Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП 1.09.13- каз яз.doc
Скачиваний:
69
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
3.52 Mб
Скачать

Қазақстанды сағынып жүрмін

АҚШ-тың солтүстігіндегі Портленд қаласының (Орегон штаты) бес жүз мыңнан астам тұрғыны бар. Портленд – АҚШ-тың ең жасыл қаларының бірі. Өңірдің табиғаты көркем. Ауасы құрғақ және жайлы. Тау-тасы мен табиғаты Алматы облысының Нарынқол өңірін көзге елестетеді. Тіпті Нарынқолдың тау-тасынан басқа, Қазақстанның көп жерлерінде өсе бермейтін кәдімгі арша жайқалып тұр.

Портлендте бізді Ангрес Андерсон атты америкалық қонаққа шақырды. Ол Портлендтен ат шаптырым қашықтықта, тау шатқалында тұрады. Ангрес әбден дайындалыпты. Оны үйінің кіреберісінен-ақ байқадық. Қазақтың қолынан шыққан түрлі текеметтер, сырмақтар төселген. Төрде қазақтың кілемі ілініп тұр.

–Мен Қазақстаннан басқа әлемнің сексенге жуық елінде болдым. Саяхат жасағанды жаным сүйеді. Он жылға жуық ТМД елдерін аралап келдім. 2000-2004 жылдары Алматыда тұрдым, – дейді А.Андерсон. – Үйіміз Құрманғазы көшесінің бойында еді. Көршілеріміз сондай мейірбан жандар болды.

Алматыда тұрған төрт жылда қазақтың салт-дәстүріне қаныққаным сондай, тілін білмесем де, өзімді қазаққа етене жақын адамдай сезіне бастадым. Осы мерзім ішінде қазақтың талай тойына қонақ болдым. Биыл ұлымды үйлендіріп, тойына бірқатар елдерге саяхат турын сыйладым. Қалтам біршама ортайып қалды. Біраз қаржы жинап, келесі жылы Қазақстанға тағы да барғым келеді. Қазақстанды сағынып жүрмін, – дейді Ангрес Андерсон.

(«Жас Алаш» газетінен)

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Портленд қайда орналасқан?

2. Табиғаты жағынан Қазақстанның қай өңіріне ұқсас келеді?

3. Портленд пен Нарынқол жақта ғана өсетін қандай сирек өсімдік аталды?

4. Қазақтың қолөнер туындыларын қай жерге төсеп қойыпты?

5. Осы жылы ол неге Қазақстанға келмеді?

Жазылым:

Берілген жоспар бойынша шығарма жазыңыз.

1. Портленд пен Нарынқол

2. Қазақ қолөнерін бағалау

3. Алматыға деген сағыныш

Тыңдалым

Тыңдаңыз:

Мәтінде жоқ ақпаратты таңдаңыз.

A) Ибраһим пайғамбар ұлының тұрмысын білмек болды.

B) Ақсақалдың алғашқы келіні Ысмайылмен бір жыл тұрды.

C) Келін келіп тұрған қария өз қайын атасы екенін білмейтін еді.

D) Қария ұлының үйленгенін естіп, жол алыстығына қарамай, іздеп келді.

Мәтіндегі негізгі ақпаратты көрсетіңіз.

A) Келіндер сөз астарын түсінуге тиіс.

B) Жігіттің алған жары қайын атасына ұнауға тиіс.

C) Ақылды келіншек отбасын берік ұстай алады.

D) Қарияларға дәм-тұз беріп сыйлау – келіндерге парыз.

Мәтіндегі қосымша ақпаратты көрсетіңіз.

A) Отбасының берекесін келтіретін әйелдер елге сыйлы болады.

B) Ысмайылдың алғашқы жары қайын атасына құрмет көрсетпеді.

C) Ысмайылдың екінші әйелі қарияның астарлы сөзін түсінбеді.

D) Босағаның берік болуы әйелге қатысты болады.

Мәтіннің алғашқы бөлігінде не туралы айтылғанын көрсетіңіз.

A) Ысмайыл алған жарының атасына ұнағанын сезді.

B) Қария бір жылдан соң ұлын тағы іздеп келді.

C) Келіншек ақсақалды үйге кіргізбеді.

D) Ысмайыл әке сөзін жақсы түсінді.

Мәтіннің соңғы бөлігінде не туралы айтылғанын көрсетіңіз.

A) Ысмайылдың келіншегі тұрмысының нашар екенін айтты.

B) Ысмайылдың екінші рет алған жары тұрмысына риза екенін айтты.

C) Ысмайыл әкесінің «босаға» деп айтқаны өз әйелі екенін бірден білді.

D) Ысмайыл әкесіне кейінгі әйелінің ұнағанын сәлем айтқан сөзінен білді.

Анықтама:

Тұрғын –население

өңір – край, регион

көзге елестету – представить

арша – арча, вереск, можжевельник

жайқалу – колыхаться

ат шаптырым (фраз.) – үлкен, көлемді

қашықтық – растояние

шатқал – узкое ущелье

кіреберіс – у входа

іліну – зацепляться, повиснуть

мейірбан – милосердный

қанығу – здесь: осведомленность, овладеть детальными сведениями о чем-л.

Тезаурус:

Ат шаптырым – ат жарысқа белгіленген қашықтық, ұзақтық

қолынан шығу – қолымен істелінген, дайындалған, жасалған

етене жақын – өте жақын

ортайып қалу азайып қалу