Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

KZ Патофизиология учебник

.pdf
Скачиваний:
353
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
6.67 Mб
Скачать

 

Орталық

жүйке

жүйесінің қозымдылығы

артып,

дербес

 

(вегетативтік)

жүйке

жүйесінің межеқуаты

құбылмалы

 

болады. Осыдан артериялық қан қысымы құбылып тұрады,

 

жүректің аритмиялары дамиды. Бұл кезде гипоталамус -

 

аденогипофиз - бүйрек үсгі бездерінің сыртқы қабатының

 

белсенділігі артады. Иондағыш сәулелердің мөлшері 8-10 Гр

 

болғанда артериялық қан қысымы төмендеп, естен тану, дене

 

қызымының көтерілуі, іш өтуі байқалады. Жүйкелік-

 

рефлекстік бұзылыстар байқалады. Сәулелік аурудың бұл

 

сатысы алғашқы 1-3 күн арасында көрінеді.

 

 

 

51

Клиникалық

жалған

сәттілік

сатысында науқастардың

 

жалпы жағдайы біршама жақсарады. Алдында байқалған

 

аурудың белгілері жоғалады. Бұл сатының ұзақтығы иондағыш

 

сәулелердің мөлшеріне қарай 10-15 күннен 4-5 аптаға дейін

 

созылады. Иондағыш сәулелердің мөлшері 1 Гр-ден аспаса

 

алғашқы

серпілістер

сатысы

аурудың

айқын

түріне

 

ауыспайды. Ал олардың мөлшері 10 Гр-ден асып кетсе

 

аурудың клиникалық сәттілік сатысы байқалмай бірден жіті

 

сәулелік аурудың айқындалуы болады. Бұл сатысы кезінде

 

қанның

бұзылыстары

күшейе

береді.

Шеткері

қанда

 

лимфопения

 

үдейді,

лейкоциттердің

жалпы

саны,

 

ретикулоциттер мен тромбоциттер азаяды. Сүйек кемігінде

 

аплазия дамиды. Сонымен бірге жыныстық бездердің

 

атрофиясы

байқалады,

сперматозоидтардың

өндірілуі

 

бұзылады, аш ішектердің шырышты қабықтарында және теріде

 

өзгерістер дамиды.

 

 

 

 

 

 

 

Аурудың айқындалу сатысы. Бұл саты кезінде науқастың

 

жалпы жағдайы қайтадан күрт нашарлайды, жалпы әлсіздік,

 

дене қызымының көтерілуі, теріге, шырышты

қабықтарға,

 

ішек-қарын жолдарына, миға, жүрекке және өкпеге қан

 

құйылулар мен қан кетулер байқалады. Денеде зат

 

алмасуларының бұзылыстарынан, тәбеттің болмауынан және іш

 

өтулерінен адамның қатты арып-жүдеуі болады.

 

 

 

Қанда қатты лейкопения, тромбоцитопения,

анемия

 

дамиды, эритроциттердің тұну жылдамдығы көтеріледі. Сүйек

 

кемігенде,

 

аплазия

байқалады.

Шеткі

қанда

 

гипопротеинемия, гипоәлбуминемия, гиперазотемия дамиды,

 

хлордың деңгейі азаяды. Бұл сатысы кезінде организмнің

 

жұқпаларға төтемелілігі бұзылып, жұқпалардың асқынуы,

 

аутоинфекциялар мен өзінен өзі уыттануы байқалады. Бұл

 

сатының ұзақтығы бірнеше күннен 2-3 аптаға

дейін

 

созылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауығу сатысы. Бұл саты кезінде организмнің бұзылған

 

қызметтері біртіндеп қалпына келеді, науқастың жалпы

 

жағдайы

түзеледі,

дене

қызымы

қалыпты деңгейге

түседі,

қан кетулер, іштің өтуі, құсу тоқтайды. 2-5 айдан кейін тері бездерінің қызметі қалпына келеді, шаш қайта өсе бастайды. Біртіндеп қанның және зат алмасуларының өзгерістері қалпына келеді.

