неғұрлым қанда дофамин көп болса, соғұрлым доғару синдромы да ауыр өтеді. Сонымен бірге

басқа жүйкелік дәнекерлердің (мәселен, апиынға, серотонинге, холинге, гамма-аминомай қышқылына жауап қайтаратын жүйелердің) белсенділігі төмендеуінің маңызы бар. Организмнің жан-дүниеге әсерлі затқа төзімділігі үдемелі түрде артады. Науқас адамдар қабылданатын заттың дозасын ұдайы, тіпті уытты өлшемге дейін, көбейте береді. Осыдан қосымша дерттер пайда болады. Адамның мінез-құлқы өзгереді, ақыл-есі кеміп, науқас адам азғындайды. Ішкі

ағзалар мен тіндердің қызметтері бұзылады.

 

 

Көңіл-күйге

әсер

ететін

заттарды

қайталап

63 қабылдаулардан

нейрондарың

және

түйіспелердің

(синапстардың) мембраналарында холестерин және қанықпаған

май қышқылдары

жинақталады. Осыдан

жүйкелік

 

дәнекерлерді

қабылдайтын рецепторлардың қозғалыстары жоғалады.

Ақырғы саты. Жан-дүниеге әсерлі зат немесе оның өнімдері ағзалар мен тіндерде, соның ішінде жүйке тінінде, заттардың алмасуына реттегіш ықпал етеді. Содан физикалық тәуелділік дамиды. Бұл затқа организмнің төзімділігі төмендейді. Бұл кезде:

көңіл-күйге әсерлі затты қабылдау біршама сирейді, бірақ оны қабылдау міндетті түрде болады;

бұл затты қабылдайтын адам оның өлшемін азайтады;

бұл затты қабылдау организмнің жайсыз жағдайын жоғалтпайды және көңіл-күйін жадыратпайды. Ол тек доғару синдромынан сақтандырады немесе оның өту ауырлығын жеңілдетеді;

адамның бет әлпеті әжімделіп, ол тез қартайып

кетеді,

қимыл-қозғалыстарының

үйлесімсіздігі

дамып,

тәлтіректеп жүреді;

 

 

 

 

 

көптеген ішкі

ағзалардың

қызметтері

бұзылады.

Өйткені

организмде

қан

айналымдарының

және

зат

алмасуларының қатты бұзылыстары, ағзалар мен тіндердің құрылымдық өзгерістері пайда болады. Осыдан мынадай клиникалық көріністер байқалады:

ас қорытылудың үдемелі бұзылыстарынан тәбеттің жоғалуы, жиі іш өту, іш қату, қайта-қайта құсу т.с.с.;

ішектерде тағамдық заттардың сіңірілуі бұзылудан

қатты арып, жүдеу;

қанайналым жеткіліксіздігінен артериалық қан қысымы төмендеуі, тамыр соғуы баяулауы, ағзалар мен тіндерде майда қанайналым бұзылуы;

тыныс алу жеткіліксіздігі;

бауырдың уытсыздандыру, метаболизмдік және нәруыздар түзу қызметтерінің бұзылыстары, бауырды май басу, оның беріштенуі;

бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі;

ми мен жүйкелердің бұзылыстары;

адамның ойлау қабілеті төмендеуден оның азғындауы т.б. көріністер байқалады. Науқастың мінез-құлқы өзгеріп, ақыл-есі кемиді, парасаты төмендейді, қоршаған ортасына қызығушылық сезімін және өзіндік даралығын жоғалтады.

Бұл сатыда организмнің жұқпаларға төзімділігі азаюдан және жүрек пен бүйрек қызметтерінің бұзылыстарынан адам жиі өлімге ұшырайды.

64

 

 

Маскүнемдік.

 

 

 

Маскүнемдік - ішімдікті жиі және ұдайы қабылдаудан

дамитын әлеуметтік, жан-дүниелік және физиологиялық

бейімделу үрдістерінің бұзылыстары. Бұл дерт ақырындап

адамның әл-қуатын, ойлау қабілетін әлсіретіп, оның

азғындауына әкеледі. Ішімдікке рухани және физикалық

тәуелділік дамиды, оны тоқтатқаннан кейін доғару синдромы

байқалады.

