Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП 1.09.13- каз яз.doc
Скачиваний:
69
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
3.52 Mб
Скачать

16‑Сабақ

Грамматика: Сөз тіркесі, түрлері

Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Кішіпейілділік, адамның азаматтығы, сүбелі үлес, көзге түсу, кепілдік нұс­қаушысы, бағалану, жөн көру, ұя, уыз көңіл, үйлесімді, белді қызметкер.

Мәтінді оқыңыз.

Кішіпейілділіктен адам кішіреймейді

Адамның азаматтығының бір көрінетін жері оның әдеп­тілігі мен кішіпейілділігінен болса керек. Өзінің жетпеген биігіне шықтым деп айқай­лайтындар жеткілікті. Ал сол биікте тұрып, көптің көзіне түсе бергісі келмейтіндер сирек. Сонысымен де олар ерекшеленеді, сонысымен де бағаланады. МАГАТЭ-нің халықаралық кепілдік нұс­қаушысы Достай Төлемеш­ұлы Раманқұлов бауырымыз сондай азаматтар қатарына қосылады.

Жа­қын­да халықаралық атом қуа­ты жөніндегі агенттікке Бейбітшілік жө­нін­дегі Нобель сыйлығы берілді. Ұйымның көп жылғы жұмысы бағаланды. Солай болғанда да сол жұмысты ат­қар­ған адамдар ғой. Адамдар болғанда да, оның ішінде сүбелі үлес қосқандары болады, ол әркез атап көрсетіледі. МАГАТЭ-нің басшысы – Бас директор Мохаммад Бара­дейдің қызметі әлемге бел­гілі. Бұрындары да бірнеше рет сол Нобель сыйлығына үміткерлер қатарында Бара­дейдің аты аталып жүрді. Бірақ сыйлық беретін коми­тет бір адамның емес, бүкіл ұйымның жұмысын атап өтуді жөн көріп, сыйлықты МАГАТЭ-ге берді. Демек, бұл сол ұйымның басқа қызметкерлерінің де еңбегі бағаланды деген сөз. Баға­лан­ғанда, аттары аталып, сыйлық ұсынылды. Соның бірі – Достай Раманқұлов.

Венада тұратын бауыры­мызға телефон шалып, лау­реат болғанымен құттық­тадық.

–Бұл сыйлық МАГАТЭ-ге берілді, сондықтан өзімізді лауреатпыз дегеніміз артық болар, – деді Достай.

– Сол сыйлыққа ие болған адамдардың тізімі жасалып, суреттеріңіз атақты “Шпигель” журналында жарияланып, Интернетке де шықты.

– Қалай болғанда да, ұйымға берілген атақты иемдену ыңғайсыз ғой…

– Ал ақшалай сыйлығын алған жоқсыздар ма? – деп біз ойымызды нықтай түстік.

–Иә, алдық… Бірақ сол сый­лықты түгелдей Африка­дағы жетім-жесірлерге ар­нал­ған көмек қорына аудар­дық, – деді Достай Төлем­ешұлы. – Осы жерде сол сыйлықтың жартысы бас директор Барадей мырзаға берілгенін еске алыңыздар. Жартысын басқаларымыз бөліскенбіз. Бәріміз де оны көмек қорына аударғанды жөн көрдік. Ең бастысы – еңбегіміздің бағаланғаны ғой. Әлем халқына бейбіт­шілік керек. Соғыстың бол­мағаны, оның ішінде, ядро­лық қарудың қолданыл­мағаны керек. Ұйымымыз соған атсалысып жүр. Сол жұмыс бағаланды, сол қуаныш… .

Кішіпейілділіктен адам кішіреймейді дейміз. Сірә, өсе түседі, биіктейді десек, жөн-ау. Басқа біреу болса, әлдеқашан-ақ лауреат болдым, құттықтаңдар деп жар салып жатпас па еді. Достай бауырымыз кішіпейілділіктен асқысы жоқ. Ұйымға берілген сыйлық үшін оған белсенді үлес қосқан адамдарды лауреат деп атаған жөн бе, жоқ па, оны алда уақыт көрсете жатар, бірақ Достай Раманқұловтың МАГАТЭ-дей аса беделді халықаралық ұйымда жемісті еңбек етіп, үлкен абы­ройға бөленіп жүргені шын мәнінде мақтануға тұрарлық. Ол өзінің ғана емес, бүкіл бір айтулы ұйымның беделін көтеруге үлес қосып жүрген азамат.

Азаматтықтың тағы бір белгісі өз мүддесін елінің мүддесімен ұштастыруы болар. Ұяда осындай уыз-көңілді ішіп өскен баланың өскендегі ісі де соған үйлесімді болатындай көрінеді. МАГАТЭ-нің белді қызметкері, қарапайым қазақ баласы Достай Төлемешұлы Раманқұловтың өмірі соның бір дәлеліндей.(Егемен Қазақстан).

Сұрақтарға жауап беріңіз.

Адамның азаматтығы неден байқалады?

  1. Нобель сыйлығын алған МАГАТЭ қызметкерлері туралы қайда жарияланды?

  2. Достай Раманқұлов МАГАТЭ –де қандай қызмет атқарады?

  3. Кішіпейілділіктен адам кішірейе ме?

  4. Сыйлық иелері ақшаларын қайда жұмсады?

  5. Қазақ баласы Достай Раманқұловтың мінезін‑құлқы қалай қалыптасқан?

Жазылым:

Сөйлемнің сыңарын табыңыз:

  1. Адамның азаматтығының бір көрінетін жері ..............

  2. Бірақ сыйлық беретін коми­тет бір адамның емес, бүкіл ұйымның жұмысын атап өтуді жөн көріп,..........

3. Басқа біреу болса, әлдеқашан-ақ лауреат болдым,...........

4. Ең бастысы – ............

5. Ұйымға берілген сыйлық үшін оған белсенді үлес қосқан адамдарды лауреат деп атаған жөн бе, жоқ па,............

6. Ол өзінің ғана емес, .............

7. Сол жұмыс бағаланды........

Тапсырма. Мына сөздер мен тіркестердің синонимдік қатарын жазыңыз.

ыңғайсыз, беделін көтеру, үлес қосу, ел мүддесі, жар салу, сүбелі үлес қосу, белді қызметкер, ат салысу, абы­ройға бөлену

Оқылым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

Тапсырма. Тест жұмысын орындаңыз.

1. МАГАТЭ-нің халықаралық кепілдік нұс­қаушысы Достай Төлемеш­ұлы Раманқұлов қандай азаматтар қатарына жатады?

  1. өркөкірек

  2. кішіпейіл

  3. даңққұмар

  4. өзімшіл

2. Достай Раманқұлов өзін Нобель сыйлығының иегері деп санай ма?

  1. иә, санайды

  2. жоқ, санамайды

  3. ұйымның атағы деп санайды

  4. иегер Мохаммад Бара­дей деп санайды

3. Сыйлықтың елу пайызын кім иеленді?

  1. Мохаммад Бара­дей

  2. Достай Раманқұлов

  3. Мохаммад Бара­дей және Достай Раманқұлов

  4. Барлығы

4. МАГАТЭ‑шілер алған сыйлықтарын қайда жұмсады?

  1. Атомды бейбіт мақсатқа жұмсауға

  2. Қазақстанға

  3. Өздері алды

  4. Африка­дағы жетім-жесірлерге

5. Достай Раманқұлов үшін ең бастысы не?.

  1. сыйлық алғандардың ішінде болу

  2. лауреат болу

  3. еңбектің бағаланғаны

  4. жұртқа танылу

Тыңдалым:

Тыңдаңыз

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз: