Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП 1.09.13- каз яз.doc
Скачиваний:
69
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
3.52 Mб
Скачать

Пәтер интерьері

Интерьер — пәтердің белгілі бір ретпен қалыптастырылған әрі сәндеп жабдықталған ішкі кеңістігі.

Пәтер интерьерін қалыптастыруда оның сәулеттік шешімі және құрылыс жабдықтары: бөлменің саны мен өзара ыңғайластырылған олардың көлемі мен габариті, терезе мен есіктің, үй жылытатын радиаторлардың, жапсарластырып салынған шкафтың, санитарлық аспаптардың, асханадағы ыдыс-аяқ жуғыш пен газ не электр плитаның т. б. орналасуы елеулі рөл атқарады. Пәтер интерьері тұрмыстық аспаптардан, машиналар мен жарық түсіретін құралдардан және жиһаздан құралады.

Интерьерді жабдықтаудың қажетті шарты — қолайлылық пен әсемдік. Интерьердің барлық элементтері өзара әдемі үйлесуі, ал интерьер бүтіндей алғанда бірін-бірі толықтырып, көз тартарлық әсем болуы тиіс. Пәтерді жабдықтарда үйге қандай заттар қажет, оларды қай жерге және қалай орналастыру, әшекейі мен түсі, бөлменің әшекеймен болуын өзгерту, не болмаса өзгертпеу туралы мәселені алдын ала ойластыру керек.

Пәтер интерьерін қалыптастыру мәселесіне арналған кітаптар шығарылады, журналдарға мақалалар басылады, көрмелер ұйымдастырылады, ал көрмелерде осы заманғы пәтер интерьерлерінің макет үлгісі және жиһаздың, жабдықтың, әшекейдің, жабдықтауға қажетті басқа да элементтердің ең жақсы өнеркәсіптік үлгілері көрсетіледі.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Интерьер  дегеніміз не?

  2. Пәтер интерьері нелерден құралады?

  3. Интерьерді жабдықтаудың қажетті шарты не?

  4. Интерьердің барлық элементтері өзара қалай болу керек?

  5. Суретте қандай бөлме бейнеленген?

1. Жазылым: Ақпараттық хабарламаны толықтырыңыз.

Астана қаласының әкімдігі таяу арада Астана қаласында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдері берілмейтіндігін ...... Сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы № 726 қаулысымен бекітілген Ережелерге сәйкес жүзеге асырылатындығын .........

Аталған Ережелер бойынша жер телімдерін алуға мүдделі тұлғалар қала әкімдігіне өтініш ...., өтініштер арнайы есепке (кезекке) .... және жер бөлу үшін қарастырылған дайын алаңдардың болуына қарай ....

2. Жазылым. Жеке тұрғын үй құрылысына не үшін жер телімдері берілмейтінін анықтаңыз.

Себебі, қала маңында

А) жақсы жер жоқ

Б) бос жер жоқ

С) дайын жер жоқ.

Тыңдалым.

Тыңдаңыз.

Диалогте жауабы бар сұрақты табыңыз.

A) Астанадан басқа жақтарға да ағаштар егілді ме?

B) Жас Астананың жан-жағы орманға айналып келе ме?

C) Жас ағаштар орманға айналу үшін ұзақ уақыт қажет пе?

D) Ғалымдар ағаштың қандай түрін егу керек деп айтады?

Абзал Дастанұлының көзқарасын анықтаңыз.

A) Ағаштарды отырғызу – ауа райы үшін керек.

B) Ата-бабаларымыз ағаштардың әр түрлі болғанын қалады.

C) Ауаны ластайтын газдарды сіңіру үшін орман жеткіліксіз.

D) Ағаштарды азайтуға болмайтынын аталарымыз айтып кеткен.

Диалог мазмұнына сәйкес сөйлемді көрсетіңіз.

A) Табиғат таза болу үшін үш парызды білу керек.

B) Табиғат таза болсын десек, орманды аялай білейік!

C) Астананың ауа райын өзгертудің қажеті жоқ.

D) Әр адам он талдан ексе, парызын орындағаны.

Диалогте жоқ ақпаратты көрсетіңіз.

A) Астана маңында 60 гектар жерге орман егілді.

B) Жазда ыстықтан, қыста суықтан қорғайтын орман бар.

C) Бабалардан жеткен асыл сөз – ұрпаққа аманат.

D) Елбасының орманға қатысты тапсырмасы орындалуда.

Анықтама:

кеңістік – пространство

жапсарлас – смежный, соприкасающийся, находящийся в соседстве

үйлесу – схождение, гармоничность

көз тартарлық әсем (фраз.) – здесь: красота, притягивающая взгляд

әшекей – украшение

мақала – статья

көрме – выставка

осы заманғы – современный

өсиет – завет, наставление

Тезаурус:

Аптап ыстықөте ыстық

Ызғарлы суыққатты суық

Жылыжай – өсімдіктер өсіруге арналған жылы орын, питомник

4-Блок: МІНЕЗ ЖӘНЕ КЕЛБЕТ