Ішімдікке

салынудың

нәтижесінде

адам

әлеуметтік сәтсіздіктерге ұшырайды. Маскүнемдік 20-29

жастағы жас адамдарда қалыптасады. Оның нәтижесінде

балалар мен жеткіншектердің жалпы дамуы мен

жетілуі,

білім алуға деген ынтасы әлсірейді, белгілі бір кәсіпті

игеруге

және

әлеуметтік

жағдайларға

бейімделу

мүмкіншіліктері азаяды. Оларда маскүнемдік:

 

 

көңіл-күйінің тұрақсыздығымен, тұнжырауымен, үйінен қашып кетумен, өзіне қол жұмсауға талпыныстық ойлармен,

мінез-құлқының өзгерістерімен (қатігездікпен, айналасындағыларды бүлдіріп шағумен, әлеуметтік жағдайларға қарсы әрекеттермен),

мектепте сабақ үлгерімі нашарлауымен, жақсылыққа деген бейжайлықпен, қызығушылықтың жоғалуымен т.с.с. белгілермен көрінеді.

Егде адамдарда маскүнемдік жиі аңғарылмайды. Оларда оның белгілері өте құбылмалы болып келеді. Маскүнемдіктің көріністерін жиі созылмалы аурулардың әйгіленімдеріне немесе қарттық өзгерістерге жатқызады. Еркектер маскүнемдікке 5 есе жиі ұшырайды. Әйелдер ішімдікті көбінесе жасырынып ішеді және оларда маскүнемдік тезірек дамиды.

Организмдегі этанолдың өзгерістері.

Қабылданған этил спирті асқазан мен ашішекте тез қанға сіңіріледі және онда айналып жүріп жасушаларға жеңіл өтеді. Оның 90%-ы сағатына 5-10 мл жылдамдықпен СО2 және Н2О – ға дейін тотығады, ал 5-10%-ы деммен, термен, несепппен, нәжіспен сыртқа шығарылады. Ол бауырда

алкогольдегидрогеназа ферментінің қатысуымен ацетальдегидке дейін ыдыратылады. Бұл зат ары қарай ацетальдегиддегидрогеназа ферментінің қатысуымен су мен көмірқышқылы газына дейін тотығады. Ацетальдегидтің бір бөлігі қанмен айналып жүріп, ағза мен тін жасушаларына жеңіл өтіп, оларға қатты уытты әсер етеді. Ол мида дофаминнің және апиынға жауап қайтаратын жүйенің түзілуін көбейтеді. Мидағы дофаминге және апиынға жауап қайтаратын жүйелер өзара тығыз байланысты болады. Осыдан мидың қызметтері бұзылады. Бұл бұзылыстар қандағы этанолдың

65деңгейімен тікелей байланысты. Егер қанда оның деңгейі 50 мг%- болса, онда ол көңіл-күйдің қобалжуын басады, 50-150 мг% болғанда – қимыл-қозғалыстың үйлесімдігін бұзады, 150-200 мг% болғанда - ауыр уыттандыру туындатып, организмнің қатты қозуына әкеледі, ал 300-400 мг% -ке жеткенде адамды есінен тандырады да, 400 мг%-дан асқанда адамның өліміне әкеледі.

Маскүнемдікпен ауыратын адамдарда ацетальдегиддегидрогеназа ферментінің белсенділігі қатты төмендеген болады. Тектік ерекшеліктерге байланысты оның

аз белсенділігі тіпті бар жоғы 20-30 мл арақ ішкеннен кейін-ақ ацетальдегидтің қандағы деңгейін қатты көбейтеді. Осыдан кейбір адамдардың беттері аз ішімдік ішкеннің өзінде қызарып кетеді.

