Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК прак по пси.doc
Скачиваний:
976
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.93 Mб
Скачать

К. Томастың мінез-құлықты бейнелеу тестісі.

Біздің елімізде тест конфликтілік мінез-құлыққа тұлғалық бейімділікті зерттеу үшін Н.В.Гришинмен бейімделген. Конфликтілік құбылыстарды зерттеу бағытында К.Томас конфликтілерге деген дәстүрлі қатынасты өзгертуге көңіл бөлген. Оларды зерттеудің алғашқы кезеңдерінде «конфликтілерді шешу» термині кең қолданылатынын көрсете отырып, К.Томас бұл термин конфликтілерді шешу немесе жою мүмкін және қажет екенін түсіндіретінін айтқысы келеді. Осылайша конфликтілерді шешу мақсаты адамдар толық гармонияда жұмыс істейтін идеалды конфликтісіз күй болып табылады. Бірақ соңғы кезде конфликтілерді шешу аспектісіне мамандардың қатынасы өзгерді. К.Томастың ойынша бұл екі жағдайға байланысты: конфликтті мүлдем жою мүмкін еместігін саналы түрде түсіну, конфликттің жағымды қызметтерін көрсететін әдістемелер санының артуы. Осыдан автор ойы бойынша конфликтіні мүлдем жоюдан оны басқаруға екпін жасалуы тиіс. Осыған сәйкес К.Томас конфликтіні зерттеуде келесі аспектілерге назар аудару керек: конфликтілік жағдайларда адамдарға мінез-құлыөтың қандай формалары тән, олардың қайсылары тиімді және тиімсіз болып табылады; қалайша тиімді мінез-құлыққа жағдай жасауға болады.

Конфликтілі жағдайларда адамдардың мінез-құлық типтерін бейнелей үшін К.Томас конфликтіні реттеудің екі өлшемді моделді қолдануды ұсынады. Мұндағы негізгі өлшем кооперациялар болып табылады, яғни адамның конфликтіге қатысушы басқа адамдардың қызығушылығына назар аударумен байланысты және өз қызығушылықтарын қорғаумен байланысты табандылық болып табылады. Бұл негізгі екі өлшемге сәйкес К.Томас конфликтіні реттеудің келесі тәсілдерін бөледі:

  1. Басқаның қызығушылықтарына зиян келтіріп, өз қызығушылықтарын қанағаттандыруға ұмтылу ретінде бәсекелестік;

  2. Бәсекелестікке қарама-қарсы, яғни басқа үшін өз қызығушылықтарын құрбан етуді білдіретін бейімделу;

  3. Компромисс;

  4. Қашу, оған кооперацияға ұмтылысының болмауы мен өзінің мақсаттарына жетуге тенденциясының болмауы тән;

  5. Бірлесу, яғни қатысушылар олардың екі жақты қызығушылықтары толық қанағаттандыратын альтернативаға келеді.

Конфликтілік жағдайдан қашуда К.Томас екі жақ та жетістікке жетпейді деп есептейді. Бәсекелестік, бейімделу және компромисс сияқты мінез-құлық формаларында қатысушылардың біреуі жеңіп, екіншісі жеңіледі немесе компромистік жол бергендіктен екеуі де жеңіледі. Тек қана бірлесу жағдайда екі жақ ұтыста болады.

Мінез-құлықтың типтік формаларын анықтауға бағытталған сауалнамасында К.Томас конфликтілі жағдайдағы индивидтің мінез-құлығын әр бес болуы мүмкін варианттарды 12 сөйлеммен бейнелейді. Олар 30 жұпқа топтастырылған. Олардың әрқайсысынан респондентке оның мінез-құлығына сәйкес келетін сөйлемді таңдау ұсынылады.

Инструкция: «Сізге көбірек сәйкес келетін сөйлемді таңдаңыз».

Сауалнама мәтіні:

  1. А. Мен кейде мәселені шешу үшін жауапкершілікті басқаларға алуға мүмкіндік беремін.

