Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК прак по пси.doc
Скачиваний:
976
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.93 Mб
Скачать

Тұлғаны зерттеудің проективтік әдістері: «Әлемде жоқ жануар», «Үй. Ағаш. Адам», «Автопортрет» әдістемесі «Өмірде жоқ жануар» тесті

«Өмірде жоқ жануар» тесті өзінің сипаты бойынша проективтілердің қатарына жатады. Статистикалық тексеру немесе стандартизациялау үшін, нәтижені талдау, сипаттау формасында берілуі мүмкін. Құрамы бойынша бұл тест – бағдар беруші және зерттеудің жалғыз әдісі ретінде қолданылмайды және зерттеудің батариялық құрамы ретінде басқа әдістермен бірігуді талап етеді.

Сыналушыға нұсқау:

«Өмірде жоқ жануарды ойластырып, суретін сал. Оған өмірде жоқ атау бер. Сіздің қабілеттер дәрежеңіз бағаланбайды, қалай сала аласыз, солай салыңыз».

Экспериментаторға нұсқау:

Сыналушыға А4 форматындағы парақ беріледі және ақ немес сары, орта жұмсақтықтағы қарандаш ұсыну қажет.

Көрсеткіштер және интерпретация.

Суреттің парақ бетінде орналасуы. Қалыпты жағдайда сурет тігінен қойылған парақта орташа сызықта орналасады. Қағаз парағын ақ немесе шамалы ақ-сары түрлі-түсті емес алу керек. Орташа жұмсақтықтағы қарандашты қолдану қажет: қаламсап және фломастермен сурет салуға болмайды.

Параққа суреттің жоғарғы шетіне орналасуы (жақын болған сайын, соншалықты айқын болады) жоғарғы өзіндік бағалау, социумдағы өзінің орнына көңілі толмау, қоршағандардың мойындаудың жеткіліксіздігі, өз-өзін жетілдіру тенденциясы ретінде талданады.

Суреттің төменгі бөлікке орналасуы – бұл кері тенденция: өз-өзіне сенімсіздік, төмен өзіндік бағалау, жабырқаңқылық, шешім шығара алмау, социумдағы өзінің орнына қызығушылық көрсетпеу, өз-өзін жетілдіруге деген тенденцияның жоқ болуы.

Фигураның орталық мағыналық бөлігі (бас немесе оның орның басатын деталь). Бас оң жаққа қараған – іс-әркетке, әркеттенуге тұрақты тенденция, барлығы дерлік ойластырылады, жоспарланады – ол жүзеге асады немесе жүзеге аса бастайды (егер тіпті соңына дейін жетпесе де). Сыналушы өзінің жоспарын, ниеттерін іске асыруға белсенді кіріседі.

Бас сол жаққа қараған – рефлексияға, ойлауға деген тенденция. Ол әркеттің адамы емес: Ойлағандарының шағын бөлігі ғана іске асады немесе іске аса бастайды. Белсенді әркет етудің алдыңдағы қорқыныш және шешім шығара алмаушылық (Нұсқау: әркеттесу тенденциясының жоқ болуы немесе белсенділіктен қорқу – қосымша шешуді қажет етеді).

«Анфас» орналасу, яғни бас сурет салушыға (өзіне) бағытталуы, эгоцентризм ретінде талданады. Баста сезім мүшелеріне сәйкес бөліктердің орналасуы – құлақ, ауыз, көз. «Құлақ» детальінің мәні – тура: ақпаратқа қызығушылық, өзі туралы қоршағандардың пікіріне мән беру. Басқа көрсеткіштермен қосымша және олардың сәйкес келуі, сыналушы жағымды бағалау алу үшін бір нәрсе қабылдайды ма, немесе өзінің мінез-құлқын өзгертпей қоршаған ортаның бағалауына сәйкес эмоционалды әсерін, көрсететіндігімен (қуаныш, паңдық, реңіш, реңжу) анықталады. Тілмен бірге ауыздың ашық болуы, еріннің салынбауы үлкен сөздік белсенділік (көп сөйлеушілік), ерін салынса – сезімталдылық ретінде талданады. Тіл және ерінсіз ашық ауыздың салынуы, әсіресе – қатты боялуы, қауіптену және қорқыныш, сенімсіздік оңай пайда болуы ретінде талданады. Тістермен бірге ауыздың салынуы – вербалды агрессия, көпшілік жағдайда – қорғаныс ретінде талданады (ырылдау, тырнау, оған басқаларға теріс қасиет, пікір көрсетсе дөрекілік көрсетеді). Балалар және жасөспірімдер үшін дөңгелек формадағы қатты боялған ауыз салу тән (қорқақтау, алаңдаушылық).

