Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП 1.09.13- каз яз.doc
Скачиваний:
69
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
3.52 Mб
Скачать

1. Бұл оқиға қай жерде болды?

  1. ауылда

  2. есік алдында

  3. банкінің жанында

  4. асхананың ауласында

2. Әңгімеші жердегі нанды неліктен көтерді?

  1. аш жүрді

  2. дүкенге нанға бара жатқан

  3. нан қасиетті

  4. тегін тамақ

3. Қарт адам нанды неге көтермеді?

  1. Түркияда тұрады

  2. жағдайы жақсы

  3. көшедегілерден ұялды

  4. жастарды сынады

4. 63 адамның ішінен нанды көтерген бір-ақ адам болды. Неге?

  1. халық бай тұрады

  2. тоқшылық

  3. тәрбие дұрыс емес

  4. жерден алған ұят

5. Қыздың құлағына әжесінің қандай сөзі келгендей болды?

  1. Нанды таптама

  2. Нанды көтер

  3. Дүниедегі ең ұлық нәрсе – нан

  4. Нан оңайлықпен табылмайды

Анықтама:

кішіпейілділік – скромность, добродушие

адамның азаматтығы – мужественность, человечность

сүбелі үлес – весомый вклад

көзге түсу‑ выделяться среди других

кепілдік нұс­қаушысы –страховой инструктор

бағалану – быть оцененным

жөн көру‑ считать правильным

ұя– родной дом (переносн.)

уыз‑көңіл– чистая душа

үйлесімді–гармоничный

белді қызметкер– ведущий работник

17 -САБАҚ

Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті

1-тапсырма. Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Жан дүниесі, сана-сезім, сыйласу, психикалық өзгешеліктер, жүріс-тұрысы, ақау, ерік күші, аңғару

2-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.

Бұл өмірде адамдардың жан дүниесін танып-білудің, әрқайсының сана-сезімімен санаса келіп, олардың жеке-дара өзгешеліктерін түсіне білудің маңызы айрықша. Ол әрине, өзара қарым-қатынас жасау, сыйласу барысында анықталатын қасиеттер. Тек есте болатын бір жағдай, жеке адамның әртүрлі ерекшеліктерінің дамып, қалыптасуы оның өзі өмір сүріп отырған ортасына, ондағы қоғамдық қатынастарға (экономикалық, саяси) тәуелді. Өмірдің бір орында тұрмайтыны белгілі. Адамның айналасындағы жағдайлар үнемі өзгеріп отыратындықтан, оның әртүрлі психикалық өзгешеліктері де біртіндеп өзгеріске түседі. Соған қарамастан, адамның сыртқы кескін-келбеті, жүріс-тұрысы, сөйлесу, сәлемдесу әдебі, ұйықтау, отыру мәнері арқылы-ақ оның қандай мінезді, ақыл-парасатының, ерік күшінің, белсенділігінің қаншалықты екенін аңғаруға болады, деп есептейді адамтану бойынша зерттеу жүргізушілер. Бәрі мүмкін. Өйткені ойшыл Меһмет Соймен айтпайды ма: «Дене мен рух, жеке-жеке нәрселер болумен қатар адамның өмірінде соншама сәйкескен, тіпті біреуінде болған ақау, екіншісіне де әсер етеді», - деп.

3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Адамның жан‑дүниесін қалай танып‑білуге болады?

2. Адамның ерекшеліктерінің қалыптасуына не әсер етеді?

3. Адамтанушылар адамды танып‑білуге болатын әрекеттерге нені жатқызады?

4. Меһмет Сойменннің пікірінше дене мен рух қандай нәрселер болып саналады?

