Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК прак по пси.doc
Скачиваний:
976
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.93 Mб
Скачать

XV. «q3» факторы «жоғарғы өзін бақылау-төмен өзін бақылау»

Төмен бағаланған адам тәртіпсіз, өзі туралы іштей сенімсіз, әлеуметтік талаптарды орындауға құлықсыз.

Жоғары бағалы адам өзін-өзі бақылауы дамыған, әлеуметтік талаптарды тиянақты орындайды. Адам өзінің түсінігіне сай әрекет жасайды, өз мінез-құлығымен, эмоцияларын бақылайды, бастаған істі аяғына дейін жеткізеді. Оған жеке тұлғаның мақсаттылығы ұштасушылық мінездері тән. Бұл фактор ішкі бақылау денгейінің өлшемі болады.

XVI. «q4» факторы «шиеленісушілік-босаңдық»

Төмен бағалауда әлсіздіктену, босаңдылық тыныштылық, дәлелдеу төмен, жалқаулық және тым қанағаттанушылық.

Жоғары бағалауда күштенуді, жабырқаң қылық, қозғыштықты анықтайды. Адамның жабырқаң қылықта болуы, оның жабырқаңқылықты дәлелдеуі жоғары болуын көрсетеді. Оған қанағатсыздық тән.

Практикалық сабаққа әдіснамалық нұсқаулар мен ұсыныстар.

«Тұлға профильі»

БӨЖ үшін тапсырмалар:

1. Дж. Кэтеллелдің 16-факторлық тұлғалық сауалнамасының 16-факторлық

2. тұлғалық факторларға талдау жасау.

3. Дж. Кэтелл сауалнамасының мәліметтерін психологиялық практиканың түрлі салаларында қолдану мүмкіндіктері.

4. Дж. Кэтеллелдің 16-факторлық тұлғалық сауалнамасын жүргізу.

5. Алынған нәтижелер интерпретациясы. Қорытынды.

6. Генералды зерттелушілерге эксперимент жүргізу.

7. Эксперимент жүргізілгені туралы есеп.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Методики психодиагностики в спорте: Учеб. пособие: В.А. Марищук, Ю.М. Блудов, В.А. Плахтиенко, Л.К. Серова. 2-е изд. Учеб. пособие для студентов пед. ин-тов. – М.: Просвещение, 2000.

  2. Методики психодиагностики в учебно-воспитательном процессе / Сост. В.В. Гришин, П.В. Лушин. – М.: ИКА "Москва". 2001.

9-апта (4 сағ)

Тақырып: Тұлғаның агрессивтілік деңгейін зерттеу.

Мақсаты: Б.Дарки әдістемесін қарастыру.

Сұрақтар: Агрессивтілік тұлға қасиеті ретінде. Басса-Дарки сауалнамасы: мақсаты, міндеттері, қолдану мүмкіншіліктері, өткізу процедурасы. Басса Дарки сауалнамасын интерпретациялау ерекшеліктері.

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: жанама агрессия, вербалды агрессия, физикалық агрессия, күмәндану, реңжу.

Тұлғаның агрессивтілік деңгейін зерттеуде Басса Дарки сауалнамасы

Агрессивтілік – адамның ең керекті әрі өте күрделі сипаттағы күйі болып саналады. Ол өз-өзінде жеке, сонымен қатар субьектінің өзіне тікелей және жанама әрі вербалды немесе физикалық т.б. болып келеді. Агрессивтілікті тікелей көрсету үшін көптеген тесттер жасалынған оның бірі агрессивтілік пен өшпенділікті анықтайтын Басса-Даркийдің тесті.

Нұсқау

Төменде 75 тұжырымдама келтірілген. Оларға Иә немесе Жоқ деп жауап беруіңіз керек. Ортаңғы көрсеткіш ескерілмеген. Егер сіз қалай жауап беруді керек екендігінде күмәндансаныз өзіңізге келетіні бойынша жауап беріңіз. Иә жауабын + пен жоқ жауабын – пен белгілеуге болады.

Басса-Даркийдің сұрақнамасы

  1. Кей кездері біреуге жамандық жасай алмаймын.

  2. Кейде жақсы көрмейтін адамдар жайлы өсек айтамын.

  3. Мен тез ашуланып тез басыламын.

  4. Менен жақсылап сұрамаса мен ешнәрсе істемеймін.

  5. Мен өзіме сәйкес нәрсені ала бермеймін.

  6. Менің артымнан не айтып жатқанын жақсы білемін.

  7. Егер мен достарымның мінез-құлқын қаласам осы жайлы оларға білдіремін.

  8. Мен біреуді алдаған кезде мен кінә сезімін сезінемін.