Көзге ерекше мән береді. Бұл қорқынышты басынан кешірген адам символын білдіреді: көз таяқшаларының ерекшеленуі. Кірпіктің бар немесе жоқ болуына көңіл аудару қажет. Кірпік – мінез-құлықтың истероидты-демонстративті манерасы; ер адамдар үшін: қарашық және таяқшаларды салу әйелдік бітістермен аз сәйкес келеді. Кірпіктер – қоршағандардың сыртқы әдемілікті және киім үлгісіне таңдануына қызығушылық білдіру, осыған үлкен мән беруді білдіреді.

Бастың үлкейтілген көлемі (фигурамен толықтай сәйкес келу), сыналушы өзіне және қоршағандардың рационалды бастамасын (эрудиция да болуы мүмкін) бағалайды.

Баста сондай-ақ қосымша деталдарда болуы мүмкін: мысалы, мүйіз – қорғану, агрессия. Басқа белгілермен сәйкес келуімен анықтау – тырнақ, инелер- сол агрессияның сипаты: спонтантты немесе қорғаныстық-жауап берушілік. Қанат - өз-өзін әшекейлеу және өз-өзін ақтау тенденциясы, демонстративтілік. Айдар, жүн, осы тәрізді шаш үлгілері – сезімталдылық, өз жынысын белгілеу, кейде өзінің сексуалдық рөліне бағдарлану.

Фигураның тірек бөлігі (аяқ, тұяқ, кейде - постамент) барлық фигура және форма бойынша көлеміне қарай осы бөліктің негізі ретінде қарастырады:

а) негізі, ойланғандық, шешімді қабылдаудағы рационалдылық, қорытынды шығаруға жолдар, пікірдің қалыптасуы, нақты күйге және мәнді ақпаратқа тірек;

б) пікірден артық кету, қорытындыларға жеңіл қарау және негізделмеген пікір, кейде шешім шығарудағы импулсивтілік (әсіресе аяқ жоқ болғанда немесе мүлдем жоқ болғанда).

Аяқтың корпуспен бірігуіне көңіл аудару қажет: дәл, ұқыппен біріккен, әлсіз немес мүлдем бірікпеген – бұл өзінің пайымдауларын, қорытныдыларыра, шешімдерін бақылау сипаты. Аяқ, тұяқ немесе кез келген тірек бөлігінің бір типті және бір бағытта болса – пікірдің және шешім қабылдау ұстанымының конформдылығы, олардың стандарттылығы және бұрмаланушылығы. Формасы бойынша және осы детальдардың орыны әртүрлі болу – ұстаным мен пікірдің ерекше болуы, дербестік және банальды емес; кейде тіпті шығармашылық бастама (форманың ерекше болуымен сәйкес) немесе басқа ойлар (патологияға жақын).

Фигура деңгейінен жоғарлайтын, бөліктер. Функционалды немесе әшекейлеуші: қанаттар, қосымша аяқтар, қысқыш, панцир детальдары, қаурсын, бантиктер, гүлдік-функционалды детальдар – адамзаттық іс-әркеттің түрлі аумағынан күш-қуат алу, өз-өзіне сенімділік, «қалың қоршаған ортада «өзін тарату», не қызығушылық білдіру, қоршаған ортаның ісін неғұрлым көбірек сезіну тілегі, биіктен өз орынын табу, өз іс-әркетімен әуестену, кәсіпкерліктегі батылдық (деталь-символдар мәнімен сәйкес – қанат немес қысқыштар және т.б.). Әшекейлейтін детальдар – демонстративтілік, қоршаған ортаның назарын өзіне аударту, мәнерлік (мысалы, ат немесе оның өмірде жоқ түрі павлин қауырсындарындағы сұлтан).

