Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК прак по пси.doc
Скачиваний:
976
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.93 Mб
Скачать

Тұлғааралық қатынастардың типтері

  1. Әмірлі (өктем) тип

13-16 - үстемшіл, өктем, қатал мінез, топтық іс әрекеттің барлық түрлерінде жетекші болатын күшті тұлғаның типі. Барлығына ақыл береді, үйретеді, бар жағдайда өз пікіріне ғана сенуге тырысады, өзгелердің ақыл кеңесін қабылдай білмейді. Маңындағылар бұл өктемділікті ескереді, бірақ оны қабылдайды.

9-12 - басым, жігерлі, жетік, абыройлы жетекші, қызметте табысты, ақыл-кеңес беруді ұнатады, өзін құрметтеуді талап етеді.

    1. - өзіне сенімді адам, бірақ жетекші болуы міндетті емес, қайсар әрі қажырлы.

  1. Өзімшіл тип

13-16- барлық адамнан жоғары тұруға, сонымен қатар, бір мезгілде бәрінен тысқары болуға тырысады, өзімшіл, алды–артын болжағыш, тәуелсіз, менменшіл. Қиындықты төңірегіндегілерге аударады, бірақ оған өзі біршама араласпайды, мақтаншақ, масайраған, шодыр.

0-12- ең төмен бағалауда өзімшіл жақтары, өзіне бағытталу, бақталастыққа бейімділігі басым.

  1. Агрессивтік тип

13-16 – маңайындағыларға қатал және қас, мінезі тік, қаталдығы тәртіпсіздікке дейін жетуі мүмкін.

9-12 - талап етуші, турашыл, ашық, өзгелердің бағалауында қатал әрі дөрекі, келісімге келмейтін, бәріне маңайындағыларды кінәлауға бейім, мысқылшыл, кекесінді, ашуланшақ.

0-8 - қиқар, төзімді, өжет және жігерлі.

  1. Күмәнді тип

13-16 - қас және кекті ортаны жатcынады, күмәнді, өкпелегіш, барлық жағдайды шүбәлануға бейім,кекшіл, барлық адамдарға үнемі наразы.

9-12 - сыншыл, күдіктенумен және жаман қатынастан қорқақтағаннан жекелік қатынастарда қиыншылық сезінеді, тұйық, ештеңеге сенбейді, адамдардан көңілі қалған, тұңғиық, өзінің мойындамаушылығын ауызша шабуыл жасауда білдіреді.

0-8 - төңірегіндегілерге және әлеуметтік құбылыстарға сын көзбен қарайды.

  1. Бағынушы тип

13-16 - тіл алғыш (көнгіш), өзін-өзі кемсітуге бейім, жігерсіз, бәріне бар жағдайда көнуге бейім, өзін әрқашан ең соңғы орынға қояды, өзін кінәлайды, енжар, өзінен күшті біреуден тірек табуға тырысады.

9-12 - ұялшақ, жуас, тез абыржиды, жағдайды ескермей өзінен күшті біреуге бағынуға бейім.

0-8 - қарапайым, именшек, көнгіш, сезімін тежей алады, бағынуға бейім, өз пікірі жоқ, өзінің міндетін екі айтқызбай орындайды.

  1. Тәуелді тип

13-16 - өзіне сенімсіздігі қатаң, жабысқақ үрейге, қорқақтыққа ие, кез келген сылтау бойынша мазасызданады, сол себептен басқа адамдарға, өзгелердің пікіріне тәуелді.

9-12 - тіл алғыш, үрейшіл, дәрменсіз, қарсылық көрсетуді білмейді, басқа адамдардың іс - әрекеті ылғи да, шындығында дұрыс деп есептейді.

0-8 - ұяң, кеңестер мен көмек күтеді, сенгіш, төңірегіндегілерге қайран қалуға бейім, сыпайы.

  1. Жылы шырайлы тип.

9-16 - барлық адамдармен жылы шырайлы және сыпайы, қабылдау мен әлеуметтік қолдауға бағытталған, бәрінің талабын қанағаттандыруға тырысады, жағдайды ескермей бәріне «жақсы көрінгісі» келеді, өте кіші топтың мақсатына ұмтылады, ығыстыру мен басудың дамыған мехнизіміне ие, сезімділігі тұрақсыз.

0-8 - бірлесіп қызмет етуге, кооперациялық түрде серіктесуге бейім, шиеленісті жағдайларды және мәселелерді шешуде икемді әрі ымыралы, төңірегіндегілердің пікірімен келісімді болуға тырысады, адамдармен қатынаста «жақсы мінездің» ережелері мен принциптерін, шарттылығын қолданады, топтың мақсатқа жетуіне ынталы, энтузиаст, көмектесуге, назардың дәл ортасында дайын болуға тырысады, көпшіл, қатынастарда жылылық пен достық қалып танытады.

  1. Басқалардың қамын ойлаушы (альтруисттік) тип

9-16 - тым жауапты, өзінің қалауына әрдайым құрбан етеді, бар адамға көмектесуге және қайғысына ортақтасуға тырысады, өз көмектесуінде жалықтырады және төңірегіндегілермен қатынаста тым белсенді, өзгелер үшін жауапкершілікті өзіне қабылдайды(қарама-қарсы типтің жеке тұлғасын жасыратын тек сыртқы «бүркеншек» бола алады.)

0-8 - адамдарға қатынаста жауапты, қағылез, биязы, мейірімді, адамдарға деген сезімдікті аяушылықпен, ұнатумен, қамқорлықпен, еркелетумен танытады, төңірегіндегілердің көңілін көтере және тыныштандыра біледі, риясыз және қайырымды.