Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП 1.09.13- каз яз.doc
Скачиваний:
69
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
3.52 Mб
Скачать

Мамандығыңыз темпераментіңізге сай ма?

"Ағашта қанша жапырақ болса, адамда сонша мінез" бар дейміз. Темперамент – жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешелігі.

Адамның қандай темпераментке жататыны балалық шақтан-ақ белгілі болады. Темперамент табиғаттан беріледі. Дегенмен, адам есейген сайын, қоршаған ортаға деген қарым-қатынас та күрделене береді. Бәрі әркімнің ортаны қалай қабылдауына, дүниені қалай тануына байланысты. Ашық мінезді адамның өсе келе тұйықталып кетуі, керісінше, тұйық адамның ашылуы өмірде кездесетін құбылыс. 

Темпераменттің төрт түрі белгілі. 

Сангвиник - ашық, көпшіл, сөзшең, қайырымды, жаны жомарт, оптимист, өмірге құштар, қуатты адам. Басшылық етуге, жетекшілікке құмар. Сангвиник адам эмоциясын ішінде ұстап қала алмайды, қандай жағдайда да, әсерін сыртқы ортамен бөлісе береді. Олар жұрттың назарын өздеріне аударта алатын белсенді жандар.

Сангвиниктер менеджер, мұғалім, дәрігер, психолог, тәрбиеші, ұйымдастырушы, сатушы, даяшы, инженер-технолог т.б. мамандықтарды иелене алады.

Флегматик - өте сақ, ұяң, байсалды, сенімді, тұрақты, салқынқанды, жұртқа жақсылық тілеумен жүретін адам. Бастаған ісін аяғына жеткізбей тастап кетпейтін флегматиктер іске келгенде өте мұқият. Адамдармен қарым-қатынас жасағанда, мінездері тұрақты, бір қалыпты.

Флегматиктер механик, электрик, инженер, агроном, жүргізуші, ғалым– ботаник, астроном, физик, математик т.б. мамандық иелері бола алады.

Холерик - ұшып-қонып тұратын, күйгелек, шамданғыш, тынымсыз, көңіл-күйі құбылмалы, қарым-қатынас жасағанда мінезі аумалы-төкпелі, тұрақсыз, пысық, ашуланшақ адам. Қолына алған жұмысы өнбей жатса, күйіп-пісіп, жылдам ашуланады. 

Холериктерге әртіс, дипломат, журналист, кәсіпкер, хирург, ұшқыш, диспетчер, жүргізуші, тренер, менеджер, құрылысшы, режиссер, аспазшы, геолог, электрик т.б. мамандықтар жарасады.

Меланхолик - өкпелегіш, пессимист, тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын, ұялшақ, қыңыр, жайбасар, қисық адам. Кез келген қоршаған ортада болып жатқан құбылыстарға бей-жай қарап, сезімін үнемі ішінде сақтап жүреді. Жаңа таныстық пен адамдар көп жиналған жерден қашқақтайды. Жалғыздықты сүйеді.

Меланхоликтерге педагог, суретші, тігінші-модельер, бояушы, сазгер, жазушы, мал дәрігері, геолог, агроном, зоотехник, есепші, радиомеханик т.б. мамандықтар сай келеді.

Сіз қандай темпераментке жатасыз? Темпераментіңізге мамандығыңыз сай келе ме?

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1.Темперамент дегеніміз не?

2.Темпераменттің неше түрі бар?

  1. Флегматиктер қай мамандыққа бейім және осы темпераменттегі адамды қалай тануға болады?

  2. Холериктердің ерекшеліктері қандай?

  3. Сангвинниктердің ерекше қаситеттері неде?

  4. Меланхоликтер қай мамандықты жақсы меңгереді?

Жазылым:

Сөйлемдерді толықтырыңыз:

    1. "Ағашта қанша жапырақ болса, ", ...........

    2. Ашық мінезді адамның өсе келе тұйықталып кетуі, керісінше, ................

    3. Сангвиник -, ........

    4. Флегматик - ............

    5. Холериктерге әртіс, дипломат, ..., ...., ..., ..., ..., ..., ... .

6. Меланхолик -, .............

7. Темпераментіңізге ,................?

3-тапсырма. Оқылым бойынша тест жұмысын орындаңыз.

