Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП 1.09.13- каз яз.doc
Скачиваний:
69
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
3.52 Mб
Скачать

А) ұзатылғанда, барғанда, тойларда

В) болғанда, кетерде, кешінде

С) беті ашыларда, аттанарда, таңында

D) түскенде, келгенде, күндерде

Е) кетерде, қонғанда, мерекесінде

4. Шашу нелерден шашылады?

А) бауырсақ пен тоқаштан

В) өрік, мейізден

С) жаңғақ пен кәмпиттен

D) кәмпит, күміс теңгеден

Е) құрт пен бауырсақтан

5. Шашу қандай сәттерде шашылады?

А) қыз ұзатылғанда

В) алыс сапарға аттанғанда

С) қуанышты сәттерде

D) асар жасағанда

Е) басқа жаққа көшерде

6. Шашылған шашуды не үшін теріп алады?

А) ырымдап балаларына апару үшін

В) обал болмасын деп жеу үшін

С) қайтадан дастарханға салу үшін

D) олай етпесе, үй иесі ренжиді

Е) қайтадан шашу үшін

7. Шашуды кімдер шашпайды?

А) әйелдер

В) әжелер

С) апалар

D) құдағилар

Е) ерлер

8. Асарға шақырудың мақсаты:

А) күрделі жұмысты бірлесе атқару үшін

В) кісілерге тамақ беру үшін

С) баланың өсіп, мектепке барғанын білдіру үшін

D) келешектегі жұмыстарды пысықтап алу үшін

Е) өзіңнің қонақжай екеніңді көрсетуің үшін

9. Асарға шақырылғандарға ақы қалай төленеді?

А) әркімнің істеген ісін мұқият есептейді

В) үлкендерге көбірек, балаларға азырақ төленеді

С) жақсылып тамақ істеп, тойғызу арқылы

D) оларға келер жолы көмектесу жағын уәделеседі

Е) мал-мүлік таратылады

10. Асар – ненің көрінісі?

А) байлық пен дәулеттің өлшемі

В) ұжымдық топта жұмыс істеудің белгісі

С) еңбекқорлық пен сенімділіктің көрсеткіші

D) қарапайым адамдардың жұмысы

Е) көршілердің татулығының белгісі

11. «Тілашар» қай кезде тойланады?

А) бала алғаш мектепке барғанда

В) қырқынан шыққанда

С) енді-енді жүре бастағанда

D) бесікке салғанда

Е) кәмелетке толғанда

12. «Тілашар» дәстүрі қандай кезде жасалады:

а) бала мектеппен қоштасқанда

ә) бала алғаш рет ұзақ жолдан (сапардан) оралғанда

б) тұңғыш рет қаз басқанда

в) мектепке алғаш барғанда

г) бәйгеден аты озып келгенде

13. Тілашар – бала өміріндегі қандай оқиға?

А) ең жауапты кезең

В) балалықпен қоштасу сәті

С) жаңа өмірдегі қиындықтар белгісі

D) есте қаларлық елеулі оқиға

Е) бала бақшамен қоштасу оқиғасы

14. Балаға нелерді алып береді?

А) жаңа ойыншықтар

В) асау ат

С) компьютер

D) достар

Е) оқу жабдықтарын

15. Сөйлемге қажетті сөзді қойыңыз: Үлкендер балаға ...... ұсынады

А) кітап пен дәптер

В) кәмпит, құрт

С) көрімдік, байғазы

D) мектеп формасын

Е) саяхатқа жолдама

16. «Жақын-жуық адамдар» деген сөз тіркесіне балама болатын сөзді табыңыз:

А) достар

В) туыстар

С) көршілер

D) құрдастар

Е) құрбылар

Тыңдалым:

Тыңдаңыз:

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз:

Диалог мазмұнын анықтаңыз.

A) кішкентай балалар жайлы

B) атасы мен әжесінің баласы туралы

C) Омархан мен Нұржамал туралы

D) қос қария жайлы

Диалог мазмұнына сәйкес қате ақпаратты көрсетіңіз.

A) Қос қария сұрақты Омарханға қойды.

B) Қос қарияға Мұхтар немере болады.

