Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

KZ Патофизиология учебник

.pdf
Скачиваний:
353
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
6.67 Mб
Скачать

қолданылады.

ДЕРТ ТУЫНДАТАТЫН СЫРТҚЫ ОРТАНЫҢ ЫҚПАЛДАРЫ

Дерт туындататын сыртқы ортаның ықпалдары механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық және әлеуметтік болып ажыратылады. Бұл ықпалдар жиі бірігіп әсер етеді. Мәселен, механикалық жарақаттардың нәтижесінде дамитын қан кетулер қоршаған ортаның температурасымен, оның химиялық заттармен немесе иондағыш сәулелермен ластануымен, организмнің өзінің жағдайларымен (жас мөлшерімен, жынысымен, эндокриндік, иммундық жүйелерінің

31ерекшеліктерімен) т. б. көптеген ықпалдардың бірігіп әсер етуімен қабаттасады. Әсіресе адам организміне дерт

туындататын

сыртқы

ортаның

ықпалдары

әлеуметтік

ықпалдармен

бірігіп

әсер

етуінен,

соңғылары

алғашқыларының әсерін біршама өзгертуі мүмкін. Тұрмыстың немесе өндірістік жағдайларының нашарлығы кездерінде қалыпты жағдайларда әсер етпейтін әлсіз қоздырғыштардың әсерлерінен дерт дамуы ықтимал. Кейде әлеуметтік ықпалдар (ашығу, үй тұрмысының нашарлығы, қоршаған ортаның ластанулары, соғыс, ауыз суының сапасыздығы, киімнің нашарлығы, тұрмыста және жұмыста кездесетін өмір қайшылықтары т.с.с.) дерт дамуына себепкер бола алады. Оның үстіне адам үшін жаңа кәсіпқойлық әрекеттердің күрделіленілуі созылмалы ауыртпалық (стресстік) жағдай туындатып, көптеген дерттердің дамуына ықпал етеді.

МЕХАНИКАЛЫҚ ЫҚПАЛДАРДЫҢ бүліндіргіш ӘСЕРЛЕРІ.

Механикалық ықпалдар жалпы организмнің және жергілікті ағзалар мен тіндердің бүліністерін туындатады. Олардың бұл әсері күшінен (кг/см2), белгілі жылдамдықта қозғалып келе жатқан заттың кинетикалық қуатына байланысты. Сондықтан механикалық ықпалдың күшіне байланысты созылу, қысылу болса, оның кинетикалық қуатына байланысты соғылу, құлау, оқ тию т.с.с. жарақаттар дамиды.

Сонымен бірге механикалық ықпалдардың бүліндіргіш әсері бүлінетін тіндердің төзімділігі мен тығыздығына байланысты. Механикалық ықпалдардан әртүрлі жарақаттар болады. Оларға: тіннің созылуы, жыртылуы, қысылып қалуы, жаншылып қалуы, соққы, шайқалуы т. с. с. құбылыстар жатады. Механикалық күштердің әсерінен тіндердің созылып кетуі, артынан жыртылуы мүмкін. Тіндердің тығыздығы мен серпімділігі олардың созылып кетуіне қарсы тұрады. Сондықтан сүйектер мен бұлшық еттердің сіңірлері созылатын әсерге біршама тұрақты болады. Бұлшықеттер мен

қан тамырлары

аз

күштің өзінен

жеңіл созылып кетуі

мүмкін.

 

 

 

 

Адамның

жасы

ұлғаюына

байланысты

тіндердің

серпімділігі мен тығыздығы азая береді. Сондықтан қарт адамдарда жиі сүйектің сынуы, шытынауы, сіңір созылуы

байқалады.

Әртүрлі

дерттік

жағдайлар

тіндердің

серпімділігін

төмендетіп,

олардың

созылғыштығын

өзгертеді. Қабыну кезінде бұлшықеттердің, сіңірлердін, буын байламдарының серпімділігі азайып, олардың үзіліп, жыртылып кетулеріне қолайлы жағдай дамиды. Созылған тіндер семіп қалады, олардың атқаратын қызметтері бұзылады. Мәселен, ұзақ мерзім керіліп кеткен асқазанның шырышты қабығында атрофия дамиды, оның қимылдық және сөл

32 шығаратын қызметтері бұзылады. Эмфизема, бронхиалық демікпе кездерінде өкпенің керіліп кетуінен, оның серпімділігі азайып, демді сыртқа шығаруы қиындайтын

болады.