Сәулелік аурудан сауығу 3-6 айда болады, оның ауыр түрлерінде сауығу 1-3 жылға созылуы мүмкін. Кейде жіті сәулелік ауру созылмалы түрге айналуы ықтимал.

Жіті сөулелік аурудың ішектік түрі. 10-20 Гр мөлшерінде сәулеленген адамдар 7-10 күннен кейін жан

тапсырады. Аурудың бұл

түрінің

әйгіленімдеріне

жүрек

52 айну, құсу, қан араласқан іш

өту, дене қызымының

көтерілуі, ішектердің түйілуі, іш кебу жатады. Сонымен

қатар қатты лейкопения дамиды, лимфоциттер шеткері қанда

мүлде болмайды, жиі қан кетулер болады және сепсистің

көріністері байқалады.

 

 

 

Жіті сәулелік аурудың

ішектік

түрінде адамның

өлімі

дененің сусыздануынан болады. Бұл кезде организмнен сумен бірге тұздар мен нәруыздар шығарылады. Микробтардың уыттарымен және тіндердің ыдырауынан пайда болған уытты өнімдермен организмнің уыттануы болады, сілейме дамиды.

Жіті сәулелік аурудың токсемиялық түрі. Бұл түрі мөлшері 20-80 Гр иондағыш сәулелердің әсерінен дамиды және 4-7 күн ішінде адамның өліміне әкеледі. Ішектер мен бауыр тамырларында ауыр қанайналымның бұзылыстары, қан тамырларының межеқуаты жоғалып, кеңіп кетуі, жүрек соғуының жиілеуі, денеде қан қүйылу, организмнің қатты уыттануы болады. Осыдан бүйректің қызметі бұзылып, олигоурия, анурия, гиперазотемия дамиды.

Жіті сәулелік аурудың милық түрі. 80 Гр мөлшеріндегі иондағыш радиацияның әсерінен жіті сәулелік аурудың милық түрі дамиды. Осындай радиация әсер еткеннен кейін 1-3 күн өткен соң адам жан тапсырады. Радиацияның мөлшері 150-200 Гр болса адам сәулелердің әсерінен шықпай-ақ немесе бірнеше минут-сағаттың ішінде өледі. Сәулелік аурудың бұл түрі кезінде дененің селкілдегі дамиды, мида қан мен лимфаның айналымы бұзылады, қан тамырларының межеқуаты мен термореттелу өзгереді. Артынан асқорыту жолдары мен несеп шығару жүйесінің бұзылыстары байқалады, қан қысымы қатты төмендеп кетеді. Бұл ауру кезінде орталық жүйке жүйесінің қайтымсыз бұзылыстары дамиды, мидың сыртқы қыртысы мен гипоталамустың жасушалары қатты бүлінеді.

Созылмалы сөулелік ауру. Бұл дерт аз мөлшердегі иондағыш радиацияның ұзақ мерзім әсер етуінен біртіндеп дамиды. Оның бастапқы кезеңінде тұрақсыз лейкопения, адамның жалпы әлсіздігі, қан тамырлары межеқуатының

құбылмалылығы

т.с.с.

белгілер

байқалады.

Дерттің

айқындалу

кезінде

радиацияға

сезімтал

тіндердің

регенерациялық қабілеті төмендейді, жүйке және жүрек-қан

тамырлар

жүйелерінің

қызметтері

бұзылады.

Сауығу

кезеңінде

келтірілген

өзгерістер

біртіндеп

қалпына

келеді.

 

 

 

 

Созылмалы сәулелік ауру (ССА): I

- жеңіл, II

- орташа

және III - ауыр. үш дәрежеде өтеді.

Жеңіл ССА кезінде лейкопения мен тромбоцитопения тұрақсыз болады, жүйкелік реттелудің бұзылыстары шамалы

53 болады.

