Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП 1.09.13- каз яз.doc
Скачиваний:
69
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
3.52 Mб
Скачать

2 Блок. Жас отбасы және дәстүр

Грамматика: Фразеологизмдердің мағынасы мен қолданылу ерекшелігі

6 Сабақ

Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

Туыстық орта, әлеуметтік тәжірибе, неке, ұя, инабаттылық, бастау бұлағы, ерлі-зайыптылар, іргетас, бірегей, атастыру, жеті ата, құйрық-бауыр жегізу, құдалықтан айну, енші алу, текті, даланың заңы.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер

Туыстық қарым-қатынастар адам­зат мәдениетінің бір тармағын құрайды. Баяғы ғасырлардан келе жатқан ұлты­мыздың рухани-өнегелік дәстүрлері отбасында адам мәдениетінің жанұя­сыз, махаббатсыз, балаларсыз, жұбайлық  және туыстық қатынастарсыз ешқан­дай ма­ңызы болмайды. Туыстық орта арқы­лы адам әлеуметтік тәжірибе, салт-дәстүрді қабылдайды. Отбасы – шағын әлеуметтік топ. Оның мүшелері некемен, қаны бір туыстығымен, тұрмыстың ортақтығымен және өзара адамгершілік, жауапкершілік байланыспен өмір сүреді. Отбасы – қоғамның бастапқы ұясы. Отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастар ерекше тиісті міндеттерге негізделеді. Бұларды тәртіп бойынша орындағандар – қоғамның жалғасуына, нығаюына қызмет еткендер, ал орындамағандар болса, олар – қоғамның тәртібін бұзған, әлеуметтік тәрбиеден үлгі ала алмаған бақытсыз жандар. Адам баласының қасиетті борыштары: үлкендерге құрмет, кішілерге мейірімділік, сондай-ақ адамгершілік және отансүйгіштік сезімдерін отбасында үйренеді. Отбасы – сүйіспеншіліктің, инабаттылықтың бастау бұлағы. Еркек пен әйел – отбасының екі іргетасы. Адам баласы қажет ететін рақатты, шын сүйіспеншілікті, мейірбандық сезімдерін ананың құшағында, әкенің қара шаңырағында табады. Олай болса, отбасының мәні өте зор. Оның екі іргетасы болған ерлі-зайыптылар құқықтары мен міндеттерін түсіне біліп, дұрыс әрекет етсе, отбасында бақыт пен шаттық орнайды.

Қазақтарда отбасы мен  некеге қатысты сонау ежелден келе жатқан бірегей әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері болған. Ата-ана өздерінің ұлын үйлендіру қамын әрқашан ойластырып жүретін. Болашақ келінді бала кезінен іздестіре бастайтын. Балалардың жас кезінен-ақ атастыру рәсімі болатын. Құдаларды өнегелі, құрметті, текті жерден іздестіретін. Құда түсудің салт-дәстүрлері бойынша арнайы рәсім өткізілетін. Қазақтарда жеті атаға толмаған туыстар арасында неке қиюға қазір де қатаң тыйым салынады.

Баланы үйлендіруге қатысты әдет-ғұрыптардың реті мынадай болатын: құда түсуге алдын ала келісу, ата-ананың құда түсуі, қызға сырға салу, келін түсіру тойы, неке қию рәсімі. Ұзатылатын қыздың әкесі құда түсіп келген құдаларға құйрық-бауыр жегізетін. Бұл салт-дәстүр құдалық рәсімінің орындалғанын көрсететін. Ал құдалық екі жаққа да белгілі  міндеттер жүктейтін. Құдалықтан айнуға болмайтын.

Жеке шаңырақ көтеріп, ата-анасынан еншісін алып шыққан жас отбасында күнделікті тіршілігіне қажетті нәрсенің бәрі де — отауы, төсек-орындары мен үй ішінің жабдықтары, есік алдында малы да болатын. Ежелден келе жатқан әдет-ғұрып бойынша ата-анасының қолында кенже ұлы қалып, қара шаңыраққа бүкіл мал-мүлкімен қоса иелік ететін. Қазақтар өздерінің ата-анасын ешқашан тастап кетпейтін. Даланың жазылмаған бұл әдет-ғұрпын   бұзғандарды қазақтар нағыз жексұрын, жауыз жандар ретінде жек көреді.

