Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП 1.09.13- каз яз.doc
Скачиваний:
69
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
3.52 Mб
Скачать

Уақыт алтыннан да қымбат

Уақыт зымырап өтіп жатыр. Ол ешқашан тоқтап тұрмақ емес. Бір данышпанның мынандай бір қанатты сөзі бар: «Кешегі күн өтіп кетті. Ертеңгі күн белгісіз. Сондықтан бүгінгі күннің құны мен қадірін біл». Расында да, біз өтіп жатқан уақыттың құнын біле бермейміз. Көбінесе уақыт өтіп кеткеннен кейін ғана «аһ» ұрамыз. Демек, уақыт -адам баласына берілген өткінші бағалы зат. Уақыт қайта айналып келмейді. Халқымызда уақытты не үшін алтынға балайды дейсің? Өйткені уақыт - дүниедегі ең қымбат нәрсе болғандықтан. Алтының әзірше өзіңде. Оған басқалар көз салмасын десең, дұрыстап сақта.

Уақытты көбінесе жаман әдеттер мен қылықтар құртады. Мысалы, жаман әдетке құмар адам уақытын тек осы жолға арнайды. Мақсатсыз қыдырымпаз адам уақытты тек бос сенделумен өткізеді. Құмар ойнағыш уақытын ойынмен толтырады.

Ал өзің алтын уақытыңды қалай өткізудесің?

Барлық нәрсе уақытты тиімді пайдалана білуге байланысты. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Уақытты меңгере алмаған адам жетістікке жете алмайды.

Уақыттың қадірін білу керек. Әрбір жылдың, айдың, аптаның, бір күннің, бір сағаттың, бір минуттың, бір секунттың өзіндік құны бар. Осыны түсіне біліңдер!

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Уақыт қайта айналып келе ме?

2. Уақытты қалай пайдаланған дұрыс ?

3. Мақсатсыз адам бос уақытты немен өткізеді?

4. Уақытты меңгере алмаған адам неге жете алмайды?

5. Уақытты көбінесе не құртады?

Оқылым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

1. Сөйлемнің қосымшасын анықтаңыз: Сондықтан бүгінгі күн... құны мен қадірін біл

а) - нің

б) - дің

в) - тің

г) - тың

2. Сөйлемді толықтырыңыз: Расында да, біз өтіп жатқан .... құнын біле бермейміз.

а) уақыттың

б) сағаттың

в) күннің

г) мезгілдің

3. Уақытты көбінесе қандай әдеттер мен қылықтар құртады?

а) жаман

б) жақсы

в) ғажайып

г) күшті

4. Мақсатсыз қыдырымпаз адам уақытты қалай өткізеді?

а) сенделумен

б) оқумен

в) мал бағумен

г) жер жыртумен

5. Сөйлемдегі қажетті сөзді анықтаңыз: Уақытты меңгере алмаған адам .... жете алмайды.

а) жетістікке

б) тауға

в) суға

г) үйге

Жазылым:

1- тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз:

  1. Уақытты көбінесе …. құртады.

  2. Барлық нәрсе ..... пайдалана білуге байланысты.

  3. Мақсатсыз қыдырымпаз адам уақытты тек бос сенделумен ... .

  4. Құмар ойнағыш уақытын ... .

2- тапсырма. Берілген сөйлемдерді шартты рай түріне айналдырыңыз.

«Кешегі күн өтіп кетті. Ертеңгі күн белгісіз. Сондықтан бүгінгі күннің құны мен қадірін біл». Расында да, біз өтіп жатқан уақыттың құнын біле бермейміз. Көбінесе уақыт өтіп кеткеннен кейін ғана «аһ» ұрамыз. Демек, уақыт -адам баласына берілген өткінші бағалы зат.

3- тапсырма. Берілген сөйлемдерді толықтырыңыз:

1. Ал өзің алтын ... қалай өткізудесің? 2. Барлық нәрсе уақытты ... пайдалана білуге байланысты. 3. Әр нәрсенің өз ... бар. 4. Уақытты меңгере алмаған адам ... жете алмайды. 5. Уақыттың ... білу керек. 6. Әрбір жылдың, айдың, аптаның, бір күннің, бір сағаттың, бір минуттың, бір секунттың өзіндік ... бар. 7. Осыны түсіне біліңдер!

Тыңдалым:

Тыңдаңыз:

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз:

1. Сөйлемдегі ақпаратты анықтаңыз:«Адамның әрбір күні, әрбір сағаты мақсатсыз өткізбеу керек» - деп қай жазушы айтқан.

а) Абай Құнанбайұлы

б) Әзілхан Нұршайықов

в)Мұхтар Әуезов

г)Ыбырай Алтынсарин

2.Сөйлемге қажетті сөзді көрсетіңіз:Уақыт … санаспайды, тез өтіп кетеді

а)менімен

б)олармен

в) онымен

г)бізбен

3.Қажетті қосымшасын көрсетіңіз:«Көктем… бір күні - жылға азық», - дейді халық.

а) - ның

б)- нің

в)- дің

г) - дың

д) - тің

4. Сөйлемді толықтырыңыз: Уақыт бар ғой деп … ісіңді ертеңге қалдырма.

а) кешегі

б) бүгінгі

в) өткен

г) болатын

д) алда болатын

5. Егер адам уақыттың ағып жатқан өмір екендігін түсінсе, онда ондай адам өз өмірінде көп нәрсеге … ….

а) армандайды

б) мақсат етеді

в) қол жеткізеді

Анықтама:

Алтын уақыт – золотое время

жастық шақ - молодость

уақытпен санасу – считаться со временем

жыл мезгілі – времена года

заман өзгерісі – перемена времени

дәуір - эпоха

балалық шақ - детство

ағып жатқан өмір – течение жизни

уақыт емші – время лечении

уақыттың пайдасы – пользы время

тезаурус:

«Аһ» ұрамыз – өкінеміз.

Бір күндік қызықтар – аз уақыттық қуаныш

Қор қылмай- жоқ қылу

21-сабақ: Студенттің бос уақыты.

Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

Бос уақыт, қабілет,көшбасшы, іс-шара, қабілет, толыққанды, жүзеге асыру, студенттік жоба, үйірмелер, шеберлігін шыңдау, Жастар кеңесі, спорттық өмір.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.