C) Мұхтардың сөзі қарияларды қуантады.

D) Кішкентай Мұхтар өзін атасының баласы санайды.

Сұхбаттасушының көзқарасын көрсетіңіз.

A) Мұхтар өзін Омарханның баласымын дейді.

B) Атасы мен әжесіне Омархан немере болады.

C) Қариялар кішкентай Мұхтарды өз баласы санайды.

D) Қариялар үшін Мұхтар, Омархан мен Нұржамал әлі бала.

Диалог қазақ халқының қандай дәстүрінен хабар береді:

А) Баланы бөтен адамдардың асырап алуын білдіреді.

Б) Тұңғыш баланы атасы мен әжесінің бауырына салуын білдіреді.

С) Мұхтардың ата-әжесінің балажандылығын білдіреді.

D) Өз ата-анасын «аға», «жеңеше» деу дәстүрін көрсетеді.

Анықтама:

Думаншыл – здесь: народ, любящий веселье

келу құрметі – честь приезда

рәсім – церемония

нәресте – ребенок

күтім – уход

денені сылау – здесь: массаж, гладить тело

буындарды созу – здесь: растягивать мышцы

ырым – примета

үлкен кісі – здесь: уважаемый человек

үй тігу – отау болу, үй болу (фраз.) – создать семью

төлем – оплата

көрініс – вид

Тезаурус:

Байғазы, көрімдік – жаңа затқа, мүлікке, т.б берілетін сыйлық, зат

Жеңеше – ағаның, ер кісінің әйелі

Үй көтеру - өз алдына отбасы болу

құтты болсын – жақсылық болсын!

3-сабақ:

Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

Шаңырақтың құты, үй шырайы, жылулық келтіру, шыдас бермеу, көкірегі ояу, зерделі азаматтар, сал ауруға шалдығу, төсекке таңылу, дес бермеу, тағдыр тауқыметі, тайталасу, үміт отын үзбеу.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Әйел – шаңырақтың құты

Халық даналығы «жақсы әйел – ырысың», «жақсы жар – жарық күн» дейді. Расында да солай. Әйел – шаңырақтың құты. Әйел – үйдің туы. Үй шырайын кіргізіп, жылулық келтіретін – әйел. Қазақ жігіті әйелін құрметпен «жан жолдасым» дейді. Әйелдің рөлі отбасын сақтауда, бала тәрбиелеуде өте зор. Сондықтан болар қандай қоғам болмасын, аналарды әрдайым құрметтеп, аялайды, сыйлайды. Өйткені, олар соған әбден лайық! Ер жігіттердің өзі шыдас бермес кейбір әрекеттерге нәзік әйел бара алады. Оның бойынан тауды қопарардай ерен күш табылады. Оған мысалдар да көп.

Жазушы, түрколог-ғалым, филология ғылымдарының докторы Немат Келімбетовтің ауыр тағдыры, ғылыми және шығармашылық еңбектері көкірегі ояу зерделі азаматтарға жақсы таныс. 35 жасында сал ауруға шалдығып, төсекке таңылғанына дес бермей, тағдыр тауқыметімен тайталасып, қайрат танытып, сенім-жігерін қамшылап, қолынан қаламын түсірмей көптеген шоқтығы биік еңбектер жазды. Дерт жанын қанша қинаса да, үміт отын лаулатып, ерінбей, талмай, беріле еңбек етті. Сөйтіп, әлем классиктерінің 10 романын, 25 кинофильмін аударып, «Ұлыма хат», «Қариялар», «Күншілдік» және «Үміт үзгім келмейді» атты төрт кітап жазып қалдырды. Әсіресе оның «Үміт үзгім келмейді» монолог-хикаяты – жазушының қаламгерлік қуатын, ой өрісін, күрескерлік күшін көрсететін ерекше туынды. Осы шығармасы арқылы Франц Кафка қоғамының марапатын иеленді. Ал сандаған ғылыми еңбектері өз алдына бір төбе. Ой таразысына салсақ, бұл ерлікке, батырлыққа тең үлкен іс емес пе?

