Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК прак по пси.doc
Скачиваний:
976
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.93 Mб
Скачать

Дж. Буктың «Үй – Ағаш - Адам» әдістемесі

Тұлғаны зерттеудің проективті әдістемесі. 1948 ж. Дж.Букпен ұсынылған. Тест, ересек адамдар мен балаларды тексеруге арналған, топтық тексеруге де болады.

Сыналушыға үй, ағаш, адамды салуды сұрайды. Кейін, әбден өнделген сауалнама өткізеді. Автор, сурет салуға таңдалған заттарды, олар әр сыналушыға таныс, суретті салуға ыңғайлы объектілер және басқа объектілерге қарағанда, емін – еркін сөз сөйлеуге ынталандырады деп түсіндіреді.

Дж.Буктың ойы бойынша, әрбір сурет -бұл бөлшектерінде тұлғалық мәнділгі бар, өзгеше автопортрет.

Суретке қарап, тұлғаның аффективті сферасы туралы, оның қажеттіліктері туралы, психосексуалды дамудың деңгейі және т.б. туралы айтуға болады. Тесті қолданудан басқа, проективті әдістеме ретінде, автор, интеллектуалды дамудың деңгейін анықтаудың мүмкіндігін көрсетеді (интеллект тестісінде рангілік корреляция коэффициенті 0,41-0,75 құрайды). Шетел зерттеушілері, интеллекті және тұлғалық ерекшеліктерін өлшеу құралы ретінде, әдістеменің сәйкестілігін қосымша зерттеу қажет екені туралы мәлімдейді. Тест Ресейде қолданылады, ол Керн – Йерасек әдістемесіне қосылған.

Экспериментаторға нұсқау:

Сыналушыға А4 үлгідегі (формат) ақ немесе ақ сары түсті қағазды, орташа жұмсақты қаламды беру керек. Фломастермен немесе сиямен салуға болмайды.

Құрал – жабдықтар:

Ортасынан бүгілген ақ қағаз, сонда көлемі 15х21 4 бет шағады. Бірінші бет, сыналушыға қатысты, керекті мәліметтерді жазуға және күнді тіркеуге арналған. Келесі 3 бет, суреттерге арналған және Үй, Ағаш, Адам деп ат қойылған;

- пост – суреттік сұрақ бланкісі;

- бірнеше өшіргіші бар №2 сұр қаламдар (№ 2 қарандаш сыналушының моторлық бақылауды, сызықтың боялуын және сапасын, штрихты дәл бейнелейді );

- сандық өндеудің бланкісі;

- басшылық.

Автопортрет әдістемесі

Е.С. Романова мен С.Ф. Потемкина проективті әдістемелер кітабында оқырмандарға «Автопортрет» әдістемесін ұсынды, сондай-ақ бұл әдістеме жоғарғы деңгейдегі тұлғаларды диагностикалауға мүмкіндік береді. Авторлық нұсқаның өзінде бұл әдістеменің екі интерпретациясы берілген: біріншісін Р.Бернс (АҚШ) ұсынса, екіншісі оригиналды нұсқа, яғни авторлардың өздері ұсынған нұсқасы болып табылады.

Анықтама бойынша, автопортрет - тұлғаның өзін бейнелеп салған, адам бейнесі. Психодиагностика үшін автопортреттердің мүмкіндігін анықтау және белгілі бір типологиялық белгілері бойынша ажырату маңызды болып табылады. Жалпы бұл әдістің даму тарихы бірнеше кезеңге бөлінеді. Өнер саласында автопортреттің түрлі формасын бөліп көрсетуге болады, олар:

- Орталықта адам жүзінің орналасуы; оны жиі графикалық бейне дейді.

- Портреттің интерьерлі (жабдықталған түрде) бейнеленуі, портреттің толықтырылуы.