1. «Баяу қимылдайтын» сөз тіркесінің синонимін табыңыз:

  1. бір қалыпты

  2. мұқият

  3. жайбасар

  4. басалды

2. «Байсалды» сөзінің антонимін табыңыз:

  1. ұялшақ

  2. күйгелек

  3. ақкөңіл

  4. салқынқанды

3. Жалғыздықты сүйетін қандай темпераменттегі адамдар?

  1. сангвиниктер

  2. флегматиктер

  3. меланхоликтер

  4. холериктер

4. Сөйлемді толықтырыңыз:Темперамент ... беріледі.

  1. табиғаттан

  2. ата‑анадан

  3. тәрбиеден

  4. мамандықтан

5. Жағымсыз қасиеттерді сипаттайтын сын есімдерді көрсетіңіз:

  1. өкпелегіш, пессимист, тұйық, тұрақты

  2. өте сақ, ұяң, байсалды, қыңыр

  3. күйгелек, шамданғыш, пысық, ашуланшақ

  4. мінезі аумалы-төкпелі, тұрақсыз, жайбасар, қисық

Тыңдалым

Тыңдаңыз.

Өлеңге сәйкес ақпаратты көрсетіңіз.

А) Қарағым сені кім еккен? B) Сен гүл отырғыздың ба.

C) Сен гүлмісің, ағашпысың.

D)Ағаш отырғыздың ба?

Өлең мазмұнын анықтаңыз.

A) түсіне алмай таңдану

B) мінез‑құлқын сипаттау

C) ғашықтық арнау

D) адамның шыққан тегін болжау.

Автор ғашық адамын теңемеген образды көрсетіңіз.

A) теңіздің бір бұлағы

B) шырқалған ән

C) көзде тұнған тамшы жас

D) адасқан киіктің лағы.

Анықтама:

жүйке жүйесі‑нервная система

тума қасиет‑ прирожденные качества, особенности

ортаны қабылдау‑ восприятие среды

дүниені тану‑познать мир

тұйықталу‑жить замкнуто

жұрттың назарын аудару‑ првлекать внимание общества

жаны жомарт‑щерая душа

өмірге құштар‑

салқынқанды‑хладнокровный

мұқият‑внимательный

ұшып-қонып тұру‑

күйгелек‑суетливый, беспокойный

шамданғыш‑обидчивый

ұялшақ‑стеснительный

қисық‑қыңыр‑упрямый, капризный

жайбасар‑нерасторопный

бей-жай қарау‑быть равнодушным

жалғыздықты сүю‑любить одиночество

Тезаурус:

жұмысы өнбеу –

қашқақтау –

басшылыққа құмар –

19–сабақ

Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

1-тапсырма.

қадірін білу, желке, қап, төбе, тезек, күл, тұлға, даналық, қыран топшылы, шалқа төсті, жолбарыс бетті, сопақша бет, қалмақы бет, атжақты, зиялылық, ақсүйек, жұрдай болу, пішін, дөңгелек жүз, жақ, шамшыл, шабан, томпақ бет, қиын‑қыстау, үшбұрышты

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

СЫРЫМНЫҢ  ҮШ ҚАСИЕТІ

 

