Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК прак по пси.doc
Скачиваний:
976
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.93 Mб
Скачать

Глоссарий

Агрессия – «aggressiо» - шабуыл жасау деген мағынаны білдіреді. Басқаларға немесе өзіне әдейі зиян келтіруі.

Бағыттылық- бұл ең тұрақты тұлғаның өзіне қажетті идеалдар мен өз қалаулары және тұлғаның ең басты жүріс-тұрыс тенденциясынан тұрады.

Вербалды агрессия- сөз арқылы өзінің жағымсыз қатынасын жеткізу.

Гипертимді тип ( ГП). Бұл типтің байқалатын ерекшелігі болып әркезде немесе жиі көтеріңкі көңіл-күйде болуы саналады. Ол жоғары белсенділікпен, қызметке деген қызығушылығымен ерекшеленеді. Оған жақсы қарым-қатынас, жоғары сөз аңдушылық қасиеті тән, өмірге оптимистік көзбен қарайды, қиыншылықтар туған жағдайда да оптимистігін жоғалтпайды.

Демонстративтік тип (ДМ). Бұл типтің бастапқы ерекшелігі болып, әрқашан адамның ойында із қалдыруға ұмтылыс, өзіне қарата білу, елдің ортасында болу қажеттілігінің тууы табылады. Бұл қасиеттер оның демонстративті мінез-құлқында айқын көрінеді. Осы мінез типінің элементіне өзін-өзі мақтау, өзі жайлы немесе басқа бір әңгімелер айту, барлық кездерде бұл тұлғаның орталық орында болуы жатады

Дистимдік тип (ДТ). Дистимдік тұлға бұл гипертимділікке қарама-қарсы. Мұндай типтер қайғылы, қараң, уайымды өмір сүруге бейімделген. Бұл қасиеттер барлық жағынан байқалады: мінез-құлқында да, сөйлеу мәнерінде де, өмірді қабылдау ерекшелігінде де, басқа адамдарды және оқиғаны немесе әлеуметтік- перцептивтік ерекшеліктерді қабылдауында. Бұл адамдар өмірде байсалды болады. Гипер белсенділік, жай ғана белсенділік қасиеттері бұларға тән емес. Жеке мінез-құлық сипаттарын біле тұрып олардың үйлесімділігін анықтауға болады. Мысалы: акцентуациялы тұлғаларда демонстративтік және педантты қырлы қасиеттердің үйлесімділігі мүлдем кездеспейді, себебі демонстративтік және педантты тип тұлғалары бір сферада бір-біріне қарама-қайшы келеді.

Жағдайлық және реактивті мазасызданунегізінен күй ретінде субъективті эмоциялармен сипатталынады: қысым, мазасыздану, жүйкелі т.б. Бұл күй негізінен стресстік жағдайға эмоционалдық реакция ретінде көрінеді де, динамикалық және интенсивтілік жағынан уақыт арасы әр түрлі болады.

Жанама агрессия – жанама жолмен бағытталған агрессия.

Инструменталды құндылықтар - әрекеттің қандай да бейнесі немесе тұлғаның қасиеті қандай да бір жағдаяттарда артық болып табылатынына сенім.

Күмәндану – адамдарға деген қатынасы бойынша сенбеушілік және сақтықтан, басқа адамдар жамандықты жоспарлайды және әкеледі деген сенімге дейінгі диапазон.

Кінә сезімі немесе аутоагрессия - субьектіні бұл адам жаман адам екеніне сендіру кезіндегі кінә сезімі.

Күлгін түс - қызыл мен көк түстің қасиетін қамтиды. Жауапкершіліктің болмауы, шынайлылыққа сай келмеу, магия, өзгелерді таң қалдыруға деген ұмтылыс т.б. Бұл түсті жеткіншектер және жүкті әйелдер жиі таңдауы мүмкін. Себебі ол кезеңде олар эмоционалды тұрақсыздықтың күйінде жүреді. Гомосексуалдылыққа икемділерде бұл түс таңдалады. Күлгін түс 3,7 позицияда мәні жоқ, ал жүктілер мен жеткіншектерде 1,2 позицияларында ешқандай мәнге ие емес.

Қара түс – экстремалды жүріс - тұрыс, көп жағдайды қаламау, яғни «жоқ» ұғымымен сәйкес келеді. Өзге түстердің таңдалуына да әсерін тигізеді. Бірінші орында таңдалса адам өмір оқиғаларына қарсы келу, ойланбай әрекет етуді байқатады.

Қабілеттілік- тұлғаның индивидуалды психологиялық қасиеті болып табылады. Қабілеттілік бұл әрбір басты істің сәтті аяқталуына әкеліп соғады.