 

 

 

 

Қысатын

күштерге

сүйектер

мен

тірек-қимылдық

құрылымдар біршама қарсы тұра алады. Жұмсақ тіндер қысушы күшке өте сезімтал болып келеді. Бұл кезде қысылып қалудан жұмсақ тіндердің қанмен қамтамасыз етілуі және қоректенуі бұзылады. Осыдан қысушы ықпал ұзақ әсер етсе, тіндердің тіршілігі жоғалады. Өсіп келе жатқан тіндер қысылып қалса, олардың өсуі тоқтайды. Қысушы әсерлерден тіндердің атрофиясы дамиды.

Дене мүшелері ауыр заттың астында қысылып қалуынан организм тіршілігіне қауіпті жағдай дамиды. Бұндай адамдарды ауыр заттан босатып алғаннан кейін дамитын дертті ұзақ жаншылу синдромы деп атайды. Бұл кезде организмнің ауыр уыттануы болады, бүйрек қызметінің жіті жеткі-ліксіздігі дамиды, несеп шығару қатты азаяды немесе тоқтайды. Осыдан адам тез жан тапсырады. Ұзақ жаншылу синдромының даму негізінде жаншылған тіндердің ыдырауынан пайда болған уытты өнімдер тұтас организмге қанмен тарап кетуі жатады. Олар бүйректің атқаратын қызметін бұзады. Содан жалпы организмнің уыттануы болады. Сондықтан ауыр заттың астында қалған мүшені босатқанда алдымен жаншылған тіндердің жоғары жағынан уыттарды қанмен тарап кетпейтін

етіп, тамырларды қысып таңып,

содан

кейін біртіндеп

босату қажет.

 

 

Қозғалып келе жатқан ауыр

заттың

денеге немесе

қозғалып келе жатқан дененің тұрған ауыр затқа соғылуынан соққы дамиды. Сондай-ақ дененің соққыға ұшырауы үлкен жылдамдықта қозғалып келе жатқан сұйықтар мен газдардың әсерлерінен де болуы мүмкін.

Соққының әсерінен терінің, жұмсақ тіндердің, қан тамырларының ішкі ағзалардың жыртылуымен, сүйектердің сынуымен, шытынауымен көрінетін тіндердің тұтастығы

бұзылады.

Соққының әсерінен пайда болған жарақаттардың түрі:

әсер еткен бүліндіргіш ықпалдың түрінен (оның өткір немесе доғал зат болуынан, мылтықтың оғы немесе қанжар, сұйықпен немесе газдардың қатты толқынымен болуынан);

қозғалып келіп тиген заттың жылдамдығынан және оның кинетикалық қуатынан;

дененің зақымдаушы әсермен түйісу бетінен;

жалпы организмнің және зақымданған тіннің

жағдайларынан

-байланысты. Доғал заттармен соғылғанда

33 дененің тері

қабаты

кейде бүлінбей, ішкі ағзалардың

(бауырдың, бүйректің,

ішектердің, өкпенің) жыртылуы,

содан ішке қан кетулер болатыны белгілі.

Соққының

әсерінен

көптеген сезімтал қабылдағыштар

(рецепторлар) және жүйкелердің талшықтары бүлінгенде

жергілікті ағзалар мен

жұмсақ тіндердің зақымдануы тұтас

организмнің бұзылыстарымен қабаттасады. Осыдан жарақаттық сілейме (травмалық шок) дамиды (шокты қараңыз).

ШУ МЕН ДЫБЫСТАРДЫҢ ЖАҒЫМСЫЗ ӘСЕРЛЕРІ.