Жазылым:

4‑тапсырма. Тұрақты тіркестердің сәйкес мағыналарын табыңыз басыңа іс түсу

жаның күйзелу

өмір өткелдерінен өту

басыңнан бақ таю

күш-қуатың кету

кедергілерге ұшырау

шаңырағың шайқалу

Оқылым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

1. «Жеке-дара өзгешелік» деген сөз тіркесінің баламасын көрсетіңіз:

А) айрықша ерекшелік

В) өзіндік артықшылық

С) өзіне тән ерекшелік

D) ерекше белгі

2. «кескін-келбеті» деген сөздің баламасын табыңыз:

А) бет пішіні

В) сымбаты

С)тұлғасы

D) сұлулығы

3. Сөйлемге қажетті сөзді анықтңыз:

«Жеке адамның әртүрлі ерекшеліктерінің дамып, қалыптасуы оның өзі өмір сүріп отырған ....., ондағы қоғамдық ..... тәуелді. »

В) адамдарға, отбасына,

С) жеке басына, ортасына,

D) ортасына, қатынастарға,

Е) қоғамға, басшылыққа,

4.Көп нүктенің орнына тиісті шылауды қойыңыз:

Адамның сыртқы кескін-келбеті, жүріс-тұрысы, сөйлесу, сәлемдесу әдебі, ұйықтау, отыру мәнері ... оның қандай мінезді, ақыл-парасатының, ерік күшінің, белсенділігінің қаншалықты екенін аңғаруға боладыА) бауырсақ пен тоқаштан

А) туралы, бойынша

В) арқасында

С) арқылы

Д) қатар

5. «Ақау» сөзінің баламасын табыңыз:

А) жетістік

В) ерекшелік

С) кемшілік

D) өзгешелік

Тыңдалым:

Тыңдаңыз.

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз:

Мәтінде жоқ ақпаратты таңдаңыз.

A) Режисер Д. Исабековке пьеса жазуға тапсырыс береді.

B) Жазушы пьесаларды тек қана тапсырыспен жазады.

C) Мағжанды Пушкинмен теңестіруі.

D) Жазушыға Мағжанның әсіресе Москвадағы өмірінің ұнауы.

Мәтіндегі негізгі ақпаратты көрсетіңіз.

A) Жазушының Мағжанның мұхиттай, айсбергтей екенін тануы

B) Жазушыны тарихи тақырыптың қызықтырмауы .

C) Сырымның бауырмалдығы, жанашырлығы.

D) Сырымның Байбақты қызын тануы.

Мәтіндегі қосымша ақпаратты көрсетіңіз.

A) Мағжанның азғантай өмірде бәріне үлгіруі.

B) Жазушының Мағжанды өзі үшін ашуы.

C) Мағжанның М. Горький, В. Брюсов, С. Есенин, Д.Бедныйларды таңғалдыруы.

D) Мағжанды көрген қыздардың оған ғашық болуы.

Мәтіннің алғашқы бөлігінде не туралы айтылғанын көрсетіңіз.

A) Мағжанның жазушылардың манифестін жазуы.

B) Мағжанның педагогиканы жазуы.

C) Мағжанның телегей теңіз талантпен біздің елде тууы.

D) Жазушы пьесаларының сахнадағы ғұмыры.

Мәтіннің соңғы бөлігінде не туралы айтылғанын көрсетіңіз.

A) Мағжан өмірінің ешкімге ұқсамайтындығы.

B) Мағжанды жазушының зерттеуі.

C) Жазушының репрессия, түрмеден басқа не жазам деп ойлауы.

D) Балуан Шолақ туралы пьеса жазуы.

Анықтама:

Жан дүниесі – внутренний мир

сана-сезім‑ сознание

сыйласу‑ взаимоуважение

психикалық өзгешеліктер‑психические особенности

жүріс-тұрысы‑поступки и поведение

ақау‑дефект, недостаток, изъян

ерік күші‑сила воли

аңғару‑заметить

Тезаурус:

кілтін табу

жылы қабылдау

телегей теңіз шығарма

18-сабақ:

Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

Жүйке жүйесі, тума қасиет, ортаны қабылдау, дүниені тану, тұйықталу, жұрттың назарын аудару, жаны жомарт, өмірге құштар, салқынқанды, мұқият, ұшып-қонып тұру, күйгелек, шамданғыш, ұялшақ, қыңыр, жайбасар, қисық адам, бей-жай қарау, жалғыздықты сүю.