Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП 1.09.13- каз яз.doc
Скачиваний:
69
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
3.52 Mб
Скачать

Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық

Білім алушылар қазақ тілі пәнінен типтік бағдарламаға сай тақырыптар негізінде семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу барысында мәтіндерді оқып, мәтіндер бойынша тапсырмаларды орындайды. Мәтіндерді түсініп оқу, мазмұнын айту, өзара пікірлесу және сұрақтарға жауап беру арқылы сөздік қорларын байытып, қазақ тілінде өз ойын жеткізе білуге дағдыланады.

Сондай-ақ тақырыпқа сай түрлі жазба жұмыстарын орындай отырып, өз ойларын жаза білуге, жазылым дағдыларының қалыптасуына, сауатты жаза білуге үйренеді.

Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу барысында білім алушылар күнделікті сабақта жазылым, тыңдалым, оқылым бойынша алған тілдік дағдыларын дамыта алады.

І Модуль: Қатысымның әлеуметтік-тұрмыстық саласы

1-Блок: ОТАН ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

Грамматика: Көп мағыналы сөздер, сөйлеу тіліндегі қолдану ерекшеліктері

Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

Отбасы берекесі, дүниетаным, сана, құя білу, баулу, шектелмеу, тұжырым, сүрінбеу, бірлік, тірлік.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

1-сабақ: Отбасы – шағын мемлекет

Қазақ халқы ерте заманнан-ақ отбасы берекесі, татулық, шаңырақтың беріктігі туралы дүниетанымын қалыптастыра білген. Баланы жас кезінен бастап үлкендерді сыйлап, ақыл-кеңестерін тыңдауға үйреткен. Олардың санасына ата-ана алдындағы парыз, Отан алдындағы міндеттерді құя білген. «Үйлену оңай, үй болу қиын» деп, асығып үйленудің арты жақсы отбасы болуға апара бермейтінін түсіндірген. «Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді» дей отырып, үлкенді құрметтеуді, ата-ананы сыйлауды міндеттеген. Өзің әке-шешеңе қалай қарасаң, балаларың да саған солай қарайды деп айта отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға баулыған. «Анасына қарап, қызын ал» деген аталарымыз ертең-ақ бір үйге келін болатын қыз баланың анасына да қатаң талаптар қоя білген. Өзі жақсы ана қызына да жақсы тәрбие бере алатынына сенген. «Өз отбасыңмен ғана шектелмей, елді де көркейтуге тырыс, ел алдындағы парызыңды естен шығарма» деген тұжырымын «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген мақалға сыйғызған.

Кез келген шаңыраққа бала бақыт әкеледі. Қазақ халқы үшін отбасындағы қыз өзге үйге кететін қонақ іспеттес, ал ер бала – шаңырақтың иесі. Ер жігіт өзінің жарын дұрыс таңдай білсе – бағы, нашар болса – соры. Халқымыздың айтқанындай, «Еркек – үйдің егесі, әйел – үйдің шегесі».

Жас баланың тәрбиесі – ата-анаға артылар зор міндет. Анасына қарап қызын алған, әкесіне қарап ұлын таныған халықтың даналығы. Отбасы сыйластығы – бала бақытына апарар жол. Ата-анасын сыйлаған ұл халқын да сыйлар азаматқа айналады. Сыйластығы жарасқан, бір-бірін ғана емес, ауыл-аймақты, үлкен-кішіні құрметтеп тұратын жанұя мүшелеріне қызықпайтын адам болмайды. Тату отбасы өмірдің қиыншылықтарынан сүрінбей өтеді. Себебі «Бірлік бар жерде тірлік бар».

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Шаңырақтың беріктігі дегеніміз не?

2. «Үй болу» деген сөздің мағынасын білесіз бе?

3. Ата-анаға қандай талаптар қойылады?

4. Сыйластық тек отбасында ғана бола ма?

5. Сіз «Отан», «отбасы» деген ұғымдарды бірдей деп ойлайсыз ба?

Жазылым:

1- тапсырма.

Сөйлемнің сыңарын табыңыз:

  1. Аталарымыз баланы жас кезінен бастап үлкендерді сыйлап, ..............

  2. Үйлену оңай, ..........

3. Асығып үйленудің арты ..........

4. Өзің әке-шешеңе қалай қарасаң, ............

5. Анасына қарап, ............

6. Ел болам десең, .............

7. Тату отбасы өмірдің қиыншылықтарынан........

8. Бірлік бар жерде .........

2-тапсырма. «Отан отбасынан басталады» мәтініндегі көп мағыналы сөздерді табыңыз.

Үлгі: Жас – адамның өмір кезеңдері (48 жас, 12 жас, 63 жас, т.б.)