Ауыр науқас, мүгедек жанның ауыртпалығын бір кісідей көтеріп, қала кітапханаларынан том-том кітап арқалап, үйі мен кітапханалар арасын жол қылған, төсекке таңылған жарының ауызша айтып аударған кітаптарын қайта-қайта қолмен жазып (ол кезде компьютер жоқ болатын), қайта-қайта бастырып, баспаға апарып беріп жүретін, еріне сүйеу, тіреу бола білген жұбайы Қуаныш апайдың еңбегін қалай бағаламайсың! Қос қанаты – ұлдары Мұхит пен Қайратты ел қатарынан қалдырмай тәрбиелеп, терең, сапалы білім беру де Қуаныш апайға жеңіл іс болды дейсіз бе? Шіркін, сол бір жүрегі сыйға, нұрға, сезімге толы, қайырымы мол, сабырлы мінезді, дархан пейілді нәзік жанды қалай қастерлесек те жараспай ма?

Нәзік болса да қайтпас қайсар мінезді қазақ әйеліне әдемі, сұлу, шырайлы әдеби ескерткіш қойған қазақ жазушыларының бірі атақты сөз зергері – Ғабит Мүсірепов. Ана туралы әңгімелерінен басталып, «Ұлпанға» ұласқан шоқ жұлдызды шығармалар шоғырында әйел-аналардың сымбаты мен ұлылығы терең суреттеледі. Ал әйелдер туралы жазылған шығармалардың бастауы бағзы заман ескерткіші болып табылатын «Қорқыт ата» кітабынан шығады. Онда төрт түрлі әйел жайлы мынадай мысал келтірілген екен: «Сұлу әйелге үйленсең – оның күзетшісіне айналасың, атақты әйелге үйленсең – оның атағына телінесің, бай әйелге үйленсең – оның көп мүлкінің біріне айналасаң, ал ақылды, иманды әйелге үйленсең – оның сенімді серігі боласың» депті. Ой салатын әңгіме. Әрқайсысымызға адалынан келген жақсы жар кездессін деп тілейік.

(Сағындық Ордабеков)

Сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Қазақ жігіті әйелін қалай атайды?

  2. Нәзік әйел бойынан қандай күш табылады?

  3. Ғалым Н.Келімбетовтің қай шығармасы өшпес рухты көрсетеді?

  4. «Қорқыт ата» кітабында қандай әйелді жақсы деп санайды?

  5. Ғ.Мүсірепов шығармаларында әйел бейнелері қалай көрсетіледі?

Жазылым:

Сөйлемдерді толықтырыңыз:

  1. Әйелдер – отбасын сақтайды, ...........

  2. Халық мақалы жақсы әйелді ................

  3. Н.Келімбетовтің жан жары оған қиналғанда тіреу, ........

  4. Ғалым жанын қинаған дертіне қарамай, ............

  5. Оның еңбектерінен күрескерлік рух, .......

6.Сұлу әйелге үйленсең, .............

7.атақты әйелге үйленсең,................

8.бай әйелге үйленсең, ...............

9.ақылды, иманды әйелге үйленсең,............

10. Жақсы жар кездессін ..........

Тыңдалым

Тыңдаңыз:

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

Диалогке сәйкес ақпаратты көрсетіңіз.

А) Ана - өмірдегі ең жақсы адам.

B) Кинотеатрлар киноны кеш көрсетеді.

C) Үйге кешігіп келуге болмайды.

D) Кино көру - жақсы жұмыс.

Диалог мазмұнын анықтаңыз.

A) Кешкі кино сеансы

B) Кино – қызықты әлем

C) Ананың ойы – баласында.

D) баланың ойы – анасында.

Диалог мазмұнына сәйкес емес сөйлемді көрсетіңіз.

A) Әр баланың мінезі әртүрлі

B) Анаға баласының амандығы – қуаныш

C) Ата-ана өз баласының жақсы болғанын қалайды

D) Ата-ананы өзің балалы болғанда түсінесің.