Бір топ жолаушы Сырымды іздеп келе жатса, алдарынан әйел шығады. Жөн сұрасып, жолаушылардың Сырымға бара жатқанын біліп, беріп жіберетін аманаты бар екенін айтып, оны Сырымға жеткізуді өтінеді. – Ол не аманат, жеңіл ме, ауыр ма? – деп сұрайды жолаушылар. – Қадірін білсеңіз жеңіл де емес, алып жүруге ауыр да емес, – дейді де, әйел басындағы орамалын көтеріп бір тал шашты желкесінен, енді бір тал шашты маңдайынан жұлып алып жолаушыларға береді. Содан кейін оң жақ қолтығынан бір жапырақ шүберек жыртып береді. Тезек теріп жүрген қабының бір бұрышын жыртып алып, оны да Сырымға жеткізіңіз деп береді. Жолаушылар «Мұны кім берді деп айтамыз», –  дегенде, әйел «Сырымның өзі біледі», –  деп жауап қайтарады. Жолаушылар Сырым аулына келіп, болған мән-жайды айтып, аманатын тапсырады. –    Сендер мұны не деп шештіңдер? – дейді Сырым. Жолаушылар: –   Шеше алмадық, –  дейді. –  Бұл әйел Байбақты баласы көрінеді, елден ерте кеткен екен. Желкеден шаш алғаны туған жерім, туысқан- елім артымда қалды дегені. Төбеден шаш алғаны – содан бері мына бастан бірталай уақыт етті дегені. Маңдайынан шаш алғаны – әлі жаспын, өмірден үмітім бар дегені. Көйлектің оң жақ қолтығынан шүберек жыртып бергені –  қолтықта бауыр бар. Мен сенің бауырыңмын дегені. Байбақтының баласы екенін осыдан білдім. Қаптың бұрышын бергені үйге тезекпен кіріп, күлмен шығып күң болып жүрмін дегені, – дейді Сырым. Біраз күн өткен соң Сырым әйелдің аулына келеді. Мұндағылар қонақ етіп, біраз жатқан соң ауылдың бір үлкен ақсақалы: «Не жұмыспен келдің?» –  деп сұрайды. Сонда Сырым: –  Саған арзан, маған қымбат, сенің қолында менің бір сүйегім– қарындасым жүр екен. Бұлын алып бересің бе, құнын алып бересің бе? –  дейді. –   Бұрын сен ол қарындасыңды көріп пе едің? –  дейді ақсақал. –  Жоқ, көргенім жоқ! – дейді Сырым. Сонда ақсақал: – Бір түсті киінген қырық әйел, қырық еркек қарама-қарсы жүреді. Сол уақытта бір-біріңді танысаңдар бірге ауылдарыңа қайтыңдар, танымасаңдар осында қалады, –  дейді.

Сөйтіп, қырық еркек пен қырық әйел қарама-қарсы жүргенде көп әйелдің ортасында келе жатқан байбақтының қызы қасында келе жатқан әйелдің құлағына: – Анау, қырық адамды бастап, қырық бірінші болып келе жатқан менің ағам Сырым,– деп сыбырлайды. Сырым да Байбақтының қызын тани кетеді. Сонда ақсақал: –  Бір-біріңді қалай таныдыңдар? –  деп сұрағанда, Сырым: –     Қырық әйелдің ішіндегі отыз тоғызы өтіп бара жатқан еркектің бәрінің бетіне қарап санап шықты, ал мына әйел қатарынан асып кеткенше менен көзін аудармады. Содан таптым, – дейді. Ақсақал әйелден: – Сырымды қалай таныдың? –  деп сұрағанда ол: – Сырымда ерекше үш қасиет бар: біріншісі – батырға біткен тұлғасы, екінші – өжет мінезі, үшінші – асқан даналығы бар деп еститін едім. Сырым маған қыран топшылы, толық денелі, кең кеуделі, шалқа төсті, жолбарыс бетті болып көрінді. Басы да елден ерек, торсық шекелі екен. Ағамды осыдан білдім, – депті. Сөйтіп Сырым сөздер).

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Әйел адам неліктен жолаушылардан Сырымға аманат баруды өтінді?

2. Аманат туралы – Қадірін білсеңіз жеңіл де емес, алып жүруге ауыр да емес, – дейген әйел сөзінің мағынсы неде?

3. Әйелдің аманатының сырын жолаушылардың түсінбей Сырымның шешуі нені білдіреді?

4. Неліктен әйел туған ағасы болмаса да Сырымға өз аманатын жіберді?

5. Байбақты қызының жұмбақпен сөйлеуі оның қандай адам екендігін білдіреді?

6. Сырымның бойынан қарындасы байқаған қасиеттерге сіз тағы нені қосар едіңіз?

Жазылым:

Тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерінің синонимін жазыңыз.

аманат

қадірін білу

тезекпен кіріп, күлмен шығу,

жөн сұрасу

қыран топшылы

елден ерек

торсық шеке

тапсырма. Сөйлемді ақтаңыз:

1. Бір топ жолаушы Сырымды іздеп келе жатса, ... ... .

2. – Қадірін білсеңіз жеңіл де емес, алып жүруге ... ..., – ... .

3. Тезек теріп жүрген қабының бір бұрышын жыртып алып, ... ... .

4. Сол уақытта бір-біріңді танысаңдар бірге ауылдарыңа қайтыңдар, танымасаңдар ... , –  ... .

5. Сонда Сырым: –  Саған арзан, маған қымбат, сенің қолында менің бір сүйегім– ... .