- Бір сәтте бірнеше автопортреттің бейнеленуі, тұлға өмір жолындағы түрлі жастық кезеңді бейнелейді, яғни жас бойынша айырмашылық;

Соңғы кезеңде автопортрет - метафорасының өзі кеңінен қолданылады, әсіресе түрлі психологиялық эксперименттерде барлық адамға арналғандығы ақпарат алуға мүмкіндік береді және тұлға қиялының көрінісінің шектеусіз дамығандығын салынған бейнелерден аңғартады. Мысалы: экстравагантты модадағы костюмде жас әйелдің ауадағы қанатта ілініп тұрған бейнесінің бейнеленуі, сюжетті автопортрет, яғни қарапайым, реалды ситуацияда бейнеленуі: жақын достарының арасында автордың қарым - қатынас жасауы, күлуі, әңгімелесуі, тамақтану т.б. бейнесінің бейнеленуі; енгізілмеген ситуация, бірақ реалды бейне: шындығында болатын маңызды бір оқиғаға қатысып бейнеленуі; фантастикалық ситуация, автордың өзі қатыспаған, болмаған ситуацияны бейнелеуі.

Бірінші интерпретациясы. «Автопортрет» тестін Р.Берн (АҚШ, Адам дамуының институты, Г.Сиэтл ) бейімдеді және бұл әдістемеде өзіңді жалғыз немесе жанұя, жұмыстағы әріптестерімен бірге бейнелеуді ұсынды. Р.Бернс автопортреттегі мына элементтірді сипаттаиды:

Бас. Бастың үлкен болуы - интелектісінің жоғарғы деңгейде болуына немесе өз интеллектісіне риза болмауды білдіреді. Кішкентай бас - көп жағдайда интеллектуалды деңгейінің жасына сай еместігін немесе әлеуметтік сәйкессіздіктің сезімін бейнелейді.

Көз-қауіптілікті және қоғамдық көзқарасқа деген гипер- сезімталдылықты бейнелейді. Кішкене және жабық көздер -интроверсияға деген тенденцияны аңғартады.

Құлақ пен мұрын. Үлкен құлақ - сынға деген үлкен сезімталдықты аңғартса, аралас мұрын - сексуалды мәселенің бар екенін байқатады. Танаудың айқын байқалуы - агрессияға деген басымдылықты дәлелдейді.

Ауыз. Айқындалған ауыз – примитивті оральды тенденцияны немесе сөйлеу процесіндегі қиындықты болжайды. Бейнеде ауыздың салынбауы - қарым - қатынастағы селқостықты немесе депрессия күйін білдіреді.

Кол. Сыртқы әлеммен тұлғаның қарым-қатынасын символдайды; тұйықталған, байланысқан қол – қатты, міндеттелген, тұйықталған тұлғаны бейнелейді. Нәзік қол-физикалық немесе психологияляқ әлсіздікті байқатады. Ұзын, күшті қол - амбициоздықты және сыртқы әлем оқиғасына араласудағы қатты қызығушылықты білдіреді. Өте қысқа қол – сәйкессіздік сезімі мен амбициоздықтың болмауын көрсетеді.

Аяқ. Ұзын аяқ–тәуелсіздікке деген қажеттілік. Үлкен аяқ –қауіпсіздікке деген қажеттілік. Аяқсыз салынған сурет-тұрақсыздықты және негіздің болмауын айтады. Мысалы: әскерден қашқандар (дезиртерлер) әдетте жиі адамның бейнесін аяқсыз салады.

Екінші интерпритациясы. Тест адамның индивидуалды– типологиялық ерекшеліктерін анықтауға жасалған, өзі жайлы елесі, сыртқы бейнесі, тұлғаға және өзіне деген қатынасын анықтауға арналған.

Әдістеменің мақстаты: адамның индивидуалды – типологиялық ерекшелігін анықтау.

Қажетті құрал-жабдық: қалам, 10х15 см - дегі ақ парақ.

Сыналушыға нұсқау: «Өз портретіңізді салыңыз!».

Бейнені талдағанда суреттің белгілерін бөліп көрсетеді, оның негізінде барлық суреттерді мына бейнелер арқылы біріктіруге болады:

  1. Эстетикалық бейне – шығармашылық қабілеті бар, адам жүзінің бейнеленуі арқылы жүзеге асады. Суреттің бейнесін ажырату қиынға соқпайды. Салынған сурет жеңілдік, иілгіштік, көркемдіктің байқалуымен ерекшеленеді .

  2. Схематикалық бейне – адамның жүзі, дене схемасы, бюст суреттері арқылы көрінеді. Мұндай суретті интелектуалды қорға бай тұлға салады (И.П.Павлов бойынша ойлаушылар типі). Сурет декоративті түрінде болады. Бұл адамдар үшін кішкене бөлшектер өте маңызды.