Б. Көзқарасымыз әртүрлі болған жерді талқылаудан гөрі, мен екеуміз немен келіспейтін нәрсеге көңіл бөлуге тырысамын.

2. А. Мен компромистік шешімді табуға тырысамын.

Б. Мен басқаның, сонымен қатар өзімнің де қызығушылықтарымды есептей отырып істі шешуге тырысамын.

3. А. Мен әдетте өз қалағаныма табанды жетуге ұмтыламын.

Б. Мен басқаны тыныштандыруға және бастысы біздің қатынасымызды сақтауға тырысамын.

4. А. Мен компромистік шешімді табуға тырысамын.

Б. Кейде мен басқа адамның қызығушылықтары үшін өз қызығушылықтарымды құрбан етемін.

5. А. Таластық жағдайды шешуде мен әрдайым басқа адамның қолдауын күтемін.

Б. Мен керексіз шиеленісті болдыртпау үшін барлық жағдай жасауға тырысамын.

6. А. Мен өзім үшін ыңғайсыз жағдайдың болудан қашуға тырысамын.

Б. Мен өз қалағаныма жетуге тырысамын.

7. А. Мен таластыұрақты дұрыс шешу үшін оны кейінгіге қалдырамын.

Б. Мен бір нәрсеге жету үшін басқа бір нәрсеге жол беремін.

8. А. Мен әдетте өз қалағаныма табанды жетуге ұмтыламын.

Б. Мен ең алдымен қандай қызығушылықтар және сұрақтар туралы айтылып жатқанын анықтап аламын.

9. А. Менің ойымша, пайда болған кейбір келіспеушілік үшін әрдайым алаңдау қажет емес.

Б. Мен мақсатқа жету үшін күш саламын.

10. А. Мен мақсатқа табанды жетуге тырысамын.

Б. Мен компромистік шешімді табуға тырысамын.

11. А. Мен ең алдымен қандай қызығушылықтар және сұрақтар туралы айтылып жатқанын анықтап аламын.

Б. Мен басқаны тыныштандыруға және бастысы біздің қатынасымызды сақтауға тырысамын.

12. А. Көбінесе мен таластық жағдайды туғызатын позицияларды ұстанбаймын.

Б. Егер адам менімен келісіп жатса, мен оған өз ойын қалдыруға мүмкіндік беремін.

13. А. Мен орта позицияны ұсынамын.

Б. Мен өзімнің айиқанымды істетемін.

14. А. Мен басқаға өз пікірімді айтамын және оның ойын сұраймын.

Б. Мен басқаларға өз көзқарасымның артықшылықтары мен логикасын көрсетуге тырысамын.

15. А. Б. Мен басқаны тыныштандыруға және бастысы біздің қатынасымызды сақтауға тырысамын.

Б. Мен керексіз шиеленісті болдыртпау үшін барлық жағдай жасауға тырысамын.

16. А. Мен басқаны ренжітпеуге тырысамын.

Б. Мен өз көзқарасымның артықшылықтанына басқаны сендіруге тырысамын.

17. А. Мен әдетте өз қалағаныма табанды жетуге ұмтыламын.

Б. Мен керексіз шиеленісті болдыртпау үшін барлық жағдай жасауға тырысамын.

18. А. Егер бұл адамға бақыт сезімін берсе, онда мен оған өз қалағанын орындауға мүмкіндік беремін.

Б. Егер адам менімен келісіп жатса, мен оған өз ойын қалдыруға мүмкіндік беремін.

19. А. Мен ең алдымен қандай қызығушылықтар және сұрақтар туралы айтылып жатқанын анықтап аламын.

Б. Мен таластыұрақты дұрыс шешу үшін оны кейінгіге қалдырамын.

20. А. Мен біздің келіспеушіліктерімізді тез жоюға тырысамын.

Б. Мен екеуміз үшін пайда және шығынның ең жақсы үйлесуін табуға тырысамын.

21. А. Әңгемелесу барысында мен басқа адамның қалағанына назар аударуға тырысамын.

Б. Мен әрдайым мәселені тікелей талқылауды таңдаймын.