Қою - жасыл түс - өзіндік бекітудегі қажеттілік. Тұлға бойындағы қысымды, талпыну, мақсатқа ұмтылушылықты, өзгерістерге қарсы тұру, көзқарасының тұрақтылығы. Сары түспен қатар қолданылуы бостандыққа деген ұмтылысты білдіреді. Екінші - үшінші позициядағы түстер емес, өзге түстердің ретінде таңдалса тұлға бойындағы қысымды айқындайды. Өмір ситуациясында адамдарды қоршаған ортасының түсімен тікелей байланыстырады: өсімдіктердің, ағаштардың, гүлдердің т. б. Ол обьектілер қоршаған орта болып табылатындықтан қорғанысты білдіреді. Темпераменттердің ішінде меланхоликтердің сүйікті түсі болып табылады.

Қызыл түс - «әрекет ету», «жетістікке жету». Тұлғаның энергиясын жұмсаудағы физиологиялық күйі, спортқа, жеңіске, эротикаға т.б. деген ерігі, қалауы. Бұл әдістемені жүргізу барысында бұл түсті қаламау физиологиялық және жүйкелік жұқару, тозу, сексуалды қызығушылықтың төмен болуын аңғартады. Таңдалған түстердің алдыңғы қатарында болуы көшбасшылыққа деген ұмтылыс, тұлға бойындағы шығармашылық бастау т.б. байқатады. Алғашқы үш түс қатарында болмаса эмоционалды - вегетативті қысымды көрсетеді. Өмірлік жағдайда ертедегі ер адамдардың аң аулау үрдісімен тікелей байланыстырады, яғни отбасын асырау үшін аңды аулауда белсенділікті байқату, сондай - ақ адамның сексуалды қозу зоналары да осы түспен байланыстырылады. Бұл түс сангвиниктердің түсі болып табылады.

Қоңыр түс – алдыңғы қатарда болса физикалық дискомфортты байқатады. Әсіресе тұлғаның ауыру, науқастану кезінде жиі алдыңғы қатарда таңдалады. Өз жанұясын жоғалтқандарда бұл түсті таңдау байқалады. 8 позицияда болса қажеттілікті терістеу, яғни ол босаңсуда, физиологиялық қанағаттануда өз қажеттіліктерін терістеу болып табылады.

Қою - көк түс - қанағаттану, тыныштықтың белгісі, сезімталдылық пен жарақаттанушылықты көрсетеді, эстетикаға бейім, эмпатиясы бар, сенімділік, сензитивтілік, берілгіштікті байқатады. Бұл түстің төменгі қатарда таңдалуы эмоционалды қарым - қатынаста қанағаттанбаушылықты көрсетеді. Темпераменттің ішінде флегматик типі жиі осы түсті қалайды. Өмірде түн мезгілімен салыстырмалы түрде қарастырады. Өйткені ол тұлғалардың босаңсу, тынығу, ұйқы т.б. процесстерімен тікелей байланысты.

Қозғыш тип (ВЗ). Қозбалы тұлғаның ерекшелігіне – мінездегі айқын импульсивтік жатады. Оның сөйлеу мәнері және мінезінің логикаға ешқандай қатысы жоқ, сондай ақ өз іс-қимылын үнемі бағалап отырмайды. Ал керісінше, оның импульсивтілігі инстинкт немесе бақылауға келмейтін қозбалармен ерекшеленеді. Әлеуметтік қарым-қатынас, сөйлесу аймағында олардың мінезінде шыдамсыздық байқалады, бұл шыдамсыздықтың жиі көрінетіндігінен сиптталады.

Мінез- тұлғаның басқа адамға көзқарасы жауапкершілігі және қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Мінез бұл адамның әлеуметтік мінез-құлқының ерекшелігі.

Мазасыз-қорқақ тип (ТР). Бұл типтің бастапқы ерекшелігі: жоғары мазасыздық, болған сәтсіздіктер жайында көп ойлану, өз тағдыры жайлы күйзелу және жақын туыстарының ертеңгі күнін ойлау болып табылады. Бірақ бұлай күйзеліске ұшырай берудің объективті жайы жоқ, қорқақтық және жүрексіздігімен ерекшеленеді. Сыртқы жағдайлар алдында әр кезде қорқыныштың болуы, өз күшіне сенімсіздікпен қарауға алып келеді.

Меланхолик - интраверт және невротизм, яғни эмоционалды тұрақсыз.

Интраверт - өз-өзімен, адамдармен байланыс орнатқаннан бастап, оларға бейімделгенге дейін қиындықтарды сезінеді. Салмақты, тепе-тең, әлем сүйгіш, оны әрекеттері ойластырылған, ақыл-ойлы. Достары көп емес. болашақты жоспарлағанды жақсы көреді, мезеттік қозуларға берілуге бейім емес. пессимист, қобалжығанды ұнатпайды, берілген өмірлік ережелерді ұстанады. Өз сезімдерін бақылап отырады және өте сирек агрессивті болады, жауапты.

Невротизмнің жоғарғы деңгейі (невротик) - жүйке психикалық үдерістерінің тепе-тең емес, эмоционалды тұрақсыз, вегетативті жүйке жүйесі лабильді. Сондықтан да ол жеңіл ашуланады, көңіл-күйі тез өзгереді, сезімтал, сонымен қатар мазасыз, күмәншіл, баяу, шешім шығара алмайды.

