Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК прак по пси.doc
Скачиваний:
976
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.93 Mб
Скачать

Факторларға түсіндірме

I. «а» факторы «ашықтық-тұйықтық»

Төмен бағаланған адам тұйық, тіпті ебедейсіз, басқа адамдарды бағалауда артық талап қояды. Ол скептик болады, айналасындағыларға суық келеді, жалғыз болғанды ұнатады, шын көңілімен сыр бөлісетін жақын жолдасы болмайды.

Жоғары бағаланған жағдайда адамның мінезі ашық және ақ көңіл, ешбір қалтықсыз және мейірімді болады. Ол адам айналасындағылармен бірге жұмыс жасайды, қарама-қайшылықтарды жоюға белсене қатынасады, сенгіш сыннан қорықпайды, эмоционалды, кез келген оқиғаларға үн қосады. Жалпы фактор ұсақ топтарда адамдардың қарым-қатынасына бағдарланады.

II. «в» факторы «жоғарғы интеллект-төмен интеллект»

Төмен бағалауда адамға тиянақтылық және ойлаудың жүйесіздігі тән және парасаттылықтың бағытын өзгерту мүмкін.

Жоғары бағалауда ойлаудың дерексіздігі байқалады, зерек (тапқыр) және тез үйренгіш болып келеді. Ауызша мәдениеттілігі мен білімпаздық деңгейі бір – біріне байланысты.

III. «с» факторы «эмоциональды тұрақтылық-эмоциональды тұрақсыздық»

Төмен бағалауда толеранттылық-төзімділік байқалады, сезімге берілгіш, қызығушылығы құбылмалы, көңіл күйі тұрақсыздыққа бейім, қызбалық, қажығандық, жүйке ауруы симптомдары, делдалдығы байқалады.

Жоғары бағалауда адам ұстамды, жұмысқа қабілетті, эмоциясы жетілген, нақтылы. Ол топтың ықпалында болуға бейім, қызығушылығы тұрақты. Онда жүйке жүдеуі болмайды. Кейбір уақытта эмоциялық ебедейсіздік байқалуы мүмкін. Кейбір жұмыстарда фактор жүйке жүйесінің қызметімен байланыста болады, тежеу процестері мен тұрақсыздық басым болады.

IV «е» факторы «үстемділік-бағынушылық»

Төмен бағалауда адам ұялшақ, басқаларға жол беруге бейім. Ол көп жағдайда біреуге тәуелді болады, кінәні өз мойнына алады, қателесуден қауіптенеді. Ол – әдепті кісі, қадірлейтін бағынатын, тіпті енжарлыққа берілетін адам.

Жоғары бағалы адам тәуелсіз, өкімшіл, өзіне – өзі сенген қыңыр, басқыншылыққа тақау болып келеді. Ол өзін ұстауда, пікір айтуда тәуелсіз, өз пікірін маңайындағыларға өткізеді. Жанжал болған жағдайда басқаларды айыптайды, сырт жақтан өкімділк пен басымдылыққа қарсы,өзі өктемшілдікпен басқаруды тандайды. Сонымен қатар жоғары мәртебе үшін күреседі, жанжалшыл, өзімшіл.

V. «f» факторы «айқындылық-ұстамдылық»

Төмен бағаланған адам ақыл-парасат, сақтық, байыптылық, үндемеушілік тән болып келеді. Ол кез-келген нәрсені күрделендіреді, шын дүниені қабылдауға келген жағдайда сенімсіздік білдіреді. Болашақ үшін алаңдайды, сәтсіздіктердің болын болжайды. Маңайдағылар үшін ол өте зеріккен адам, енжар тым менменшіл болып көрінеді.

Жоғары бағалы адам тіршілікке құмар, импульсивті, алаңсыз, көңілді бейқам, әңгімешіл, жылдам болады. Әлеуметтік қатынас ол үшін маңызды және әсерлі, өзі жігерлі. Ол – экспансивті, адамдармен қарым-қатынасы адал. Ол көшбасшы (лидер) болады және сәттілікке сенеді. Жалпы, бұл факторды бағалауда әсерлі болуы мен қарым-қатынасты жылжымалықтығын бейнелейді.

VI. «g» факторы «жоғарғы нормативтілік-сезімталдылық»

Төменгі бағаланған тұрақсыздыққа, кездейсоқтыққа бейім. Көпшілік талаптармен, нормаларды орындауға ешқандай күш жұмсамайды. Ол принципсіз жинақы емес, жауапкершілігі төмен, әлеуметтік нормаларға тұрақсыз болып келеді. Нормалардан бас тарту оны әлеуметтік заңдылықты бұзуға әкелуі мүмкін.

Жоғары бағалы нормаларды сақтаумен мақсатқа жетуде табандылық көрсете алады, тиянақтылық, жауапкершілік істерге бағытшылдық көрсетеді. Жалпы, фактор әр түрлі мөлшерлер мен жиындарды жүйелеудегі іс-әрекеттер мен қатынастарды белгілейді.