Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК прак по пси.doc
Скачиваний:
976
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.93 Mб
Скачать

1. Экспериментатор оның тұлғасы және іс-әрекеті

Л.Бергер экспериментатордың сыналушының іс-әрекет нәтижелерін бағалау барысында кететін келесі қателіктердің типін бөлді:

1. Өте жоғарғы нәтижелерді төмендету. Мұнын себебі зерттеушінің санадан тыс сыналушының мәліметтерін өзіндік жетістіктермен жақындастыруға ұмтылуы. Кейде төменгі бағалауларды жоғарлату. Яғни шеткі нәтижелер ортанғыға жақындайды.

2. Шеткі бағалаудан қашу (жоғарғыдан да төменгіден де). Нәтижесінде – мәліметтерді ортадан жоғары топтастыру.

3. Сыналушының бір қасиетін немесе тапсырманың бір сериясының мәнділігін жоғарлату. Осы ұстаным арқылы тұлғаны және тапсырмаларды бағалау жүргізіледі.

4. Экспериментатор үшін мәнді болып табылатын, сыналушының тұлғалық бітістерін бөлуіне әкелетін тапсырмаларға ерекше көңіл аудару.

5. Тұлғаның сол немесе басқа қасиеттерін байланыстыру немесе қарсы қою концепциясымен жанамаланған бағалау.

6. Нақты сыналушының эмоциясымен байланысты оқиғалардың әсер етуіндегі қателіктер.

Экспериментатордың әсерін бақылаудың келесі әдістерін ұсынады:

        1. Зерттеуді автоматизациялау. Экспериментатордың әсері сыналушымен алғашқы әңгімелесуде және тартуда, жеке жұмыстар арасында сақталады.

        2. Зерттеудің мақсатын білмей зерттеуге экспериментаторлардың қатысуы. Экспериментаторлар бірінші сыналушының ниеттері туралы ұстаным да болады. Бұл ұстанмның әсерін бақылау қажет.

        3. Экспериментатордың әсерін алып тастауға бірнеше экспериментаторлардың қатысуы және жоспарды қолдануы.

Экспериментатордың әсерін талығымен түзеу мүмкін емес, себебі бұл психологиялық эксперименттің мәніне қарама-қарсы, алайда белгілі бір деңгейде нақтылауға және бақылауға болады.

Сыналушы және оның эксперименттегі іс-әрекеті.

Сыналушы зерттеудің тек зерттеу мақсатын (міндетті түрде шынайы мақсатты емес) және міндеттерін біліп қана қоймай, сонымен қатар эксперимент барысында не істеу керектігін түсінуі қажет. Сыналушы мен экспериментатордың қарым-қатынасы олардың іс-әрекетін ұйымдастырудың, сыналушының іс-әрекетін реттеудің қажетті шарты. Сыналушыға нұсқау берілу керек. Нұсқауды ала отырып сыналушы тапсырманы түсініп оны қабылдау керек. Егер нұсқауды түсінбесе, сыналушыларды қысқаша алдын ала оқыту сериясынан өткізу керек. Осы экспериментальды серияны өткізіп болғаннан соң тапсырманы орындаудағы қиындықты анықтау үшін интервью жүргізіледі.

Сыналушы экспериментальды тапсырмаларды қабылдамай, оны орындаудан бас тарта алады. Сыналушының нұсқауды түсінбей өзінше сыртқы тапсырмаларды ауыстыруына жол бермеу керек. Сынлаушының іс-әрекет құрылымын сипаттау эксперименттің құраушы бөлігі болып табылады.

Сыналушының тұлғасы және психологиялық эксперимент жағдайы.

