Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП 1.09.13- каз яз.doc
Скачиваний:
69
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
3.52 Mб
Скачать

Жас отбасының бюджеті немесе үнемшілдік деген не?

Үнемділік – сараңдықтың, не кедейліктің белгісі емес. Көптеген бай адамдар өз қаржысын дұрыс пайдаланудың арқасында байыған. Сондықтан «үнемдеу» дегенді ақшаны тиімді жұмсау деп түсінуіміз керек. Өкінішке орай, кей адамдар ақшаны үнемдеу үшін ең басты қажеттіліктерінен, тіпті дұрыс тамақтану мен жібі түзу киім-кешектен де бас тартып жатады. Бірақ, үнемдеу деген – шығын көлемін қысқарту ғана емес. Егер сіз үнемді өмір сүргіңіз келсе, тым шектен шығып кетпеңіз. Айталық, электр қуатын үнемдеу үшін кітапты балауыз шамның ілбіген жарығында оқысаңыз, көз жанарыңыздан айырыласыз. Сондай-ақ азық-түлікті арзан бағаға сатып аламын деп, денсаулығыңызға зияны көп сапасыз тауарға ұрынуыңыз да мүмкін.

Ал кейбіреулер көтере сатып алу арқылы ақша үнемдеуді дұрыс деп ойлайды. Бір қарағанда, бұл тиімді көрінуі де мүмкін. Себебі, бөлшек саудаға қарағанда көтерме тауар құны арзандау түседі. Ал шындығына келгенде, көтере сатып алу үнемі үнем бере бермейді. Неге олай? Осыған талдау жасап көрейік.

1. Қажетсіз затқа артық шығын. Айталық, сіз жеміс-жидекті арзан бағаға әдеттегіден көбірек сатып алдыңыз. Бірақ оның бәрін жеп тауыса алмай, бірнеше күннен кейін бүлінгендерін қоқысқа тастайсыз. Немесе бір жылға жетер деген есеппен үлкен құтыдағы сусабынды сатып алдыңыз дейік. Біраз уақыттан соң иісі, түсі ұнаған өзге бір сусабынға көңіліңіз ауып, әлі тіпті орталанбаған алдыңғы құтыдағы сусабынды мүлде қолданбай тастайсыз, тағы сол сияқты.

Мұндай артық шығынды болдырмау үшін сатып алатын заттарыңыздың тізімін жасағанда бір апта, не әрі кетсе бір айға қанша мөлшерде керектігін де есептеп, жазып отыруды да ұмытпаңыз.

2. Көтере сатып алу тұтыну көлемін де ұлғайтады. Егер мұздатқышта сыра үнемі тұратын болса, күніне тым болмағанда бір бөтелкесін ішу дағдыға айналады. Немесе азық-түлік көп болса, қонақ күту де көбейеді. Ал аз нәрсе қашанда қадірлі. Оны сақтап, бағалап, жеткізуге тырысасыз.

3. Бюджеттің бұзылуы. Көтерме саудаға құмарлардың басты «бас ауруы» – белгіленген бюджет шегінің сақталмауы. Жалпы, отбасылық бюджетте бір айға қажетті азық-түлік пен тұрмыстық заттардың мөлшері және оған жұмсалатын қаражат көлемі есептеліп, бекітіледі. Ал қалған қаржы үлкендеу мақсаттарға жиналады. Ал сіз осы белгіленген бюджет шегінен шықсаңыз, мақсатқа жету жолы да ұзара түседі.

4. Денсаулыққа соққы. Азық-түлікті көтере сатып алу салдарынан оны тұтыну көлемінің ұлғаюы денсаулыққа да аз зардабын тигізбейді. Ол тамақты көп жеу, артық салмақ қосу, маскүнемдік, т.б. ауыр жағдайларға алып келеді. Ал денсаулықты қайта түзеу де біраз шығынды қажет етеді.

Қорыта айтқанда, тауарды көтере сатып алу арқылы біз үнемдеу орнына артық төлейтінімізбен қоймай, шығын көлемін көбейтіп алуымыз да мүмкін екенін естен шығармауымыз керек.

Қысқасы, өзіңізді тым тар қауызға сыйғызуға тырыспаңыз, әйтпесе онсыз да қысқа өмірден ешбір ләззат ала алмайсыз. Ең бастысы, жақсы ниет пен жан шуағын үнемдемеңіз. Достарыңыз, туыстарыңыз, әріптестеріңіз бен жай ғана айналаңыздағы адамдарға жүрек жылуын аямай сыйлаңыз. Бұл сізге еселеп қайтатынына сене беріңіз…

(Кәмила Ақниязқызы)

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Үнемдеу деген не?

2. Бөлшек сауда қымбат па, көтерме тауар қымбат па?

3. Жеп тауыса алмаған жемістер қайда кетеді?

4. Артық шығынды болдырмау үшін не істеу керек?

5. Адам неге үнем жасамау керек?

Жазылым:

Берілген сөздердің алдымен синонимін, содан соң антонимін жазыңыз, омоним болатындарына мысалдар келтіріңіз.

Сараңдық, кедейлік, жұмсау, жібі түзу, шектен шығу, балауыз шам, ілбіген жарық, бүліну, құты, ләззат, жан шуағы, жүрек жылуы.

Тыңдалым

Тыңдаңыз:

Мәтін тақырыбын таңдаңыз.

А) Су – шешілмеген мәселе

B) Су – тіршілік негізі

C) Адамдар ғылымды дамытады

D) Табиғат адамнан қамқорлық күтеді

Мәтінде жоқ ақпаратты көрсетіңіз.

A) Елімізде су мәселесі күрделі болып отыр

B) Адамдар ғылым мен техниканы дамытуда

C) Суды пайдаланғанан соң, орнына келтіру керек

D) Суға жауапкершілік әр адамда болуы керек

Мәтіндегі негізгі ақпаратты көрсетіңіз.

A) Су дегеніміз - өмір

B) Адамдар білімді болуда

C) Мәдениет пен техника дамуда

D) Суды алу – оңай, табу – қиын

Мәтіндегі қосымша ақпаратты көрсетіңіз.

A) Табиғатқа қамқор болу керек

B) Барлық ел үшін су мәселесі күрделі мәселе

C) Адамдар аз суды үнемдеу арқылы көп суды сақтайды

D) Көптеген жаңалықтар ашылып, мемлекеттер күшейіп жатыр

Анықтама:

Сараңдық – скупость

Кедейлік – бедность

Жұмсау – тратить (деньги)

балауыз шам – свеча

ілбіген жарық – слабое освещение

көз жанары – здесь: зрение, глаза, блеск глаз

бүліну – испортиться

құты – флакон, бутылочка

көңіл ауу (фраз.)–переключать внимание на другое

бағалау – дорожить

соққы – удар

тар қауыз – здесь: тесная скорлупа

ләззат – наслаждение

жүрек жылуы – здесь: душевное тепло

Тезаурус:

жібі түзудұрыс, жақсы, көңілге қонымды

шектен шығубелгіленген шектен, мөлшерден асып кету

көңіл ауубасқаға ойы кету, көңілі түсу

жан шуағыжанның мейірімділігі, қайырымдылық

9- САБАҚ