Невротизмнің төменгі деңгейі (эмоционалды тұрақты тип) - салмақты, тепе-тең, шешім шығара алады.

Негативизм- белгіленген жалпы заңға қарсы жағымсыз күрес арқылы қарсы болу ол негативті оппозициялық мінез-құлық.

Өзін-өзі бақылау- тұлғаның өзінің іс-әрекетін тексеріп бақылауы. Бұл тармақ басқа да тұлға қасиеттеріне бастау болып отырады. Бұның барлықтармақтары бір-бірімен өте тығыз байланыста.

Педантты тип (ПД). Бұл типтің сыртқы жағдайларда айқын көрінетін мынадай қасиеттері бар: тазалық, реттілік, шешім қабылдай алмаушылық және абайлылық, сақтық. Оның сыртқы бейнесінде жылдам өзгерістерге үйрене алмаушылық, жауапкершілікті өз қолына алуға бара алмаушылық байқалады.

Реңжу - ашу-қызғаныш ыза әрекеттері қоршаған ортаға деген өшпенділік әрекеттер.

Сангвиник - қарым-қатынасшыл, ашық, әңгімешіл, еті тірі, ынталы, бастаған ісін үнемі аяғына дейін жеткізе бермейді. Еңбекшілдігін, жаңашылдыққа ұмтылуын мадақтау қажет, бірақ оған берген жүктемелерді үнемі бақылауға алу керек, өйткені жасаған істері ақылға сай болу үшін. Тәртіптілікті жаттықтыру қажет, жұмыстағы анықтықты үренуі керек.

Сары түс - алға ұмтылу, үміттену қажеттілігі, релаксацияны білдіреді. Сары түсті таңдау үлкен бақытқа деген үзілмес үміт, болашаққа ұмтылыс, жаңаға ұмтылу т.б. Тұлға бойындағы жағымсыз күйлерде ол шыдамсыздықты, мазасыздануды, көре алмауды т.б. білдіреді. Сары түсін қаламау ( 6,7,8 орын ) көңілдің қалуы, адам үмітінің орындалмай қалуын аңғартады. Жасыл түспен қатар қолданылуы үлкен әлеуметтік статусқа ұмтылуды байқатады. 2,3,4,5 реттегі түстерден басқаларда тұлға бойындағы қысымды білдіреді. Өмір жағдайында қараңғы түннен соң шығатын күн элементімен байланыстырылады. Аспанды жарыққа толтыру, адам бойында белсенділікті оятуға шақырады. Бұл холерик типтес индивидтердің жиі қалайтын түсі болып табылады.

Темперамент - жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Темперамент - ағзаның физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе жоғарғы жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс.

Тіреліп қалушы тип (ЗС). Тұлғаның тіреліп қалушы типі аффектінің жоғары беріктілігімен эмоцианалды толқулар, күйзелістің ұзақтылығы. Жеке беделімен қызығушылықтарын балағаттау, ұзақ уақытқа дейін ұмытылмайды және ешқашан жай ғана кешірілмейді. Осыған байланысты, оның айналасындағылар оны кек алғыш адам ретінде сипаттайды. Бұған мынадай негіз бар: аффективтік күйзелістер таңғажайып ойлармен, өкпе назы бар адамнан кек алуға жоспар құрумен сәйкес келеді. Бұл адамдардың аурулы, ренішті көңіл-күйі айқын көрініске ие. Мұндай адамдарды жоғарыда айтылғанмен бірге қарастырғанда сезімтал адамдарға жатқызуға болады.

Терминалды құндылықтар – жеке тұлғалық жүзеге асудың соңғы мақсаты, оған ұмтылу деген сенім.

Тітіркену – кішкене ғана қозу кезінде бірден жағымсыз сезім көрсету.

Тұлғалық мазасызданунегізінде адамның кез келген қауіп тудыратын жағдайларға деген қатынасын көрсетеді. Тұлғалық мазасыздану негізінен арнайы стимулдарды қабылдау мен өзіндік бағаға деген қауіп ретінде қабылдауда жүзеге асады.

Экстраверт - монотондылықты көтере алмайды, жұмыс уақытында жиі көңілі бөліне береді. Қарым-қатынасшыл, импульсивті, өзін-өзі бақылау жетіспейді, ортаға тез бейімделеді, сезімін ашық білдіреді. Ықыласшыл, жарқын жүзді, өз-өзіне сенімді, лидерлікке ұмтылады, достары көп, ұстамсыз, көңіл көтеруге ұмтылады, тәуекел етуді жақсы көреді, тапқыр, үнемі жауапты емес.

Экзальтилденген немесе шат көңіл билеген тип (ЭК). Экзальтилденген тұлғаның бастапқы ерекшелігі болып қарқынды, толқуы, шат көңіл билеген реакция табылады. Олар қуанышты оқиғадан кейін шат көңілде бола тұрып, қайғылы оқиға немесе фактіге байланысты тығырықтан оңай шыға алады, ал ішкі алған әсерімен толқулары сыртқы бейнесінде айқын көрініп тұрады.