Маскүнемдіктің клиникалық көріністері:

жалпылама көріністері:

адамның бет әлпеті әжімделіп, қартайып көрінеді, беті домбыққан, қызғылтым болады, артынан қызарады. Ары қарай ішпегенде қызару біртіндеп кетеді. Бірақ бозарған бет ұштарында, мұрын желбезектерінде, мойында, ұртта, кеуденің жоғары жақтарында қан тамырлары кеңейіп керілген болады;

болбыраған бұлшықеттері ішімдік ішкеннен кейін

қалпына келеді;

мінез-құлқы мен тәртібінің өзгерістері (көңілкүйінің тұнжырауы, үрей, ұйқысы қашу т.с.с.) байқалады;

әлеуметтік жағдайларға бейімделуі бұзылады. Рухы

азаюы, настық, қалай болса солай киіну, отбасында шиеленістерге бару (жұбайынан ажырасу, бөлек тұру), айналасынан оқшаулану, заң бұзушылыққа бару, рухани және физикалық жайсыздықтардың арақ ішкеннен кейін жоғалуы т.б. белгілер байқалады;

бірнеше қабат арақты қоюға немесе оны аз ішуге нәтижесіз талпыныстар жасайды;

ішімдік ішуден басқада шаруасы болмайды;

жұмысқа деген қабілеті мен қызығушылығы азаяды, бірге істейтін әріптестерімен қақтығысу, жұмысқа кешігу, жұмыс орнын жиі ауыстыру т.с.с. белгілермен көрінеді;

мастық кезінде жасағандарын ұмытып қалады;

отбасы мүшелерінің немесе достарының ішімдік ішуден өзгерген тәртібіне шағымданулары болады.

ішкі ағзалардың қызметтері бұзылады:

жүйке жүйесінің бұзылыстарынан: энцефалопатия, психоздар дамуы, көңіл-күйдің толқулары, маскүнемдік

елірме, әртүрлі елестер мен сандырақтар, соның ішінде 66 қызғаныштық сандырақтар, өзіне қол жұмсауға талпыну, озбырлыққа бейімділік, соңғы өткен оқиғаларға жадының әлсіреуі, шеткері жүйкелердің бұзылыстары дамиды. Ауыр түрлерінде ақыл-есінен адасады. Маскүнемдіктің нәтижесінде миға қан құйылу, қояншық ауруына ұқсас ұстамалар, дірілдеу-қалтылдау, қимыл-қозғалыстың бұзылыстары, есту және көру жүйкелерінің семуі байқалады;

ас қорыту жолдарының бұзылыстарынан: тәбеттің жоғалуы, жүрек айну, құсу, іш ауыруы, бауырдың созылмалы дерттері (онда май шоғырлануы, цирроз), асқазан мен ұлтабарда ойық жара, ұйқыбездің қабынуы (панкреатит) дамуы, астың және онымен бірге витаминдердің, аминқышқылдарының сіңірілуінің бұзылыстары байқалады;

жүрек-қан тамырлар жүйесі бұзылыстарынан: шамалы артериялық гипертензия, жүрек аритмиялары, маскүнемдік кардиомиопатиялар дамиды;

тыныс алу жүйесінде жиі аспирациалық пневмония, бронхит байқалады;

эндокриндік жүйенің бұзылыстарынан зат

алмасуларының

өзгерістері:

гиперхолестеринемия,

гипертриглицеридемия,

гиперлипидемия,

гиперлипопротеидемия, гипербеталипопротеидемия дамуына, беттің және кеуденің жоғары жақтарына май жиналуына, еркектердің емдектерінің ұлғаюына (гинекомастия) әкеледі. Ішімдіктен ессіз күй жағдайларында гипогликемиядан адам жиі жан тапсырады.

Маскүнемдіктің даму сатылары. Маскүнемдік үш сатыда өтеді. Бірінші сатысы 1 ден 4 жылға дейін созылуы мүмкін. Бұл кезде адам көп ішкенді көтере алады, артық ішкеннен кейін құсу болмайды, масаю кезінде істегендерін ұмытып қалады. Науқастарда рухани тәуелділік дамып, ұдайы ішкісі келіп тұрады, ішпеген кездерде өзін-өзі жайсыз сезінеді. Бұл сатыда әлі физикалық тәуелділік байқалмайды.