  3. Реалды бейне – нақтыланып салынған, яғни беттің, шаштың, құлақтың, мойынның, киімнің т.б. элементтерідің толық бөлшектерін қамтып салынуы. Мұндай бөлшектеуге жақын, икемді аналитикалық когнитивті стильдегі және үлкен педанттілікпен ерекшелентін адамдар бейнелейді. Яғни, сурет барлық элементті қамтиды.

  4. Метафорлық бейне – адам өзін бір зат секілді бейнелейді, мысалы, шәйнек немесе химиялық құрал т.б. Бұлай шығармашылық қорға бай, қиялы мен фантазиясы дамыған, шығармашылық қабілеті және әйгілі юмор сезімі бар тұлға салады.

  5. «Интерьердегі автопортрет» - адамның бейнесін оның айналасын қоршаған заттардың ортасында салу, пейзаж фонында, бөлмеде, т.б. Мұндай сюжет бейнелеушілерге тән және сыртқы заттарға бағытталып салады.

  6. Эмоционалды автопортрет – адам өзін эмоционалды күйде бейнелейді. Жоғарғы эмоцияға тән, өз күйін рефлексиялай алады, кейде уайымның эмоциясы керісінше бейнеленуі мүмкін. Мысалы: мұңлы адам көңілді адамды салады.

  7. Қозғалыс немесе позаны бейнелеу – адам өзін болып жатқан іс - әрекет түрінде бейнелейді. Мұндай суреттер мәнерлеп қозғалатындарға, бишілерге, спортпен шұғылданатын тұлғаларға тән.

  8. Автопортреттің арқа жағынан бейнеленуі – адам жүзінің орнына жұлынның салынуы. Мұндай суретті нұсқауға қарсы келетіндер салады.

  9. Портрет көлемі - жағымды физикалық күйді, оның орегиналдылығы - қарым-қатынастағы демонстративтілікті, адамға деген қызығушылықты білдіреді. Штрих пен суреттің басып салынуы тұлға бойындағы қысымды көрсетеді.

Практикалық сабаққа әдіснамалық нұсқаулар мен ұсыныстар.

Дж. Буктың «Үй – Ағаш - Адам» әдістемесі бойынша тестегі агрессивтіліктің сиптомокомплекстері