Эмотивті тип (ЭМ). Жіңішке эмоциялық аймағында терең және жоғары сезімталдық сипатына ие. Бұл адамдар жұмсақ, ашық, эмоционалды, эмпатиясы жоғары дамыған. Осы айтылған барлық ерекшеліктер сыртқы реакциялар кезінде айқын көрінеді.

Циклотимді тип (ЦТ). Бұл типтің маңызды ерекшелігіне гипертимдік және дистимдік күйдің ауысып тұруы жатады. Сондай-ақ, бұл өзгерістер сирек және кездейсоқ болып табылмайды. Гипертимді фазада, мінезде- қуанышты оқиға тек көтеріңкі эмоцияны ғана емес, сондай –ақ қызметке деген құлшыныс, белсенділіктің де оянуына алып келеді. Ал қайғылы оқиға салғыртыққа, ренішке әкеледі. Бұл кезде адамның жай күйінде ойлау реакциясының баяулығы, эмоцианалдық көңіл аударудың төмендеуі сипаты байқалады.

Холерик - экстраверт және невротизм, яғни эмоционалды тұрақсыз.

Физикалық агрессия – басқа адам үшін физикалық күш қолдану.

Флегматик - салмақты, сенімді адам, әлем сүйгіш, бірақ пассивтілігімен ерекшеленеді. Өзінің әлеуметтік интеллектісін жаттықтыру қажет (адамдарды түсіну, басқалардың бастан кешіруін бақылау, контактіні жайғастыру және т.б.). Тұйықтықтан өзін-өзі бағалауы әрқашан адекватты болмауы мүмкін, сондықтан осындай жағдайда өзін-өзі бағалауын көтеру қажет.

1-апта (4 сағ)

Тақырып 1. Тұлғаны зерттеу.

Мақсаты: Тұлғаны зерттеудің критерийлерін қарастыру.

Сұрақтар: Тұлға құрылымын, психологиялық феномендерді және тұлға көріністерін, тұлғалық ерекшеліктерді, тұлғаның қалыптасуы және дамуын зерттеу. Зерттеу әдістерін классификациялаудың критерилері.

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: тұлға, даму, тұлға құрылымы.

Белгісіз нәрсе мақсат бола ала ма? Егер мәселе жеке адамның өміріндегі тұрмыстық мақсаты жайында болса, мұнымен келісуге болады. Егер қоғам үшін маңызды процесс, жоғары білім мақсаты туралы айтсақ ол маңызды мәселе. Жоғары білімнің басты мақсаты ретінде тұлғаның сәтті дамуы психологиялық зерттеудің пәні ретінде тұлғаның мәніне ғылыми енуінің деңгейіне өте қатты байланысты. Сонымен мұнда тек теориялық емес, сонымен бірге ғылыми-қолданбалы, практикалық аспектінің мәні де зор. Соңғысына ең алдымен тұлғаны диагностикалау жатады. Тұлғаны диагностикалаудың нақты әдістерінсіз нәтижелі бақылау және өзін-өзі бақылауды, сонымен қатар, тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамытуын анықтау қиынға түседі. Кез-келген тұлғаның теориясы диагностикалық практикасыз және т.б. жасалмайды. Біздің елімізде жарамсыз ғылыми бағыттарды қудағалаумен, әсіресе 1936 жылы педалогия мен диагностикалық тестілеуге тыйым салумен байланысты қиын жылдар тұлға психологиясының дамуына да кері әсерін тигізді. Осы саладағы атаулы келеңсіздіктер көрсеткіші тұлғаны зерттеудің отандық әдістемелердің жеткілікті деңгейде өңделмегендігінен, практиктердің шектен тыс валидтілігі жеткілікті деңгейде емес шетел әдістемелеріне сүйенуінен көруге болады.

Тек тұлғаның жалпы психологиялық теориясы тұрғыдан жіктеуді айтпағанда құруға ғана емес, сонымен бірге оның практикалық мақсаттарда қолдануға кедергі болатын кейбір қиындықтарды атап өтейік:

  1. Тұлға көрініс беретін және зерттеуге болатын, шындық аумағын шектелген түсінік. Көп жағдайда мұндай аумақ зерттелетін адамдар контингентіне байланысты еңбек, оқу және т.б. «іс-әрекетке» алып келеді. Осыған байланысты А.Н. Леонтьевтің «Деятельность. Сознание. Личность.» атты еңбегі еске түсірсек жетіп жатыр [29]. Әрқашан психологиялық құбылыстарды жүйелі түрде түсінуге ұмтылған Б.Ф. Ломов психологтарды едәуір кең шынайылылықты зерттеуге шақырған (мәселен, мінез-құлық және т.б.) [31]. Тұлға көріністерінің едәуір бара-бар және кең көлемді аумағы болып, К.А. Абульханова-Славская атап өткендей, жалпы өмір сүру кейпі мен өмір сүру әрекеті табылады. Шын мәнінде, студенттің декларативті мінез-құлқы оқу іс-әрекетінде демалыс уақыты мен формальді емес өзараәрекеттерде көрінетін шынайы мотивтер жасырып қалады.