Шу — айналадағы тыныштықты бұзатын, пайдалы дыбыстарды қабылдауға бөгет жасайтын, адамға теріс ықпал ететін және оның еңбекке қабілеттілігін төмендететін жағымсыз және қолайсыз дыбыстардың жиынтығы. Адамның құлағы 16 дан 2000

Гц

жиіліктегі

дыбыстардың

толқындарын қабылдайды. 1

мкВт/см2-тен жоғары дыбыстың

қарқыны есту

талдағышына

(анализаторына)

бүліндіруші әсер етеді. Дыбыстың қарқыны

3

кВт/см2 асып

кеткенде адам

есінен танады,

аяқ-қолының

салдануы болады және селкілдек дамиды.

Шудың бүліндіргіш әсері оның қаттылығы мен жиілігіне байланысты. Жоғары жиіліктегі дыбыс толқындары организм үшін зияндырақ болады. Организмге бүліндіргіш әсер етпейтін дыбыстың қаттылығы 40—50 дБ-ден аспауы керек. Оның қаттылығы 80 дБ болса, ол адам денсаулығына зиянды әсер етеді.

Адам организміне шу арнайы (спецификалық) және бейнақты (бейспецификалық) ықпал етеді. Оның арнайы әсері есту талдағышының қызметін бұзумен байланысты. 80—100 дБ қаттылығы бар шу құлақтың есту қабілетін төмендетеді, біртіндеп оның мүкістігіне әкеледі. Шудың есту талдағышына бүліндіруші әсері организмнің даралық сезімталдығына байланысты және қарт адамдарда ол айқыи көрінеді.

Шудың адам организміне бейспецификалық әсері мидың сыртқы қыртысына, гипоталамусқа, лимбикалық жүйеге, жұлынға қоздырғыш әсер етуімен байланысты. Шудың әсерінен орталық жүйке жүйесінде шектен тыс қатты тежелу болады,

 

артынан оның қалжырауы дамиды. Осыдан адамның қатты

 

қызбалығы, сезім билеуі, ұмытшақтығы, ынтасы мен еңбекке

 

қабілеттілігінің төмендеуі байқалады. Гипоталамустың

 

қозуынан кортиколиберин артық өндіріліп, аденогипофиз бен

 

бүйрек үсгі бездерінің сыртқы қабатының қызметтері

 

көтеріледі, стресс дамиды. Жұлынның қозуынан және қозудың

 

дербес (вегетативтік) жүйке жүйесінің орталықтарына

 

тарауынан

көптеген

ішкі

ағзалардың

қызметтерінің

 

өзгерістері

байқалады.

Осыдан

жүрек-қан

тамырлары

 

жүйесінің, ас қорыту жолдарының аурулары дамуы ықтимал.

34

Ультрадыбыстардың

әсері.

20

кГц

жиіліктегі

дыбыс

 

толқындары ультрадыбыстарға жатады және олар адам

 

құлағымен есгілмейді. Қазіргі дәстүрлі медицинада бұл

 

дыбыстар ауруларды анықтау үшін және оларды емдеу үшін

 

қолданылады. Үлтрадыбыстық толқындардың кеңістіктерде

 

тарау жылдамдықтары және оларды ішкі

ағзалар

мен

 

тіндердің қабылдауы мен шағылыстыруы әртүрлі дәрежелерде

 

болғандықтан (бауырда, мида, бүйректе, үйқы безінде)

 

өспелер мен тастарды, сүйектердің сынығын және бітуін,

 

жүректің жиырылу-босаңсу кездеріндегі көлемін т. т.

 

анықтау үшін пайдаланылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ультрадыбыстар организмге механикалық, температуралық

 

және физикалық-химиялық әсер етеді.