Екінші сатысы (5-15 жыл) ішімдікті көп және күнделікті іше бастайды. Ол көңіл-күйінің қобалжуын енді

баспайды, керісінше оны тек қоздырады. Жадында сақтау қабілеті жоғалады, көңіл-күйінің сәттілігі ұдайы ішімдік қабылдаудан байланысты болады. Ішпеген жағдайда ойлау әрекеттері бұзылады, ой жұмысын атқара алмайды. Есілдерті ішімдік ішуге ғана ауып тұрады. Инабаттылық, адамгершілік, ізеттілік деген ұғымдардан алыстай түседі. Ішпеген жағдайда көңіл-күйі басыңқы болып, ашушаңдыққа бой алдырады, жұмысқа деген қабілеті жоғалады. Ішімдік ішуден кейін әл-қуаты артады.

Доғару синдромы: денесінің жоғары жақтары қызаруымен, 67 бет әлпеті домбығуымен, қол басы мен саусақтарының қалтылдауымен, тәбеттің жоғалуымен, ұйқы қашуымен, бас ауыруымен және бас айналуымен, көз қарашығы кеңеюмен, жүрек және құрсақ аумақтарында ауыру сезімі болуымен көрінеді. Адамның шабыты жоғалады, парасаты төмендейді, ол болар болмасқа ашушаң болады. Басында мастық кезінде ғана байқалатын қызғаныштық сандырақтар, енді тұрақты түрде байқалады. Осыдан өзін қоршаған адамдарға қауіп төндіре бастайды. Бұл кезде кез келген дерт, жарақат немесе хирургиялық операциялық әрекеттер ауыр маскүнемдік психоздармен асқынуы ықтимал. Ішімдіктің көп мөлшерлеріне төзімділік наркоздық дәрілерге де төзімділікті арттырады. Сондықтан бұндай адамдарға наркоз беру үшін қолданылатын

наркоздық дәрілердің өлшемі өте

жоғары болуды

қажет

етеді.

 

 

 

 

 

Бұл сатысы кезінде жүйке жүйесінде полиневриттер, көз

көру

алаңы

тарылуы,

көздердің

бірікпей

еріксіз

қозғалыстары, қимыл-қозғалыстардың бұзылыстары т.с.с. байқалады. Жүрек-қан тамырлар жүйесінің, бауырдың, ас

қорыту жолдарының т.б. аурулары дамиды.

 

Үшінші

сатысы

(5-10

жыл)

кезінде

ішімділікке

төзімділік азаяды. Бірнеше күн ішкеннен кейін әл-қуаты, жан-дүниесі кеміп, белгілі уақыт ішуді тоқтатуға мәжбүр болады. Болар-болмас ішкеннің өзінен қатты масаяды. Ішімдіктің денені сергітетін әсері жоғалады, ол тек адамның жалпы жағдайын ұстап тұруға жарайды. Әрбір ішкеннен кейін істегендерін ұмытып қалады. Бұл кезде ауыр жан-дүниелік өзгерістер дамиды. Ұдайы ішуге деген ұмтылыс адамның өмірінің мәніне айналады. Ішімдікке организм төзімділігінің аздығынан, өзінің шамасын дұрыс бағалай алмаудан науқас адам жиі өлімге ұшырайды.

Бұл кезде доғару синдромы адамның енжарлығымен, бейжайлығымен, қан қысымының төмендеуімен, терісінің бозаруымен және көгілдірленуімен, суық тер шығуымен, бұлшықеттердің әлсіздігімен, қимыл-қозғалыстардың

бұзылыстарымен көрінеді. Бұндай адамдардың жүйкесі толық тозған, эмоциясы жоғалған, мінез-құлқы ашушаң, қатігез болады және айналасындағыларға тек өшіккендік сезім қалыптасады. Оларда энцефалопатия, полиневриттер дамиды, артынан ақыл-есінен адасу, ұдайы елестер және қызғаныштық сандырақтар болады. Сонымен бірге барлық ішкі ағзалардың (жүректің, бауырдың, ішек-қарынның, бүйректің, т.б.) және жүйелердің қызметтері бұзылады. Маскүнемдікпен ауыратын адамдардың 5-8 % -нда доғару синдромы сана-сезімінің бұзылуымен, әртүрлі елестермен, селкілдекпен, жүрек,

68 тыныс алу қызметтерінің бұзылыстарымен және өліммен аяқталуы ықтимал.