  2. Көптеген психологиялық зерттеулерде және диагностикалық әдістемелерде кездесетін тұлғаның бытыраңқылығы мен оның көріну жағдайлары. Бұл тұлғаны «қасиеттер теориясының» арнасында зерттеу барысында көрінді. Америка психологиясының жетекші психологы Ю. Дженнинге (1961 ж.) осы салада жазылған көптеген зерттеулерге қорытынды жасай отырып былай деген: «Аталған зерттеулерде лидерлерге тән көптеген қасиеттер айтылған практикалық міндеттерді шешпейді. 50 жыл бойы жүргізілген зерттеулер лидерлерді лидер еместерден ажыратуға мүмкіндік беретін тұлғаға тән қырлары мен қасиеттері жиынтығын бермеді» [27; с. 309]. Осыған ұқсас зерттеулер біздің елде де жетерлік.

  3. Әлеуметтік факторлардың рөлін асыра бағалау, яғни онтогенезде тұлғаның дамуы генетикалық түрде шартталмаған және оқудың, әлеуметтенудің нәтижесінде меңгерген табиғи, өзараәрекеттестіктердің диалектикасын есепке алмай, адамның әлеуметтену процесі ретінде ғана көрінеді [12; 18]. Әлеуметтенуді осылай жоғары бағалау, белсенділігі төмен және шығармашыл емес тұлғаның қалыптасуына алып келетін қатаң түрде берілген сыртқы эталондар ретінде әлеуметтік факторлардың бір жақты әсерімен сәйкес келетіндігі қызықты.

Тұлға құрылымын қарастырайық. Оған кіретін қабілет, темперамент, мінез, ерік қасиеттері, эмоциялар, мотивация, қоғамдық бағдарлар кіреді.

Өмірдегі іс-әрекеттердің барлық түрлеріне байланысты жиі айтылып жүретін сөздердің бірі адамның қабілеті.

Қабілет - білімді, дағдыны, шеберлікті сәтті игеруге жағдай жасайтын адамның психологиялық ерекшеліктері, бірақ өздерін онда бар білімдерге, дағдыларға, шеберлікке жатқызуға болмайды. Қабілеттер білім мен дағдыларды игерудегі адамның мүмкіндігін көрсетеді.

Темперамент тұлғаның маңызды қасиеттерінің бірі болып табылады.

Бұл проблемаға қызығушылық осыдан 2,5 жыл бұрын пайда болды. Ол индивидуалдық түрлердің пайда болуынан болды. Яғни адамның биологиялық және физиологиялық бітімі ерекшеліктері және ағзаның дамуы, сондай- ақ әлеуметтік даму , әлеуметтік байланыстар және контакттардың бір – біріне ұқсамайтындығы және қайталанбайтындығы әсерінен болады. Тұлғаның биологиялық құрылымына темперамент жатады. Темперамент адамдар арасындағы психикалық айырмашылықтық бар екенін анықтайды, сондай - ақ эмоцияның беріктілігі және интенсивтілігін анықтайды.

Осы уақытқа дейін темперамент проблемасын бірнеше рет зертеуге алынса да, бұл проблема қазіргі кезде шешімін таппай отыр. Қазіргі уақытта темпераментті зерттеудің бірнеше әдістері бар. Бірақ зеттеушілердің айтуы боынша олардың әдістері бір нәрседен шығады ол яғни ол темпераменттің биологиялық фундаменті, онда тұлға әлеуметтік түрде құрылады , ал тұлғаның өз қасиеттері темперамент болып табылады.

Темперамент - жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Темперамент - ағзаның физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе жоғарғы жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен, біреулер қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, жігерсіз болады), адамның көңіл-күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз т.б.), эмоция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т.б.) жақсы байқалып отырады.

Адамның мінезін, оның құрылымын анықтау дегеніміз мінездің негізгі компоненттерін не қасиеттерін ажырату және күрделі қатынас пен өзара байланыста туындайтын өзіндік бітістерді табу деген сөз. Бірақ мінез – бір- бірімен белгілі қатынас байланысы бар жеке адам қасиеттерінің жүйесі, тұтас құрылымы болып табылады. Сондықтан да, адам мінезінің бір әлде бірнеше қасиеттерін біліп, оның басқа қасиеттерінің қандай екенін айтуға болады. Мінез дегеніміз адамның іс-әрекетінде пайдаланатын, амал-тәсілдерінен көрінетін оның жеке психикалық қасиеттерінің жиынтығы.

Адамның негізгі оның іс-әрекетінде, жасаған жұмысында, қойылған мақсатын орындауда. Осылардың барысында ол әртүрлі қиындықтармен, кедергілермен кездесіп, соларды жеңу үшін ақыл-ойын, күш-жігерін, қайратын жұмсайды. Мұның бәрі еріктің көрінісі.