Құйрықтар. Өзінің әркеттеріне, шешімдеріне, қорытындыларына өзінің вербалды өнімдеріне қатынасын білдіреді, яғни құйрықтың оңға немесе солға бағытталуына қарай. Оңға бұрылған құйрық - өзінің әрекетіне және мінез-құлқына қатынасы. Солға бұрылуы - өзінің ойларына, шешімдеріне қатынасы; жіберілген мүмкіндіктеріне, өзіндік шешім шығара алмаушылықты білдіреді. Бұл қатынастың жағымды немесе жағымсыз көрінісі, құйрықтың жоғары (сенімді, оң, сергек) немесе төмен қарай түсу (өзіне көңілі толмау, өзінің дұрыстығына күмәндану, жасаған істеріне, айқандарына өкіну және т.б.). Бірнеше, кейде қайталанатын құйрықтарға көңіл аудару керек, әсіресе үлпілдек құйрық, ұзын кейде бұйраланған.

Фигуралар контуры. Бастаулардың (панцир, ине, қалқан сияқты) бар немесе жоқ болуына қарай, контурдың басылуы және қою сызықтармен талданады. Бұл қоршаған ортадан қорғану, агрессивтілік – егер ол өткір бұрыштармен орындалса; қорқыныш және мазасыздану – егер қою орындар болса, контурлық сызықтар «боялану»; қауіптену, күмәндану – егер қалқан қойылса, сызық екеуленсе. Мұндай қорғаныстың бағытталуы – кеңістікте орналасуымен сәйкес болады: фигураның жоғарғы контуры – жоғарыда тұрғандарға қарсы болу, тиым салатын, шектеу қоятын, мұқтаждықты жүзеге асыруды қалдыратын адамдарға қарсы болу, яғни жас бойынша үлкендерге, ата-аналарға, мұғалімдерге, бастықтарға, басшыларға қарсы болу; төменгі контур – күлкі болудан, мойындамаудан қорғану, төменде тұрған бағыныштылардың, кішілердің беделінің болмауы, пікірге салудан қорқу; Қырынан контурлар – дифференцацияланбаған қорғану, кез келген тәртіпте және түрлі жағдайларда өз-өзін қорғауға дайын болу, ал ішкі контур, жануардың ішкі корпусы. Оңға қарай – неғұрлым іс-әркет үрдісінде (шынайы), солға қарай - өз пікірлерін, нанымдарын, талғамдарын көбірек қорғау.

Жалпы күш-қуат. Бейнеленген детальдардың санымен бағаланады – ойлап тапқан жануар жөнінде түсінік беру үшін, қажетті сандармен ғана (дене, бас, аяқ-қолдар немесе дене, құйрық, қанат және т.б.): штрихсыз және қосымша сызық және бөліктерсіз, жәй қарапайым контурмен толтыру, немесе тек қажетті, бірақ қосымша деталбдармен конструкцияны күрделендіретін бай бейнелермен орын алуы. Құрама бөліктер және элементтер көп болған сайын (ең қажетті), соғұрлым күш-қуат жоғары болады. Кері жағдайда – күш-қуатын үнемдеу, ағзаның астеникалылығы, созылмалы соматикалық аурулар (сызықтарда осындай тұжырымдармен - әлсіз тор тәрізді сызық, баспай «қарандашпен қағазды жүргізу»).Сызықтың кері сипаты – жуан сызық – полярлы болып табылмайды; бұл күш-қуат емес, алаңдаушылық болып табылады. Жылдам басылған, тіпті парақтың арғы бетінен көрінетін сызықтарға көңіл аудару керек (ұстама, салатын қолдың бұлшық еттерінің жоғарғы тонусы) – тез алаңдау. Сондай-ақ қандай деталь, қандай символ, осындай үлгіде салынғанына көңіл аудару керек (яғни, үрей немен байланысты).

Сызықтар сипатын бағалау (сызықтар дубляжы, біріктіргендегі ұқыпсыздық, жақын тұрған сызықтардағы «алшақ» болуы, сурет бөлігінің қоюлануы, тік осьтен ауытқу, сызықтардың бірыңғайлығы және т.б.). Бағалау, пиктограмманы талдағандай жүзеге асады. Бұлда – сызықтың және форманың фрагментарлығы, аяқталмауы, суреттің үзіліп қалуы.

