Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК прак по пси.doc
Скачиваний:
976
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.93 Mб
Скачать

1.Гипертимді тип ( гп)

Бұл типтің байқалатын ерекшелігі болып әркезде немесе жиі көтеріңкі көңіл-күйде болуы саналады. Ол жоғары белсенділікпен, қызметке деген қызығушылығымен ерекшеленеді. Оған жақсы қарым-қатынас, жоғары сөз аңдушылық қасиеті тән, өмірге оптимистік көзбен қарайды, қиыншылықтар туған жағдайда да оптимистігін жоғалтпайды.

2. Циклотимді тип (ЦТ)

Бұл типтің маңызды ерекшелігіне гипертимдік және дистимдік күйдің ауысып тұруы жатады. Сондай-ақ, бұл өзгерістер сирек және кездейсоқ болып табылмайды. Гипертимді фазада, мінезде- қуанышты оқиға тек көтеріңкі эмоцияны ғана емес, сондай –ақ қызметке деген құлшыныс, белсенділіктің де оянуына алып келеді. Ал қайғылы оқиға салғыртыққа, ренішке әкеледі. Бұл кезде адамның жай күйінде ойлау реакциясының баяулығы, эмоцианалдық көңіл аударудың төмендеуі сипаты байқалады.

3. Экзальтилденген немесе шат көңіл билеген тип (ЭК)

Экзальтилденген тұлғаның бастапқы ерекшелігі болып қарқынды, толқуы, шат көңіл билеген реакция табылады. Олар қуанышты оқиғадан кейін шат көңілде бола тұрып, қайғылы оқиға немесе фактіге байланысты тығырықтан оңай шыға алады, ал ішкі алған әсерімен толқулары сыртқы бейнесінде айқын көрініп тұрады.

4. Эмотивті тип (ЭМ)

Жіңішке эмоциялық аймағында терең және жоғары сезімталдық сипатына ие. Бұл адамдар жұмсақ, ашық, эмоционалды, эмпатиясы жоғары дамыған. Осы айтылған барлық ерекшеліктер сыртқы реакциялар кезінде айқын көрінеді.

5. Мазасыз-қорқақ тип (ТР)

Бұл типтің бастапқы ерекшелігі: жоғары мазасыздық, болған сәтсіздіктер жайында көп ойлану, өз тағдыры жайлы күйзелу және жақын туыстарының ертеңгі күнін ойлау болып табылады. Бірақ бұлай күйзеліске ұшырай берудің объективті жайы жоқ, қорқақтық және жүрексіздігімен ерекшеленеді. Сыртқы жағдайлар алдында әр кезде қорқыныштың болуы, өз күшіне сенімсіздікпен қарауға алып келеді.

6. Педантты тип (ПД)

Бұл типтің сыртқы жағдайларда айқын көрінетін мынадай қасиеттері бар: тазалық, реттілік, шешім қабылдай алмаушылық және абайлылық, сақтық. Оның сыртқы бейнесінде жылдам өзгерістерге үйрене алмаушылық, жауапкершілікті өз қолына алуға бара алмаушылық байқалады.

7. Қозғыш тип (ВЗ)

Қозбалы тұлғаның ерекшелігіне – мінездегі айқын импульсивтік жатады. Оның сөйлеу мәнері және мінезінің логикаға ешқандай қатысы жоқ, сондай ақ өз іс-қимылын үнемі бағалап отырмайды. Ал керісінше, оның импульсивтілігі инстинкт немесе бақылауға келмейтін қозбалармен ерекшеленеді. Әлеуметтік қарым-қатынас, сөйлесу аймағында олардың мінезінде шыдамсыздық байқалады, бұл шыдамсыздықтың жиі көрінетіндігінен сиптталады.

8. Демонстративтік тип (ДМ)

Бұл типтің бастапқы ерекшелігі болып, әрқашан адамның ойында із қалдыруға ұмтылыс, өзіне қарата білу, елдің ортасында болу қажеттілігінің тууы табылады. Бұл қасиеттер оның демонстративті мінез-құлқында айқын көрінеді. Осы мінез типінің элементіне өзін-өзі мақтау, өзі жайлы немесе басқа бір әңгімелер айту, барлық кездерде бұл тұлғаның орталық орында болуы жатады

9. Тіреліп қалушы тип (ЗС)

Тұлғаның тіреліп қалушы типі аффектінің жоғары беріктілігімен эмоцианалды толқулар, күйзелістің ұзақтылығы. Жеке беделімен қызығушылықтарын балағаттау, ұзақ уақытқа дейін ұмытылмайды және ешқашан жай ғана кешірілмейді. Осыған байланысты, оның айналасындағылар оны кек алғыш адам ретінде сипаттайды. Бұған мынадай негіз бар: аффективтік күйзелістер таңғажайып ойлармен, өкпе назы бар адамнан кек алуға жоспар құрумен сәйкес келеді. Бұл адамдардың аурулы, ренішті көңіл-күйі айқын көрініске ие. Мұндай адамдарды жоғарыда айтылғанмен бірге қарастырғанда сезімтал адамдарға жатқызуға болады.