Анықтама:

Шаңырақтың құты (фраз.) – үйдің бақыты

үй шырайы – үйдің көркі

жылулық келтіру – жылу беру

шыдас бермеу – шыдай алмау

көкірегі ояу – ойлы, ақылды адам

зерделі азаматтар – образованный человек

сал ауруға шалдығу – здесь: стать параличом

төсекке таңылу – тұра алмау, жатып қалу – быть прикованным к постели

дес бермеу – қиындыққа қарсы тұру – быть стойким, не сгибаться

тағдыр тауқыметі – өмірдің қиындығы – трудности судьбы

тайталасу – күресу - бороться

үміт отын үзбеу – не терять надежды

Тезаурус:

Адал жар – адал әйел (ер)

өз алдына бір төбе ерекше, өзгеге ұқсамау

дархан пейіл – кең, жомарт көңіл

шығармалар шоғыры – шығармалар жинағы, көп еңбек

4-САБАҚ

Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

Көз алдында жүру, сапарға аттану, жолаушы, белестерден асу, оқтын-оқтын, шамшырақ, тұйыққа тірелу, сауал қою, қол бастау, сөз бастау, бағбан, балдақ, меселін қайтармау, жойқын қайсарлық, мәуелі бау-бақша.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Әке тәлімі

Ұлым менің!

Мен саған ғасырлар бұрынғы бабалар дәстүрі жайында айтып отырмын. Ал өзіміз кейде кеше ғана көз алдымызда жүрген аталар мен әкелер дәстүрін де ескере бермейміз ғой. Алыс сапарға аттанған жолаушы биік белестерден асқан сәттерінде оқтын-оқтын арқасына бұрылып, өзінің басып өткен жолын шамалап отырады. Мұның өзі сол жолаушыға дұрыс бағыт-бағдар ұстауына мүмкіндік береді.

Теңіз жағалауынан алыста жүзіп жүрген кемелер тұманды күндері адасып кетпеуі үшін порттағы биік бағаналар басына күндіз-түні өшпей, жарқырап жанып тұратын үлкен шамшырақтар іліп қояды.

Құлыным! Мені асырып айтып отыр деп ойлап қалма. Менің өз әкем өзіме сол шамшырақтар секілді көрінеді. Тұйыққа тірелген сәттерде мен: «Осындай кезде әкем не істер еді?» деп өзіме-өзім сауал қоямын. Сол сұраққа әкемнің тұрғысынан жауап іздеп табуға өзімше әрекет жасаймын. Дегенмен, айтар ойым түсінікті болу үшін әкем туралы қысқаша баяндап берейін. Оның үстіне, сен өз атаң жайында неғұрлым көбірек біле түскенің жөн ғой.

Менің әкем қол бастаған батыр да, сөз бастаған шешен де емес еді. Қарапайым бағбан болатын. Қарапайым деймін-ау, әкемнің бағбандық өнерін күллі Келес әлі күнге аңыз етіп айтады.

Тегінде, адам бойындағы жақсы қасиеттердің бәрі де мейірімділіктен бастау алса керек. Әкем туралы ойлағанда ұдайы осындай тұжырымға келемін.

Кешегі сұрапыл соғыстан әкем қос балдаққа сүйеніп оралды. Әкемнің балдаққа сүйеніп, кетпен шауып жатқаны әлі көз алдымда тұр. Бұған бала кезде жете мән бермеген екем. Ер жеткенде ғана әкемнің қанды майданның өзі де меселін қайтара алмаған жойқын қайсарлығына қайран қалдым.

Айналасын биік көк теректер тізбегі қоршаған шағын үйіміздің алды көктем шығысымен-ақ қызыл-жасыл, хош иісті гүлдерге оранып, түрлі-түсті кілемдей құлпырып кететін. Әкем алуан түрлі гүлдерді өсіруге құштар еді. Мен әкемнің сұлулыққа соншалықты құштар жан болғанын есейген шағымда ғана түсіндім. Мұндай құштарлық тек жаны мөлдір жандарға ғана тән қасиет шығар деп ойлаймын.

Ауыл шетіндегі егістікке жарамсыз жатқан екі-үш гектардай жерді әкем сұрап алды. Өзіне емес, ауыл үшін мәуелі бау-бақша екті. Бәрін балдаққа сүйеніп, жалғыз өзі істеді. Бірнеше гектар жерді алып жатқан осы бір ауыл бау-бақшасының қожасы да, бағбаны да, қарауылы да әкемнің жалғыз өзі еді. (Немат Келімбетов. «Жарлы емеспін, зарлымын» кітабынан.)