Темекі түтінінің әсері.

Темекі шегуде уытқорлықтың бір түріне жатады.Темекінің түтінінде көміртегі тотығы, никотин, 3,4-бенз(а)пирен, азот тотықтары, никель, хром, кадмий т.с.с. көптеген зиянды заттар болады. Оның уыттылығы негізінен никотинмен айқындалады және, жеңілірек түрде болса да, уытқорлықтың жалпы заңдылықтарымен сипатталады. Темекі тартатын адамдардың денесіне оның түтіні уытты әсер етеді. Ол организмді уақытша сергітетін әсер етіп, артынан жүйке жүйесін тоздырады, адамның жұмысқа қабілетін төмендетеді.

Темекі шегу жас балалық шақта, ересек адамдарға еліктеуден және өзінің ер жеткенін көрсету үшін мақтаныш ретінде басталады, әйелдер тым толып кетуден сақтану үшін шылым тарта бастайды. Артынан никотиннің әсеріне организмнің бейімделуі болып, темекі шегу әдетке айналады. Шын мәнінде темекі шегу организмде май түзілуіне қажетті ферменттерді тежеп, семіруден сақтандырады, көңіл-күй қобалжуларын басады. Бірақ оның зиянды жақтары бұл көрсетілгендерден әлдеқайда басым болатынын ескеру қажет. Темекі шегетін адамдардың орташа өмір жасы оны шекпейтіндерге қарағанда қысқа болатыны белгілі. Шылым шегу:

жүрек-қан тамырлар жүйесінің ауруларына әкелетіні дәлелденген. Темекі түтініндегі көміртегі тотығының және никотиннің әсерлерінен қан тамырларының атеросклерозы, жүректің ишемиялық ауруы, аяқ-қол тамырларының ішкі саңылауы бітеліп қалуын туындататын эндоартериит дамиды;

шылым тартудан созылмалы бронхит, өкпе қабынуы, өкпе эмфиземасы, пневмосклероз дамып, өкпенің желдетілуі (вентиляциясы) бұзылады. Темекінің түтіні өкпе ұяшықтарындағы макрофагтардың лизосомалары мен фаголизосомаларын бүліндіріп, олардың фагоцитоздық белсенділігін төмендетеді. Ол макрофагтарда ц ГМФ алмасуы

бұзылудан болады - деген жорамал бар;

темекі шегу өкпеде обыр өспесі дамуына қауіп-қатер төндіреді. Өйткені темекі түтінінде болатын 3,4- бенз(а)пирен, хром, кадмий өспе туындататын заттарға жатады;

темекі түтіні шырышты қабықтарды тітіркендіріп, иіс,

 

дәм сезімдерін азайтады, сілекей

бөлінуін

көбейтеді,

 

қызыл иекті болбыратып, ауыз қуысының кілегей қабығында

 

ойық жаралардың пайда болуына, тіс

кіреукесі

мен

оның

 

қатты қабаты бүліністеріне әкеледі;

 

 

 

69

● темекі тартатын адамдардың

арасында асқазан

мен

ұлтабардың ойық жарасы, ішектердің талаурап қабынуы жиі кездеседі;

жүктілік кезінде темекі шегуден түсік тастау,

мерзімінен бұрын босану, жүктіліктің асқынулары байқалады. Туған балаларда өспе өсу мүмкіншіліктері жиілейді (трансплаценталық канцерогенезді қараңыз). Темекі тартатын әйелдерде етеккір келуінің ерте тоқтауы және жыныстық құштарлықтың төмендеуі болады;

● темекі тартуды тоқтатқаннан кейінде, шамалы болса да, доғару синдромының белгілері байқалады. Олар нашақорлар мен уытқорлардағыдай ауыр рухани және физикалық тәуелділіктермен байқалмағанымен, шамалы түрде никотинге рухани тәуелділік айқын білінеді. Доғару синдромы соңғы тартылған сигареттен кейін 90-120 минөт

өткеннен

соң дамиды және 24 сағаттан соң

ең

үлкен

дәрежеге

жетеді. Ол бірнеше аптаға созылады.