Сыналушы экспериментке ерікті түрде немесе мәжбүрлі түрде қатысады. Тестілеу жағдайын анықтайтын шешуші фактор: шешімді қабылдайтын кім болып табылады – сыналушы немесе басқа адам? Ғылыми-практикалық психодиагностикалық міндеттің (жағдай) мүмкін төрт нұсқасын көрсетуге болады: 1) экспериментке ерікті қатысу, ары қарайғы өмірлік мінез құлықты дербес таңдау; 2) мәжбүрлі қатысу, мінез-құлықты дербес таңдау; 3) мәжбүрлі қатысу, мінез-құлықты таңдау зерттеуден кейін бекітілген (навязан); 4) зерттеуге ерікті түрде қатысу, ары қарайғы мінез-құлықты таңдау бекітілген.

Нақты психодиагностикалық жағдайлар және оларды типтерге сәйкестендіру:

І тип. Бұған ерікті психологиялық кеңес беру жағдайы жатады. Кеңес беруші сыналушыға өмірлік мәселелерін шешуге көмектесуге міндетті өз мойнына алады. Сыналушы кеңес берушіге өз еркімен жүгінеді, оның құзыреттілігіне сенеді, шешімді өндеуге белсенді қатысуға және міндетті түрде ашық болуды қабылдайды. Болашақтағы мінез-құлықты соңғы таңдау клиентке тиісті (мысалы, отбасылық кеңес беру баланың мінез-құлқына қатысты, психологиялық кәсіби кеңес беру, жетекшінің стильіне қарым-қатынасына қатысты басшыларға кеңес беру).

ІІ тип. Бұл типтегі жағдай неғұрлым жиі кездеседі. Бұған жататын оқу орнындағы кәсіби және психологиялық іріктеу. Зерттелуші дайындық немесе оқу профильін таңдау жөніндегі шешімді өзі қабылдайды. Мүмкін жағдай сырттан мәжбүрлеп, ата-ананың әсер етуі. Зерттелушінің болашақ тағдырының шешімін өзі емес, ал бас адамдар (қабылдау комиссиясы, кәсіби іріктеу комиссиясы, кадр бөлімі және т.б.) тапсырманы орындап болғаннан соң сыналушы басқа жағдайға әсер ете алмайды. ІІ типтегі жағдайда сыналушының еркіндігі төмен және белсенді болу керек, бірақ эмоциональды-мотивациялық шиеленіс жоғары және сыналушы үшін психодиагностика нәтижесіның мәнділік дәрежесі жоғары, себебі шешімге әсер ету мүмкіндігі жоқ. Кәсіби іріктеудің барлық жағдайында сыналушы толығымен ерікті түрде қатыса алмайды, мысалы, Қарулы күштерде.

ІІІ тип. Бұл – Бұхаралық зерттеу, оған қатысу міндетті түрде (социологиялық, демографиялық және т.б.). Әкімшілік немесе қоғамдық мекемелердің шешімі бойынша жүргізілетін көптеген психологиялық ақпараттық зерттеулер осы типке жатады, егер диагностикалық ақпарат зерттелушіге хабарланса (олар өзі туралы мәліметті, ұжым туралы туралы мәліметті өзінің мінез-құлқын және өмірлік жолын жоспарлағанда ескере алады). Бұған психологиялық экспериментке қатысуға еліктіретін студент-психологтардың зерттеуін айтуға болады (мысал, оқушының сыныптық және үй тапсырмасын зерттеуін жатқызуға болады, себебі оқушы оны орындаудан бас тарта алмайды).

IV тип. Бұл психологтың күнделікті жұмысында және әдеттегі өмірінде кездесетін көптеген диагностикалық жағдайды айтамыз. Мұнын барлығы зерттеуге мәжбүрлі қатыстырудағы сыналушының мінез-құлқын әлеуметтік бақылаудың жоғарғы деңгейімен сипатталады. Зерттелуішінің тағдыры туралы шешім оның қалауы бойынша қабылданады. Мұндай жағдайға басшыларды және инженерлік-техникалық кадрларды аттестациялауды жатқызуға болады. Мәжбүрлі соттық сараптама IV типтегі жағдайға жатады. Сонымен қатар өндірістік кәсіпорында кадрларды орналастыру (егер шешім жұмысшының қатысуыңсыз қабылданса), жедел қызметке тартылғандарды Қарулы күштерге тарату және кәсіби іріктеу.