Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП 1.09.13- каз яз.doc
Скачиваний:
69
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
3.52 Mб
Скачать

Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер

Қазақ халқы ұзақ ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін, демографиялық мәселелерге баса көңіл бөлді. Әр он жыл аралығында өтетін халық санағының көрсеткіші артпаса, кеміген жоқ,  алайда сол  нәтижелерге  қарамастан  халық  саны  өте  баяу  өсуде.  Қазақстан  жер көлемінен  дүние  жүзі  бойынша алғашқы  ондықтың  ішіне кіре тұра, 2011 жылғы статистикалық мәліметтерде  халқының  санынан 62 орынды иемденгені демографиялық ахуалдың төмен екендігін көрсетеді. Қазақстанда тұратын халықтың орналасу тығыздығы 2010 жыл дерегіне сәйкес, орта есеппен 1 шаршы километрге 6 (кей деректерде 5,5) адамнан келсе, әлем мемлекеттері арасынан жер көлемі бойынша 3-ші орынды иемденетін Қытай мемлекетінде бір шаршы шақырымға 140 адамнан келеді екен. Халық санының аздығы мемлекеттің болашақ дамуына кері ықпалын тигізері сөзсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасы басшылығы халық санының артуының жан-жақты мүмкіндіктерін қарастырып келеді. Адам санының кемуi ең алдымен мемлекетте еңбек ресурстарының азаюына әкеледi. Бұл – түптiң түбiнде ел дамуына әсер ететiн фактор. Өйткенi, демография заңдылығы бойынша, саннан сапа шығады. Ендеше, ең әуелi, осы елдi, жердi сүйетiн, қадiрлейтiн адам саны артуы қажет. Бұл жөнінде көп ғалымдар халық санының артуының жолдары мен амалдарын ұсынып жатқан жайы бар.

Қазақстанда тууылудың шыңы 1987 жылы болды, яғни 417 мың адам дүниеге келді немесе 1000 адамға шаққандағы 25,7.    Қазақстан Республикасы халқының саны 2011 жылғы 1 қаңтарға 16,4 млн адамды құрайды, оның ішінде 8,5 млн. (52 % ) әйел және 7,9 млн. (48%) ер адамдарды құрады.      Біздің ел әлеуетіне қарай, адам санын көбейтуге мүмкіндігі бар. Тек, бұл іске үлкен жауапкершілікпен қарап, халықтың қолдауымен, мемлекеттік деңгейде нақты іс-шаралар жүзеге асырылу керек. Қазіргі заманғы мемлекеттің дамуы үдерісінде демографиялық проблемаларды шешудегі шетел тәжірибесін зерделеп, өз ыңғайымызға қарай құрсақ дұрыс нәтиже берері анық. Шетел мемлекеттері жинақтаған тәжірибені пайдалану отандық реттеу институттарын жетілдіруге, тәжірибеде өз өміршеңдігін көрсеткен барынша тиімді моделдер мен жолдарды қолдануға ықпал етеді. Бәлкім, бұл істі білікті мамандар, ұлтжанды азаматтар қолдап, шындап қолға алып, басқа бір бағыттарда дамытар болса, нұр үстіне нұр болар еді. Ал біздің басты мақсат – қазақтың уақыт санап өсіп, шарықтап қанат жайғанына куә болу емес пе?!

(Абилова А.)

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1.Халық санағы қай кезде болады?

2.Қазақстанның демография бойынша 62 орынды иемденуі нені білдіреді?

3. Халық санының аздығы мемлекетке қалай әсер етеді?

4.Адам санының кемуi нені азайтады?

5. Бала саны арту үшін қандай шара болу керек?

6. Қытайдағы адам санының орналасу тығыздығы бізбен салыстырғанда қандай?

Жазылым:

Сөйлемді толықтырыңыз:

1.Қазақстанда бір шаршы шақырымға .............

2. Демография заңдылығы бойынша,.........

3. Ең әуелi, осы елдi, жердi сүйетiн, қадiрлейтiн ......

4. Біздің ел әлеуетіне қарай, ........

5. Қазақ халқы әр баланың өз ...........

Тыңдалым

Тыңдаңыз:

Мәтіннің негізгі идеясын көрсетіңіз.

A) Грузиндер дәстүрін бізге де енгізу керек

B) Көне замандардан келе жатқан тарихи заттарды сақтау керек.

C) Эстондықтардың қайық туралы ойлары бізге де қажет

D) Адамгершілікке байланысты қалыптасқан дәстүр болу керек.

Мәтіннің алғашқы бөлігінде не туралы айтылғанын көрсетіңіз.

A) Муху аралында қайыққа қойылған ескерткіштер көп.

B) Грузиндер үшін батырлық дастан – қыз жасауының басы.

C) кәрі теректердің көп болғанын мақтаныш ететін елдер бар.

D) кей елдерде кәрі ағаштар есепке алынып отырылады.

Мәтіннің соңғы бөлігінде не туралы айтылғанын көрсетіңіз.

A) Грузин халқы үшін Шота ақынның дастаны – ең қымбат мүлік.

B) Бірнеше дәуірге куә болған ағаштарға арнайы медаль беріледі.

C) Эстондықтар ата-бабасынан қалған заттарды жоймай, сақтап қояды.

D) Кейбір елдер табиғатқа үлкен жанашырлықпен қарайды.

Мәтінде жоқ ақпаратты көрсетіңіз.

A) Кәрі ағаштарды сақтап қалу жолдарын табуға тиіспіз.

B) Эстондықтар жақсылық көрген заттарын келесі ұрпаққа жеткізеді.

C) кәрі теректер конкурсында бірнеше медаль иеленген теректер де бар.

D) Дәстүр сабақтастығы мен табиғатқа жанашырлық адамды тәнті етеді.

Мәтіндегі қосымша ақпаратты көрсетіңіз.

A) жасау толық болу үшін ақынның кітабын қосыңыз.

B) ағаштарды есепке алу – Латвияда да бар дәстүр.

C) Өз елінің ұлттық намысын көтеретін кітаптар әр отбасыда болу керек.

D) Қайықтар ескіріп кетсе де, эстондықтар оны ескерткіш үшін сақтауда.

Мәтіннің түйінін көрсетіңіз.

A) Әр халықтың өз дәстүрі бар.

B) табиғат бізден жанашырлық күтеді.

C) ағаштарды күтіп-баптаумен айналысу керек.

D) Адамгершілікті дәстүр ұзағынан болуы тиіс.

Анықтама:

Демографиялық ахуал – демографическое положение

орналасу тығыздығы –плотность население

шаршы метр – квадрат метр

кері ықпал – плохое влияние

түптің түбінде – в конце концов

адамға шаққанда – на душу населения

ыңғайымызға қарай – создавая для себя благоприятные обстоятельства

өміршеңдік – жизнеспособный

нұр үстіне нұр – здесь: было бы отлично

шарықтау – восхождение, рост, возноситься высоко

тезаурус:

түптің түбінде (фраз.) – ең соңында, ақырында, соңғы нәтижесінде

нұр үстіне нұр (фраз.) - өте жақсы, тамаша

қанат жаюөсу, өркендеу, ұлғаю

8-сабақ

Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

Сараңдық, кедейлік, жұмсау, жібі түзу, шектен шығу, балауыз шам, ілбіген жарық, көз жанары, бүліну, құты, көңіл ауу, бағалау, соққы, тар қауыз, ләззат, жан шуағы, жүрек жылуы.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.