Тақырыптық жануарлар қауіп төндіретін, қауіп төндіруші болып бөлінеді (арыстан, бегемот, қасқыр және құс, ұлу, құмырсқа немесе тиын, ит, мысық тәрізділер). Бұл өзіндік персонаға және өзінің «Меніңе» деген қатынасы, әлемдегі өз орынын елестету, яғни өзін мәнділік бойынша сәйкестендіру (қоянмен, бұқа, піл, ит және т.б.). Бұл жағдайда салынған сурет – сурет салушының өзін көрсетеді. Салынған суреттің адамға ұқсауы, жануарды төрт аяқтың орнына, екі түяқты тік жүруге айналдыру және жануарды адамдық киіммен киіндіру (шалбар, юбка, бантик, белдік, көйлек), адамның түріне, аяқ және түйяқтарды қолға ұқсастыру, жануарды «адам тәрізді» көрсету дәрежесіне қарай инфантилділікті, эмоционалды жетілмегендікті көрсетеді. Механизм жануарлардың және олардың ертегідегі, оқиғалардағы мінездеріне аллегориялық мәніне ұқсас болады.

Агрессивтілік дәрежесі, бейненің түрлі детальдарынан байланысуына қарамастан, суреттегі бұрыштардың орналасуы санымен көрінеді. Әсіресе негізгі болып табылатындар, бұл қатынастағы агрессияның тура символдары – тырнақ, тіс, тұмсық. Сондай-ақ сексуалды белгілерді көрсетуіне көңіл аудару қажет – адам тәрізді фигуралардағы емшектің ұшы, емшек. Бұл жынысқа деген қатынастан, секс мәселесін фиксациялауға дайін.

Дөңгелек фигурасы (әсіресе- ешнәрсемен толтырылмаған) жабықтыққа, тұйықтыққа деген тенденциясын көрсетеді, өзінің ішкі әлемін ашпау, қоршағандарға өзі туралы мәлімет бергісі келмеу, тестілеуге түскісі келмеу. Мұндай суреттерді талдау үшін мәліметтер санын өте аз береді.

«Жануардың» денесіне механикалық бөлшектерді құрасытруына да көңіл аудару қажет – жануарды постамент, трактордың немесе танкінің дөңгелегі, треножикті қою; басына пропеллерді, винтті бекіту; көзге электр шамын, денеге және жануардың аяқ-қолдарына- рукояток, клавишті және антенаны қою. Бұл көп жағдайда шизофрениямен және терең шизоидтпен ауыратындарда байқалады. Шығармашылық бастамалар фигурада элементтердің сәйкес келу санымен көрінеді: шығармашылық бастаманың жоқ болуы «дайын» бар жануарды алады (адам, ат, ит, шошқа, балық), «дайын» бар деталды қайта жасайды, өйткенісалынған жануар өмірде жоқ болу үшін – қанаты бар мысық, қауырсыны бар балық, қанатты иттер. Оригиналдылық дайыннан емес, фигураларды элементтерден құру формасында көрінеді.

Өмірде жоқ жануарға атау беру мағыналық бөліктерді, рационалды біріктіруді көрсетуі мүмкін (ұшқыш қоян, «бегекот», «мухажер» және т.б.). Басқа нұсқасы ғылыми-кітаптардан, кейде латындық жұрнақ немес жалғаулардан сөз құрау («ратолетиус» және т.б.). Бірінші рационалдылық, бағдарлану және адаптациялануға нақты ұстаным, екінші - өзіндік ақыл, эрудициясын, білімін демонстрациялауға бағытталған, демонстративтілік. Көтеріңкі дыбыстық мағынасыз атаулар кездеседі («лялие», «лиошона», «гратекер» және т.б.), бұл қоршаған ортаға деген жеңіл қатынас, қауіп белгісін есепке ала аламау, ойлауға негізделеген аффективті критериилердің болуы, эстетикалық элементтерді рационалдылықпен пайымдауға айналдыру.

Қоршаған ортаға ирониялық-жұмсақтық қатынасқа сәйкес ирониялы-әзілдік атаулар байқалады («риночурка», «пузыренд» және т.б.). Инфантилді атаулар әдетте қайталанатын элементтерде кездеседі («тру-тру», «лю-лю», «кускус», және т.б.). Фантазиялауға деген бейімділік (көпжағдайда қорғаныс ретінде) ұзақ атаулардан көрінеді («аберосинотиклирон», «гулобарниклетамиешиния» және т.б.).