Орташа ССА кезінде жүйке, жүрек-қан тамырлар жүйелері мен ішек-қарынның қызметтері бұзылады. Қанда лейкопения мен лимфопения елеулі деңгейде болады, тромбоциттер азаяды. Сүйек кемігінде гипоплазия дамиды.

Ауыр ССА кезінде анемия дамиды, сүйек кемігенде қан өндірілу қатты азаяды, ішек-қарын жолдарының шырышты қабықтарының атрофиясы байқалады, жүйелік қанайналым бұзылады, қан кетулер, жұқпалық асқынулар адамның өліміне әкелуі мүмкін.

РАДИАЦИЯНЫҢ КЕШЕУІЛДЕТІЛГЕН САЛДАРЛАРЫ.

Шағын мөлшердегі радиацияның әсерінен артынан организмде біршама құбылыстар дамуы мүмкін. Оларға қан өндіруге қатысатын тіндердің гипоплазиясы, ас қорыту жолдарының атрофиялық қабынуы, бауырда, бүйректе, қан тамырларында склероз дамуы, адамның өмір жасының қысқаруы т. с. с. өзгерістер жатады. Сонымен қатар радиацияның кешеуілдетілген салдарларына организмде өспелердің, лейкоздардың даму мүмкіншіліктері жатады.

Есірткілер мен уыттардың әсері

Адамның көңіл-күйіне әсер ететін заттарды жан-дүниеге белсенді заттар дейді. Оларға: психотроптық дәрідәрмектер, есірткілер және уыттарға әуестендіретін заттар жатады.

Психотроптық дәрілер – адамның жан-дүниесіне әсер ететін және психикалық ауруларды емдеу үшін қолданылатын дәрі-дәрмектер. Бұларға адамның көңіл-күйін көтеретін антидепрессанттарды, нейролептиктерді, жан-дүниені сергітетін, көңіл-күйді басатын дәрілерді, транквилизаторларды жатқызуға болады. Олардың кейбіреулеріне қабылдауға деген құштарлық дамып, рухани және физикалық тәуелділік байқалады.

Есірткілер немесе наркоздық заттар (грек. narkotikos –

мелшитетін) өздерін ұдайы қабылдауға әуестік дамуына әкелетін табиғи немесе жасампаздық химиялық заттар. Олар:

адамның көңі-күйін шаттандырып, масаттандырады, өткен-кеткен ауыртпалықтарды ұмыттырып, көзіне әртүрлі елестер туындатып, белгілі бір жайлылық әсер етеді және оны қайталап қабылдауға адамның құштарлығын арттырып, рухани және физикалық тәуелділік туындатады;

бұл затты қабылдау әлеуметтік зиянды зардаптарға

әкеледі; емдік мақсаттардан басқа мақсатта қолдануға құзырлы

54 органдармен тиым салынған заттардың қатарына жатады.

Уыттарға әуестендіретін заттарға – есірткілерге жатпайтын, бірақ жүйке жүйесіне белсенді әсер ететін химиялық заттарды жатқызады. Бұл заттарды есірткіге жатпайтын – деп шартты түрде ғана айтылады. Уақыт өте келе олар да есірткілер қатарына жатқызылуы ықтимал. Бұлар адамның көңіл-күйіне, жан-дүниесіне әсер етеді және көпшілік жағдайларда организмге уытты ықпал етіп, адамның денсаулығына қауіп төндіреді.

Бұл заттарды қабылдауға жас балалар мен жеткіншектер үйір болады. Сол себептен әлі жетіліп болмаған, өсіп келе жатқан жас балаларда бұлардың өте ауыр зардаптары

қалыптасады.

Балалардың

ақыл-есі

дамуы

кемиді,

парасаттылығы

азаяды,

жадысында

сақтау

қабілеті

төмендейді, ішкі ағзаларының ауыр

бұзылыстары пайда

болады.