 

 

 

 

 

Ультрадыбыс

толқынында

дыбыстың қысымы

3

атмосфера

 

(304 кПа) теріс және соншама оң жаққа ауысып тұрады. Бұл

 

кезде дыбыстың теріс қысымының әсерінен жасушаларда өте

 

майда қуыстар пайда болады. Олар тез тым қатты жабылуы

 

кездерінде ішіндегі сұйыққа соғылып жасушаның қабығында

 

майда жыртықтар пайда болады. Осындай құбылысты кавитация

 

деп атайды. Осыдан дамитын мембрананың деполяризациясы,

 

молекулалардың иондануы тіндердегі химиялық реакцияларды

 

күшейтіп, зат алмасуларын арттырады және оларды қалыпты

 

деңгейге келтіреді. Ультрадыбыстардың 1,5 Вт/см2-ге

 

дейінгі аз немесе 1,5 - 3 Вт/см2 аралығындагы орташа

 

қарқындылығы организм тіндеріне жағымды әсер етеді.

 

 

Ультрадыбыстардың

тіндерге

тарауынан

жылу

пайда

 

болады. 4 Вт/см2 мөлшерінде қарқынды ультрадыбыс 20

 

секунд әсер еткенде тіндердің ішінде 5-6 см-ге дейінгі

 

тереңдікте

температура

 

5—6°

 

С-ға

көтеріледі.

 

Температураның

көтерілуі

 

тіндерде

микроциркуляцияны

 

жақсартьш, зат алмасуларын арттырады.

 

 

 

 

 

Үлкен қарқынды ультрадыбыстар (3-10 Вт/см2) жалпы

 

организмге, тіндер мен жекелеген жасушаларға бүліндіргіш

 

әсер етеді. Олар қылтамырларда қанның ағымын бұзады,

 

жасушалардың

 

құрылымдық

 

өзгерістерін

туындатады,

тіндердің тым қызып кетуіне әкеледі. Жүйке жүйесі ультрадыбыстардың әсеріне өте сезімтал болады. Осыдан шеткері жүйкелердің түйіспелері (синапстары) арқылы жүйкелік серпіндердің берілуі бұзылады. Сондықтан есту, вестибулалық және көру талдағыштарының қозымдылығы төмендейді, үйқы бұзылады, адамның жөнсіз қызбалығы және тез шаршауы байқалады. Қатты шуға қарағанда ультрадыбыстар есту талдағышының қызметіне азырақ әсер етеді. Бірақ олар кеңістіктерде дененің қалыпты кейпін сақтайтын вестибулалық талдағыштың қызметін басымырақ

35 өзгертеді және ауыру сезімталдығын күшейтеді, дене температурасын реттеу жолдарын бұзады.

БАРОМЕТРЛік ҚЫСЫМНЫҢ ӘСЕРІ.

Төмен барометрлік қысымның әсері. Таулық немесе биіктік аурулары.

Биік тауға шыққанда, кабинасы бүлінген ұшақтармен, ауа шарларымен биіктікке көтерілгенде немесе атмосфералық қысымды төмендететін барокамераларға орналасқанда адам организміне төмен барометрлік қысым (гипобария) әсер етеді. Бұл кезде организмге екі түрлі ықпал болады:

барометрлік қысымның төмендеуі. Қалыпты немесе жоғары барометрлік қысымнан төмен қысымға тез ауысуын

декомпрессия дейді;

дем алатын ауада оттегінің үлестік қысымының (рО2) азаюы.

Осыдан организмде пайда болатын бұзылыстардың көріністері барометрдік қысымның төмендеу дәрежесіне және оның жылдамдығына байланысты. Қалыпты барометрлік қысым 760 мм с. б. болса, оның 530—460 мм с. б.-на дейін төмендеуі 3000—4000 м биіктікте болады. Барометрлік қысым төмендеген сайын денедегі газдардың еруі азайып, олар газ күйіне айналады. Сондықтан кеңсірік, маңдай, өкпеқап қуыстарында, ішек-қарын жолдарында, ортаңғы құлақ ішінде газ жиналып керіп кетеді. Олардағы сезімтал қабылдағыштарды қоздырып, қатты ауыру сезімін тудырады. Әсіресе құлақ ішінен қатты шаншып ауыртады.

9000 м биіктікте барометрлік қысым 225,6 мм с. б.-на дейін төмендейді. Декомпрессияның нәтижесінде азот көпіршіктеніп қанға түседі, эмболия дамиды. Осыдан ішкі ағзалар мен тіндердің ишемиясы болады. Бұл эмболдар ми мен жүрек тамырларына тұрып қалуынан адамның кенеттен естен тануы, жүректің инфаркты дамиды.