Кей жағдайда, әсіресе, қалада тұра­тын жастардың ішінде қазіргі заманда үл­кендерді тыңдау, сыйлау, құрметтеу сияқ­ты ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлі қатынастар ығыстыры­лып, оның орнына үлкендерге қарсы тұру, ата-аналар мен педагогтардың пікірін мен­сінбеу кездеседі. Бұл – жақсылыққа апармайтын жол. Адам өмірінде сәттілік, материалдық игі­ліктер, отбасы бақытына ие болғысы келсе, асыл дәстүрлерімізді сақтай отырып, неке тазалығына адал, бала тәрбиесіне бекем болуы керек.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Отбасы – қандай топ?

  2. Адамның қасиетті борыштары қандай?

  3. Баланы үйлендіруге қатысты әдет-ғұрыптардың реті қалай болатын?

  4. Енші алу деген не?

  5. Даланың жазылмаған заңы балаға қандай талап қойған?

Жазылым:

1-тапсырма. Сөйлемді толықтырыңыз:

1. Туыстық орта арқы­лы адам әлеуметтік тәжірибе,...

2. Адам баласы қажет ететін рақатты, шын сүйіспеншілікті, мейірбандық сезімдерін ананың құшағынан, ....

3. Ерлі-зайыптылар құқықтары мен міндеттерін түсіне біліп, дұрыс әрекет етсе, .....

4. Қазақтарда жеті атаға толмаған туыстар арасында неке қиюға...

5. Адам өмірінде сәттілік, материалдық игі­ліктер, отбасы бақытына ие болам десе, ........

2-тапсырма. Мәтіннен фразеологизмдерді тауып, синонимдік нұсқасын жазыңыз.

Тыңдалым

Тыңдаңыз:

Диалог бойынша дұрыс ақпаратты көрсетіңіз.

A) Базарлықты тек балаларға ғана береді.

B) Кішкентай балалар да базарлық әкеледі.

C) Қазақ дәстүрлері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.

D) Қазақтың салт-дәстүрлерін аналар ғана жақсы түсінеді.

Диалог бойынша қате пікірді көрсетіңіз.

A) Базарлықты алыс сапарға кеткен адамнан күтеді.

B) Бұндай жақсы дәстүрлерді сақтап, жеткізетін – үлкендер.

C) Базарлықты алғанда оны кімге беру керек екендігін ойлау керек.

D) Базарлықты үлкен адамдар арнайы тапсырыспен алдыртады.

Әженің көзқарасын анықтаңыз.

A) Балалар базарлықты түсінбейді.

B) Базарлық – ұрпақтарға қажетті жақсы дәстүр.

C) Алыс сапар, саяхаттарға базарлық алу үшін бару керек.

D) Қазақ салт-дәстүрлерін қыздарға ғана айтып отыру керек.

Кішкентай қыз нені ұмытпау керек?

A) Базарлық алуды

B) Үлкендерден базарлық сұрауды

C) Тамаша салт-дәстүрлерімізді жалғастыруды

D) Әжесінің қандай базарлық алатындарын

Анықтама:

Туыстық орта – родственное среда

әлеуметтік тәжірибе –социальный опыт

неке – бракосочетание

ұя – гнездо

инабаттылық – вежливость, почтительность

бастау бұлағы – родник

ерлі-зайыптылар –супруги

іргетас – фундамент

бірегей – уникальный

атастыру – этн. помолвить детей с ранних лет

құйрық-бауыр жегізу – этн. (обрядовая еда, приготовляемая из курдюка и печени, которую едят сваты в знак состоявшегося сватовства)

құдалықтан айну – отказываться от ....

енші – этн. енши (часть имущества, которая выдается сыновьям при отделении)

текті – родовитый, благородный

даланың заңы – закон степи

Тезаурус:

жеті ата – ата-баба, жеті буын

құйрық-бауыр жегізу – құда болғандықты білдіретін рәсім, тамақ түрі

құдалықтан айнуға болмайды – құда болған адамдарға кейіннен бас тартуға болмайтын дәстүр бар, егер бас тартса, үлкен айып төлейді.

енші алу – отбасын құрған ер жігіт әке-шешесінен бөлініп шығады.

текті – ата-бабасынан бері қарай жақсы атақты болып келе жату

даланың заңы – қазақ қоғамының заңы

7- сабақ

Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

Демографиялық ахуал, орналасу тығыздығы, шаршы метр, кері ықпал, түптің түбінде, адамға шаққанда, ыңғайға қарай, өміршеңдік, нұр үстіне нұр, шарықтау, қанат жаю.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.