Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК прак по пси.doc
Скачиваний:
976
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.93 Mб
Скачать

VII. «н» факторы «батылдық-жасқаншақтық»

Төмен бағаланған адам – жасқаншақ, өзіне-өзі сенімсіз, ұстамды көбінесе көлеңкеде болуды қалайды. Үлкен ортадан гөрі бір- екі адам немесе жолдастардың арасында болғанды жақсы көреді. Қоқан-лоқыны өте сезгіш келеді.

Жоғары бағалы әлеуметтік батылдық тән, таныс емес адамдармен жеке жағдайларда белсенділік көрсетеді. Ол тәуекелдікке бейім, өзін бос және тәуелсіз ұстайды. Жалпы бұл фактор әлеуметтік жағдайларда қоқан-лоқыға қарсы шыға алады және әлеуметтік қарым-қатынаста шешімділік байқатады.

VIII. «I» факторы «қайырымдылық-қатігездік»

Төмен бағаланған адам жұмсақ, сезімтал, әлемді көркем қабылдауға бейім. Жауластықпен байланысты жағдайлардан қашуға ұмтылады. Өмірдің «дөрекі» жақтарымен соқтығысқанда жараланғыш. Тәуелді, мақаббатқа, көңіл аударуға және қоршаған ортаның көмегіне мұқтаж. Бұл полюстің шеткі мәні, стрессті жеңуге деген төмен қабілетті көрсетеді.

Жоғарғы бағаланған – ержүрек, күшті, тәжірибелі. Сезімге емес, көпшілігінде ақылға сүйенеді. Реалист. Психологиялық мәселелерді рационалдылықпен шешеді. Бұл полюстің шеткі мәні эмоционалды мейрімсіздікпен шешеді.

IX. «l» факторы «күдікшілдік-сенгіштік»

Төменгі бағаланған адам мінезінің ашықтығымен, сенгіштігімен, басқа адамдарға жағымды, төзімді, сиымдылығымен сипатталынады, қызғаншақтық, мінезі жоқ, адамдармен тіл табысады және ұжымда жұмысын жақсы атқарады.

Жоғары бағаланған – қызғаншақ, көреалмаушылық, күдікшіл, ол өзін өте жоғары бағалайды. Оның мүддесі тек өзіне бағытталған, іс-әрекеттерінде өте сақ, эгоцентрлік мінезі бар. Бұл фактор адамдарға эмоциялық қарым-қатынасты білдіреді.

X. «м» факторы «дамыған қиял-практикалылық»

Төменгі бағалы адам адал, епті. Ол айналадағы жағдайларды бағдарлайды, жалпы нормаларға сай іс-әрекет жасайды, ол адамдар кей жағдайда шектелу және аса ұсақтыққа бейімділік байқалады.

Жоғары бағаланған адам – елестету қабілеті жоғары дамыған, өз ішкі дүниесіне бағытталған, шығармашылық қабілеті жоғары адам.

XI. «n» факторы «дипломатиялық-турашылдық»

Төменгі бағаланған адам – турашыл, сенгіш болып келеді.

Жоғары бағалы адам – есепқор, көреген, ақыл-парасатты және айналадағы адамдарға елжірегіш.

Хii. «о» факторы «мазасыздық-өз-өзіне сенімділік»

Төменгі бағаланған адам – суыққанды, ұстамды, өзіне-өзі сенімді. Жоғары бағалы адамға қауіп-қорқыныш, депрессиялық (тоқырау), өкпешілдік, әсерлілік тән.

ХIII. «Q1» ФАКТОРЫ «радикализм-консерватизм»

Төмен бағаланған адам – консервативтік дәстүрлі қиыншылықтарға төзімді келеді, ол не нәрсеге сену керек екенін біледі, кейбір прнциптерінің дәрменсіздігіне қарамастан жаңа процестерге күдікпен қарайды. Ол қызықпайды.

Жоғары бағаланаған адам жоғары сын көзімен қарайды, парасатты тартымды мүддесімен, аналитикалық ойымен, жақсы хабардардылықпен көзге түседі. Сараптауға бейім, жаңа бекімеген көзқараспен өзгеруді тез қабылдайды, абырой беделге сенбейді, сенімге ештене қабылдамайды.

XIV. «q2» факторы «дербестілік-тәуелділік»

Төменгі деңгейде «Өзін-өзі бақылау» - жоғары деңгейде өзін-өзі бақылау.

Төменгі бағалы тәртіпсіздік, ішкі қарама-қайшылық басым, әлеуметтік талаптарды іске асыруға мән бермейді.