 

 

 

 

Нашақорлық (уытқорлық) - психосоматиканың біртектес бұзылыстарына жатады. Бұл кезде біртіндеп көбейетін өлшемдерде оларды ұдайы қабылдауға адамның аңсары ауып тұрады және қабылдауды тоқтатқан кезде доғару синдромы дамуымен көрінетін рухани және физикалық тәуелділікпен сипатталады. Адамның дерттік өзгерістері оның соматикалық

және

дербес

жүйке

жүйелерінің

бұзылыстарымен

қабаттасады.

 

 

 

 

 

Нашақорлық

ресми

түрде

есірткілердің

қатарына

жатқызылатын заттардан туындайтын дерттің түрі.

Уытқорлық (токсикоманиялар) есірткілердің қатарына жатпайтын (солардың ішінде дәрі-дәрмектер, ішімдіктер, никотин т.с.с.) уытты заттарды артық қабылдаудан дамитын дерт түрі.

Медициналық тұрғыдан нашақорлық пен уытқорлық көпшілік жағдайларда бір-біріне сәйкес келетін түсінік. Олар бірбіріне ауысуы мүмкін. Мәселен, нашақор артынан уытты заттарға, уытқорлар артынан есірткілерге ауысулары ықтимал. Соған қарамай маскүнемдік медицинада бөлек ауру

түрі болып саналады.

Нашақорлық пен уытқорлықтың этиологиясы. Нашақорлық есірткілердің әсерлерінен дамиды. Оларға:

апиын тектес ( героин, морфин, апиын өнімдері, мәселен, омнопон т.б.) заттарды;

орталық жүйке жүйесінің сергіткіштерін (кокаин, марихуана т.б. кендір өнімдерін);

көз алдына елестеткіштерді (галлюциногендерді), мәселен, диэтиламид лизергин қышқылы (ЛСД), мескалин т.с.с. заттарды – жатқызуға болады.

55 Уытқорлық көңіл-күйді көтеретін, ой әрекеттерін уақытша арттыратын, бей-жайлық сезімді жоғалтатын, емдік емес мақсаттарда қолданылатын уыттарға әуестендіретін заттарға дамиды. Бұл заттарға:

кейбір химиялық реактивтерді (мәселен, ауаға тарайтын органикалық еріткіштер);

тұрмыстық химиялық заттарды (жәндіктерді жоятын улар, желімдер);

ішімдіктерді (арақ-шарап, этил спирті);

есірткілерге жатпайтын дәрі-дәрмектерді (мәселен, транквилизаторлар) – келтіруге болады.

Нашақорлық пен уытқорлық дамуына мына әлеуметтік жағымсыз жағдайлар қаіп-қатер туындатады:

тұрмыс жағдайларының нашарлығы, қоғам дамуының кейбір қайшылықтары мен әділетсіздіктері, әртүрлі тұрмыстық және рухани ауыртпалықтар, ұлттық салтдәстүрлер т.с.с. әлеуметтік ықпалдар;

жан күйзелістері, жаңа қоғам жағдайларына бейімделе алмау, жоғары жүйке жүйесінің әлсіз түрі т.с.с. ықпалдар;

тұқым қуалаушылыққа бейімділік.

Нашақорлық пен уытқорлықтың түрлері

Нашақорлық қолданылатын есірткілердің түрлеріне қарай:

каннабизм, кокаинизм, апиындық және елестеткіш есірткілерден туындайтын болып ажыратылады.

Каннабизм (лат. cannabis sativa – үндіс кендірі)

марихуана, гашиш т.б. заттарды Үндістанда, Қазақстанның Шу ойпатында т.б. жерлерде өсетін кендір өнімдерінен алынған есірткілерге дамиды. Оларды кендірдің жапырағынан, гүл тозаңдарынан алады. Кендірдің құрамында 400-ге жуық химиялық элементтер болады. Солардың 60-қа жуығы есірткілік әсер етеді. Бұларды адам кендірдің жапырағы мен гүл тозаңдарын ауызда шайнау, шылым қылып тарту немесе ішу арқылы қабылдайды. Бұл кезде әсер ететін зат ретінде каннабиноидтар (каннабидиол, каннабинол, тетрагидроканнабинол және жасампаздық жолдармен алынған

СР-55940, WIN- 55212-2) – есептеледі. Олар адамның жандүниесіне өте күшті әсер етеді.