Жас – жас бала, жас қыз (Ол әлі жас)

Тыңдалым:

Тыңдаңыз:

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз:

Сұхбаттың мақсатын анықтаңыз.

A) Қажымұқанның асқан балуандығын таныту.

B) қазақтың қонақ күту дәстүрін жоғалтпау.

C) Қажымұқандай балуанмен кездесуді еске түсіру.

D) Қазақ әйелдерінің дархан көңілін көрсету.

Диалогтегі негізгі ақпаратты көрсетіңіз.

A) Бала Мұхтардың санасында қалған ұмытылмас кездесу

B) Қажымұқандай балуан жігіттердің қазір болмауы

C) Отбасындағы жалғыз баланың еркелігі

D) Қонақ күту – отбасыға сын

Диалогке сәйкес ақпаратты көрсетіңіз.

A) Қазақтың ұлы палуанын сыйлау – абыройлы іс

B) Баланың еркелігіне ата-анасы ұялады.

C) Қажымұқанның тұлғасы таудай болатын.

D) Қонақасыға ауыл қариялары да шақырылды.

Диалог мазмұнында жауабы бар сұрақты табыңыз.

A) Мұхтар ақында Қажымұқан туралы жыр бар ма?

B) Қажымұқан баланың еркелігіне түсіністікпен қарады ма?

C) атақты балуанда басқа да өнерлер бар ма еді?

D) Ата-анасы бала Мұхтарды балуан болар деп ойлаған ба?

Диалог мазмұнында жауабы жоқ сұрақты табыңыз.

A) Мұхтар жалғыз болғандықтан ерке болып өскен бе?

B) Әкесі басқа мал болмаған соң, жалғыз ешкіні сойғызды ма?

C) Мұхтар еркелігін тек Қажымұқанға ғана істеген бе?

D) Қажымұқанның салмағы екі жүз келіден асатын ба еді?

Диалогтегі қосымша ақпаратты көрсетіңіз.

A) Қазақ халқы қонағына қонақасы береді.

B) Ел сыйлаған балуан Шахановтар отбасында да болды.

C) Ақын Қажымұқанмен кездескенін ешқашан ұмытпайды.

D) Қажымұқандай балуанның өнерін қайталау – жігіттерге оңай емес.

Мұхтар ағаның ниетін білдіретін сөйлемді көрсетіңіз.

A) Әке тәрбиесі адамдыққа жетелейді

B) қазақ халқында дарынды перзенттері көп болған.

C) Елдің ізгі адамдарын сыйлау – ұлтты өсірумен тең.

D) Ұлы адамдармен кездесу – ақындыққа апарар жол.

Анықтама:

Отбасы берекесі - здесь: семейное счастье

дүниетаным – мировоззрение

сана – сознание

құя білу (фраз.) – сіңіру, құю

баулу – приучать, тренировать

шектелмеу – не ограничиваться

тұжырым –вывод, заключение

сүрінбеу – не промахнуться, не спотыкаться, не упасть

бірлік – единство

тірлік – жизнь, существосание

құлагер рухты дала (фраз.) – еркін, азат ел, халық

сауын ешкі (фраз.) – сауып ішіп отырған ешкі – доеная коза

атып ұру (фраз) – сою – заколоть, зарезать

ауыл қарияларын түгел жинау – здесь: собирать старших

қонақасы беру – давать званный обед

жамбастап жату –здесь: лежать на боку

қимыл-харакет – действие

денесіне шыбын қонған құрлы көрмеу (фраз.)– здесь: не обращать внимание

кеңк-кеңк күлу – отрывисто смеяться

әңгімесін жалғай беру – продолжить свой рассказ

тасқа басылғандай жазылып қалу (фраз.)– как отпечаток на камне

жалғыз ұл – единственный ребенок

талшық қылу (фраз.) – минимальные средства для поддержания существования

бір ауыз қарсылық білдірмеу (фраз.) – нисколько не возразить

ырза болу – быть довольным

қамын ойлау – заботиться

ізгі даралық (фраз.) – асыл қасиет, ерекше даралық, өзгеге ұқсамайтын асыл

мойындамау – не признавать

адамның өсуіне кедергі болу – препятствовать развитию человека

тән – свойственный, присущий

салқынқандылық – хладнокровие

жомартжандылық – щедрая душа

туа біткен қасиет - врожденное свойство, достоинство

Тезаурус:

Шаңыраққазақ халқының ұғымында тек киіз үйдің шаңырағын ғана білдірмейді, бұл сөз жалпы үй, үлкен отбасының мекені деген ұғымды да білдіреді.

Бесік сәби жататын тербелмелі жайлы орын.

Тірлік, тіршілік – өмір сүру.

2-САБАҚ