19000 м биіктікте барометрлік қысым 47 мм с. б. дейін

азаяды,

организмдегі

сұйықтар

газдың

бөлінуінен

сарқылдап,

қайнаған

су сияқты

болады.

Газдар тері

астындағы шелмайға т. б. тіндерге жиналуынан тіндердің биіктік эмфиземасы немесе газ кернеп кетуі дамиды.

Демалатын ауада барометрлік қысым төмендегенде оттегінің үлестік қысымы азаюдан биіктік ауруы дамиды. Оның негізгі себебі болып организмге оттегінің жетіспеушілігі, содан қанның оттегіге қанықпауы (гипоксемия) есептеледі. Бұндай жағдай биік таулардың шыңдарына шыққан адамдарда да байқалады. Бұл кездегі организмнің дерттік өзгерістерін таулық ауру дейді. Биіктік ауруын таулық аурудан ажырату қажет. Таулық ауру

36 адамның тауға белгілі күш жүмсап, біртіндеп көтерілуінен, ол бірнеше сағаттан немесе тәуліктен кейін дамиды. Биіктік ауруы өте тез дамиды және организмнің тым ауыр бұзылыстарына әкеледі. Бұл ауру кезінде биікке көтерілген адам өзінің жағдайын дұрыс бағаламай, масаттанып, ешбір ауру белгілеріне шағым айтпайды және алғашқы секундминуттардың ішінде есінен танып қалады.

Таулық ауру екі сатыда өтеді. Бірінші сатысы теңгерілген, екінші сатысы теңгерілмеген делінеді. Теңгерілген сатысы 1000—4000 м. биіктікте байқалады. Демалатын ауада оттегінің үлестік қысымы азайғандықтан, артериалық қанда оттегінің деңгейі төмендеген, ішкі ағзалар мен тіндерге оның тасымалдануы бұзылған. Сондықтан оларда зат алмасулары соңғы өнімдеріне дейін жүрмей аралық қышқыл өнімдер жиналып қалады, метоболизмдік ацидоз дамиды. Осыдан оттегінің тапшылығы, жиналған қышқыл өнімдер қан тамырларындағы химиялық рецепторлар арқылы рефлекстік түрде мидағы тыныстық және тамырлардың қимылдық орталықтарын қоздырады: тыныс алу, жүрек соғуы жиілейді. Бұл кезде симпатикалық жүйке жүйесінің межеқуаты (тонусы) көтеріледі. Осыдан шеткері қан тамырларының, тегіс салалы ет жасушаларының жиырылуы,

терінің

бозаруы,

артериалық

қан

қысымының

аздап

көтерілуі,

қанның

жиналған

қорларынан

тамырларға

шығарылуы болады. Шеткі қанда эритроциттер көбейеді. Ары қарай сүйек кемігінде эритроциттердің өндірілуі артады. Содан шеткері қанда олардың саны шынайы көбейеді және жас эритроциттер (ретикулоциттер) пайда болады. Сонымен бірге гемоглобин молекуласының оттегін байланыстыру қабілеті көтеріледі және тотыққан гемоглобиннің тіндерге оттегін беруін жеңілдетеді. Тіндерде заттар алмасуының анаэробтық жолмен жүруі артады. Сол арқылы организм тіршілігіне қажетті азды-көпті қуат (АТФ, КрФ) өндіріледі. Бұл келтірілгендер оттегінің жетіспеушілігіне қарсы бағытталған организмнің теңгеру-икемделу жолдарына

жатады. Дегенмен, бүл кезде орталық жүйке жүйесінде қозу

үрдісі басым

болады, адамның жөнсіз қызбалығы, өз

жағдайын дүрыс бағалай алмаушылығы, қимыл-қозғалысының

үйлесімсіздігі

байқалады.

Адам

тоқмейілсіп,

көп

жағдайларға мән бермейді, араққа мас болған адамдай көңіл күйін шаттық билейді (эйфория).