Тетрагидроканнабинол өкпеден тез қанға өтіп, тіндерге ауысады. Оның қанға түсуі денені босаңсытып, көңіл-күйін шаттандырады, адамның ойлау қабілетін бұзады, зердесін, ұғымталдығын әлсіретеді, мас адамдардағыдай істеген ісіне

жауапкершілігін жоғалтады.

 

 

Кокаинизм

(erythroxylon

coca

өсімдігінің

жапырақтарынан алынған) кокаин қабылдаудан дамиды. Әсер ететін зат болып, ОЖЖ уақытша сергітетін, жергілікті 56 ауыру сезімін басатын, қан тамырларын тарылтатын, бензилэкгониннің метилді әтірі (эфирі) есептеледі. Бұл

зат:

нейрон мембранасы арқылы биогендік аминдердің тасымалдануын бөгейді;

адренергиялық жүйке талшықтарының аяқшаларымен катехоламиндердің түйіспе саңылауларынан кері қамтылуын тежейді.

Кокаинды адам мұрынға тарту арқылы деммен, шылыммен немесе ішу арқылы қабылдайды. Оған дағдылану оны қабылдай бастағаннан кейін бірнеше күн ішінде өте тез дамиды.

Апиындық нашақорлық морфин, героин, промедол, омнопон,

кодеин т.с.с. заттар қабылдаудан дамиды. Олар лат. papaver somniferum – апиын магінің сүттіген шырынынан алынады. Бұл заттарды адам шылыммен тарту, ішу, көктамырға немесе тері астына енгізу арқылы қабылдайды. Апиын тектестер барлық тіндерде, солардың ішінде жүйке тінінде, болатын апиынды қабылдағыштармен (рецепторлармен) әрекеттеседі. ОЖЖ-де опиоидтық рецепторлармен байланысудан:

ауырусыну сезімі азаяды;

көңіл-күй қобалжуын басады;

мидағы лимбикалық жүйені әсерлендіруден шаттану, масаттану сезімі (эйфория) дамиды;

қандағы рСО2 –ның деңгейіне тыныс алу орталығының сезімталдығын төмендетеді;

жүректі айнытып, құстырады;

ішек-қарынның қимылдық әрекеттерін бұзып, сөл шығаруын азайтады, тәбетті жоғалтады, іш қатуы болады..

Полинашақорлық – екі немесе бірнеше есірткілерді бір

мезгілде немесе алмастырып қабылдаудан дамиды. Бұл кезде:

қабылдаған есірткілердің әсерлері бірін-бірі күшейтуі мүмкін;

доғару синдромы және физикалық тәуелділік күштірек болады;

организмнің тіршілігі ауыр түрде бұзылады;

емдеу шараларының нәтижелері аз болады.

Уытқорлықтар (токсикоманиялар) – есірткіге жатпайтын заттарды қабылдаудан дамиды. Ең жиі қолданылатын заттарға психотроптық дәрілер, көңіл-күйді сергітетін заттар (мәселен, фенамин, меридил, кофеин), химиялық реактивтер, желім, этил спирті т.с.с. жатады.

Психотроптық заттар психоздарды, жүйке тозуын және

соған

ұқсас

жүйке

бұзылыстарын

(мәселен,

көңіл

толқуларын,

қорқыныш,

үрей сезімдерін) емдеу

үшін

57қолданылады. Оларға:

транквилизаторлар (мезапам, фенозепам, сибазон т.б.)