Сөйтіп, ерік дегеніміз қойылған мақсатты орындау жолындағы әрекеттерді реттейтін адам санасының қызметі және сол жолдағы кездесетін қиындықтарды жеңу үшін барысынша күш-жігерін жұмсауы.Ерік процестері басқа психикалық процестерімен тығыз байланыста болады.

Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады. Олардың бір тобы жағымды не ұнамды эмоциялар деп аталады. Бұлар адамның тіршілік қажетіне орайлас, оның ішкі өмірінің шарықтап, жан-жақты өсуі шарттарының бірі болып табылады. Мәселен, қуаныш, сүйіспеншілік, көңіл қоштық және т.б. осындай эмоциялар, енді бір тобы жағымсыз не ұнамсыз эмоциялар делінеді. Бұлар - белсенді әрекетке азды-көпті нұқсан келтіретін қораш сезімдер. Мұндай эмоцияларға қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, урейлену, үмітсіздену т.б. жатады. Осы айтылғандармен қатар, қарапайым және күрделі эмоциялар бар. Қарапайым эмоциялар адамның органикалық қажеттіліктерінің өтелу-өтелмеуіне байланысты туып отырады. Мысалы, күрделі түрлеріне: көңіл, аффект, құмарлық эмоциялары кіреді.

Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы.

Адам тұлға болып туылмайды, ал қалыптасады деген көзқараспен қазіргі психологтардың көпшілігі келісуде. Бірақ тұлғаның дамуы қандай заңдарға бағынатыны жөніндегі көзқарастар сан алуан. Өйткені тұлға дамуы үшін қоғам мен әлеуметтік топтардың мәні, дамудың заңдылықтары мен кезеңдері, тұлға дамуының дағдарыстары (кризис), даму процесін тездету мүмкіндіктері әрқилы түсіндіріледі.

Кең тараған тұлға теорияларының әрқайсысында тұлғаның даму мәселесі өздігінше қарастырылады. Мысалы, психоаналитикалық теория даму деп адамның биологиялық табиғатының қоғамда өмір сүруін бейімделуін, белгілі қорғаныс механизмдерінің пайда болуын, қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдарын түсіндіреді. Қырлар теориясы (теория черт) бойынша тұлғаның барлық қырлары өмір сүру барысында қалыптасады, олардың туындау, қайта түзілу және тұрақтану процестері биологиялық емес заңдылықтарға бағынады. Әлеуметтік үйрету теориясы тұлғаның даму процесін адамдардың белгілі тұлғааралық өзара әрекеттерінің қалыптасу жолдары ретінде түсіндірсе, гуманистік және басқа да феноменологиялық теориялар оны «Мен» деген түсініктің қалыптасуымен ұштастырады.

Дегенмен, тұлғаны барлық теориялар позициясынан шоғырланған, біртұтас етіп қарастыру тенденциясы бар.

Адам тұлға ретінде қалыптасып, дами келе кемшіліктерді де иеленеді. Бір теорияда оң және теріс қасиеттердің үйлесімін жан-жақты көрсету мүмкін емес. Сондықтан Эриксон өз концепциясында тұлға дамуының екі шекті желісін бейнелеген: қалыпты және аномальді. Олар таза күйінде өмірде кездеспегенімен адамның тұлғалық дамуының барлық аралық варианттарын елестетуге мүмкіндік береді. (1 кестеде көрсетілген)

Психологтарға үйреншікті ой бойынша тұлға әлеуметтік ортада өмір сүріп, тәрбиеленуі кезінде дамиды. Адам әлеуметтік тіршілік иесі болғандықтан әлеуметтік өзара әрекеттерге түседі. Ең бірінші араласу тәжірибесін бала сөйлемей тұрып-ақ өз жанұясында алса, кейін үнемі субъективті тәжірибе жинайды. Ол тәжірибе тұлғаның ажырамас бөлігі. Осы процес, сондай-ақ кейін индивидтің әлеуметтік тәжірибесінің белсенді жандандырылуы әлеуметтену деп аталады.

Тұлға дамуының кезеңдері ( Э. Эриксон бойынша)

Даму кезеңі

Дамудың қалыпты желісі

Дамудың аномалды желісі

1. Ерте нәрестелік шақ (туылғаннан 1жасқа дейін)

Адамдарға деген сенім. Өзара махаббат, ата-ана мен баланың бірін-бірі тануы, балалардың араласуындағы және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру

Анасының баласына нашар қарауының нәтижесі ретінде баланың адамдарға сенбеуі, мән бермеушілік, немқұрайлық, махаббаттан айыру. Баланы ана сүтінен өте ерте және күрт айыру, баланы эмоционалдық оқшаулау.

2. Кейінгі нәрестелік шақ (1жастан 3 жасқа дейін)

Дербестік, өзіне өзі сену. Бала өзін дербес, жеке, бірақ әлі ата-анасына тәуелді адам деп санайды.

Өз-өзіне сенбеу, өте ұялшақ болу. Бала өзінің бейімделмегенін сезініп, қабілеттеріне күдіктенеді. Қарапайым қимыл әдеттерінің дамуында кемшіліктерді сезінеді, мысалы жүргенде. Оның сөйлеу қабілеті нашар дамыған, кемшіліктерін қоршағандардан өте қатты жасыруға тырысады.