22. А. Мен өзімнің позициям және басқа адамның көзқарасы арасындағы позицияны табуға тырысамын.

Б. Мен өз қалағанымда тұрамын.

23. А. Әдетте мен екеуміздің қажеттіліктерімізді қанағаттандыру жайлы ойланамын.

Б. Мен кейде мәселені шешу үшін жауапкершілікті басқаларға алуға мүмкіндік беремін.

24. А. Егер басқаның позициясы маған маңызды болып көрінсе, онда мен онымен келісемін.

Б. Мен басқа адамды компромисске баруға сендіремін.

25. А. Мен басқаларға өз көзқарасымның артықшылықтары мен логикасын көрсетуге тырысамын.

Б. Әңгемелесу барысында мен басқа адамның қалағанына назар аударуға тырысамын.

26. А. Мен орта позицияны ұсынамын.

Б. Мен әрдайым екеуміздің қажеттіліктерімізді қанағаттандыру жайлы ойланамын.

27. А. Көбінесе мен таластық жағдайды туғызатын позицияларды ұстанбаймын.

Б. Егер бұл адамға бақыт сезімін берсе, онда мен оған өз қалағанын орындауға мүмкіндік беремін.

28. А. Мен әдетте өз қалағаныма табанды жетуге ұмтыламын.

Б. Таластық жағдайды шешуде мен әрдайым басқа адамның қолдауын күтемін.

29. А. Мен орта позицияны ұсынамын.

Б. Менің ойымша, пайда болған кейбір келіспеушілік үшін әрдайым алаңдау қажет емес.

30. А. Мен басқаны ренжітпеуге тырысамын.

Б. Мен басқа адаммен екеуміз бірге табысқа жете алатын позицияны ұстанамын.

Практикалық сабаққа әдіснамалық нұсқаулар мен ұсыныстар.

Алынған нәтижелерді өңдеу кілті

Бәсекелестік

Бірлесу

Компромисс

Қашу

Бейімделу

1

А

Б

2

Б

А

3

А

Б

4

А

Б

5

6

Б

А

7

Б

А

8

А

Б

9

Б

А

10

А

Б

11

А

Б

12

Б

А

13

Б

А

14

Б

А

15

Б

А

16

Б

А

17

А

Б

18

Б

А

19

А

Б

20

А

Б

21

Б

А

22

Б

А

23

А

Б

24

Б

А

25

А

Б

26

Б

А

27

А

Б

28

А

Б

29

А

Б

30

Б

А

Әр шкала бойынша алған баллдар саны индивидтің конфликтілі жағдайда сәйкес мінез-құлық формаларын көрсету тенденциясының айқындылығын білдіреді.

БӨЖ үшін тапсырмалар:

  1. Т.Томас суалнамасын интерпретациялау ерекшеліктері.

  2. Мәліметтерді өңдеу.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Бодалев А.А., Столин В.В. Общая психодиагностика. –Спб.: Речь, 2002.

  2. Бурлачук Л.Ф., Морозов С.М. Словарь-справочник по психодиагностике. – Спб.: Питер Ком, 1999.

  3. Методики психодиагностики в спорте: Учеб. пособие: В.А. Марищук, Ю.М. Блудов, В.А. Плахтиенко, Л.К. Серова. 2-е изд. Учеб. пособие для студентов пед. ин-тов. – М.: Просвещение, 2000.

  4. Методики психодиагностики в учебно-воспитательном процессе / Сост. В.В. Гришин, П.В. Лушин. – М.: ИКА "Москва". 2001.

12-апта (4 сағ)

Тақырып: Тұлғаны зерттеудің прективтік әдістері.

Мақсаты: Тұлғаны зерттеудің прективтік әдістерін қарастыру.

Сұрақтар: Р.Бернстің «Автопортрет» әдістемесі. «Әлемде жоқ жануар» әдістемесі. «Үй. Ағаш. Адам» әдістемесі. Суреттік тесттерді қолдану ерекшеліктері

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: проекция, проективті әдіс.