Симптомо

комплекс

Симптом

Балл

дұшпандық

1

Терезелердің жоқтығы

0,2

2

Кілт тесігі бар есік

0,1

3

Қағаздың шет жағындағы ағаш

0,1

4

Адамның, ағаштың кері профилі

0,1

5

Қарашығы жоқ көздер

0,2

6

Ұзын үшкір саусақтар

0,2

7

Көрініп тұрған тістер

0,1

8

Адамның агрессивті позициясы

0,1,2

9

Үйдің артқы қабырғасы басқа жақтан салынған; әдеттен тыс

0,1

10

Үлкен құлпы бар есік

0,2

11

Шынысы жоқ терезе

0,1

12

Бірінші қабатта терезелердің жоқтығы

0,1

13

Шаш штрихталмаған

0,1,2

14

Кеудеде қосылған қолдар

0,2

15

Мазақ сурет

0,1,2

16

Тістелген қисық сызықтар

0,1,2

17

Жалмауыз кемпір фигурасы

0,1

18

Басқа мүмкін белгілер

0,1,2

19

Ірі саусақтар, шегеге ұқсаған

0,1,2

20

Ағаштың ұшар асы дөңгелек

0,1,2

21

өте үлкен ағаш

0,1

Шиеленістік

1

Кеңістікпен шектелу

0,1,2

2

Астынан перспектива

0,1,2

3

Объектіні қайта сау

0,2

4

Белгілі объектіні салмау

0,2

5

Ағаш, екі ағаш сияқты

0,2

6

Белдің айқын бейнеленуі

0,1

7

Шатырдағы мұржаның жоқтығы

0,1

8

Басқа мүмкін белгілер

0,1

Агрессивтілік

1

Әр түрлі құрылыстар

0,1,2

2

Танау тесіктері айқын бейнеленген

0,1

3

Тістер анық салынған

0,1,2

4

Күшті қолдар

0,1,2

5

Бокс қолғабы секілді қол

0,2

6

Бөлек саусақтар

0,1,2

7

Үлкен саусақтар

0,2

8

Бестен көп саусақтар

0,2

9

Ұзын саусақтар

0,2

10

Қару

0,1,2

11

Иіліп келген сызықтар аз, үшкір сызықтар көп

0,1,2

12

Қатты басылған сызық

0,1,2

13

Өз жағынан штриховка

0,1,2

14

Жабық қалың жапырақтар

0,1,2

15

Діннің штрихталануы

0,1

16

Басқа мүмкін белгілер

0,1

негативизм

1

Әр түрлі құрылыстар

0,1,2

2

Кішкентай құлақтар

0,1

3

Құлақтар аса бейнеленуі

0,1,2

4

Саусақтар жұдырыққа жиналған

0,1,2

5

Жұдырықтар денеге жабыстырылған

0,2

6

Жұдырықтар денеден алыс

0,1,2

7

Пропорционалды емес ұзын аяқтар

0,2

8

Аяқтар кең қойылған

0,1

БӨЖ үшін тапсырмалар:

  1. Суреттік тесттерді қолдану ерекшеліктері.

  2. Проективті әдісті негіздеудегі “New Look”, психоанализ зерттеулерінің және холистикалық мектептің мәні.

  3. Аудиторияда эксперимент жүргізу. Алынған мәліметтерді өңдеу.

  4. Эксперимент жүргізілгені туралы есеп.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Практикум по общей психологии: Учеб. пособие/Н. С. Глуханюк, Е. В. Дьяченко, С. Л. Семенова. -3-е изд.М.: Издательство Московского психолого-социального института; Воронеж: Издательство НПО «МОДЭК», 2006. - 224 с.

2.Психографический тест: конструктивный рисунок человека из геометрических форм /А. В. Либин, А. В. Либина, В. В. Либин. - М. : Эксмо, 2008. - 368 с.

13-апта (4 сағ)

Тақырып: Тұлға мотивациясын диагностикалау.

Мақсаты: Тұлға мотивациясын диагностикалау ерекшеліктерін зерттеу.

Сұрақтар: Мотивация туралы ұғым. Х.Хекхаузенің тесті: мақсаты, міндеттері, қолдану мүмкіншіліктері, жүргізу процедурасы. Х.Хекхаузенің тестін интерпретациялау ерекшеліктері. Мотивациялық тенденциялар: сәттілікке ұмтылыс, сәтсіздіктен қорқу

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: мотив, мотивация.

Адамды әрәкетке бағыттайтын қажетін өтеуге талаптандыратын бір түркі болады. Бұл түрткіні психологияда мотив (себеп) деп атайды. Қанда» болмасын обьектінің себебін белмей тұрып,адамның бір мақсатқа жетем деген ойын қалайша тоқтата алатынын және оның мінез-құлқының мән-жайын толық түсіну қиын болады.

Түрлі жағдайлардың әсер етуіне қарай адам психологиясы әртүрлі өзгеріске түсіп отырады. Осыған орй оның түрткілері де, мақсатқа жету қажетті шаралары да өзгеріске түседі. Түрткінің өзгеруі іс-әрекеттің бағыт-бағдарынан нәтижесіне әсер етеді. Мәселен, қоғамдық мәні күшті түрткі іс-әрекет нәтижесіне ерекше әсер етеді.