антидепрессанттар (амитриптилин т.с.с.);

психостимуляторлар (психоаналептиктер, психотониктер т.б.);

ұйықтататын дәрілер (барбитураттар);

Паркинсонизмді емдейтін дәрілер;

лизергин қышқылының өнімдері – жатады.

Бұларды ұзақ бақылаусыз қабылдағанда физикалық тәуелділік дамиды.

Транквилизаторлар көңіл қобалжуларын, үрей, қорқыныш сезімдерін басатын дәрілер. Клиникаларда мепротан (мепробамат), сибазон (седуксен), хлорезид (элениум), триоксазин, нитрозепам, фенозепам т.б. кеңінен қолданылады. Бұларды ұзақ бақылаусыз қабылдаудан тәуелділік синдромы, қабылдауды тоқтатқанда доғару синдромына ұқсас жағдай дамиды. Бұл кезде орынсыз қобалжу, мазасыздану, қорқыныш, үрей сезімі, ұйқы қашу және кейбір дербес (вегетативтік) бұзылыстар байқалады. Осыдан оларды қайталап және көбірек өлшемдерде қабылдауға мәжбүрлік пайда болады.

Антидепрессанттар адамның көңіл-күйі тұнжырауын жоятын, тұнжырау синдромымен ауыратын адамдардың көңілін көтеретін дәрілер. Бұларды ұзақ қабылдағанда оларды қабылдауға дағдылану және рухани тәуелділік байқалмайды. Бірақ оларды кенеттен тоқтатқанда әртүрлі вегетативтік бұзылыстармен көрінетін физикалық тәуелділік дамиды. Сол себепті оларды қайта қабылдауға мәжбүрлік туындайды.

Психостимуляторлар шаршағандық сезімді жоятын, көңілкүйді сергітетін, адамның қол және ой жұмысын атқаруға қабілетін арттыратын дәрілер. Оларға фенамин (амфетамин), меридил, кофеин т.б. жатады. Бақылаусыз ұзақ, әсіресе

фенаминді,

қабылдағанда тез арада тәуелділік синдромы

және

артынан бұл

дәріге организмнің төзімділігі дамиды.

Өз

алдына

бұл

дәрілерді көп мөлшерлерде қабылдаудан

психоздар дамып, әртүрлі сандырақтар, көру және есту елестері пайда болады. «Экстази» таблеткаларын қабылдаудан фенаминдік нашақорлық біршама жиілейді. Бұл жан-дүниені сергітетін дәрілер серотонинге және дофаминге жауап қайтаратын жүйелерге күшті әсер етіп, артынан оларды бүлдіреді, ауыр тұнжыраулық бұзылыстарға әкеледі.

Ұйықтатын дәрілер қалай болса солай ұзақ бақылаусыз қабылдаудан тәуелділік синдромын дамытады, организмнің төзімділігін арттырады. Содан оларды қабылдау өлшемдері біртіндеп көбейе береді. Оларды қабылдауды тоқтатқаннан 58 кейін доғару синдромы дамиды. Ол ішкі ағзалардың ауытқуларымен, қимыл-қозғалыстың бұзылыстарымен, бұлшықеттердің әлсіздігімен, адамның есеңгіреуімен, кейде қояншық ауруына ұқсас ұстамалармен көрінеді. Бұл кезде артериалық қан қысымы қатты төмендейді, адамда әртүрлі сандырақтар мен елестер байқалады. Барбитураттарды қабылдап жүргенде ішімдіктер ішіу оларға рухани және

физикалық тәуелділіктер дамуын тездетеді.

Паркинсонизм ауруын емдеуге қолданылатын дәрілердің

кейбірлері (мәселен, циклодол) көңіл-күйді шаттандырып масаттандыратын, көзге елестер туындататын әсер етеді. Оларды ұзақ қабылдаудан рухани және физикалық тәуелділіктер дамиды, соңғы сатыларында адамның ақылесінен адастырады, жадыда сақтауды әлсіретеді, өзіне-өзі қол жұмсауға талпыныстар болып, әлеуметке қарсы әрекеттер жасалады.