  9. Мен адамды ұра алмайтын шығармын.

  10. Заттарды лақтыратындай, мен ешқашан өте қатты ашуланбаймын.

  11. Мен басқа бүреудің кемшіліктеріне көп назар аударамын.

  12. Егер маған ерекше бекітілген ережелер ұнамаса, оны бұзғым келіп тұрады.

  13. Басқалар әрдайым жақсы жағдайды пайдаланып қалады.

  14. Мен өзім күткененде, неғұрлым достық қатынастағы адамдардан өзімді аулақ ұстаймын.

  15. Мен адамдармен жиі келіспеймін.

  16. Кей кездері өзіме ұнайтын ойлар басыма келеді.

  17. Егер мені бүреу бірінші ұрса оған мен жауап бермеймін.

  18. Мен ашуланған кезде есікті қатты жабамын.

  19. Мен негізінде онша ашушан емеспін.

  20. Егер бүреу бастық сияқты сезінсе мен оған қарсы келіп тұрамын.

  21. Мені менің тағдырым мазалайды.

  22. Меніңше мені көп адамдар ұнатпайды.

  23. Егер менімен келіспесе мен бәсекеден бас тарта алмаймын.

  24. Жұмысқа кедергі жасайтын адамдар кінәні сезіну керек.

  25. Мені және жанұямды балағаттаған адамды аямаймын.

  26. Мен келеңсіз қалжыңға жоқпын.

  27. Мені күлкі қылса мен өте ашуланамын.

  28. Адамдар өздерін бастықтай сезінген кезде мен оған қарсы келемін.

  29. Әр апта сайын өзіме ұнамайтын адамдарды көремін.

  30. Көп адам мені қызғанады.

  31. Мені адамдардың сыйлағанын қалаймын.

  32. Мен ата-анама өте аз жағдай жасайтыным мазалайды.

  33. Сіздерді әрдайым ашуландыратын адамдарды мұрнынан ұруға болады.

  34. Мен ашудан ыза болмаймын.

  35. Маған жаман қатынас жасаса мен онша ашуланбаймын.

  36. Егер біреу мені қатты ашуландырса мен оған назар аудармаймын.

  37. Мені кей кездері қызғаныш мазалайды.

  38. Кей кездері мені мазақ етіп жатқандай көрінеді.

  39. Мен қатты ашулансамда қатты сөздерге жол бермеймін.

  40. Маған менің кінәларымның кешірілгені маңызды.

  41. Егер мені біреу ұрып жіберсе көбінесе қайтармауға тырысамын.

  42. Егер менің айтқанымдай болмаса кей кездері ренжимін.

  43. Кейде мені адамдар өздерінің бар болуымен ашуландырады.

  44. Мен шынымен жек көретін адамдарым жоқ.

  45. Менің ұстанатыным ешқашан бейтанысқа сенбеу.

  46. Егер мені біреу ашуландырса мен сол адам жөнінде менің не ойлайтынымды айтамын.

  47. Мен көп нәрсені жасап алып соңынан өкінемін.

  48. Егер мен қатты ашулансам біреуді ұрып жіберуім мүмкін.

  49. Мен балалық шақтан ешқашан кенеттен ашулануды көрсеткен емеспін.

  50. Мен өзімді жиі кәзір жарылып кететін бөшке ретінде сезінемін.

  51. Менің не сезетінімді бәрі білсе онда менімен жұмыс істеудің оңай екенің түсінер еді.

  52. Мен әрқашан маған қандайда бір жағымды іс жасауға адамдарды қандай құпиялы себеп итермелегені толғандырады.

  53. Маған айғайлай бастаса жауап ретінде мен де айқайлаймын.

  54. Жол болмаушылық мені мазалайды.

  55. Мен басқалардан жиі де азда төбелеспеймін.

  56. Мен қатты ашуланғаным соншалықты қолыма түскенді алып сындырғанымды еске түсіре алмаймын.

  57. Кейде мен бірінші болып төбелес бастауға дайын екенімді сеземін.

  58. Кейде өмір маған аяусыз екенін сезінемін.

  59. Бұрын мен көп адамдар шын айтады деп ойлайтынмын қазір оған сенбеймін.

  60. Мен тек ашудан ғана ұрысамын.

  61. Мен дұрыс істемеген кезде мені ар-ұятым мазалайды.

  62. Егер өзімнің құқығымды қорғау үшін күшке салу керек болса мен төбелесемін.

  63. Мен кейде өзімнің ашуымды столды тықылдату арқылы білдіремін.

  64. Маған ұнамайтын адамдармен қатал боламын.