3. Ерте балалық шақ (3-5 жас шамасында)

Қызығушылық және белсенділік. Қоршаған ортаны қызыға зерттеп, бейнелерді елестету, ересектерге еліктеу, түрлі ролдерге қосылу.

Пассивтілік және адамдарға мән бермеу. Инициативаның болмауы, салбыр болу, басқа балалардан қызғану, ұсынытардан бас тарту, ролдерге қосылу белгісінің жоқтығы.

4. Орта балалық шақ (5-11жас аралығы)

Еңбекті сүю. Мойнына жүктелген парызды сезіну, табыстарға ұмтылу. Танымдық және коммуникативті білім мен әдеттердің дамуы. Өз алдына шынайы мақсат қойып, оған жетуге тырысу. Инструменттерде ойнауды белсенді меңгеру, шешімдер қабылдау.

Өзін-өзі кемсіту. Әлсіз дамыған еңбек ету қимылдары. Күрделі тапсырманы орындаудан, басқалармен жарысудан бас тарту. Дауыл алдындағы немесе жыныстық жетілу кезеңі алдындағы тыныштық сезімі. Біреуге бағынушылық. Түрлі есептерді шешкенде жұмысы зая кететіндей сезіну.

5. Жыныстық жетілу, жеткіншек жасы және бозбалалық (11-20жас аралығы)

Өз болашағын анықтау. Уақытша перспиктиваның –болашаққа жоспардың дамуы. Қандай болу? Кім болу? Деген сұрақтарға жауап іздестіру. Білім алу, үйрену. Тұлғааралық тәртіп формаларындағы жыныстық ерекшеліктер. Дүниеге көзқарастың қалыптасуы. Құрбылар арасында лидер болу, қажет болса оларға бағыну.

Ролдердің шатасуы. Уақытша перспиктивалардың ығысуы және араласуы: болашақ пен осы шақ туралығана емес, өткен шақ туралы да ойлардың пайда болуы. Рухани күштерді өзін-өзі тануға жұмсау, сыртқы әлем, қоршаған адамдармен қарым-қатынас орнатудың орнына өзін-өзі түсінуге тырысу. Еңбек белсенділігін жоғалту. Жыныстық айырмашылықты көрсететін ролдердің ауысуы. Мораль мен дүниеге көзқарастың шатасуы.

6. Ерте ересек шақ (20-45 жас аралығы)

Адамдарға жақын тарту. Бала сүйіп, оларды тәрбиелеу, махаббат пен жұмыс. Жеке бас өмірімен қанағаттану.

Адамдардан оқшаулану, олардан қашу, әсіресе жақындардан, олармен жыныстық қатынасқа түсуден қашу. Мінездің ауыр болуы, адамдарды таңдамай араласу, болжамға келмейтін әрекеттер жасау. Мойындамау, оқшаулану, әлем қауіптерге толы деген ойлардың әсерінен психика ауытқуының, жан дүниесі күйзелуінің алғашқы белгілері.

7. Орта ересек шақ (60-45 және 60жас аралығы)

Шығармашылық. Өзімен өзі және басқа адамдармен өнімді және шығармашылық жұмыстар жүргізу. Толық құнды, әр қилы өмір. Отбасылық қатынастармен қанағаттану, өз балалары үшін риза болу. Жаңа ұрпақты үйрету және тәрбиелеу.

Тоқтап қалу. Эгоизм және эгоцентризм. Жұмыстың өнімсіздігі. Ерте мүгедек болу. Үнемі өзіне кешірімді болып, тек өзіне ғана күтім жасау.

8. Кеш ересек шақ (60 жастан жоғары)

Өмірдің түрлі оқиғаларға бай болуы. Үнемі өткенді ойлап, оған саналы баға беру. Өткен өмірді өз күйінде қабылдау, оның пайдасын түсіну. Тағдырдың жазғанына көну қабілеті. Өлім қорқынышты емес екендігіе ұғыну.

Үміт үзу. Өмір босқа өткен деп, уақыт аз қалғандығын, ол өте тез өтуде деп ойлау. Өмір сүруді мағынасыз деп түсіну, өз күшіне, басқа деген сенімнің жоғалуы. Қайта өмір сүруді тілеу, бұрын алғаннан да көбірек нәрсені қажет ету. Әлемде тәртіп жоқтығын, жаман, санасыз бастаманың көптігін сезіну. Жақындап келе жатқан өлімнен қорқу.

Әлеуметтену процесі адамдардың қарым-қытынасқа түсуімен және бірлесіп әрекет етуімен тығыз байланысты. Әлеуметтік тәжірибені меңгеру субъективті: бірдей әлеуметтік жағдайлар әр түрлі болып қабылдануы мүмкін. Түрлі тұлғалар объективті бірдей жағдайлардан сан алуан әлеуметтік тәжірибе алады, бұл индивидуалдану процесінің негізі.

