Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП 1.09.13- каз яз.doc
Скачиваний:
69
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
3.52 Mб
Скачать

Білім алушылардың өздік жұмысына әдістемелік нұсқаулық

Бұл өздік жұмыстарында студенттер әртүрлі тақырыптар бойынша оқытушының алдын ала берген күнтізбелік тапсырмасына орай, жұмыстар жүргізеді. Осындай тақырыптар шегінде оларға Отан, ел, тіл туралы мақал-мәтелдер, қанатты сөздер беріліп, студенттер оларды талдап үйренеді. Соған орай, аталған тапсырмаларды орындау барысында орыстілді студенттердің қазақ тілінде сөйлеу, жазу дағдылары қалыптастырылады. Сонымен бірге, өздік жұмыста студенттердің дыбыстау дағдыларын қалыптастыру үшін патриоттық тақырыптағы өлеңдер беріледі. Оларды жаттау барысында қазақ тілінде сөйлеу актілері қалыптасса, оған қоса жаңа лексикалық минимумды игеру жұмыстары да қоса жүргізіледі.

Өздік жұмыс барысында, сонымен қатар, оларға жазба жұмыстарын жүргізу де мақсат етілген. Осындай жазба жұмыстарының негізгі түрі – эссе жазғызу. «Менің туған қалам», «Ұлттық дәстүрлер», «Өнер түрлері», «Қазақ өнері», «Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері», «Қазақстанның сыртқы саясаты» және тағы да басқа ұсынылған тақырыптар бойынша жазылған эсселер арқылы студенттердің жазылым дағдысы қалыптасады. Сондай-ақ жазу дағдысымен бірге олардың қазақ тілінде ойлау жүйесі де мейлінше артады. Бұларға қоса олар өз жұмысын жазу барысында жаңа сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланады. Соның негізінде, студенттердің мемлекеттік тілдегі сөз қорлары мейлінше еселенеді.

Білім алушыларға арналған өздік жұмыстары студенттердің академиялық сабақтарда алған тілдік дағдылары мен машықтарын бекітуге жәрдем жасайды.

Білімгерлердің өздік жұмысына арналған тапсырмалар

Апталар

Тақырып аты

Тапсырма түрі

Сағат саны

1 апта

Отбасы құндылығы

Ой талқы, пікір алаңына дайындалу

6 сағ.

2 апта

Қазақ халқының отбасына қатысты ұлттық дәстүрлері

Баяндама әзірлеу.

6 сағ.

3 апта

Қазақстан республикасындағы халықтық санақ, демографиялық жағдаяттар

Ғаламтор, БАҚ арқылы ақпараттар дайындау

6 сағ.

4 апта

Тұрғын үй жайлылығы

Баяндама

6 сағ.

5 апта

Отау үй немесе жас шаңырақ

Ой – пікір алаңын ұйымдастыру

6 сағ.

6 апта

Жаным- арымның садағасы

Пікір алмасу.

6 сағ.

7 апта

Уақыт туралы қанатты сөздердің мағынасын тарқатыңыз.

Эссе жазу

6 сағ.

8 апта

Адамның жас кезеңдері

Баяндама әзірлеу

6 сағ.

9 апта

«Денсаулық – зор байлық»

Сипаттама беру

6 сағ.

10 апта

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.

Реферат жазу

6 сағ.

11 апта

Бұл – қазақ елі!

Эссе жазу

6 сағ.

12 апта

Біздің елдің жері мен табиғаты

Реферат әзірлеу

6 сағ.

13 апта

Қолданбалы өнер – ұлттық мұрамыз

ақпараттар әзірлеу

6 сағ.

14 апта

Ұлттық әдебиет пен мәдениеттің тамырлары

Баяндама дайындау

6 сағ.

15 апта

Ғасырлардан жеткен жауһар өнер

Бейне көріністер мен слайдтар

6 сағ.