  65. Менде маған жамандық жасайтындай қасым жоқ.

  66. Мен адамды орнына қоя алмаймын тіпті солай болу керек болсада.

  67. Мен жиі өзімнің дұрыс өмір сүрмегенімді ойлаймын.

  68. Мені төбелеске дейін жеткізетін адамдарды білемін.

  69. Мен кішкене нәрседен ашуланбаймын.

  70. Адамдар мені ашуландырғылары келеді-ау деген ой жиі болады.

  71. Мен адамдарды жиі қорқытамын бірақ оны іс жүзіне асырмаймын.

  72. Соңғы кездері мылжын болып кеттім.

  73. Бәсекеде мен жиі дауысымды көтеремін.

  74. Мен адамдарға деген жаман көз-қарасымды жасыруға тырысамын.

  75. Мен бәсекелеспей келісе саламын.

Нәтижені өңдеу мен интерпритациялау

Алынған жауаптар негізінде тест агрессияның өшпенділігін көрсетеді. Бұл кезде сыналушының келесідей реакциялары болуы мүмкін.

  1. Физикалық агрессия – басқа адам үшін физикалық күш қолдану.

  2. Жанама агрессия – жанама жолмен бағытталған агрессия.

  3. Тітіркену – кішкене ғана қозу кезінде бірден жағымсыз сезім көрсету.

  4. Негативизм- белгіленген жалпы заңға қарсы жағымсыз күрес арқылы қарсы болу ол негативті оппозициялық мінез-құлық.

  5. Реңжу - ашу-қызғаныш ыза әрекеттері қоршаған ортаға деген өшпенділік әрекеттер.

  6. Күмәндану – адамдарға деген қатынасы бойынша сенбеушілік және сақтықтан, басқа адамдар жамандықты жоспарлайды және әкеледі деген сенімге дейінгі диапазон.

  7. Кінә сезімі немесе аутоагрессия - субьектіні бұл адам жаман адам екеніне сендіру кезіндегі кінә сезімі.

  8. Вербалды агрессия- сөз арқылы өзінің жағымсыз қатынасын жеткізу.

5 және 6 реакцияларды өшпенділік ретінде қарауға ал 1.2.8 агрессия ретінде қарауға болады. Ал қалғандарына 3.4.7 Тітіркену Негативизм кінә сезімі тән. Балдарды есептеу кілт бойынша жүзеге асады.

Практикалық сабаққа әдіснамалық нұсқаулар мен ұсыныстар.

Алынған нәтижелерді есептеу кестесі

Жауап коды

Реакция түрі

Иә- 1 балл

Жоқ- 1 балл

Жоқ – 1 балл

Иә - 0 балл

Номиналды төлемі

Сынақта жиналған балл

1

Физикалық агрессия

1,25,33,41,48,55,62,68

9,17

4-6

2

Жанама агрессия

2,10,18,34,42,56,63

26,49

4-5

3

Тітіркену

3,19,27,43,50,57,64,72

11,35.69

4-6

4

Негативизм

4,12,20,28

36

2-3

5

Ренжу

5,13,21,29,37,44,51,58

4-5

6

Күмәндану

6,14,22,30,38,45,52,59

65,70

4-6

7

Кінә сезімі

8,16,24,32,40,47,54,61,67

4-5

8

Вербалды агрессия

7,15,23,31,46,53,60,71,73

39,66,74.75

4-6

БӨЖ үшін тапсырмалар:

  1. Адамның эмоционалды сферасының онтогенезі.

  2. Тұлғаның агрессивтілік деңгейін зерттеуде Басса Дарки сауалнамасын жүргізу.

  3. Экспериментті бір сыналушыға жүргізу, мәліметтерді өңдеу.

  4. Алынған нәтижелерді интерпретациялау. Қорытындылар.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Бодалев А.А., Столин В.В. Общая психодиагностика. –Спб.: Речь, 2002.

  2. Бурлачук Л.Ф., Морозов С.М. Словарь-справочник по психодиагностике. – Спб.: Питер Ком, 1999.

10-апта (4 сағ)

Тақырып: Тұлғаның мазасыздық деңгейін зерттеу.

Мақсаты: Ч.Спилбергтің мазасыздықты зерттеу әдістемесін қарасытру.

Сұрақтар: Мазасыздық деңгейі туралы ұғым. Ч.Спилбергтің мазасыздық деңгейін зерттеу әдістемесі. Фрустрацияны зерттеу. Фрустрация туралы ұғым. Розенцвейг әдістемесі: мақсты, міндеттері, қолдану мүмкіншіліктері, жүргізу процедурасы.

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: жоғарғы мазасыздану, төменгі мазасыздану.