Ары қарай 5000 м биіктіктен астам көтерілгенде таулық аурудың теңгерілмеген сатысы дамиды. Бұл кезде терең жиі

тыныс алудың нәтижесінде организмнен СО2

артық шығарылып

кетеді.

Қоректік

заттардың

толық

тотықпауынан тіндерде

37 СО2 газының түзілуі азаяды. Осы

екі жағдайдан

организмде

(қанда) СО2

газының

деңгейі

төмендейді,

гипокапния

дамиды, газдық алкалоз байқалады. Сондықтан мидағы тыныс

алу, қан тамырларының қимылдық т.с.с. орталықтардың

қозымдылығы

азаяды.

Енді

көңіл-күйдің

көтеріңкілігі

(эйфориясы) қатты түнжыраумен (депрессия)

ауысады,

орталық жүйке жүйесінің тежелуі болады. Бұл кезде науқас

адамның

қимыл-қозғалысы

азаяды,

тез

шаршағыштығы

байқалады, барлық шартты,

шартсыз

рефлекстері

жоғалады,

ол терең ұйқыға батады.

Осыдан науқастың тыныс

алуы

сиреп,

үзілісті

(Чейн-стокс,

Биот) тыныс

алу

пайда

болады. Оттегінің жетіспеушілігінен, гапокапниядан және алкалоз дамуынан мидағы тыныс алу орталығының салдануы адамның өліміне әкеледі.

Жоғары барометрлік қысымның әсері. Кессон ауруы.

Терең суга сүңгігенде, теңіз, мүхит суларының астында жұмыс атқарғанда адам организміне жоғары барометрлік қысым (гипербария) әсер етеді. Әрбір 10,3 м. су асты тереңдікте барометрлік қысым 1 атмосфераға көтеріледі. Қалыпты атмосфералық қысымнан жоғары барометрлік қысымға тез ауыс-қанда дененің қысылуы (компрессиясы) болады. Ол, әсіресе дене қуыстарында байқалады. Сондықтан құлақтың жарғағын ішіне қарай қысып, Евстахий түтігі бітелген жағдайда, құлақ ішінде қатты шаншып ауыру

сезімін туындатады. Шеткері қан тамырлары қысылып қалғандықтан ішкі ағзалар қанға толып кетеді. Тым үлкен тереңдікке өте тез ауысу кезінде қан тамырлары мен өкпе ұяшықтары жыртылып кетуі мүмкін. Содан ауа эмболиясының дамуына қолайлы жағдай пайда болады.

Барометрлік қысым көтерілгенде организмдегі газдардың сұйықтарда еру қабілеті көтеріледі. Оны сатурация дейді. Азот әсіресе май тінінде жақсы ериді. Липидтер мида көп болғандықтан онда еріген азоттың мөлшері көбейеді. Сондықтан орталық жүйке жүйесінін қызметі ерте бұзылады. Бүл кезде көңіл-күйдің шаттануы тез терең ұйқыға

(наркозга) ауысады. Артынан азоттың жүйке жүйесіне улы әсері болып, бас ауыруы, бас айналуы, зерденің бүлінуі,

жүйкелік-еттік үйлесімділіктің

бұзылуы, естен

тану

дамиды. Бұл дерттік құбылыстардан

сақтандыру үшін

терең

су астында істейтін жұмысшылар азоттың орнына гелий мен оттегінің қосындысымен дем алатын аспапты қолданулары қажет. Гелий жүйке тіндерінде азот сияқты ерімейді және ол, организмге улы әсер етпейтін, бейтарап газ болып есептеледі. Терең су астынан адамды жоғары шығарғанда

барометрлік

қысымның әсері азайып,

декомпрессия

дамиды.

38 Бұл кезде адамды тез қалыпты атмосфералық

қысымға

шығарудан декомпрессиялық немесе кессондық ауру дамиды.