Психотроптық дәрілердің ішінде лизергин қышқылының өнімдері ерекше орында тұрады. Лизергин қышқылының диэтиламиді (ЛСД-25), мескалин және псилоцибин емдік мақсаттарда қолданылмайды. Бұлар көзге елестер пайда болуына әкеледі. Сондықтан оларды елестеткіш есірткілер дейді. Бір рет қолданудың өзінде жан-дүниелік өзгерістер пайда болып, жіті психоздар дамиды. Олар дербес жүйке

жүйесінің

әрі

симпатикалық,

әрі

парасимпатикалық

бөліктерін

бүлдіріп,

вегетативтік

реттелулердің

бұзылыстарына және тыныс алу орталығының салдануынан адамның өліміне әкеледі. Қайталап оларды қабылдағанда рухани тәуелділік байқалады. ЛСД-25 және мескалин өте тез және күшті әсер ететін заттарға жатады. Олардың әсері бірнеше минуттардың ішінде дамиды. Әдетте жүрек қағуы, артериялық қан қысымы және дене қызымы көтерілуі, көңілкүйдің өзгерістері, қоршаған ортаның айғақтығын сезіну бұзылуы, әртүрлі елестер, сезімталдықтың өзгерістері байқалады. Кейде негізсіз үрейден зорлық жасауға, қоршаған ортасын ойрандауға, лаңкестік істерге итермелеуі

 

ықтимал.

 

 

 

 

 

 

Этанол. Маскүнемдік уытқорлықтың бір түрі. Ішімдіктерді

 

жиі қайталап қабылдаудан маскүнемдік дамиды. Бұл кезде

 

ішімдік

ішуді

тоқтатқан соң доғару синдромы дамып,

 

адамның бас жазуға тәуелділігі пайда болады және ішімдік

 

ішуге

ұдайы

аңсары

ауып

тұрады.Ұзаққа

созылған

 

маскүнемдік кезінде адамның азғындауы болып, оның жан-

 

дүниесінде және дене мүшелерінде тұрақты бұзылыстар пайда

 

болады.

 

 

 

 

 

 

 

Нашақорлық пен уытқорлықтың патогенезі.

59

Есірткілер

мен уыттардың

құрамында және

әсер ету

жолдарында белгілі айырмашылықтар бар. Соған қарамай олардың дерт туындату әсерлерінде, рухани және физикалық тәуелділіктер дамытуында біршама ортақ жалпы заңдылықтар болады. Бұл жалпы ортақ белгілеріне:

жан-дүниеге әсер ететін заттарды қайталап қабылдауға деген дерттік құштарлық болуы;

оларға организнің төзімділігі қалыптасуы;

бұл заттарға рухани тәуелділік қалыптасуы;

оларға физикалық тәуелділік қалыптасуы – жатады.

Жан-дүниесіне әсерлі заттарды қайталап қабылдауға дерттік құштарлық мына себептерден дамуы мүмкін:

есірткіні немесе уыттарға әуестендіретін затты қабылдау адамның көңі-күйін уақытша сергітіп, жайлылық, шаттық сезім туындатады. Сондықтан оларды қайталап қабылдауға деген ықылас пайда болады. Осындай жағдайды

«нығайту ерені» - дейді.

оларды әрбір қабылдаудан кейінгі адамның жадыраңқы

күйі дерттік жүйе қалыптасуына әкеледі. Бұл жүйе көңілкүйдің және әл-қуаттың жайлылығын қамтамасыз ету үшін заттың кезекті жаңа өлшемдерін қабылдауды мұқтаж етеді.

