Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК прак по пси.doc
Скачиваний:
976
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.93 Mб
Скачать

Жеке адам аралық қарым-қатынастың диагностикалық әдістемесі (Тимоти Лири)

Әдістемені субъектінің өзі және саналы Мен туралы пікірлерін зерттеу, кіші топтардағы ара қатынасты танып білу үшін 1954 жылы Т.Лири, Г.Лефорж, Р.Сазек жасаған.

Берілген әдістеменің көмегімен өзін-өзі бағалау мен өзара бақылауда адамдарға деген қатынастың басым түрін анықтайды. Жеке адамаралық қатынастарды зерттегенде екі фактор «үстем болу – бағыну» және «жылы шырай – басып тастауға құмарлық» (агрессивті) көбіне жиірек бөлінеді. Дәл осы факторлар жеке адам аралық қабылдаудың барысында адам туралы жалпы пікірді анықтайды. М.Аргайл жекеадамаралық тәртіптің стилін талдағанда олардың басты сыңары ретінде атаған, олар Ч.Осгудтың баға және күш деген мәнді диференциалдың 3 басты білігінің екеуімен мазмұны бойынша үйлесуі мүмкін. Б.Бейлздің басқару мен американдық психологтар 20жылдан астам уақыт жүргізген зерттеулерде топ мүшелерінің тәртібі 3 біліктен: үстем болу – бағынуға ұмтылыс, жылы шырай – қырын қабақ, қызбалық – талғампаз, құралған 3 өлшемді кеңістікте танып білуге авторлар ұсынған 26 өзгергіш бойынша бағаланады.

Т.Лири негізгі әлеуметтік бағдарларды секторларға бөлуге шеңбер түріндегі желісін жете зерттеді. Бұл шеңберде көлденең және тік 4 бағдар бар: «үстем болушылық – бағыныштылық», «жылы шырайлылық-өшпенділік». Өз кезегінде, бұл секторды адамдарға деген ең кездейсоқ қатынасқа бөлшектеген. Тым шебер суреттеу үшін шеңберді 16 секторға бөледі, бірақ екі негізгі білікке қатысты белгі түрінде бағытталған октантта (сегіздіктер) жиі пайдаланылады.

Авторлар екі өзгергіштің арасындағы қатынас өлшемі олардың шеңбердегі арақашықтығының бәсең қызметі болып табылады деген ұйғарымға тоқталады. Әр бағдардың балл жиынтығы тік білік («үстем болушылық - бағыныштылық») және көлденең білік («жылы шырайлылық – өшпенділік») үстем болатын көрсеткішке көрсетіледі. Алынған көрсеткіштердің шеңберінің ортасынан ара қашықтығы даралық тәртіптің дағдыланғанын немесе төтеншеленгенін көрсетеді.

Сауалнама 128 бағалау пікірден тұрады. Олардың әрқайсысында қатынастардың ұлғаймалы қарқындық бойынша реттелген 8 тип – 16 пункті бар. Әдістеме қатынастардың әлдебір типін табуға бағытталған пікірдің бейреттілікте ерекше түрде орналасқан. Олар 4 топқа шоғырланып, анықтаудың бірдей санынан кейін қайталанып отыруына сай құралған. Өңдеген кезде қатынастардың әрбір түрінің саны шектеледі, есептеледі.

Т.Лири әдістемені адамдардың бақыланып отырған мінез құлқына баға беру үшін, басқаша айтқанда мінез-құлықты маңындағылардың (сырттай) бағалауында өзін-өзі бағалау үшін, саналы «Менді» суреттеу үшін пайдалануды ұсынады. Болжаудың бос шектеулеріне сай жауап беру үшін берілген нұсқаулар шектеудің ең жоғарғы бағасы – 16 балл, бірақ ол қатынастар көрсеткішінің 4 дәрежесіне бөлінген:

0-1балл – төмен;

5-8 балл - орташа дағдыланған мінез- құлық;

9-12 балл – жоғары;

13-16 балл - төтенше ауытқуға (патология) дейінгі төтенше мінез - құлық.

Болжаудың әр түрлі бағыттары жеке адамның типін анықтауға, сонымен қоса мәліметтерді жеке аспектілер бойынша салыстыруға мүмкіндік береді. Мысалы, «әлеуметтік Мен», «шынайы Мен», «Менің серіктестерім» т.б. Әдістеме оқушыларға тізім түрінде (... кездейсоқ ретте) немесе жеке карточкаларды ұсынуы мүмкін. Оған өзі туралы пікіріне сәйкес басқа адамға немесе өзінің идеясына қатысты пікірді көрсету ұсынылады. Нәтижесінде, сұрақтама берілген кілттің көмегімен әр 8 (октант) бойынша балл есептелінеді. Алынған баллдар дискограммаға көшіріледі, бұл жағдайда шеңбердің ортасынан қашықтық берілген. Октант баллының санына сәйкес болады (0-16). Векторлардың ұшы қосылып тұлғалық пішінді құрайды.

Арнайы формулалар арқылы екі негізгі «үстем болушылық және «жылы шырайлылық» факторлар бойынша анықталады.

Үстем болушылық =I-V+0,7*(VII+II-IV-VI)

Жылы шырайлылық = VII-III+0,7*(VII-II-IV+VI)

Алынған мәліметтерді сапалы талдау әр түрлі адамдардың түсініктерінің өзгешелігін көрсететін дискограммаларды салыстыру жолымен жүргізіледі. С.В. Максимов 1 рефлекстің дәлдігінің, жеке тұлға үшін топтың маңыздылығын көрсеткіштерін келтірген. Әдістемелік тәсіл психологиялық тіркесушіліктің мәселелерін танып білуге мүмкіндік береді, сөйтіп, отбасына берілетін кеңестерде, топтық психотерапияда және ӘПТ - де жиі пайдаланылады.