Бұл

кезде

адамның қатты темекі тарқысы келеді, көңіл-күйінің жабырқауы, беймазалық, қобалжу, зердесінің бұзылуы, ұйқы

басу

немесе ұйықтай алмауы, ашушаңдық, тәбеттің артуы

және

дене массасы ұлғаюы сияқты әйгіленімдер байқалады.

Оларды жеңу, нашақорларға қарағанда, біршама жеңілірек болады.

Дәрі-дәрмектердің зиянды жағымсыз әсерлері.

Адам ауруларын емдеуде дәрі-дәрмектердің маңызы өте зор. Бірақ науқас адамның организміне дәрінің емдік әсерімен қатар, кейде тіпті оған қауіп төндіретін дерт туындататын да, зиянды, жағымсыз әсері болуы ықтимал. ХХ -ғасырдың басында хлорамфеникол қабылдаған адамдарда агранилоцитоз, жүкті әйелдер талидамид қабылдағанда олардан туған балаларда әртүрлі туа біткен ақаулар дамитыны белгілі болды. Осыған байланысты көптеген мемлекеттерде дәрі-дәрмектердің жағымсыз зиянды әсерлерін

зерттейтін орталықтар ашылды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) оларды қадағалайтын орталық ұйымдастырды.

Ауруды аңғару, одан сақтандыру және емдеу үшін қолданылатын дәрінің әдеттегі мөлшерін тағайындағанның өзінде күтпеген жерден пайда болатын кезкелген жағымсыз, организмге зиянды әсерлерін дәрі-дәрмектердің жағымсыз әсері (ДЖӘ) –дейді. Бүгінгі күні дәрілерді пайдаланудан дамитын дерттер күннен күнге өсіп бара жатыр. Бұл дәрілік дерттер 3,2 % жағдайларда адам өліміне әкеледі.

70Олардың жиілеуі мына себептерден байланысты:

ел арасында дәрілерді қабылдаудың көбейіп кетуі;

дәрілерді жеңіл табудан адамдардың өзін-өзі емдеудің кең тарап кетуі;

дәрілердің жағымсыз әсерлері туралы ел арасында медициналық ақпараттардың болмауы немесе тым аз болуы;

ауруларды емдеу үшін көптеген дәрілерді орынсыз тағайындау.

Дәрілердің жағымсыз әсерлерінің жіктемелері.

Дәрілердің жағымсыз әсерлерін бірнеше түрлерге ажыратады. Оларды жіктеу әртүрлі негіздерде болады.

● пайда болу сипатына қарай: тікелей (біріншілік) және

салдарлық (артынан дамитын) жағымсыз әсер – деп бөледі.

Тікелей жағымсыз әсерлер дәрілердің жасушалар мен жасуша ішілік құрылымдарға тікелей бүліндіруші әсерлерінен бірден дамиды. Мәселен, кальций хлоридінің

гипертониялық

ерітіндісі

тері

астына

енгізілуден

шелмайдың бірден өлеттенуі болады.

 

 

Салдарлық немесе артынан дамитын, жағымсыз әсерлер дәрілердің салдарынан дамитын екіншілік құбылыстардың нәтижесінде артынан байқалады. Мәселен, антибиотиктермен емдеуден ішектерде дисбактериоз дамуы артынан ішек-қарын және өт жолдарының қызметтерін бұзады. Антрациклиндік антибиотиктердің әсерлерінен жүрек ет жасушаларының

мембраналарында

май

қышқылдарының

 

асқын

тотығуы

кардиомициттердің

қызметтерін

бұзады.

Ацетилсалицил

қышқылы простагландиндердің түзілуін

тежеп,

асқазанда

ойық жара дамытады.

 

 

 

 

 

пайда болу себептеріне қарай:

дәрілердің фармакологиялық қасиеттеріне байланысты дамитын;

организмнің даралық ерекшеліктеріне байланысты

дамитын;

қоршаған ортанының ықпалдарына байланысты дамитын – деп ажыратады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]