Әлеуметтену және тұлғаның қалыптасу процестері арнайы әлеуметтік институттар шебінде, мысалы мектепте және түрлі формалды емес бірлестіктерде жүзеге асырылады. Тұлға әлеуметтенуінің маңызды институттарының бірі-жанұя. Отбасында, жақын адамдардың арасында адам тұлғасының негіздері қаланады. Адамның тұлға негіздері 3 жасқа дейін қаланады деген түсінікті кездестіруге болады. Бұл жас кезеңінде адамның психикалық процестері ғана дамып қоймай, ол өмірдің соңына дейін бойында сақталатын алғашқы тәжірибе мен өзін-өзі ұстау тәрбиесін алады.

Тұлға дамуы теориясының негізгі мәселелерінің бірі-тұлғаның өзін-өзі өзектендіру (самоактуализация). Ересек тұлға өзін-өзі дамутуы тиісті болып саналады. Өзін өзі дамыту және өзін өзі өзектендіру идеясы адам туралы көптеген қазіргі заман концепциялары үшін маңызды болып қалып отыр. Мысалы, ол гуманистік психологияда және акмеологияда басты орында алады.

Тұлға дамуының мәселелерін қарастырған авторлар адам дамуының шарты болып табылатын себептерді анықтауға тырысады. Көптеген зерттеушілердің ойынша тұлға дамуының қозғаушы күші- түрлі қажеттіліктердің кеніші. Олардың ішіндегі маңызды орын алатыны - өзін өзі дамыту қажеттілігі. Бірақ ол қол жетпес идеалға ұмтылу деген сөз емес. Тұлға үшін нақты мақсатқа жету немес белгілі әлеуметтік статус алу маңыздырақ.

Келесі мәселе- тұлға қасиеттерінің тұрақтылық дәрежесі. Көптеген тұлға теорияларының негізіндегі тұжырым- тұлға әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде негізгі көріністері тұрақты құрылу. Тұлға қасиеттерінің тұрақтылық дәрежесі әрекеттердің бірізділігін, мінез-құлықты болжау мүмкіндігін анықтап, оның қадамдарының заңдылықтарына сипат береді.

Алайда, бірқатар зерттеулер көрсеткеніндей, адамның жүріс-тұрысы өзгермелі, сондықтан еріксіз туындайтын сұрақ: адамның жүріс-тұрысы, тұлға болуы қаншалықты тұрақты және неде?

И.С. Конның ойы бойынша бұл теориялық сұрақта әрқайсысы бөлек қарастырылатын жеке сұрақтардың тұтас сериясы бар. Мысалы, біз ненің тұрақтылығы жайлы әңгіме қозғап отырмыз- жүріс-тұрыс, өзін-өзі ұстаудың ба әлде психикалық процесстердің, тұлғаның қасиеттері мен қырларының ба?

Осы уақытқа дейін жүргізіліп келе жатқан зерттеулер біріңғай жауап бере алмағандығын айта кеткен жөн болар, олардың нәтижелері де әр түрлі. Ал лангитюдтті зерттеулер тұлғада тұрақтылықтың өлшемі түрлі тұлға қасиеттері үшін бірдей емес.

35 жыл жүргізілген осындай зерттеулердің бірінде 100 адам белгілі тұлғалақ сипаттамаларының жиыны бойынша бағаланған. Олар алғашқа рет орта мектеп жасында тексерілсе, кейін мектептің жоғарғы сыныптарында, ал соңғы рет 35-45 жас шамасында тексерілген.

Бірінші тексеруден кейін екінші тексеруге дейін 3 жыл аралығында сыналғандардың тұлғалық сипаттамаларының 58 %-ы сақталғаны анықталған. 30 жыл бойы жүргізілген зерттеулердің нәтижесі тұлғалық сипаттамалардың 31%-ы сақталғанын көрсетті.

Практикалық сабаққа әдіснамалық нұсқаулар мен ұсыныстар.

1. Тұлға дамуының кезеңдері Э. Эриксон, З.Фрейд, Д.Эльконин бойынша талдау жасау.

2. Тұлғаның даму факторларына талдау жасау: әлеуметтік фактор, биологиялық фактор, тұқымқуалаушылық фактор.

БӨЖ үшін тапсырмалар:

1. Тұлғаны зерттеу мәселелері.

2. Тұлғаның қалыптасуы.

3. Тұлғаның құрылымы.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Бодалев А.А. Личность и общение. М-2004.

  2. Теории личности. Л.Хьелл., Д.Зиглер. М-2000г

  3. Елисеев О.П. Практикум по психологии личности. М-2001г.

2-апта (4 сағ)

Тақырып 1. Тұлға дамуының теориялары.

Мақсаты: Тұлға дамуының теориялары зерттеу.

Сұрақтар: Тұлғаның түрлі тұжырымдамалары және анықтамалары (іс-әрекеттік, психоанализ, индивидуалды психология және гуманистік психология және т.б. бағыттар).

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: Фрейдизм, гуманистік психология, экзистенционалды психология, іс-әрекет теориясы, психоанализ бағыты.