Оның дамуы жоғары барометрлік қысым әсер еткендегі

организм

сұйықтарында

еріген

газдар

тез

жоғары

көтерілгенде газ күйіне қайта ауысып, қаннан өкпе арқылы

сыртқа шығарылып үлгермейді. Сондықтан бұл газдар қан

тамырларының ішінде

қалып, газдық эмболия

дамуына

әкеледі. Эмболдар ішкі ағзалардың тамырларында тұрып қалуынан олардың қызметтері бұзылады. Мидың, жүректің тамырлары бітелуінен адамның өліміне әкелуі мүмкін.

ТЕМПЕРАТУРАЛАРДЫҢ ӘСЕРІ.

Төмен температуралардың әсері. Гипотермия.

Суық температура адам денесінің жалпы мұздауына немесе дене мүшелерінің үсуіне әкеледі. Суық температураның организмге әсері оның ылғалдығынан, түрінен (суық ауа, суық су), мөлшерінен, ауада желдің болу-болмауынан, адамның үстіндегі киімінен, тері астындағы шелмайының қалыңдығынан т. б. көптеген жағдайлардан байланысты.

Дененің мұздауы — дене қызымының төмендеуіне (гипотермияға) өкелетін организмдегі жылу реттелуінің бұзылуы. Бұл кезде дене қызымының төмендеуі (гипотермия):

жылудың сыртқа шығарылуы көбейіп кетуден;

жылудың өндірілуі азайып кетуден;

жылу өндірілу мен оның сыртқа шығарылуының біріккен бұзы-лыстарынан болуы мүмкін.

Адамда гипотермия жылудың организмде қалыпты түрде өндірілуіне қарамай оның сыртқа артық шығарылып кетуінен дамиды. Сондықтан суық температура әсер еткенде терінің қан тамырларының жиырылуы болады, тер бөліну тоқтайды, тыныс алу сирейді. Осы жолдармен жылудың организмнен сыртқа шығарылуы азаяды. Ары қарай суық температураның әсеріне жауап ретінде бұлшықеттердің қалтырауы, бауыр мен бұлшық еттерде гликогеннің ыдырауы, қанда глюкозаның

көбеюі, тіндермен оттегін пайдаланудың артуы, зат

алмасуының күшеюі болады. Осыдан организмде жылу өндірілу артады. Осылай суық температураның әсеріне организм жылуды сыртқа шығаруды азайтып, оның денеде өндірілуін арттырып, дене қызымын қалыпты деңгейде ұстап тұрады. Бұл сатыны теңгерілген саты дейді. Суық температура ары қарай әсер ете берсе, онда организмнің икемделу-теңгеру

мүмкіншіліктері

азайып,

гипотермияның

теңгерілмеген

сатысы дамиды. Бұл кезде дене қызымы төмендейді,

бұлшықеттердің қалтырауы болмайды, зат алмасуларының

қарқыны азаяды,

терінің қан тамырлары кеңіп

кетеді. Қан

39 тамырларының қимылдық орталығы тежеліп,

жүрек

соғуы,

тыныс алу сирейді, артериалық қан қысымы

төмендейді.

Терең гипотермия кезінде орталық жүйке жүйесінің

тежелуінен адам терең ұйқыға батады, біртіндеп тыныс

орталығы

мен

қан

тамырларының

қимылдық

орталығы

әлсіреуінен адам жан тәсілімін тапсырады.

 

 

 

Сонымен

бірге, шамалы

гипотермия

ішкі

 

ағзалар мен

тіндерде зат алмасу қарқынын төмендетіп, оттегінің жетіспеушілігіне олардың төзімділігін көтереді. Бұл кезде организмнің тұрақтылығы уыттарға, жұқпаларға, механикалық жарақаттарға, электр соққыға т. б. қолайсыз ықпалдарға жоғарылайды. Сондықтан дене қызымын жасанды түрде төмендету (гибернация) организмнің оттегіге мұқтаждығын азайту үшін, мидың ишемияға төзімділігін арттыру үшін клиникалық медицинада кеңінен қолданылады.