Мида дерттік нығайту жүйенің дәнекерлері болып, дофамин, норадреналин, серотонин, эндорфиндер мен энкефалиндер есептеледі. Есірткілер мен көңіл-күйге әсер ететін заттар нығайту жүйені әсерлендіреді. Осыдан қорға жиналған қосымша жүйкелік дәнекерлер көптеп шығарылады. Бұлар көңіл-күйді көтеріп, әл-қуатты арттырып, масаттандырады және қайта қабылдауға тұрақты құштарлықты қалыптастырады.

Жан-дүниесіне әсерлі заттарға организмнің төзімділігі дамуы.

Бұл заттарға организмнің төзімділігі дамуы нейрон мембраналарының, олардың иондық каналдарының, рецепторларының және ферменттік жүйелерінің жағдайларына байланысты болады. Есірткілерді, уытты заттарды,

ішімдіктерді қайталап қабылдаудан нейрон мембраналарының тұтқырлығы артады. Өйткені бұл заттардың әсерлерінен мембраналардың құрамында холестерин мен қаныққан май қышқылдарының мөлшері көбейеді. Мембраналардың тұтқырлығы артуы адамның көңіл-күйіне әсер ететін заттарға олардың

төзімділігін

ұлғайтады.

 

Өйткені

мембраналардың

тұтқырлығынан

рецепторлардың

қозғалыстары

шектеліп,

жүйкелік

дәнекерлерге

олардың

сезімталдығы төмендейді.

Сол

себептен

есірткілер

 

мен

уыттардың

бастапқы

өлшемдеріне нейрон

мембраналарының

рецепторлары жауап

60 қайтармай, олардың қабылданатын өлшемдерін

ұлғайтуды

қажет етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рухани және физикалық тәуелділіктер қалыптасуы.

 

Тәуелділік

синдромы

деп

көңіл-күйге, жан-дүниеге

әсер ететін затты қабылдамаса тұра алмайтын адамның

жағдайын айтады. Оның дамуының қарқыны жан-дүниеге әсерлі

затты

алғашқы

қабылдау

кезіндегі

көңіл-күйдің

шаттаныстығы

мен

рахаттану

сезімдерінің

айқындық

дәрежесіне байланысты. Ол неғұрлым күшті болса, соғұрлым

тәуелділік синдромы да тез және күшті дамиды. Тәуелділік

синдромы рухани және физикалық болып ажыратылады.

 

Рухани тәуелділік – деп жан-дүниеге әсерлі заттарды

қабылдауды

тоқтатқанда

организмнің

көңіл-күйінің

бейжайлығымен, тұнжырауымен, үреймен, қатты жабырқаумен

көрінетін

адамның

рухында

белгілі

жайсыздық

сезімімен

сипатталатын жағдайды айтады. Ол көңіл-күйді шаттандырып, рахаттану сезімін туындату үшін немесе организнің жайсыздық жағдайын болдырмау үшін қолданылатын психогендік затты ауық-ауық қайталап немесе оны ұдайы енгізуді қажет ететін және оны қабылдағаннан кейін организмде қанағаттану сезімі мен көңіл-күйдің жадырауын туындататын жағдай.

Физикалық тәуелділік – деп жан-дүниесіне әсерлі заттарды қабылдауды тоқтатқанда адамның әл-қуатының қатты

әлсіреуімен,

бұлшықеттердің

сырқырап

ауыруымен,

сіңірлердің

тартылуларымен,

орталық

жүйке

жүйесі

әрекеттерінің, ішкі ағзалар мен жүйелердің қызметтерінің терең бұзылыстарымен көрінетін жағдайды айтады. Бұл тәуелділік бар жағдайда жан-дүниеге әсерлі заттарды қабылдауды тоқтатқанда доғару синдромы дамиды. Ол науқас адам рухының, жүйке жүйелерінің және әл-қуатының қатты бұзылыстарымен сипатталады. Осыдан:

қатты қобалжу, жабырқау, жайсыздық, қанағат сезімінің жоғалуы, өзін қоршаған ортаға өшігу т.с.с. жандүниелік өзгерістер байқалады;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]