Ақсақал әйелден: – Сырымды қалай таныдың? –  деп сұрағанда ол: – Сырымда ерекше үш қасиет бар: біріншісі – ...,

екінші – ..., үшінші – ... ... .

Оқылым бойынша тесті орындаңыз

Мәтінде жоқ ақпаратты таңдаңыз.

A) Әйел жолаушылардан Сырымға беріп жіберетін аманатын жеткізуді өтінді.

B) Жолаушылар Сырым аулына келіп, болған мән-жайды айтып, аманатын тапсырады.

C) Жолаушылар Сырым аулына келіп, болған мән-жайды айтып, аманатын тапсыруды ұмытып кетеді.

D) Сырым Байбақтының қызын күңдіктен құтқарып аулына алып қайтады.

Мәтіндегі негізгі ақпаратты көрсетіңіз.

A) Сырымның Байбақты қызының жұмбағын шешуі.

B) Сырымның күңдікте жүрген Байбақты қызы екенін білуі.

C) Сырымның бауырмалдығы, жанашырлығы.

D) Сырымның Байбақты қызын тануы.

Мәтіндегі қосымша ақпаратты көрсетіңіз.

A) Сырымның ерекше қасиетті адам екендігі.

B) Сырымның шешендігі.

C) Сырымның кісі тани білетіндігі.

D) Сырымның келбеттілігі.

Мәтіннің алғашқы бөлігінде не туралы айтылғанын көрсетіңіз.

A) Сырымның Байбақты қызын тануы.

B) Сырымның қырық әйелдің арасынан Байбақты қызын тануы.

C) Байбақты қызының Сырымға сәлем жолдауы.

D) Ақсақалдың Сырымның не жұмыспен сұрауы.

Мәтіннің соңғы бөлігінде не туралы айтылғанын көрсетіңіз.

A) Ақсақалдың Сырымға шарт қоюы.

B) Жолаушылардың әйелмен кездесуі.

C) Сырымның Байбақты қызын күңдіктен босатуы.

D) Әйелдің басынан шаш жұлып және қаптың бұрышын жыртып беруі.

Тыңдалым

Тыңдаңыз:

Физиономистика ғылымы бойынша адамның бет‑әлпеті нені білдіреді?

A) ақыл‑парасатын

B) мінез‑құлқын

C) денсаулығын

D) мүмкіндіктерін

Мейірбан адамдардың бет‑әлпеті қандай болып келеді?

A) ат жақты

B) сопақ бет

C) төртбұрышты

D) дөңгелек жүзді

Соңынан жұрт еретін көсемдер көбінесе бет‑әлпеті қандай адамдарда ұшырасады?

A) сопақша бет

B) томпақ бет.

C) үшбұрышты бет.

D) төртбұрышты бет

Физиономастка ғылым бойынша ақсүйектік көбінесе қандай сипаттағы адамдарға тән?.

A) үшбұрышты бет

B) ) төртбұрышты бет.

C) ат жақты

D) сопақша бет

Жайлы тұрмыс үшін жанын салатын адамдар қандай кескінді адамдарда жиі кездеседі??

A) томпақ бет

B) сопақ бет

C) дөңгелек жүзді

D) ат жақты

Анықтама:

қадірін білу‑ знать достоинства

желке‑затылок‑

қап‑ мешковина

төбе‑макушка

тезек‑ кизяк

күл‑зола

тұлға‑ личность

даналық‑ мудрость

сопақша бет‑ продолговатое лицо

қалмақы бет‑калмыцкое лицо

атжақты‑продолговатое, удлиненное лицо

зиялылық‑интелегентность

ақсүйек‑аристократ

жұрдай болу‑быть лишенным

пішін‑форма

дөңгелек жүз‑круглое лицо

жақ‑скула, челюсть

шамшыл‑обчидивый

шабан‑медленно, медлительный

томпақ бет‑круглощекий

қиын‑қыстау‑трудный, сложный

үшбұрышты-трехугольный

Тезаурус:

аманат -

қыран топшылы -

шалқа төсті -

жолбарыс бетті –

20-сабақ. Уақыт және адам

Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

Алтын уақыт, уақыт кешті, жастық шақ, санасу, жыл мезгілі, заман өзгерісі, дәуір, болашақ, балалық, бағалы.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.