Жеке адамды қандай болмасын әректке итермелейтін негізгі қозғаушы мотив – оның түрлі қажеттері яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Адамның қажеттері қоғамдық еңбекте, еңбек ету процесінде қалыптастқан. Сартқы ортамен байланыс жасауда адамның өмір сүруі үшін ең алдымен маңыз алған материалдық қажеттер (тамақ, баспана, киім, еңбңк құралдары т.б.) болады. Адам баласының тарихи даму жағдайында туған еңбек әрекеті еңбек құралдарымен пайдалану секілді негізгі материалдық қажеттері біртіндеп дами келе, қажеттердің жаңа тобын – рухани қажеттерді (білім, көркем өнер т.б.) туғызады. Рухани қажеттердің дамуы – материалдық қажеттердің қанағаттандырылуына байланысты. Адам қажеттерінің дамуы – тарихи дамудың елеулі бір кезеңі. Олар адамдардың алдына әр-түрлі мақсаттар қойып отыруына себепші болатын негізгі түрткілер. Адам өзінің қажеттерін өтеу үшін бар мүмкіндігін пайдаланады. Бұл оны белсенді іс-әрекет істеуге талпындырады. Оның қажеттері саналы әрекетінің нәтижесінде біртіндеп өтеліп отырады. Адам өз қажетін өтеу жолында сыртқы ортаны, табиғатты өзгертуге дейін барады. Қажеттердің өтелуі, өтелмеуі адам психологиясына, оның күйініш-сүйінішіне әсер етедіқажеттер орындалу тәсіліне қарай мазасыздану, не тынышталу, рахат, ләзаттану, не азап шегу сезімдерін туғызады. Қажеттерді өтеу арқылы адам тиісті құралдарды іздестіріп солардың күшімен, түрлі теориялық практикалық сипаттағы мәселелерді шешуге мүмкіндік алады. Өйткені қажет - адамның ойлау қызметін тудыратын негізгі себептердің бірі болып табылады, білдіріп қана қоймай, ол заттарды өз қажетіне байланысты өзгертуге, қайтадан жасауға әрекет етеді. Олай болса адамдардың қажеттері – іс-әрекетінің негізгі мотивтері яғни оның психологиясының қайнар көзі, бастамасы болып табылады. Қажет – (әсіресе табиғи қажеттер)өмір сүрудің, тіршілік етудің арқауы. Егер, табиғи қажет өтелмесе, өмір сүруге қажетті жағдайлар болмаса, адам да , да жануар да тіршілік ете алмайды.адам өмірі үшін рухани қажеттерді өтеп отырудың да маңызы зор. Осындай қажеттердің өтелмеуінен адам көп қиыншылық көреді, өйткені бұл оның сана-сезімінің өсуіне кедергі келтіреді. Қажет жануарларда да бар. Бірақ бұл – биологиялық сипаттағы қажеттер. Жануарлардың қажеттері олардың қореқтенетін заттарын іздестіруінен жақсы байқалады. Мәселен, тауыық жерден дән іздеп зыр жүгіреді. Ит қожасын көргенде тілін салақтатып, сілекейін аузынан щұбыртады. Мысық мұрнына еттің иісі келгенде елең ете түседі де, сол жерден мияулап шықпайды. Сөйтіп аң біткеннің бәрі өз қажеттін өтеу үшін әрекеттенеді. Мұндай қажеттер аңдарға іштен туады, олар шартсыз рефлексттік сипатта болады.

Практикалық сабаққа әдіснамалық нұсқаулар мен ұсыныстар.

Х.Хекхаузенің тесті: мақсаты, міндеттері, қолдану мүмкіншіліктері, жүргізу процедурасы. Х.Хекхаузенің тестін интерпретациялау ерекшеліктері. Мотивациялық тенденциялар: сәттілікке ұмтылыс, сәтсіздіктен қорқу сипаттау.

БӨЖ үшін тапсырмалар:

1. Мотивация туралы ұғым. Х.Хекхаузенің тесті: мақсаты, міндеттері, қолдану мүмкіншіліктері, жүргізу процедурасын көрсету.

2. Х.Хекхаузенің тестін интерпретациялау ерекшеліктері.

3. Мотивациялық тенденциялар: сәттілікке ұмтылыс, сәтсіздіктен қорқу

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Практикум по общей психологии: Учеб. пособие/Н. С. Глуханюк, Е. В. Дьяченко, С. Л. Семенова. -3-е изд. М.: Издательство Московского психолого-социального института; Воронеж: Издательство НПО «МОДЭК», 2006. - 224 с.

2.Психографический тест: конструктивный рисунок человека из геометрических форм /А. В. Либин, А. В. Либина, В. В. Либин. - М. : Эксмо, 2008. - 368 с.

14-апта (4 сағ)

Тақырып: Тұлғаның ядролық құрылымдарын жан-жақты зерттеу.

Мақсаты: Роршах, ТАТ әдістемелерін қарастыру.

Сұрақтар: Роршах тесті, ТАТ жасалу тарихы. ТАТ әдістемесінің стимулдық материал

ерекшеліктері, өткізілу процедурасы және мәліметтерді интерпретациялау ерекшеліктері

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: тақырып, проекция, компенсация.