Суық температураның жергілікті әсері дене мүшелерінің үсуімен көрінеді. Үсудің бірінші дәрежесінде үсіген

мүшенің қызаруы, екінші дәрежесінде күлдіреуі, үшінші дәрежесінде өлеттенуі болады. Бұлай ажырату шартты түрде ғана дұрыс. Бірінші дәрежесі ары қарай суық температураның әсері тоқтағанына қарамай екінші, үшінші дәрежелеріне ауыса беруі мүмкін. Үсудің даму патогенезі

тіндердегі

коллоидтардің

өзгерістерімен,

қылтамырларда

қан

ағымы

мен

оның

реологиялық

қасиеттерінің

бұзылыстарымен түсіндіріледі.

 

Жоғары температуралардың әсері. Асқын қызыну. Ыстьқ соғуы.

Ыстық температура дене мүшелерінің күюіне, күйіктік

ауруға немесе

жалпы

дененің асқын

қызынуына

әкелуі

мүмкін.

 

 

 

 

Күйік. Күйік

ыстық

температураның

әсерінен,

химиялық

күшті қышқылдардың, сілтілердің әсерлерінен немесе физикалық (электр ағымының, радий белсенді заттардың әсерлерінен) ықпалдардан дамуы мүмкін. Сондықтан ыстық

температураның әсерінен дамитын күйікті температуралық күйік деп ажырату қажет. Қалған күйіктер сәйкес тарауларда қаралады.

Оттың жалыны, ыстық су, бу немесе 45-50° С-дан астам қызған заттар дене мүшелеріне тигенде температуралық күйік дамиды. Бұл кезде тіндердің бүліну тереңдігіне

байланысты күйіктің төрт дәрежесін ажыратады: 1. терінің қызаруы; 2. күйген жердің күлдіреуі; 3. терінін некрозы және жаралардың пайда болуы; 4. тері мен оның астында жатқан тіндердің толық некрозы немесе тіндердің көмірге

40 айналуы.

Ыстық температураның жергілікті әсер ету жолдары тін нәруыздарының ұюымен, жасушалардың тіршілігін жоғалтуымен, тіндердің некрозымен, қабыну дамуымен байланысты.

Күйіктің организмге әсері бүлінген тері қабатының аумағына байланысты. Дененің 10-15%-нан астам аумағының терең күйіктері тұтас организмнің бүліністеріне, ішкі ағзалар мен жүйелердің бұзылыстарына әкелетін ауру туындатады. Бұл ауруды күйіктік ауру дейді. Ол келесі сатыларда өтеді: 1. күйіктік сілеймен (шок), 2. күйіктік

уыттану, 3. күйіктік жұқпалар, 4. күйіктік арып-азу, 5. сауығу.

Күйіп қалған жерден орталық жүйке жүйесіне қатты ауыру сезімі беріледі. Осыдан қан тамырларының қимылдық және тыныс алу орталықтары алдымен қатты қозып, артынан әлсірейді. Қан қысымы төмендеп, ағзалар мен тіндерде майда қан айналым бұзылады, күйіктік сілейме (шок) дамиды. Оның дамуына бүлінген тіндерде нәруыздардың ыдырауынан пайда болған уытты заттардың қанға түсуі, қанның сұйық бөлшектерінің тамыр сыртына шығып кетуінен қоюлануы мен аққыштық қабілетінің бұзылыстары қолайлы ықпал етеді. Бұл кезде су мен электролиттердің алмасуы бұзылады. Күйгеннен кейін алғашқы сағаттарда бүлінген тіндерде натрий көптеп ұсталып қалады, артынан натрий мен су қан плазмасынан жасушаларға ауысады. Осыдан жасушалар ісінеді. Бұл жағдайды күйіктік сілеймені емдеу үшін изотониялық сұйықтарды қанға енгізу кездерінде есте сақтау қажет. Олар тез жасушаларға еніп кетуі мүмкін.

Бүлінген жасушалардан калий көптеп қанға түседі, гиперкалиемия дамиды. Ол жүректің жиырылғыштық қасиетін төмендетіп, жүрек аритмиялары дамуына әкеледі. Күйік эритроциттердің қатты гемолизін туындатады. Осыдан қан плазмасында гемоглобиннің мөлшері артады, оның несеппен шығарылуы ұлғаяды, бүйрек қызметінің жіті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]