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Алыс сапарға аттанған жолаушы неге артына бұрылып қарайды?

2. Неліктен жазушы ұлының өз атасы туралы көбірек білуін қалады?

3. Жазушының әкесін ел неліктен аңыз қып айтады?

4. Әкесінің қос балдаққа сүйеніп, жұмыс істеуінің мәнін баласы қай кезде терең түсіне бастады?

5. Бос жатқан жерді сұрап алып, баққа айналдыру себебі неде деп ойлайсыз?

6. Гүлді сүю адам жанын неге бастайды?

Жазылым:

Берілген жоспар бойынша шығарма жазыңыз.

1. Әкем – менің шамшырағым

2. Бау-бақшаны сүю

3. Ерен еңбек пен қос балдақ

Тыңдалым

Тыңдаңыз:

Диалогке негіз болған жағдаятты көрсетіңіз

A) Абай мен Құлыншақтың сәлемдесуі

B) Абайдың Құлыншаққа сәлем жеткізе келуі

C) Борсақ пен Құлыншақтың жайлауға қоныстануы

D) Борсақтың Құнанбайға қоныс ететін жер сұрап, сәлем айтуы

Құлыншақтың көзқарасын анықтаңыз.

A) Біреудің сәлемін жеткізу – парыз

B) Қыстау – ауыл қоныс тебетін жайлы мекен

C) Әр рудың өз жайлауы мен қыстауы болады

D) Құнанбайдың өтінішін аяқсыз қалдыруға болмайды.

Диалогке сәйкес сөйлемді көрсетіңіз.

A) Абай әке сәлемін жеткізу міндетін мойнына алды.

B) Құлыншақ Құнанбайдың сәлеміне орай, қыстауды бермек болды.

C) Жайлау мен қыстауды бөлісу – қазақ ауылдары үшін өзекті мәселе.

D) Жерді келісіммен де, иелік жөнімен де алып, жайласуға болады.

Диалогтегі негізгі ақпаратты көрсетіңіз.

A) Абай Құлыншақтан ел жағдайын сұрады.

B) Борсақ пен Құлыншақ Бетқұдыққа қатар қонбақ.

C) Бетқұдық жері Борсақ ауылының қоныс тебуіне қажет болды.

D) Қазақ дәстүрінде үлкендердің аманатын орындау парыз саналады.

Диалогте қазақ халқының қандай дәстүрі көрініс берген?

A) Жастың үлкенге сәлем беру дәстүрі

B) Жер дауын өзара келісіп шешу дәстүрі

C) Біреудің сәлемін екінші кісіге жеткізу дәстүрі

D) Жайлау, қыстау жерлерін келісіммен иелену дәстүрі

Анықтама:

Көз алдында жүру – здесь: быть всегда на виду

сапарға аттану – отправиться в путь

жолаушы – путник

белестерден асу – жолдардан өту – преодолевать плоскогорье

оқтын-оқтын – периодически, время от времени

шамшырақ – маяк, светила, светильник

тұйыққа тірелу – попасть впросак

сауал қою – сұрақ қою

қол бастау – әскер бастау

сөз бастау – шешен болу, жақсы сөйлей алу

бағбан – садовник, садовод

балдақ – костыль

меселін қайтармау – сұрағанын беру

жойқын қайсарлық – ерекше күштілік – необычайно волевой

мәуелі бау-бақша – плодоносный сад

Тезаурус:

Қыстау – қысқы мекен

Жайлау – жазғы мекен, жазғы мал жайылымына арналған жер

Үлес алу - өзіне тиісті жер, зат, т.б. алу

Сәлем айта келу – біреудің айтқанын жеткізу

5-сабақ

Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

Тұрғын, өңір, көзге елестету, арша, жайқалу, ат шаптырым, қашықтық, тау шатқалы, кіреберіс, қолынан шығу, іліну, мейірбан, қанығу (қаныққаным сондай), етене жақын, ортайып қалу.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.