Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП 1.09.13- каз яз.doc
Скачиваний:
69
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
3.52 Mб
Скачать

Отбасы және ұлттық дәстүрлер

Грамматика: Фразеологизмдердің мағынасы мен қолданылу ерекшелігі

Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

Думаншыл, келу құрметі, рәсім, нәресте, күтім, денені сылау, буындарды созу, ырым, үлкен кісі, үй тігу, төлем, көрініс, байғазы, көрімдік, құтты болсын.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Қазақ халқы – думаншыл халықтың бірі. Нәрестенің дүниеге келген құрметіне арналатын көптеген салт-дәстүрлердің бірі – шілдехана. Бүгінде жас сәбидің дүниеге келгенін той жасап, атап өту рәсімге айналған.

Қазақ халқында ұл бала туылса да, қыз бала туылса да, жақын туыстарына хабарлап, «сүйінші» сұраған. Қуаныштарын той жасап, атап өтеді. Ол тойға жақын туыстары мен жора-жолдастары келіп, нәрестенің жақсы азамат болып өсуіне тілектерін білдіреді, сыйлықтарын береді. Баланың анасына туған-туыстары күтіммен қарайды.

Туылған ер баланы отыз күн, қыз баланы қырық күн суға түсіріп, денесін сылап, буындарын созады. Қырық күн өткен соң, қырқынан шығару ырымын жасайды. Оны туыстары болып келетін үлкен кісіге тапсырады. Бұл кезде де «қырқынан шығару» тойы жасалады.

Шашу – қуаныш айғағы ретінде жасалатын өте сұлу да салтанатты дәстүр. Келін түскенде, жақсылық күндерде, алыс сапардан жолаушы келгенде, құда келгенде, тағы басқа да зор қуанышты күндерде әйелдер құрт, кәмпиттен, күміс теңгеден шашу шашады. Шашылған шашудан тойға қатысушылар теріп алып, ырым қылып балаларына апарап береді. Шашуды әйелдер ғана шашады.

Асар. Бір жанұяның қолынан келмейтін күрделі жұмыстарды атқару үшін бір ауылдың адамдары «асарға» шақырылады. Мысалы, үй көтергенде, егін салғанда, жинағанда, шөп шабуға, тағы сол сияқты көлемді, ауыр жұмыстарға шақырылады. Асарға шақырылғандар еңбегі үшін төлем ақы талап етпейді. Оның есесіне асарға шақырушы адам оларға мал сойып, қымыз құйып, жақсы ас әзірлеп, тойғызады. Асар – қазақ елінің ұжымдық топта жұмыс істеуінің үлкен бір көрінісі. Мұндай жақсы салт, дәстүрлер ел ішінде әлі де бар.

Тілашар. Тілашар тойына арнап шашу шашады. Әр отбасы баласы 7 жасқа толған соң медресеге, мектепке оқуға береді. Бұл да бала өміріндегі елеулі оқиға, есте қаларлық елеулі кезең болып табылады. Осы күні балаға жаңа киім кигізіп, оқу-жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді. Мұны дәстүрлі «тілашар тойы» деп атайды. Үлкен-кішілер балаға өсті, азамат болды деп, «ғалым бол», «ақын бол» деген сияқты тілек білдіріп, бата береді. Жаңа киіміне байғазы, көрімдік ұсынады. Бұл тәрбиеден бала өскендігінің белгісін сезінеді, оқуға құмарлығы артады. Жақын-жуық адамдар баланың ата-анасына құтты болсын айтып, балаға сәт-сапар тілейді.

(С.Кенжеахметұлы)

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Шілдехана қай кезде жасалатын той?

2. Сүйіншіні кімнен сұрайды?

3. Шілдехана тойына кімдер келеді?

4 . Баланы қырқынан әке-шешесі шығарады ма?

5. Шашу – қандай кезде жасалатын дәстүр?

6. Тілашар – бала өміріндегі қандай кезең?

Жазылым:

Сөйлемді толықтырыңыз.

1.Ұяда не көрсең, ...................

2. Әке – асқар ....,

3. ана – басындағы .... ,

4. бала – жағасындағы ....

5.Әкеге қарап ұл .......,

6.......... қарап, қыз өсер.

7.Отан ........... басталады.

Оқылым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

1. «Қуаныш айғағы» деген сөзге балама болатын сөзді көрсетіңіз:

А) қуаныш күні

В) қуанышты сәт

С) қуаныш белгісі

D) қуаныш тойы

Е) қуанышты кез

2. «Өте сұлу да салтанатты» деген сөз тіркесін алмастыруға болатын сөзді табыңыз:

А) бейнелі

В) мағыналы

С) ескі

D) нұрлы

Е) көркем

3. Сөйлемге қажетті сөзді анықтңыз:

«Келін ....., құда ....., жақсылық ...... шашу шашылады»