Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП 1.09.13- каз яз.doc
Скачиваний:
69
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
3.52 Mб
Скачать

Қазақстандағы отбасын әлеуметтік қорғау жүйесі

     Біздің елімізде   мүгедектігіне, асыраушысынан айрылуына байланысты, жұмыссыздығы мен жасы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі толық ынтымақтастық қағидатына негізделген. Барлық жеке тұлғалар – Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар өмірдегі қатерлі жағдайлар туындаған кезде еңбек қызметіне қатысуына және жарнасына қарамастан, егер заңдар мен халықаралық шарттарда басқаша көзделмесе, бірдей деңгейде мемлекеттік жәрдемақылар алады.          Әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі қаржыландыру көзі мен жалпы реттеушісі мемлекет болып табылады. Заңнамаға сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына мемлекет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек көрсетіледі.       Әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары халықаралық тәжірибе мен қазіргі жағдайды талдаудан туындайды:

  • Барлық еңбекке қабілетті азаматтар өзінің жеке басының болашағы мен өз отбасының әл-ауқаты үшін жауапты болуға ұмтылуы тиіс;  - Пәрменді жәрдемақылар атаулы болуы тиіс, яғни оны алуға құқығы бар және оған аса мұқтаж адамдарға беріледі;  - Барлық азаматтарға әлеуметтік қатерлерге қарай бюджет қаражатының есебінен бірдей деңгейдегі мемлекеттік төлемдер беру;  - Алғашқы кезеңде міндетті әлеуметтік сақтандыруды жұмыс берушілер есебінен және келешекте еңбеккерлерді де аударымдары есебінен жүргізу;   - Ана мен баланы кең ауқымды әлеуметтік қамсыздандыру мемлекеттің бүкіл әлеуметтік қорғау жүйесінің басымдықтарының бірі болады.

  • Қолдау көрсету ретiнде бала туғанда бiр жолғы жәрдемақы және жасы кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларына қосымша жәрдемақы беру енгiзiлетiн болады. 

  • Мүгедектiк проблемаларын шешу бойынша іс-шаралар әзiрлеу, мүгедектердiң мұқтаждарына арналған өндiрiстердi мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру, мүгедектердiң негiзгi құқықтар мен көрсетiлетiн қызметтерге қол жеткiзуiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк стандарттарды енгiзу қарастырылады.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Әлеуметтік қорғау жүйесі неге байланысты негізделген?

  2. Барлық жеке тұлғалар дегендер кімдер?

  3. Әлеуметтік қорғау жүйесінде мемлекеттің рөлі қандай?

  4. Барлық еңбекке қабілетті азаматтар неге ұмтылуға тиіс? 

  5. Пәрменді жәрдемақылар атаулы болғандықтан, кімдерге беріледі? 

Жазылым:

Берілген сөздермен сөз тіркестерін жасаңыз:

Ынтымақтастық, көмек, мемлекеттік, әлеуметтік, шарттар, қағидат, атаулы, кәмелеттік, іс-, жәрдемақы, халықаралық, жас, бір жолғы, сақтандыру, жәрдемақы, шаралар.

Тыңдалым.

Тыңдаңыз.

Бақыт

(Ертегі)

Диалог мазмұнында жауабы бар сұрақты табыңыз.

A) Адам өзінің бақытты екенін біліп жүрді ме?

B) Бақыттың не екенін түсіну үшін Адамға еңбек ету керек пе?

C) Адам ұйықтап тұрғанда бақта оянды ма?

D) Адамның іші пысатын сәттері болды ма?

Диалог бойынша дұрыс ақпаратты көрсетіңіз.

A) Адам өзінің бақытсыз екенін сезіп жүрді.

B) Адам бақыттың не екенін білген еді.

C) Адам адаммен ғана бақытты болады.

D) Ерінбей еңбек еткен бақытқа жетеді.

Диалог мазмұны бойынша қате ақпаратты көрсетіңіз

A) Адам бақта жүргенде ішерге тамақ мол болды.

B) Адам өзінің еңбек етуге тиіс екенін білді.

C) Адам бақыттың артта қалғанын түсінді.

D) Адам ұйықтап тұрғанда, енді не істеу керектігін түсінді.

Сұхбаттасушының ниетін білдіретін сөйлемді көрсетіңіз.

A) Адам өзіне қажетті нәрсені іздеп таппақ болды.

B) Адам бақытты көрсетуді сұрады.

C) Адам шөл даланы гүлдендірмек болды.

D) Адам бақытты ұстап көрмек болды.

Диалогтегі қосымша ақпаратты көрсетіңіз.

A) Адам бақытты қайдан табуға болатынын сұрады.

B) Адам айдалада тұрғанын көргенде, аштан өлермін деп ойлады.

C) Шөл даланы гүлге айналдыру үшін ерінбей еңбек ету керек.

D) Ештеңе істемей жүрген адам бақытты түсінбейді.

Анықтама:

Мүгедектік – инвалидность

Асыраушы – кормилец

Айырылу – лишаться

әлеуметтік қорғау – социальная защита

ынтымақтастық – сотрудничество

қағидат – положение, закон

қатерлі – опасный, рискованный

жарна – взнос

көзделу – быть нацеленным

жәрдемақы – пособие

заңнама – закон, законодательство

санат – категория

әл-ауқат – благосостояние, материальное положение

пәрменді – действенный

атаулы – именной, именованный

мұқтаж – нуждающийся

қатер – опасность

төлем – платеж, пошлина

еңбеккерлер – труженики, работники

аударым – перевод (денег)

есебінен жүргізу – за счет (налога)

қамсыздандыру – страховать, обеспечить

басымдық –преимущество, превосходство

бір жолғы жәрдемақы – единовременное пособие

тезаурус:

іші пысу (фраз.) – не істерін білмеу, бос отыру, зерігу

сауық құрукөңіл көтеру, қызық, ойын

айдала ешнәрсе жоқ дала

бақшаға бөлеубау, бақша өсіру